сабақ.
Тақырыбы: Зейін тұрақтылығын дамытуға
арналған жаттығулар
Мақсаты: баланың зейін тұрақтылығын дамыту.
Әдістеме: «Мен жэне айна», «Жіптің ұшын тап» жаттығулары.
«Мен жэне айна» жаттығуы.
Бұл ойында жүргізуші мен оқушы бір-біріне қарап отырады. Жүргізуші жағымсыз қасиеті бар адам туралы айтса, оны екіншісі жағымды қасиетке айналдырып отырады. Мысалы: жалқау-еңбекқор, ұялшақ - батыл, т.б.
Түйін. Бұл ойында жаман қасиеттерден аулақ болуға, жақсы қасиеттерді білуге үйретеді.
сабақ.
Тақырыбы: Ес процесін да.мытуға арналған жаттығулар
Мақсаты: Оқушының қысқа мерзімді есте
сақтауын анықтау.
Әдістеме:«Не өзгерді?», «Мен қапқа салдым» жаттығулары.
1. «Не өзгерді?» жаттығуы Үстелдің үстіне бірнеше зат қойылады. Балаға үстелде түрған ойыншықтарды еске сақтау ұсынылады. Содан кейін «көзіңді жлұм» - деп нұсқау беріледі. Осы кезде жұргізуші аэйыншықтардың біреуін алып тастайды. Қай заттың жоқтығын табу керек.
Осы ойынның басқа да нұсқа ретінде келесі тапсырма орналасуының өзгеруін табу болып табылады. Ойыншықтарға үстелдегі згаттардың қандай тәртіппен орналасқанын еске сақтау ұсынылады, ал кейін бірнеше заттың орны ауыстрылады да өзгергенін табу ұсынылады.
«Мен қапқа салдым» ойыны
Үйге қонақ келді. Екеуміз базарға бардық. Мен бастаймын. «Мен қапқа алмалар салдым».
Оқушы айтылғанды қайталайды да, оған тағы бірдеңе қосады: «Мен қапқа алмалар жэне банандар салдым.» Осылай жалғаса береді.
Бұл ойын баланың есте сақтау қабілетін еркін
дамыта алады.
сабақ.
Тақырыбы: Ойлау процесін дамытуға арналған жаттығулар
Мақсаты: ойлаудың жылдамдығын, логикалық ойлауды дамыту.
Әдістеме:«Көп жэне біреу», «Төртіншісі артық».
1. «Көп жэне біреу» ойыны.
Нұсқау: Ойын доп арқылы ойналады. Жүргізуші, допты лақтырар алдында, көпше түрдегі бір сөзді айтады, ал бала оны жекеше түрге ауыстыруы қажет.
Берілетін сөздер:
Мысықтар.тырналар.ормандар;
Қатарлар.көпірлер, ағаштар;
Ыдыстар, үйлер.қүстар;
Пілдер,кеселер,тауықтар;
Ауыздар.сағаттар, болттар;
Шкафтар, шарфтар.
2. «Төртіншісі артық» ойыны.
Нұсқау: балаға доп лақтырып төрт заттың атын атау, бірақ оның біреуі артық болады. Соның артығын бала анықтауы қажет.
Сөздердің нұсқауы:
Үстел.орындық, төсек, шәйнек;
Шырша, аққайың, емен, бүлдірген;
Қияр, сәбіз, қоян, шалқан;
Ат, мысық, ит, балық;
Қияр,қарбыз, алма, доп;
Қасқыр, түлкі, аю.мысық;
Қуыршақ. машина.доп, кітап;
Шаңғы, коньки, кеме, шана;
Қарға, бүркіт, ара, балға;
Шие. жүзім, картоп, тролейбус.
Достарыңызбен бөлісу: |