Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет6/9
Дата06.12.2022
өлшемі273 Kb.
#161426
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Перспективалық жоспар ересек топ 1

іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Арай» ересек тобы
Балалардың жасы 4-5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2023 оқу жылы ақпан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

ақпан

Дене шынықтыру

Лақтыру, домалату, қағып алу. Заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату. Заттарды қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 м кем емес), оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға (2–2,5 м қашықтықтан), 1,5 м қашықтықта тігінен қойылған (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға лақтыру; допты бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 м қашықтықта), қағып алу; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 м қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет);
Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру. Екеуден, үшеуден бірінің артынан бірі қатарға тұру, бағыт бойынша түзелу; оңға, солға бұрылу, орнында айналу; араларын алшақ ұстау және жақын тұру.
Спорттық жаттығулар
Шаңғымен жүру. Шаңғымен бірінің артынан бірі жүру. Ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы түсінікті кеңейту. Құлап қалған кезде өзіне қарапайым көмек көрсетуге, науқастанған кезде ересектерге жүгінуге баулу.



Сөйлеуді дамыту

Сөздік қор.
Сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз),заттардың орналасқан жерін (сол, оң, қатар, жанында, арасында), тұрмыстық электротехника заттарының және ұлттық тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін және мағынасы қарама-қарсы антоним сөздермен байыту.

Көркем әдебиет

Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.

Математика негіздері

Геометриялық фигуралар
Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең).



Қоршаған ортамен таныстыру

Еңбекке баулу.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі, (қаламен ауылдың байланысы), диқанның еңбегі туралы білімді қалыптастыру. Нанға және азық-түлік өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ересектерге көмек көрсету ниеттерін қолдау.
Жолда жүру ережелері
Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету. Сюжетті-рөлдік ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту.
Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: ойын, ойын жабдықтарын пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау. Балалардың өз есімін, тегін, жасын, ата-аналарының атын білуді бекіту, кездейсоқ жағдайларда (адасып қалу, құлау және т.б.) өзін дұрыс ұстауға үйрету.
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын дамыту.

Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру
Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өзбетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.
Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелелерін сақтау.



Сурет салу

Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау.
Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.



Мүсіндеу

Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру. Мүсіндеуде қысу, тарту, басу әдістерін қолдану. Кескішті қолдануды үйрету, оның көмегімен жасалған бұйымды безендіруге ынталандыру.
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.



Жапсыру

Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту.



Музыка

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыканың көңілді, ойнақы сипатын қабылдау, мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу, музыканың ырғағына сәйкес әртүрлі қарқынмен секіру.
Билер
Билерде ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану, музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен ән айтып жүру, қимылдарды өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту.

Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет