іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2022-2023 оқу жылы қараша айы
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
қараша
|
Дене шынықтыру
|
Негізгі қимылдар:
Еңбектеу, өрмелеу. Жүру мен жүгіруді алмастырып, заттардың арасымен «жыланша» төрттағандап еңбектеу, кедергілер арасынан еңбектеу; допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 м); гимнастикалық скамейка бойымен қолымен тартылып, иықтары мен тізелеріне сүйене отырып, етпетімен өрмелеу. Бірнеше заттардан еңбектеп өту, әртүрлі тәсілдермен құрсаудың ішіне еңбектеп өту, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу және бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып өрмелеу.
Лақтыру, қағып алу, домалату. Допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу; допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату, допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу; 2–2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру, допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 м) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 м) жүргізу, допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 м).
Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру.
|
Сөйлеуді дамыту
|
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.
Сөздік қор
Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.
|
Көркем әдебиет
|
Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау.
|
Сауат ашу негіздері
|
Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.
|
Қазақ тілі
|
Мамандықтың бәрі жақсы.
Мамандықтардың ерекшелігін түсіндіріп, байланыстырып сөйлеуге, жаңылтпаштар айтуға үйрету.
Менің дене мүшелерім.
Дене мүшелерінің қазақша атауын, сөздер мен сөйлемдерде қолдануға, жұмбақ, мақал-мәтел үйрету. Жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, тіл мәдениетін жетілдіру.
Қанша?Санау.
Санауға қазақ тілінде үйрету. Санамақтар жаттау, тура және кері санау. Сөздерді сөйлемдерді байланыстырып құрауды дамыту.
Апта күндері.
Балаларды апта күндерімен таныстыру. Апта күндерінің қазақша атауын дұрыс айту,есте сақтауға үйрету.
|
Математика негіздері
|
Сан және санау.
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен, 0 ден 9 дейінгі цифрмен таныстыру. «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажырату, оларға дұрыс жауап беру.
10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару.
Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.
Заттардың саны олардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, пішінге, орналасуына, сондай-ақ санау бағытына байланысты емес екенін түсіндіру.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Бала, оның отбасы, үйі:
Туыстық байланыстарды түсіну (өз жұрты атасы мен әжесі, жақын туыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу. Үйде отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үлкендерді сыйлау, кішіге ізет көрсету, үй шаруасына көмектесу, отбасы мүшелеріне жақсы көретінін білдіру, алғыс айту, сыпайы сөйлеу.
Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау.
Үй-жайларда, балабақша ауласында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін бағдарлай білу.
Көлік, байланыс құралдары
Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну, ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидар және т.б. қолданылуын білу, оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау.
Еңбекке баулу.
Шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дербестік пен жауапкершілікке баулу.
|
Құрастыру
|
Қағаздан құрастыру.
Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін (тақия, сәукеле, кимешек және т.б.) және ыдыстарын құрастыру, оларды жіппен, ою-өрнектермен және т.б. безендіру. Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру. Өзінің құрастырған құрылысын талдау арқылы тиімді конструктивті шешімдерді табу, оларды құрастыруда қолдану. Дербестікті, шығармашылықты, бастаманы қолдау.
|
Сурет салу
|
Заттардың пішіндеріне, бөліктердің салыстырмалы өлшеміне және олардың орналасуына сүйене отырып, түстер мен олардың реңктерін беру, негізгі пішінді, заттар мен олардың бөліктерінің пропорцияларын мәнерлеп жеткізе білу, түстерді өз қалауы бойынша таңдау.
Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу)
|
Мүсіндеу
|
Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалану.
Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу.
|
Жапсыру
|
Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию.
Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.
|
Музыка
|
Музыка тыңдау.
Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету. Шығармалардың жеке фрагменттері бойынша (кіріспе, қорытынды, музыкалық фразалар) әуендерді тану арқылы музыканы есте сақтауды жетілдіру.
Ән айту.
Ән айтар алдында, музыкалық фразалар арасында тыныс алу, әннің сөздерін анық айту, орташа, қатты және ақырын дауыспен ән айту. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру.
|
Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
Достарыңызбен бөлісу: |