1. Бағалаудың мақсаты. Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған.
1. Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.
2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.
3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |