Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған



бет1/9
Дата28.02.2023
өлшемі71,93 Kb.
#170418
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Перспект. жоспар МАД тобы


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2022-2023 оқу жылы қыркүйек айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қыркүйек

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:
Жүру. Сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүру; аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру; тізені жоғары көтеріп жүру, заттардан бір қырымен аттап жүру; белгі бойынша басқа бағытқа бұрылып жүру,2) Жүгіру: шашырап; жұптасып, бір қатармен, заттарды аттап, бір сызыққа қойылған заттар арасымен "жыланша" ирелеңдеп, кедергілерден өту арқылы, табиғи жағдайларда кедергілерден өту арқылы, түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 мин тоқтаусыз жүгіру;
Жүгіру.
Шашырап, жұппен, қатармен бір-бірден, екеуден, үшеуден тізені жоғары көтеріп жүгіру; бір сызыққа қойылған заттардың арасымен, кедергілердің арасымен өту арқылы «жыланша» жүгіру.



Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.



Көркем әдебиет

Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.
Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажыратуды үйрету.

Сауат ашу негіздері

Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру, сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу. Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау.

Қазақ тілі

Менің балабақшам.
Балаларды өз балабақшасы туралы әңгімелей білуге үйрету.
Балабақша туралы түсініктерін кеңейту, диалогке қатысуға үйрету.
Сөздерді сөз тіркесімен айтуға,сөйлем құрауға жаттықтыру, сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру.
Балабақша қызметкерлері.
Балабақша қызметкерлерімен таныстыру. балабақшадағы қызметкерлерінің атын білу, қарапайым сұрақтар қою және оларға жай сөйлеммен жауап беруге үйрету.
Біздің топ.
Топтағы заттардың атауын еске түсіру,жекеше-көпше түрде айтуға үйрету.
Не? Нелер? сұрақтарына дұрыс жауап беруге жаттықтыру, жаңылтпаш жаттау, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту.
Менің ойыншықтарым.
Балалардың сөздік қорларын байыту, ойыншықтардың қазақша аталуын есте сақтауға жаттықтыру, жұмбақтар жасырып шешуге үйрету.Ойыншықтар туралы қысқа мәтіндер құрауды дағдыландыру, сұраққа толық жауап беруді жетілдіру.



Математика негіздері

Жиын.
Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құру, жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру.
Сан және санау.
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:
Өзінің жасына сәйкес өмірінде болатын өзгерістерді, балабақшаға баруы, мектепке баруы, ересек азамат болып ержетуі мен еңбек етуі, болашақта табысты болуы үшін білімнің қажеттігін түсінуіне, болашақта мектепте оқуға ынтасын арттыру, жаңаны тануға, өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал ету.
Еңбекке баулу.
Балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау. Топты және ойын алаңын таза ұстауға, ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектесуге баулу.
Өлі табиғат құбылыстары мен заттары.
Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, кемпірқосақ, боран және т.б.) кеңейту.



Құрастыру

Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру: ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу.

Сурет салу

Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын беру.



Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу.
Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету.
Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.



Жапсыру

Заттық жапсыру:
Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға, бұл тәсілді жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды қиюда қолдану.



Музыка

Музыка тыңдау.
Балаларды шығармалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.Музыкалық шығармаға көзқарасын білдіру, оның сипаты, мазмұны туралы айту.
Ән айту.
Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгерте отырып, жаттығуларды орындауға үйрету: марш сипатын анық ырғақты жүрумен;

Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет