Тақырыбы: Сөйлеу процесін дамытуға арналған жаттығулар.
Мақсаты: Балада белсенді сөздік қорын дамыту.
Әдістеме: «Сөйлемді жалғастыр», «Сөйлем құра» жаттығулары.
1. «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Балаға оқылған сөйлемді жалғастыру ұсынылады, мысалы: «Анамның көңіл-күйі жақсы, өйткені мен бүгін жақсы баға алдым».
Сөйлемдер: Мен бүгін қатты жаурадым, өйткені
Мен оқығанды жақсы көремін, өйткені
Менің аяғым су болып қалды, өйткені
Мен жануарларды жақсы көремін, өйткені
2. «Сөйлем қүра» жаттығуы.
Мына сөздерден ауызша сөйлем кұрау үсынылады: Қала, автобус, адам, қайық, теңіз, қүм.
*А—
10-сабақ.
Тақырыбы: Өзіндік бағаны дамытуға арналған жаттығулар
Әдістеме: «Анам мені не үшін жақсы көреді», «Шыбық тимес шыңқ етер» жаттығулары.
1. «Анам мені не үшін жақсы көреді» жаттығуы
Мақсаты: Баланың өзіндік бағасын,
маңыздылығын жоғарылату.
Нүсқау: Балаға анасы оны не үшін жақсы көретінін айту үсынылады.
Ескерту: Бала өзінің өзгелер үшін маңызды екенін көрсеткісі келіп: анасы баланы ыдыс жуғандығы үшін. кітап жазуға кедергі келтірмегені үшін, кішкентай қарындасын ретжітпегені үшін жақсы көретінін айтады.
2. «Шыбық тимес шыңқ етер» жаттығуы.
Мақсаты:Ойын баланың өзіндік бағасының жоғарылауына, эмпатиялық дамуды жетілдіреді.
з з
<ч*
Мазмұны: Балаға эр түрлі көңіл-күй бейнеленген смайликтер көрсетіп, суреттеу үсынылады. Соның ішінен өзінің көңіл-күйін білдіретін смайликтерді тақдап алады.
Егер бала оқи алатын, жаза алатын болса Өзінің жағымды мінез сапасын жазуга болады. (міндетті түрде жағымды).
—
11-сабақ.
Тақырыбы: Психоэмоццоналды кысымды түсіру жаттығулары
Мақсаты: Баланың бойындағы психо-
эмоционалды қысымды түсіру.
Әдістеме: «Менің қорқынышымды түсін», «Күн сәулесі» жаттығуы.
1. «Менің қорқынышымды түсін» жаттығуы
Бүл жаттығу баланың қорқыныш қашықтауынан қабылдау қорқыныш проблемасынан қүрылған.
Балаға тапсырма жазылған карточка беріледі. Бір жағында сөйлем жазылған. ал екінші жағында соның жалғасы болады.Мысалы: бір жағында жазылған:
«маған қорқынышты, қашан »; екінші жағында:
« мен жаңа адамдармен танысқанда» Түсініктеме:
бірінші танысқан кезінде адам оған сенімсіздеу болады немесе адам жаңа жағдайда өзін қалай үстауын білмейді. Осы жағдайда бала тапсырманы жасай отырып айта бастайды, оларда көптеген қорқыныш болады. Сіз осы бейне арқылы шеше алмай жүрген ақпаратқа дәлелдеме аласыз.
1-карточка
Маған қорқынышты қай кезде
Мен жаңа адамдармен танысқанда басқалар менің істеген жұмысымды бақылаған кезде.
Маған сұрақтар қойғанда жэне оларға жауап беретін кездегі қорқыныш.
Осы кезеңнің мақсаты - қорқыныштың пайда болуын көрсету жэне одан өзін-өзі ұстау жолын анықтау. Не себептен адам қорқады, не үшін табиғаг осылай жасайды, адамдарда не үшін қорқыныш пайда болатынын баламен бірге талқылау. Осыдан кейін сүрау керек, кімде кім қорқынышқа шыдай білсе, онда сол адам жеңе біледі. Баланың көңілін мынаған бөлу керек, қорқынышты жасыру жэне оны жеңе білу, мінезді эр түрлі жолдарына байланысты. Мысалы: Біз өзімізді жақсы сезінгенде айналаның бэрі түрленіп, тіршілік гүлденіп кетеді. Ал өзімізді көңілсіз сезінсек айналаның бэрі түнжырап, қараңғы тартып жағымсыз болып кетеді.
2. «Күн сәулесі» жаттығуы.
Күн сәулесі сенің көзіңе түсті. Көзіңді жүм. Ол ары қарай сенің бетіңе түсті, алақандарыңмен маңдайыңды, мүрныңды, аузыңды сипала. Бетіңде, тамақ асты, мойныңда, ішіңде, қолдарыңда жүр, жэй ғана үркітіп алмай сипала. Ол тентек емес, сипалағанды ұнатады, сен оны сипалап достасып ал.
•уС'
сабақ
Тақырыбы: Психоэмоционалды қысымды түсіру жаггығулары
Мақсаты: Баланың бойындағы психо-
эмоционалды қысымды түсіру.
Әдістеме: «Қүсты қүтқарып қал», «Сергектік қуаты» жаттығуы.
«Қүсты қүтқарып қал» жаттығуы.
Сенің қолыңда кішкентай дәрменсіз қүс бар деп елестетші. Алақандарыңды жоғары үстап. қолдарыңды алға соз. Саусақтарыңды біріктіріп қүс сиятындай етіп жаса, ол өте тоңып қалыпты, жылыт, деміңді оған үрле, жай ғана терең дем алып, алақандарыңды кеудеңе жақындатып үста, өз жүрегіңнің жылуын панасыз қүсқа бере біл.
Ал енді алақаныңды ашшы, қүстың қуанышпен ұшып бара жатқанын көресің, қамықпа қайта оған қарап күлімде, ол саған қайта оралады.
«Сергектік қуаты» жаттығуы.
Еркін отырып, қолдарыңды алға соз да бас бармағыңмен сүқ саусағыңды дайында.
Саусақтарыңмен құлағыңның үстіңгі ұшын, екінші саусағыңмен астын ұста. «Құлақтарым бэрін естиді» деп айта отырып 10 рет бір жағына, 10 рет екінші жағына уқала. Ал енді колдарыңды жіберіп, алақандарыңды қағыңдар. Терең тыныс алып, қолыңды көтеріп, оларға қарап, деміңді шығар. Қолдарыңды төмен түсіріп «Мен дем алып жатырмын!» деп айт. Жаттығу көңіл-күйді сезіне алуды дамыту мен өзгелерді түсіне білуге үйретеді.
сабақ
Тақырыбы: Мінез қасиетін дамыту жаттығулары
Әдістеме: «Кейіпкерлер», «Алтын тага»
жаттығуы
«Кейіпкерлер эмоциясы» жаттығуы
Мақсаты: Ойын эмпатияның қалыптасуына,
айналадағы адамдардың мінез-құлқын, жағдаяттарды бағалауға үйретеді.