Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және



бет3/9
Дата08.11.2023
өлшемі84,08 Kb.
#190272
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жоспар 2022-2023жж. Ақбота

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы №40 «Құлпынай» балабақшасы
Топ «Ақбота» ортаңғы тобы
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы қараша айы

Айы

Ұйымдастырылғаніс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері

Қараша

Денешынықтыру

Маман жоспары бойынша

Сөйлеуді дамыту

1.Сөздік қор.
Сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту.
2.Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді- антонимдерді енгізу.
3/Байланыстырып сөйлеу:Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және түсінікті жауап беру.
4.балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту.



Көркем әдебиет

1.Кітаптарға қызығушылықты ояту, таныс кітаптардағы суреттерді балармен бірге қарастыру.
2.Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу.
3.Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
4.Оқу, әңгімелеу. Кейіпкерлерді ойнағанда мінез-құлқын бере білуге, интонациясын қабылдауға;

Қазақ тілі

1.Тілдік дамытушы орта. Ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге баулу.
2.Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Сөйлеу кезінде тыныс алуды,естуді дамыту. Қазақ тіліне тән ә, ө дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.
3.Сөздік қор. Тұрмыстық заттардың, жиһаз, киімнің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
4.Тілдің грамматикалық құрылымы. Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажыратуға баулу.
Байланыстырып сөйлеу.Алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

Математика негіздері

Шама
1.Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, аз - көп) салыстыру. 2.Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру,
3.Заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру.
4.Бірнешезатты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру.

Қоршағанортаментаныстыру

Заттық әлем:
1.Қазақ халықының тұрмыс заттарымен таныстыру. Заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
2.Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін түсіну, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгеру.
Еңбекке баулу
3.Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру.
4.Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау.

Құрастыру

1.Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын-ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау.
2.Балалардың құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнай білуге үйрету.
3.Әр түрлі түстегі, пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар тұрғыза білуге үйрету.
4. Ірі және үсақ құрылыс материалдарынан үлгі бойынша ойдан құрастыра білуге дағдыландыру.

Сурет салу

1.Күз мезгілінің бейнелерін қағаз бетіне салуға баулу.
2.Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.
3.Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
4. Сурет салуда дәстүрден тыс техникасына қызығушылық таныту.



Мүсіндеу

1,2.Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар және т.б.) таныстыру.
3.Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.
4.Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.



Жапсыру

1.Кеңістікті бағдарлай отырып көкеністерді қағаз бетіне ұқыпты жапсыра білуге ынталандыру.
2.Сәндік өнер білімдерін нақтылау; ыдысты әшекейлей білуге үйрету.
3.Ыдысқа жеміс жидектерді дұрыс орналастырып жабыстыруды үйрету.
4.Заттық жабыстыру; кеңістікті бағдарлай отырып желімдей білуге дағдыландыру ( алаша, машина)

Музыка

Маман жоспары бойынша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет