Бағдарламасы негізінде жұмыс жасау Дәрістің тақырыбы : Жалпы көрініс және құрастырма сызбасы


Жалпы түрдегі сызбаны және құрастыру сызбасын оқу



бет2/2
Дата25.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#105269
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
Лек19

Жалпы түрдегі сызбаны және құрастыру сызбасын оқу

Жалпы түрдегі сызбаны (ЖТ) және құрастыру сызбасын (ҚС) оқу – бұл тұтастай алғанда бұйымдардың және құрамдас бөліктердің тағайындалуын, құрамын, конструкциясын, өзара орналасуын, бекітілуін, өзара әрекеттесуін зерттеу және меңгеру керек. ЖТ және ҚС келесі бірізділікте оқу ұсынылады:

1) ҚС негізгі жазуын оқу керек; құрастыру бірліктерінің атаулары бойынша жұмыс принципі және оны тағайындау бойынша көріністі кұрау керек; сызба литері бойынша әзірлеу (тәжірибелік үлгі, тәжірибелік партия, сериялық өндіріс және т.б.) сатыларына бағдарлануы тиіс; масштаб бойынша – нақты тіліктерде және бұйымдар массасында; конструкторлық құжаттаманы әзірлеушілерді ұйымдастыруға көңіл аудару керек;

2) кескінделетін бұйым, оның тағайындалуы, жұмыс құрылғылары мен принциптері туралы қысқаша сипаттаманы оқу;

3) жиынтық кестеден бұйымдар қандай құрастыру бірліктері, түп нұсқалықты және стандартты тетіктерден тұратынын анықтау және қарау, тетіктер дайындалатын материалдарды қарау, сызбада сипат тізімде немесе жиынтық кестеде жеке позицияда көрсетілген әрбір құрамдас бөлікті (тетік, құрамдас бөлік) іздеу;

4) кескін бойынша геометриялық пішінді, тетіктердің орналасуын, оларды қосудың тәсілдері, орын ауыстыру мүмкіндігі бойынша беру;

5) тұтастай алғанда бұйымды және оның құрамдас бөліктерін бөлшектеу мен құрастыру бірізділігін анықтау.

Құрылғылар және құрастыру бөліктерінің жұмыстары туралы көріністі ала отырып, тетік контурлары қандай беттермен шектелгенін анықтайды. Бұл үшін қосымша түрлерді, тіліктер, қималар, шығару элементтеріне ереқше көңіл аудара отырып, сызбадан тетіктердің барлық көріністерін тауып алу және қарастыру қажет, өйткені оларда негізгі түрлерде анықталмаған элементтердің пішіндері беріледі. Сондай-ақ тетіктің әрбір конструкциялық элементін белгілеуді анықтау керек. ҚС оқуға әр түрлі кескіндегі (масштаб есебімен) тетіктерді штрихтау параметрлері және кескіндер арасындағы проекциялық байланыстар көмектеседі.

Тетіктерді кескіндеу, егер оның пішіні, өлшемі, әрбір конструкциялық элементтерді (қиық жиектер, дөңгелету, жонулар, терендету, шығыңқылықтар, бедерлер және т.б.) белгілеу және жұмыс сипаты туралы толық көрініс алынған болса, оқылған болып саналады.

«Таратқыш кран» бұйымының жалпы түрдегі сызбасын оку. «Таратқыш кран» бұйымының үлгісінде жалпы түрдегі сызбаны оқу тәртібін түсіндіреміз (4.2.1-сурет).


1-сурет – Бұйымның моделі «Таратқыш кран»


Атынан көрініп тұрғандай, біз құбыржолдарда сұйықтықты беру үшін тағайындалған, күрделі емес бұйымдарды қарастырамыз. Таратқыш кран құбыржолдар арматурасы түрлерінің біреуі болып табылатындығын қысқаша сипаттамадан анықтаймыз.

Таратқыш кранның қысқаша техникалық сипаттамасынан тұтастай алғанда бұйымдар мен жеке құрамдас бөліктерінің әрекет атауы мен принципін анықтаймыз және нақтылаймыз. Кран 2 цилиндрлік тығын орналасқан 1 корпустан тұрады. Тығында екі цилиндрлік тесіктерді қосатын осьтік цилиндрлік тесіктер орындалған. Тығынның еркін цилиндрлік соңында 9 орнату бұрамамен бекітілген 3 тұтқада орнатылған.

Қажетті жағдайда тығын бұрылысын қамтамасыз ету үшін 15 соташық орнатылған, ол тұтқадан тығынға айналу қозғалысын береді. 4 ернемектер 14 бұрама сұқпа, тығырықтар және сомындар көмегімен корпуска бекітіледі. 5 ернемектер бұрандама, тытырықтар және сомындар көмегімен корпуста бектілген. Сызбада (1-сурет) таратқыш кран ашық көріністе бейнеленген. Құбыржол бойындағы (құбыржолдар сызбада көрсетілмеген) сұйықтық сызбада керсетілген тұтқа жағдайы кезінде 5 ернемекке келеді, ал содан кейін тығындар тесіктері бойынша корпустың цилиндрлік тесіктерінің жазыктығына және 4 ернемекке өтеді, құбыржолдар жүйесіне келіп түседі.

Тығын 90 градусқа бұрылған кезде цилиндрлік бөлікпен корпустағы тесікті жабады және сұйықтық құбыржолдарға келіп түспейді. Тығындардың герметикалығын қамтамасыз ету үшін 16 резина балдақтар белгіленген. 4 ернемектер және 1 корпус 7 төселгіштермен тығыздалды. 5 ернемекті және корпусты герметикаландыру 6 төселгіштермен іске асырылған.

Сипат тізімді қарастырғаннан барлық тетіктердің жалпы тізімі үш ондықтан аспайтынын, соның ішінде солардың шамамен жартысы – стандартты бекіту тетіктері екенін байқаймыз. Стандартты бекіту тетіктерін толтыруды қай жерде мәні болмаса, сол жерде аяқтау керек. Өйткені құрастыру бірліктері сызба сипат тізімінде көрсетілмеген, оларды бұйымдарды талдау негізінде орнату керек (2-сурет).

2-сурет – Таратқыш кран бұйымының аяқталмаған құрама сипат тізімі


Таратқыш кранның сызбасы негізгі түрде (сызба бір кескін түрде берілген). Бұл толық фронталь тілігі бар негізгі түр. 3-суретте таратқыш кран барлық орындалган бұрандамалы, бұрамалы, кілтекті қосылыстардың аяқталған түрінде бейнеленген.

3-сурет – Таратқыш кран бұйымының құрама сызбасының фрагменті


Кескінді талдағаннан кейін келесі жалпы ережені басшылыққа ала отырып, кұрастыру бірліктерін бөлеміз. Құрастыру бірліктері екі немесе одан көп тетіктерден тұратын, кез келген тәсілмен өзара жалғанған, құрастыру бөліктерін бөлшектеуге жол беретін бұйымдар болуы мүмкін.

Таратқыш кранның бастапқы деректерінде (4-сурет) сызбада бейнеленбеген төмендегі қосылыстары атап көрсетілген:

A-бұрандамалы – 1 корпусы бар 5 ернемек;

Б-бұрамалы – 2 тығыны бар 3 тұтка;

В-бұрама сұкпалы – 1 корпусы бар 5 ернемек;

Г-кілтекті – 2 тығыны бар 3 тұтқа.




4-сурет – Таратқыш кран бұйымының аяқталмаған құрастыру сызбасы


Таратқыш крандардың кұрамына келесі құрастыру бірліктері енеді:

1) тетіктерден тұратын «жинақтағы тығын»: тығын (2 поз.), тұтқа (3), орнату бұрамасы (9), кілтек (15);



2) тетіктерден тұратын «жинақтағы корпус»: корпус (1), ернемек (5), ернемектер (4), екі төселгіш (6 және 7), резина балдақтар (16), төрт бұрандама (8), сегіз бұрама сұқпа (14), сегіз тығырық (12) және төрт тығырық (13), сегіз сомын (10).



4.2.5-сурет – аяқталғаң сипат тізім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет