БАҒдарламасы «Музыкалық білім»



Дата05.11.2016
өлшемі64,5 Kb.
#616
түріБағдарламасы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті

Орындаушылық өнер кафедрасы

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

«Музыкалық білім» мамандығы бойынша

Павлодар

2015

5В010600 «Музыкалық білім»,

мамандығы бойынша шығармашылық қабылдау

емтиханның бағдарламасы
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасы жалпы білім беру мектептеріне, өнер мекемелер мен ұйымдарға жоғары білім бар маман-музыканттарды дайындайды.

Балалар музыка мектебі көлемінде арнайы музыкалық дайындығы бар, музыкалық колледж және ерекше музыкалық қабілеті бар азаматтарды қабылдайды.

5В010600 «Музыкалық білім беру» мамандығының шығармашылық емтихан бағдарламасы арнайы білімін ескере отыра мектеп курсы бойынша негізделген. Кәсіби қабілетін кешенді тексеру екі шығармашылық емтиханнан тұрады.
1 Түсүніктеме хаттама
Аталған мамандық ЖОО-ның ережесі бойынша екі шығармашылық емтиханды талап етеді:

- жеке орындау (аспапта ойнау - домбыра, баян, фортепиано және вокалдық шығарманы орындау);

- өнер тарихынан аузша емтихан;

Жоғарғы аталған емтихандар талапкерлердің таңдаған мамандыққа дайындығы мен музыкалық қабілеттерінің денгейін және шығармашылық потенциалын байқатады.


2 Шығармашылық емтихандарға әдістемелік нұқаулар
Бірінші емтихан «Жеке орындау» - аспапта орындау, вокалдық шығарманы орындау талапкердің дайындығы және аспапты меңгеруі вокалдық қабілетінің дәрежісін анықтау.

Осы шығрмашылық емтиханда талапкер өзі дайындаған екі мызыкалық шығарманы орындайды.

Арнайы музыкалық білімі жоқ талапкерлер түрлі нұсқауда екі әнді орындайды (сүйемелдеусіз, фонограммамен не өзін аспапта сүйемелдеуінде). Басқадай жағдайда талапкер бір ән орындап беріп бір шығарманы аспапта орындай алады.

Егерде, талапкердің арнайы музыкалық білімі болса (БММ, АО БМ), ол бір вокалдық шығарма әуен, романс, ария) және музыкалық аспапта бір шығарма орындайды.

Бір шығармалылық емтихан 25 баллмен бағаланады.

Екінші емтихан «өнер тарихы». Осы емтихан әлем өнері туралы музыкалық білімін қалыптастыру, оның негізгі бөлімдері, түрлі музыкалық мәдениет ерекшелектерінің қалыптастыруы және мектептер ағымдар, Батыс Европа, Шығыс Европа, Орта Азия және Қазақстан елтердің музыкалық мәдениеттері, академиялық музыка жанрлары (аспапты, хорлы, оркестрлы), дәстүрлі-композиторлы мектептердің, музыкалық шығармалардың уәкілдеррі, белгілейді.
Талапкер білуі қажет:
- музыкалық теорияның қарапайым негіздерін, гармонияны, аспапта қарапайым ойнау икемділігін, орындалатын шағармалардың композитор, ақындардың қысқаша өмірбаяның, музыкалық материалды игеру, музыкалық есту қабілетін, ырғақ сезімін, музыкалық жады білу (арнайы музыкалық білімі бар БММ)

- орындалатын шағармалардың композитор, ақындардың қысқаша өмірбаяның, музыкалық материалды игеру, музыкалық есту қабілетін, ырғақ сезімін, музыкалық жады білу (арнайы музыкалық білімі жоқ)


Бірінші шығармашылық емтиханға қойылатын талаптар:


  1. Орындаушылық шеберлік;

  2. Вокалдық қабілет;

  3. Сахналық мәдениет;

  4. Шығармашылық көркемдік бейнесінің қалпы;

  5. Акапелла орындау, өз сүйемелдеуінде.


1-ші шығармашылық емтиханды бағалау
Берілетін негізгі балл – 25, оның ішінде:

- аспапта ойнау - 8;

- вокалдық орындау – 7;

- өз сүйемелдеуімен әндету – 5;

- сахналық мәдениеті – 5;
Екінші шығармашылық емтиханға қойылатын талаптар:
1. Батыс Европа, Шығыс Европа, Орта Азия және Қазақстан елдерінің ұлтық композиорлары мектебінің өкілдерің білу;

2. Қазақстан музыкалық мәдениетінің негізгі дамуы кезендерің білу;

3. Әр түрлі музыкалық жанрдағы музыкалық шығармалардың негізін айыра білу;

4. Ұлттық композиторлары мектебінің өкілдерін білу;



5. Кереку-Баян өнірінің дәстүрлі әнші-композиторларының атақты шығармаларын орындау (Жаяу-Мұса Байжанұлы, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова)Екінші шығармашылық емтиханды бағалау
Берілетін негізгі балл – 25

Екінші шығармашылық емтиханға қойылатын сұрақта:

  1. Құрманғазының өмірбаяны

  2. Бахтың шығармашылығы

  3. Н. Тлендиевтің өмірбаяны

  4. «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні» атты авторы

  5. «Замана бұлбұлдары», «Ғасырлар пернесі», «Құрмангазы» атты кітабының авторы

  6. Айтыстың түрлері

  7. А. Жұбановтің шығармашылығы

  8. Оркестр дегеніміз не

  9. Қазақ халық аспаптары атау

  10. Опера қай елде дүниеге келді

  11. Ақан –Серінің өмірбаяны

  12. Оркестрдің қандай түрлері бар

  13. Триода неше адам болады

  14. Музыка сабағы қай сыныптан бастап оқытылады

  15. Ырғақ дегеніміз не

  16. Өнердегі жанр түрлерін атаңыз

  17. Дина Нүрпеисова кім

  18. Өнер дегеніміз не

  19. Бұқар-Жырау кім

  20. Аспаптық жанрлардың орындаушысы

  21. Ішекті аспаптарға жататың аспаптар

  22. Симфониялық оркестірде қандай аспаптарда ойнайды

  23. Қорқыттың аспабы

  24. Қандай аспапта күй орындалады

  25. Үрлемелі оркестрде қандай аспаптар қолданылады

  26. Вокал дегеніміз не

  27. Хор дегенім ол не

  28. Астана қаласындағы опера театры қалай аталады

  29. Фольклор терминінің мағынасы

  30. ҚР әнұранының авторларын атаңыз

  31. «Мұрагер» бағдарламасының авторы

  32. Абайдың шығармашылығы

  33. С. Еламанова қай бағдарламаның авторы

  34. Біржан-Салдың өмірбаяны

  35. «Мұрагер» бағдарламасының мақсаты

  36. Пауза дегеніміз не

  37. Терме қай жанрға жатады

  38. Толғау дегеніміз

  39. Фольклорға не жатады

  40. Бетховенның шығармашылығы

  41. Фольклорлық ансамблде қандай аспаптар қолданады

  42. Моцарттың шығармашылығы

  43. «Елімай» бағдарламасының авторы

  44. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясы қай қалада

  45. Астана – Опера театрының директоры

  46. А. Мусаходжаева қай аспапта ойнайды және ол кім

  47. Қай жылы Астана-опера театры ашылды

  48. Ж. Аубакирова деген кім және қандай аспапты ойнайды

  49. Майраның шығармашылығы

  50. Қазақстанның вальс королі

  51. Қобыздың шығу аңызы

  52. Тәттімбеттің өмірлік жолы

  53. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры

  54. Қандай әнші-композитордың Павлодарда мұражайы бар

  55. Тұрмыс-салт жырларын атаңыздар

  56. Беташар әні қай кезде орналады

  57. Домбыраның шығу аңызы

  58. Күй қандай аспапта орындалады

  59. Қылқобызда неше ішек болады

  60. Қазақ оркестрінің негізін қалаушы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет