Ағымдағы жөндеу. 2012 жылы ағымдағы жөндеу бойынша 12 мектеп жөндеуден өткізілді, атап айтқанда Махажанов ОМ жылу жүйесі табиғи газға 5000,0 мың теңгеге, Ақбай ОМ жылу жүйесі табиғи газға 3800,0 мың теңгеге, Аққала ОМ жылу жүйесі табиғи газға 7100,0 мың теңгеге, Гимназияның жылу жүйесі табиғи газға 5866,0 мың теңгеге, Киров ОМ жылу жүйесі табиғи газға 5668,0 мың теңгеге, Ибрагим ОМ жылу жүйесі табиғи газға 5420,0 мың теңгеге, №97 ОМ жылу жүйесі табиғи газға 4800,0 мың теңгеге, Машат ОМ жылу жүйесі табиғи газға 4360,0 мың теңгеге, Убайдуллаев ОМ жылу жүйесі табиғи газға 5625,0 мың теңгеге, Жон Арық БМ жылу жүйесі табиғи газға 5640,0 мың теңгеге, Жамалов ОМ жылу жүйесі табиғи газға 2500,0 мың теңгегеге ауыстырылды; Бокейхан ОМ жылу қазандығы 1500,0 мың теңгеге жөнделді; №1 Саз мектебі 10079,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеуден, Балдаурен бала – бақшасы 4570,0 мың теңгегеге ағымдағы жөндеуден, Күншуақ бала-бақшасы 1000,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеуден, №2 Сайрам бала-бақшасын 1500,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеуден және Шапағат бала-бақшасы 4478,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Күрделі жөндеу. 2012 жылы күрделі жөндеу бойынша Облыстық бюджет есебінен 5 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді, атап айтқанда: Тіленшн ОМ 19911,0 мың теңгеге, Нұрпейісов ОМ 15500,0 мың теңгеге, Рахимов ОМ 44957,0 мың теңгеге, Мәртобе ОМ 15800,0 мың теңгеге, Бөкейхан ОМ 39343 ,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Аталған мектептер облыстық бюджет есебінен 135511,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізліп, қазіргі таңда жұмыс атқарылуда. Сондай-ақ, күрделі жөндеу бойынша 12 мектептің ЖСҚ-ы облыстық бюджет есебінен 24000,0 мың теңгеге дайындалды. 2012 жылы аудандық бюджет есебінен 310600,0 мың теңгеге 11 мектеп күделі жөндеуден өткізілді: Горький ОМ 34206,0 мың теңгеге, Курмантаев ОМ 10954,0 мың теңгеге, Қарабұлақ ОМ 34446,0 мың теңгеге, Юсупов ОМ 20000,0 мың теңгеге, Сапаарбаев ОМ 33604,0 мың теңгеге, Гагарин ОМ 42109,0 мың теңгеге, Рустемов ОМ 35554,0 мың теңгеге, Сареми ОМ 20000,0 мың теңгеге, Бабыр ОМ 30000,0 мың теңгеге, Әль-Фараби ОМ 30000,0 мың теңгеге, Панфилов ОМ 19727,0 мың теңгеге.
Педагогтардың жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлер бойынша. Педагогтардың жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі 2012 жылы 41,2 пайыз, 2013 жылы 45,4 пайыз, 2014 жылы 49,6 пайыз, 2015 жылы 53,9 пайыз болуының негізгі себептерінің бірі: бәсекеге қабілетті педагогтардың қалыптасуы. Білімді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыру күшейтілуде. Педагог қызметкерлердің біліктілік санатына қарап, қызметкерлердің қызметтік жалақысының көлемін есептеу өткізіледі, нәтижеге бағытталған еңбекақы төлеу тетігі енгізілуде. Қазірдің өзінде 3 айлық курстан өткен педагогтардың сынақта тапсырған жағдайда жалақысына 1 санатты мұғалімдерге 70, жоғары санатты мұғалімдерге 100 пайыз жалақы қосылуда .2012 жыл барысында аудан көлемінде 70 мұғалім 3 айлық курыстан өтті.Мектеп педагогтары ақпараттық коммуникациялық технологияларды және электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша даярлаудан өтуде. Жыл басынан бері біліктілігін арттыру курыстарынан 1930 педагог өтсе, АКТ –ны пайдалану бойынша әрбір мектеп мұғалімдері 1 апталық ақылы курыстан өтуде.Барлық мектептерде интернет желіснің пайдалану мүмкіншілігнің болуына байланысты педагогтар озық іс-тәжірбиемен танысу тарату мүмкіндігі артуда. Мектептердің материалдық базасы жақсартылуда, пәндік кабинеттер жылдан жылға көбеюде, жаңа типтік мектептер саны артуда.Аудан көлемінде соңғы жылдары жас мамандарды жұмысқа қабылдау азайған, жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің еңбек өтіліне байланысты бөлініс бойынша бірінші және жоғары санатқа үміткер болуға тәжірбиесі жеткілікті мұғалімдердің саны артуда. Сондықтан жылдан жылға 1-ші және жоғары санатты педагогтардың артуына мүмкіндіктер көп 2013 жылы педагогтардың біліктілікті арттыру бойынша 1576 педагог барады деп жоспарлануда.
Жаратылыстану – математика пәндері бойынша. Жаратылыстану – математика пәндері бойынша білім сапасы жылдан –жылға артуда. Себебі, қазіргі таңда техникалық мамандықтарға сұранысының көбейуіне байланысты оқушылар физика, химия, биология пәндерін көптеп таңдауында. Мектептерде арнайы семинарлар ұйымдастырылып мұғалімдердің біліктілігі жылдан жылға арттыруда, сондықтан жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың білім денгейі жоғарлауда жәнеде 2012 жылы кабинатер бойынша 11 химия кабинеті беріліп жұмыстар атқарылп оқушылар жан-жақты білім алып білім денгейі өсуде. Атап айтқанда Валиханов ОМ, №101 ОМ, Бөкейхан ОМ, Манкент ОМ, Мадени ОМ, №3 Хамза ОМ, Сапарбаев ОМ, №100 ОМ, Жандарбеков ОМ, Қарабұлақ ОМ, Рахимов ОМ. Республикалық бюджет есебінен 42350,0 мың теңгеге жабдықталды. Мектептер бойынша 104 мектепке 2021 дан копьютермен жабдықталды.
Инклюзивті білім беру бойынша. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі бойынша 2012 жылы 2 мектеп яғни №10 Қарабұлақ жалпы орта мектеп жанынан 2-ші және 3-ші сыныптарға арналған инклюзивтік сынып, және №56 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектеп жанынан 1-ші 2-ші сыныптарға арналған инклюзивтік сыныптар жұмыс атқаруда яғни 1,9 пайызды құрап отыр.2013 жылы АльФараби жалпы орта мектеп жанынан 1-ші сыныптарға арналған инклюзивтік сынып және қаңтар айынан бастап №56 Ю.Гагарин жом 1-ші сыныптарға арналған инклюзивтік сынып ашылады. 2014 жылы Тленшин жалпы орта мектеп жанынан 1-ші сыныптарға арналған инклюзивтік сынып. 2015 жылы Бокейхан жалпы орта мектеп жанынан 1-ші сыныптарға арналған инклюзивтік сыныптар ашылады.
Балапан бағдарламасы. 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының индикаторлары мен көрсеткіштері бойынша және «Балапан» бағдарламасы аясында балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту бойынша 2012 жылы 36 мектепке дейінгі ұйым ашылды, яғни 46,5 пайыз болды. Атап айтқанда, Мемлекеттік «Ақ-қайын» балабақшасы, Жекеменшік балабақшалар: «Жанар», «Қуанышты», «Ясли-сад Мадина-2» б/б, «Балауса» б/б, «Манас Туткабаева» б/б, «Санат» б/б, «Нұр-Шашу» б/б, «Сүмбілшаш» б/б, «Розакүл ата» б/б, «Айжарық-Аяулым» б/б, «Ахмедов» Аксукент б/б, «Акжигитова» Жанаталап б/б, «М.Исламов» б/б, «Эльмуратов» б/б, «Каратаев Ф» б/б, «Альдикова» б/б, «Какибаева» б/б, «Бакыт» б/б, «Ақбулақ» б/б, «Сулайменов» б/б, «Манкент» б/б, «Анарбаева С» б/б, «Карабаева» б/б. Мемлекеттік шағын орталықтар: Бекбосынов ЖОМ, Абай ЖОМ, 1 Мая ЖОМ. Қосымша ашылған: мемлекеттік шағын орталық «Өзтүрік» және «Навои». Қосымша ашылған балабақша: «Мастабаева» қосымша топ, «Ырсылы апа», «Бегалиева», «Қуанышты ата» қосымша топ. Мемлекеттік балабақша бойынша ашылған «Бөбек» қосымша тобы, «Шапағат», «Арай» қосымша тобы. 2013 жылы 18 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде мемлекеттік 11 атап айтқанда шағын орталықтар бойынша Ақсукент а/о №47 ЖОМ 25 орын С.Сейфуллин ЖОМ 25 орын М.Горький ЖОМ 25 орын Бабыр ЖОМ 25 орын Жаңаталап а/о Тажібаев ЖОМ 25 орын Жұлдыз а/о Жұлдыз ЖОМ 25 орын Қарасу а/о Мәртобе ЖОМ 25 орын С.Датұлы ЖОМ 25 орын және Тассай а/о №102 ЖОМ 25 орын Балабақша 2 атап айтқында Тассай а/о Оразбай ЖОМ 100 орын және Ақсукент а/о Мақтаев ЖОМ 200 орын. Жекеменшік балабақшалар 7 атап айтқанда. Жаңаталап а/о Ақжігітова 50 орын Ақсукент а/о Болеханова 150 орын Қарабұлақ а/о Эштаева 100 орын Қарасу а/о Жамалбек 100 орын Ақбай а/о Мусаев 100 орын Манкент а/о Ф.Аликулов 200 орын Тассай а/о Манас 100 орын яғни 20,2 пайыз. 2014 жылы мемлекеттік 8 мектепке дейінгі ұйым, шағын орталықтар бойынша атап айтқанда Қарабұлақ а/о Хамза ЖОМ 25 орын және Конаев 25 орын Қарасу а/о Байтұсынов ЖОМ 50 орын Арыс а/о Анартев ОМ 25 орын Аққала ЖОМ 25 орын Байдібек а/о Байдібек ЖОМ 25 орын. Балабақша бойынша Манкент а/о Рашидов ЖОМ 100 орын және Қаратобе а/о Мукуми ЖОМ 100 орын яғни 8,2 пайыз. 2015 жылы мемлекеттік 5 мектепке дейінгі ұйым ашылады.Шағын орталықтар бойынша 2 атап айтқанда Сайрам а/о АльФараби ЖОМ 25 орын және Атои ЖОМ 25 орын. Балабақшалар бойынша 3 атап айтқанда Шапырашты а/о Бекбосынып ЖОМ 50 орын Өтеміс а/о Абай ЖОМ 50 орын және Сайрам а/о №36 Сайрам ЖОМ 50 орындық мектепке дейінгі ұйым ашылды яғни 4,9 пайыз.
Жұмысқа орналастырылған түлектердің саны бойынша. Жұмысқа орналастырылған түлектердің саны бойынша 2012 жыл 1337 болса онын ішінде ауылдық жерлерде және де құрылыс саласында т.б, жұмысқа орналастырылған. Мектеп бітіруші түлектерді барынша жоғары және орта арнаулы, қысқа мерзімді оқулармен барынша толық қамтамасыз ету.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ.
Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына медициналық-санитарлық көмек көрсету барысында жалпы 6 аурухана, 3 аудандық емхана ұйымдары жұмыс атқаруда. Атап айтқанда 410 төсек-орындық аудандық орталық аурухана, 130 төсек-орындық Қарабұлақ аудандық ауруханасы, 185 төсек-орындық Сайрам аудандық ауруханасы, Ақсукент, Сайрам, Қарабұлақ емханалары және 100 төсек-орындық аудандық туберкулезге қарсы диспансер. Одан басқа ауданда ондан астам жекеменшік медициналық ұйымдар қызмет көрсетуде.
Демографиялық көрсеткіштер. Еліміз үшін демография-ең өзекті, еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мәселе. Ауданымыз облыс көлемінде туылу көрсеткіші ең жоғары аудандардар болып есептеледі. 2012 жылда аудан бойынша нәресте -туылды, 1000 тұрғынға шаққанда туылу көрсеткіші 29,7 құрап отыр. Жас нәрестелер шетінеу көрсеткіші 2011 ж.12,7 болса, 2012 ж 14,6 .
Мамандармен қамтамасыз ету. Тұрғындарға 485 маман-дәрігер, 1884 орта буын медицина қызметкерлері қызмет етеді. Жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің 51 пайызы, орта буын медицина қызметкерлерінің 50 пайызы мамандықтары бойынша біліктілік категорияларына иеленген. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 16,0, орта буын медицина қызметкерлерімен – 64,4 құрайды.
Материалдық-техникалық базаны нығайту. Еліміздің жылдан жылға экономикасы жоғарылап, халықтың тұрмыс жағдайы көтерілген сайын әлеуметтік аурулар көрсеткішінің төмендеуі заңдылық. Үкіметіміз тарапынан денсаулық сақтау саласына аса көңіл аударылуда.
Денсаулық сақтау саласына 2012 жылға 4 065 006,7 мың теңге қарастырылды. Ажыратылған қаржының 440 791,2 мың теңгесі дәрі-дәрмекке, 97 186,2 мың теңге тамақ өнімдерін сатып алуға жоспарланған. Одан бөлек тегін дәрі дәрмекке – 384 727,28 мың теңге қарастырылды.
Сайрам аудандық денсаулық сақтау саласында 2012 жылға 12 айында игерілгені 4 097 596,95 мың т. Соның ішінде еңбек ақысына 2 567 730,7мың тенге,тамақ өнімдеріне 97 186,2 мың тенге, дәрі-дәрмекке 440 791,2 мың тенге.
Денсаулық сақтау мекемелерін заман талаптарына сай медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін бюджет есебінен 228 498,05 мың теңге қарастырылып, ауруханалар мен дәрігерлік амбулаторияларға қажетті медициналық құрал жабдықтар сатып алынуды. 2012 жылдың 12 айында 228 498,05 мың тенге игерілінді.
2012 жылға 5 құрылыс нысаны белгіленіп, атап айтқанда Қарамұрт ауыл округі Низамабад дәрігерлік амбулаториясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Ал қалған Жібек жолы ауыл округі Машат медициналық пункті, Қарасу ауыл округі Мәртөбе дәрігерлік амбулаториясы, Көлкент ауыл округі Жанатұрмыс медициналық пункті құрылыстарының қазіргі танда құрылыс жұмыстары аяқталып, жұмыс және мемлекеттік комиссясынан өткен. Бүгінгі таңда пайдалануға берілмеген. 2010 жылы құрылысы басталған Қаратөбе ауылында ауысымына 120 адам қабылдайтын ауылдық емхананың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
2013 жылға Сайрам ауданы Исфиджаб-Артель ДА-ның құрылысы (Сайрам) , Сайрам ауданы Көмешбұлақ ауылындағы ФАП құрылысы (Ақсукент), Сайрам ауданы Сыйхым ФАП құрылысы (Ақсукент) және Сайрам аудандағы Бескепе МП құрылысы (Ақсукент), Сайрам аудандағы Ошақты МП құрылысы (Ақсукент), Сайрам ауданы Сары Арык МП құрылысы (Ақсукент) соғу жоспарланды.
Жұқпалы аурулардың алдын алу. 2012 жылда аудан бойынша 16 (2011ж. – 70) вирустық гепатит тіркеліп, көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 5,2 (2011ж. – 23,6) құрады. Есептік кезеңде 45 (2011ж. – 52) сарып ауруы тіркеліп, көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 14,8 (2011ж. – 17,5) құрады.2012 жылда 359 (2011 ж.- 412) өткір ішек аурулары тіркеліп, көрсеткіші 118,7 (2011ж. – 139,0) құрады.
Туберкулез. 2012 жылда туберкулез ауруын дер кезінде анықтау және оны төмендету мақсатында жоспардағы 118036 адамдың 116517 (98,7пайыз) флюорографиялық тексеруден өткізілді. Одан басқа жоспардағы 70630 -64024 (90,6 пайыз) балаға туберкулинодиагностика жасалынды. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде алғашқы рет туберкулез ауруымен 113 (2011ж. – 120) науқас анықталды, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезге шалдығу көрсеткіші 37,8 (2011ж. – 41,2) құрады.
Бүгінгі таңда «Саламатты Қазақстан 2011 -2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта тұрғындарды профилактикалық скринингтік тексеруден өткізу, амбулаториялық-емханалық денгейде науқастарды дәрігердің рецепті бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда.
Амбулаториялық денгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қараша № 786 бұйрығына сәйкес дәрігерлердің рецепті бойынша амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде:
Аудан бойына бұл мақсатқа 2012 жылға жалпы 384 727,28 мың теңге қарастырылып, 31.12.2012. жылға - 384 727,28 мың теңге игерілді (100 пайыз).
Емханалар мен ауруханалар қызметі. 2012 жылы емханадағы дәрігерлердің қабылдауында болу көрсеткіші -638841, ал адамды дәрігерлер үйіне барып көрү көрсеткіші-62287. Аудан бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымдарда 180 төсек-орындық күндізгі стационарлар жұмыс атқаруда.
Күндізгі стационарларда есептік кезеңде 6822 науқас, ал үйдегі стационарда 1197 науқас ем қабылдады.Аудан ауруханаларында 825 сметалық төсек-орын жұмыс атқаруда. Тұрғындарды стационарлық төсек-орынмен қамтамасыз ету көрсеткіші әрбір 10 мың жанға шаққанда 28,2 құрап отыр. Есептік кезеңде ауруханаларда – 20083 науқас емделіп шықты
Санитарлық ағарту жұмыстары. 2012 жылы алға қойылған міндеттерді өз деңгейінде орындау үшін халық арасында тұрақты түсіндіру жұмыстары атқарылуда. Бұлар: көрнекі құралдар тарату, ағарту тақтайшаларын шығару- 1855, әңгімелесу-162438, сұхбат, лекция-169043, семинар-353, конференция өткізу-392, баспасөзде мақалалар жариялау-124, телевидениеде шығу-78 түрінде болды. Баспасөзде, телевидениеде «Денсаулық» рубрикасы тұрақты жұмыс істеуде. Ана мен бала денсаулығын қорғауды жақсарту мақсатында «Жан ұяны жоспарлау», «Дені сау сәби» бөлмелері, «Аналар қауіпсіздігі», «Қуан сәби» орталықтары ұйымдастырылды. Бұлардан бөлек «Артериалды гипертония»-, «Жүректің ишемиялық ауруы», «Қант диабеті», «Диабеттік табан» мектептері, «Сенім» бөлмесі жұмыс атқаруда.
Медицина қызметкерлері халық арасында санитарлық-ағарту, ауруды дер кезінде анықтау үшін үй аралау жұмыстарын тұрақты атқаруда. Бірінғай ұлттық денсаулық жүйесі бағдарламасы іске асырылған, халық осы бағдарлама бойынша хабардар етілген. Әр бір тұрғын өз қалаған емханасына тіркеліп және ем қабылдауға қуқығы бар. Бірынғай ұлттық денсаулық жүйесі бойынша «Ауруханаға жатқызу бюросы», « Стационарлық науқастардың электронды тіркелімі». «Бекітілген халық тіркелімі», « Жан басына шаққандағы ынталандырушы компонент» порталдарымен жұмыс жүргізіледі.
Аудандық орталық ауруханада телемедицина бойынша кеңестер жүргізіледі. Жоғары дәрежелі медициналық көмекке науқастарды Алматы, Астана қалаларындағы Ұлттық Ғылыми орталықтарға, облыстық клиникалық ауруханаға, облыстық балалар ауруханасына, кардиологиялық және онкологиялық орталықтарына жіберіледі.
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Ауданымызда жалпы халық саны 310175 адамды құраса, экономикалық тұрғыдан белсенді халық 135,7 мың адам, жалпы жұмыссыздар 6,7 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз немесе былтырғы жылдың деңгейінде сақталды. (облыстық көрсеткіш 5,3 пайыз).
есепті мерзімде жұмыспен қамту бөліміне және жұмыспен қамту орталығына 4279 адам жұмыс іздеп келсе, олар толығымен тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жұмыспен қамту бөлімі арқылы нысаналы топқа жататын 36 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылса, 993 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына нақтыланған 1722,0 мың тенге, ақылы қоғамдық жұмыстарға жоспарланған 30052,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.
Жергілікті бюджет есебінен еңбек рыногының сұранысына қажет мамандықтарға 110 адам оқытылып, осы мақсатқа нақтыланған 10317,0 мың теңге толығымен игерілді және кәсіби мамандық алған азаматтар толығымен жұмыспен қамтылды
2012 жылы ауданымызда 2674 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, жыл ағымында 2753 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Атап айтқанда: өнеркәсіп саласында-650, құрылыс саласында-305, ауыл шаруашылықта-546, сауда саласында-18, «Батыс Европа-Батыс Қытай» дәлізінде 204, білім беру саласында 89 және басқа салалаларда-941 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Кәсіптік, орта арнайы және жоғары оқу орындарын бітірген жастарды, жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында есепті мерзімде 5-рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Қортындысында 64-мекемеден 428 жұмыс орындары ұсынылып 433 азаматқа жұмысқа жолдама берілді. 1194 адам еңбек заңдарымен нормативтік актілер бойынша кеңестер алды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында, 2012 жыл ағымында 16 бизнес құрылымдарымен меморандумдар түзіліп, әлеуметтік нысандарды дамыту мақсатында 675660,0 мың теңгеге жұмыс берушілер тарапынан жұмыстар атқарылды.
Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2012 жылға ауданымызға Республикалық бюджеттен 921 млн 654 мың теңге қаржы нақтыланған.
Бағдарламаның бірінші бағыты немесе жұмыссыздарды кәсіби мамандықтарға оқыту және тұрақты жұмыспен қамту бойынша, жұмыспен қамту орталығы арқылы 175 адам қайта даярлау және 10 адам біліктілігін арттыру курстарын бітіріп, толығымен жұмыспен қамтылды.
Жұммыссыз азаматтарды еңбек рыногының сұраныстарына сәйкес, жеміс және көкөніс өсіруші, жол және құрылыс машиналары, фермер, кең профильді механизатор, газ және электр дәнекерлеуші, аспазшы, көлік жөндеу шебері және тракторист-машинист мамандықтарына оқытылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша 426 адам 2012-2013 оқу жылдарына оқуға жолданып, аудан аумағындағы білім беру мекемелерінде кәсіптік мамандықтарға оқытылуда.
Жыл ағымында нысаналы топқа жататын 747 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тартылып, оларға Республикалық бюджет есебінен 100 млн 951 мың теңге еңбекақы төленді.
Кәсіптік, орта арнайы және доғары оқу орындарын бітірген жас мамандарға «Жастар практикасы» ұйымдастырылып, практикаға 782 адам жіберілді.
Осы мақсатқа жыл ағымына жоспарланған 92 млн 058 мың теңге қаржы еңбекақы толығымен игерілді.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы 445 жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты немесе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту бойынша 125 адам кәсіпкерліктің негіздеріне оқытылды.
Жыл ағымында өз кәсіпкерліктерін ашуға және дамытуға 123 адамға 278,3 млн теңге шағын несие берілді.
Бағдарламаның төртінші бағыты немесе инфрақұрылымды дамыту бойынша ауданда қаралған 11 жобаға 235 млн 154 мың теңге қаржы қаралды. Осы жұмыстарға жергілікті тұрғындар есебінен 250 адам жұмысқа тартылды.
Аз қамтылған отбасыларының өмірлік деңгейлерін көтеру. Есепті мерзімде 46 отбасына немесе 186 адамға 4815,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, аудан бойынша кедей азаматтардың үлесі тұрғындардың 0,03 пайызын құрады. Олар негізінен көп қабатты үйлерде тұратын, көп балалы және жалғыз басты аналар.
Есепті мерзімде 5425 отбасына немесе 20037 балаға 313242,0 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді немесе былтырғы жылмен салыстырғанда жәрдемақы алатын отбасылар саны 47 отбасына кеміді.
2012 жылы аз қамтылған 803 отбасына 26245,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
Аға ұрпақ өкілдерін, мүгедектерді және жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау. 2012 жыл ағымында 80 жастан асқан 22 жалғызілікті қарттарға айына бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 395,4 мың теңге қосымша төлемақы төленді.
Жергілікті бюджет есебінен шұғыл емделуді қажет ететін жекелеген санаттағы 368 азаматтарға 1698,4 мың теңге бір жолғы әлеуметтік көмек және АҚТҚ инфекциясын жұқтырған 6 баланың отбасына өтемақы ретінде 1869,7 мың теңге материалдық көмек көрсетілді. АҚТҚ инфекциясын жұқтырған 31 балаға, облыстық бюджеттен 13318,0 мың теңге қаржы төленді.
2012 жылы қол арбаға мұқтаж 95 мүгедекке жергілікті бюджет есебінен 2040,0 мың теңгеге қол арба алып берілсе, облыстық басқарма есебінен 26 дана, демеушілер есебінен 10 дана қол арба таратылды.
Сайрам және Қайнарбұлақ балалар үйінде тәрбиеленіп, жоғары және орта оқу орындарында оқитын 75 жетім балаларға 1845,0 мың теңге шәкірт ақы төленді.
Аға ұрпақ өкілдерін жергілікті және облыстық басылымдарына тегін жаздыруға жергілікті бюджет есебінен 565,1 мың теңге қаржы аударылды.
9 мамыр-Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 67 жылдық мерекесіне орай, 67 ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, пәк аналарға, Венгр оқиғасына қатысушыларына 10,0 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілді және осы мақсатқа 1712,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
«Халықаралық қарттар күні» және «Мүгедектер күні» мерекесіне орай 614 мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызілікті қарттарға жергілікті бюджет есебінен 718,4 мың теңгеге азық түлік жиынтығы берілді.
Жүріп тұруы қиын І топтағы 71 мүгедекке 35 жеке көмекші бекітіліп, естуі бойынша мүгедектігі бар 33 азаматқа 6 ымдау тілі мамандары әлеуметтік қызмет көрсетті. Жергілікті бюджет есебінен 19946,0 мың теңгеге гигиеналық заттар сатып алынып, таратылды.
Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі 262 балаға оқу құралдарына 3425,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
2012 жыл ағымында облыстық бюджет есебінен 107 мүгедекке протезге және 36 мүгедекке есту аппаратына жолдама берілсе, 21 мүгедекке сурдотифло құралдары берілді.
2012 жылы 845 жеке санаттағы азаматтар шипажайларда өз денсаулықтарын сауықтырды. Осы мақсатқа 5300,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, жекелеген санаттағы азаматтарға демеушілер есебінен де бірқатар көмектер көрсетілді. Демеушілер тарапынан өткізілген іс-шараларға 23738 адам қатысып, 24235,4 мың теңге қаржы жұмсалды.
«ЯНС» ЖШС-сі есебінен 1283 жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік қоладау көрсетіліп, осы мақсатқа 6137,3 мың теңге жұмсалды;
Электр таратушы мекемелер есебінен, электр жарығын пайдаланғаны үшін 69 азаматқа (ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне) 315,8 мың теңге жеңілдік берілді;
20 азаматқа (ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне) 30,4 мың теңге ауыз суға жеңілдік көрсетілді;
39 азаматқа (ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, аз қамтамасыз етілген тыл еңбеккерлері) 36,7 мың теңге мөлшерінде монша, шаштараз қызметтері көрсетілді; 4 азаматқа (аз қамтылған отбасыларына) 28,6 мың теңгеге жеңілдікпен дәрі-дәрмек босатылды.
Аудан бойынша 2012 жылы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 1607 бала анықталса, 240 бала 41 әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығына алынды.
18-жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 114 азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсетілсе, 183-жалғызлікті қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
СПОРТ, ТУРИЗМ
Аудан бойынша 2012 жылы спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың саны 49496-ға, яғни 16% (2011 жылы -14%). жетті, бұл аудан халқының 16% құрайды. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындааудан бойынша 2012 жылы спорттың 14 түрі бойынша әр түрлі деңгейдегі 142 спорттық іс-шаралар өткізілді. Оған 40477 спортшылар қатысты. Аудан бойынша спорт ғимараттарының саны 430-ға жетіп, спортпен шұғылданушылардың саны күннен күнге артуда.
Ауданда жалпы білім беретін ұйымдарда 634 дене тәрбиесінің мұғалімдері жұмыс істейді. Ауданның негізгі және орта мектептерінде қоғмдық негізде 161 спорттық үйірмелер ұйымдастырылып, 22350 бала спортпен шұғылданды. Орта мектептерде сыныптан тыс 4 спорттық үйірмелер жұмыс істейді.
2012 жылы 24786 жасөспірім спортпен тұрақты түрде шұғылданды, 2011 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артты.
Сайрам ауданының аумағында 12 туристікобъектілері орналасқан, оның ішінде 1 –қонақ үй, 7 – демалу зонасы, 1 – сауықтыру лагері, 1- шипажай, 1 – кемпинг, 1 – санаторий. «Манкент» шипажайы әр мауысымда 1500 адамға дейін қабылдап, 2012 жылдың 12 айында 15300 адамға емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсетті.
Ауданда 58 тарихи мекендер мен қалашықтар, сонымен қатар архитектура және қала құрылысының ескерткіштері бар. Бұлар Қазақстан Республикасынан тыс, таяу және алыс шетелдерде кеңінен еблгілі, мұсылмандардың қажылық жасайтынорындарының бірі болып табылады.
Ауданда туризм және демалыс орындары үшін пайдалануға болатын табиғи ландшафтар мен шырайлы жерлері, материалдық базалары бар.
2012 жылы демалу мақсатында 20300 адам келіп, ішкі туризмнің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артты (2011 жылы 18158). Кірме туризмнің көлемі 50 адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 25 пайызға ұлағйды (2011 жылы – 40 адам).
ҚҰРЫЛЫС
Достарыңызбен бөлісу: |