Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және



бет9/9
Дата08.11.2023
өлшемі84,08 Kb.
#190272
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жоспар 2022-2023жж. Ақбота

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы №40 «Құлпынай» балабақшасы
Топ «Ақбота» ортаңғы тобы
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2023 оқу жылы мамыр айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері

Мамыр

Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша

Сөйлеуді дамыту

1.Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.
2.Сөздік қор. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
3.Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану, зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану
4.Байланыстырып сөйлеу.Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.Өткенді қайталау.



Көркем әдебиет

1,3.Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
4. Өткенді қайталау.

Қазақ тілі

1.Тілдік дамытушы орта. Сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.
2.Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту. Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.
3.Сөздік қор. Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру
4.Байланыстырып сөйлеу Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу

Математика негіздері

1.Сан. Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, «Тең бе?», «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беру.
2.Шама. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.
3.Геометриялық фигуралар.Үүшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен фигуралар туралы білімдерін бекіту.
4.Уақытты бағдарлау. Жыл бойына алған білімдерін

Қоршаған ортамен таныстыру

1. Менің Отаным–Қазақстан. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен таныстыру
2.Отбасы. Отбасылық қарым- қатынас туралы әңгімелеп беруге, жақындарына қамқорлық танытуға баулу.
3.Заттық әлем. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру. Заттарға ұқыптылықпен, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
4.Жануарлар әлемі. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру



Құрастыру

1.Көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын, қиылған қағаз бөліктерінен өзбетінше құрастыруға мүмкіндік беру
2. Әр түрлі заттарды (ыдыстар, ойыншықтар) қағаздан құрастыра білуге үйрету.
3.Пішіндерді дұрыс орналастыра отырып заттарды табиғи материалдардан құрастыруға үйрету. (аққала, шана,шырша т.б)
Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату.
Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
4. Қыстық киімдер жайлы әңгімелеу; Қиылған суреттерді түсі бойынша тауып ,дұрыс құрастыра білуге дағдыландыру. (мойынорағыш,баскиімді т.б)

Сурет салу

1,2.Қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйретуді жалғастыру, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.
3,4.Өткенді қайталау.

Мүсіндеу

1..Қазақ халқының әшекей бұйымдарын білу, заттар мен бұйымдарды өзбетінше мүсіндей алуды үйрету.
2.Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіріп, мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтау.
3.Өткенді қайталау.
4.Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

Жапсыру

1.2,Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін қолдану (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау).
3.Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.
4.Өткенді қайталау.

Музыка

Маман жоспары бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет