Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет5/9
Дата06.12.2022
өлшемі273 Kb.
#161426
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Перспективалық жоспар ересек топ 1

іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Арай» ересек тобы
Балалардың жасы 4-5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2023 оқу жылы қаңтар айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қаңтар

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:
Секіру. Бір орында тұрып, қос аяқпен секіру, 2–3 метр қашықтыққа алға ұмтылып қос аяқпен секіру, бір орында тұрып, оңға, солға бұрылып секіру. Аяқты бірге, алшақ қойып, бір аяқпен (оң және сол аяқты алмастыру) секіру, 4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см) секіру, 20–25 см биіктіктен секіру, орнынан ұзындыққа (шамамен 70 см), қысқа секіргішпен секіру;
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеу, мұзды жолдармен өзбетінше сырғанау.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
«Денсаулық-зор байлық» сөзінің мәнін түсіну, өзінің жасаған іс-әрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдын-алуға болатынын түсіну. Салауатты өмір салты туралы ұғымдарды кеңейту.



Сөйлеуді дамыту

Сөздік қор.
Сөйлеуде күнделікті көп қолданылатын сын есімдерді, етістіктерді, есімдіктерді қолдану.
Сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) байланыстыру.



Көркем әдебиет

Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Сахналық қойылымдарға қатысуға үйрету.

Математика негіздері

Шама
Ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып, жуандығы бойынша заттарды салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, жуан-жіңішке сын есімдермен белгілеу. Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру.



Қоршаған ортамен таныстыру

Еңбекке баулу.
Жақындарының мамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметінің маңызын түсіну, ата-анасының мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғаны туралы түсінік беру, оған ұқыпты қарауға баулу.
Жолда жүру ережелері
Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдарымен өту), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Бағдаршам түстерінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру. Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, «Жаяу жүргінші өткелі», «Қоғамдық көлік аялдамасы» жол белгілері туралы ұғымдарын кеңейту.



Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру
Табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері және т.б.) және қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар және т.б.) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру.

Сурет салу

Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өзбетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).
Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау.



Мүсіндеу

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру.
Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Кескішті қолдануды үйрету, оның көмегімен жасалған бұйымды безендіруге ынталандыру.
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.



Жапсыру

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен және т.б. таныстыру. Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Музыка

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру, қимылдарды музыкамен сәйкестендіре отырып, жүрелеп отыру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгерту.
Билер
Музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау. Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау.

Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет