Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет2/9
Дата28.02.2023
өлшемі71,93 Kb.
#170418
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Перспект. жоспар МАД тобы

іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2022-2023 оқу жылы қазан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қазан

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:
Тепе-теңдікті сақтау. Заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру. Скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру, арқан бойымен бір қырымен, қосалқы қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою) жүру
Секіру. бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру, екі тізенің арасына қапшықты қысып алып, түзу бағытта (арақашықтығы 6 м) қос аяқпен секіру; қос аяқпен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 м), оң және сол аяқты алмастырып, заттардың арасымен (арақашықтығы 3 м), бір орында тұрып биіктікке секіру (6-8 метр);
Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар. Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу; қолды жоғары көтеру және екі жаққа созу, қолды желкеге қою. Саусақтарды айқастырып, алға-жоғары көтеру (қолды сыртқы жағымен ішке қарай бұру). Қолды кезек жоғары-артқа көтеру.



Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.
Шығармашылықпен сөйлеу әрекеті.
Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару.



Көркем әдебиет

Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру. Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіну.

Сауат ашу негіздері

Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету.



Қазақ тілі

Алтын күз.
Күз мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айтуға үйрету.
Қазақ тілінде сөздер менсөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Игерген сөздерін қолданып,сөйлем құру дағдыларындамыту.
Көгөністер.
Көгөністердің қазақша аталуын үйрету. Жаңылтпаштар жаттау, көгөністердің қазақша атауларын дұрыс айтып, диалог құруға үйрету. Тілге қызығушылықтарын арттыру, жаңа сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Жемістер.
Балаларды жемістердің қазақша аталуымен таныстыру. Жемістерді қазақ тілінде атай білуге ,шағын өлеңдерді жатқа айта білуге үйрету. Сөздерді сөйлемдерд ебайланыстырып құрауға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.
Менің отбасым.
Менің есімдігімен таныстыру. Отбасы мүшелерін қазақша айтуға,сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету, мақал-мәтел жаттау. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Үлкенге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.



Математика негіздері

Жиын.
Бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату, жиынның бөліктен үлкен екенін, бөліктің жиыннан кіші екенін, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру. «Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.
Сан және санау.
Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен, 0 ден 9 дейінгі цифрмен таныстыру. «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажырату, оларға дұрыс жауап беру.



Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:
Өзінің болашағына, біліміне, денсаулығына, қызметіне, жетістіктеріне сенімді болуға, қоғамға пайдасын тигізуге баулу. Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсіну, өзін-өзі құрметтеу, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру.
Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау
Заттар, олардың белгілерін нақтылау және бейтаныс заттардың қолданылуын түсіну. Заттардың қандай материалдардан жасалғанын өзбетінше анықтау және талдау, олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттау.
Еңбекке баулу.
Әртүрлі мамандықтар, еңбектің мазмұны, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалау.
Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқау. Еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, олардың еңбегін бағалау.



Құрастыру

Қағаздан құрастыру.
Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін (тақия, сәукеле, кимешек және т.б.) және ыдыстарын құрастыру, оларды жіппен, ою-өрнектермен және т.б. безендіру.

Сурет салу

Парақта кеңістіктегі заттардың қалпын беру, заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуы мүмкін екендігін түсіндіру (тұрады, жатады және қалпын өзгерте алады), тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар арқылы беру (өсімдіктер, жануарлар, құстар).
Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу)

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу.
Шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды: көкөністерді, жемістерді, ойыншықтарды, ыдыстарды мүсіндеу, оларға тән ерекшеліктерді беру, қолдың және саусақтардың қимылдарын жетілдіру, қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, адам мен жануардың пішіндерін мүсіндеу.



Жапсыру

Заттық жапсыру:
Қайшыны қолдануды бекіту: жолақтардан тікбұрышты пішіндер, шаршылардан үшбұрышты пішіндер, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алу.



Музыка

Музыка тыңдау.
Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру.Өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелеу тәсілі ретінде әлемдік және қазақ музыка өнерінің шығармаларымен таныстыру.
Ән айту.
Ән айту дағдыларын қалыптастыру, бірінші октаваның «ре», екінші октаваның «до» диапазонда жеңіл дауыспен ән айту Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Марш сипатын анық ырғақты жүрумен; музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білу.

Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет