Бағдарламасы орта буынға арналған



Дата08.06.2018
өлшемі40,9 Kb.
#41912
«Жереновка орта мектебі» КММ

«Қазақша күрес» таңдау курсының бағдарламасы
орта буынға арналған
Авторы: Бугилбаев Е.А. дене тәрбиесі пәні

мұғалімі


2016-2017

Рецензия


«Қазақша күрес» таңдау курсы
КММ Жереновка орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бугилбаев Ернур Айткалиевич ұлттық күрес әдістеріне оқушыларды баулу мақсатында орта буын сыныптарына арнап құрастырды.

Бұл бағдарлама мемлекеттік білім стандартынан тыс таңдау курсы болып құрылды.

Курстың мазмұнына сәйкес бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Орта буын оқушыларына күрестің шығу тарихы, белдесу барысындағы қойылатын талаптар мен бапкердің міндеттері, күрестің әдіс-тәсілдері толығымен үйретіледі.

Әр сабақта қолданылатын көрнекіліктертер де қазірге заманға сай етіп, жаңаша түрде жасалған.

Бағдарлама оқу процесінде қолдануға жарамды.

Ерменова Б.О. Шәкәрім атынағы мемлекеттік

университетінің, дене шынықтыру және

әскери дайындық теориясы мен

әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы


Түсінік хат
Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Өткенге көз жіберіп, шежіре жолдарына тереңірек үңілер болсақ, қазақша күрестің өсіп - өркендеу, даму жолдарының өзгеше, өзіндік сыр- сипаттары бар. Қазақтар той-домалақ думанда, басқа да халық мол жиналатын жиыдарда балуандардың салмағын өлшеп жатпаған. Қарсыласыңа қарсы тұрарлық күш – қуатың бар ма, онда кілемге білек сыбанып шыға бер. Әрине, атан жілікті түйе балуандардың жөні бөлек, тұрпаты тым басқаша. Дегенмен, халықтық ұғым, нағыз бәсеке тұрғысынан балуандардың мықтылығы мен тума – талант, алып күш иесі болуын салмаққа қарамай-ақ «күшті болсаң күресіп көр» деген тұжырымда кесіп – пішіп айтып тұрған тәрізді. Қазақ палуандарының қай-қайсысы болмасын алғашында шаңдақта күресіп, күрес әліппесін қазақша күреспен ашқаны айқын.

Бүгінде қазақша күрестің аталары болып табылатын – Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді алыптардың жолын жалғайтын талай-талай саңлақтарымыз өсіп келеді. Тек соларға дұрыс жөн сілтей білуіміз керек. Ұлттық спорт түріне кішкентайынан баулыған жөн.

Әлемдік аренаға шығатын балуандар дайындау үшін қазақша күреске мектептегі дене тәрбиесі сабағында, таңдау курстарында көп көңіл бөлу керек.

Сондықтан осы құрастырылған таңдау курсы да сол мақсатты қанағаттандырады. Бұл бағдарлама мемлекеттік білім стандартынан тыс таңдау курсы болып құрылға.

Яғни орта буын оқушыларына күрестің шығу тарихы, белдесу барысындағы қойылатын талаптар мен бапкердің міндеттері, күрестің әдіс-тәсілдері толығымен үйретіледі. Кейбір ерекшеліктерін айта кетсек, балуанның аяқтары ғана еркімен қозғалып жұмыс істейді. Аяқтарына қандай айла-тәсіл қолданса да еркі өзінде. Тебуге болмайды, жеңіске жету үшін астыңғы балуанның жауырыны жерге тигізіп тұрғанда, үстінен аттап кету міндеттелген.

Әр сабақ қазіргі заманға сай етіп, жаңаша түрде өткізіледі. Көзге түсетін жерлерге күрес ережелерін іліп қойылады, ол да пайдасын тигізеді.

Сондай-ақ үстілеріне киетін киманоға ұлттық нақыштарымызды енгізсек. Атап айтсақ, киманоға ұлттық оюларымызды, аяқтарына мәсіні пайдалануға әбден болады.

Курстың мазмұнына сәйкес бағдарлама 34 сағатқа құрылған. (апталық жүктеме 1 сағат).



Курстың мақсаты:

Ерік жігер адамның ақыл-ойының тәжірибелік көрінісі. Күрес спортымен шұғылдану процесі- оқушылардың бойында адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдайда талап ететін ықпал ету әдістері, батылдылық, табандылық, сезімін туғызады. Күрес спорты арқылы қазақ жастарын, жаман әдеттерден (темекі, наша, арақ және тағы басқа) аулақтату және оған қарсы күреске бағыттайды. Сонымен бірге тұлғалық қасиеттерін жетілдіре түсуге кепілдік береді.



  • Қазақша күрес ережелерін түсіндіре отырып, әдіс - айла тәсілдерін үйрету;

  • Қарсыласын сыйлау, адамгершілік қасиетін тәрбиелеу;

  • Күрес тәсілдерін дамыту, жетілдіру.

Курстың міндеттері:

Қазіргі заманғы үрдістің дамуында методикалық ұйымдастырушылық, жаттықтырушылық процессте әр түрлі спорттық күрестің түрлері және мазмұнына қарай маман пікірлерімен күрестегі жаттықтыру процесін жоспарлау, зерттеу.



Курстың өзектілігі:

Бөлінген уақытты тиімді пайдалану. Техника – тактикалық дайындықтың зерттеулі базалық техникалық әрәкеттердің көлемді ұлғаюы, қазақ күресінде жас спортшыларды жаттықтыруда өзгерудің жалғаспалығы, оларды меңгерумен жас спортшылардың еркін күрестерінің алғашқы кезеңінде базалық дайындықтың кіріспе кезеңіндегі тактикалық дайындық тәсілдерінің тиімді ұлғайуына мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеудің қорытындысы ол, мамандандырылған жас спортшылардың, күресшілердің басқа тактикалық әрекеттерді ұластырып, күрес сайыстарының жаңа талабын және негізгі даму түрлерін, спорттық күрестің өрлеуінде оқу бағдарламасының, күрескердің дайындық әзірлемелерінің құрылуына негіз болады.



«Қазақша күрес» таңдау курс бағдарламасының мазмұны
Аптасына 1 сағат,

барлығы 34 сағат

6 сынып

Талапкер және бапкер (8 сағат)

Күреске кіріспе.Секция жұмысын қалай бастау керек? Талапкерлерді күрес секциясына қабылдау. Жаттығу кезеңдері. Спорт құрал-жабдықтары және жаттығу орны. Палуандардың салмақ дәрежесін анықтау.Бапкер жайлы бірер сөз. Палуанның дене шынығуы.


Қазақша күрестің әдістері - 16 сағат

Тік тұрып күресу және қозғалыс.Ұстасу және ара қашықтық.Күрестің аяқтан қағу әдістері

Қолтықтың астынан және жеңнен ұстап, аяқтан іліп тастау. Салмақ қуу деген не? Жарысқа дайындық және жарыс сәті. Спортшы және дене күтімі. Тазалық аса маңызды шарт. Жазғы жаттығу алаңдарын жабдықтап, дайындау. Үйіріп тастау әдістері. Белдіктен және жеңнен ұстап, шалқалай іліп кеудеден асыра лақтыру әдістері. Аяқты іштен іліп, кеудеден асыра шалқайып лақтыру әдістері. Кеудеден асыра лақтыру әдістері. Шалып жығу әдістері. Қорғаныс әдістері. Іліп тастау әдістері. Өзін-өзі қауіпсіздендіру әдістері

Психологиялық дайындық әдістері. Қорытынды



Шығармашылық жұмыс - 18 сағат




Тақырыптың атауы

Сағат саны

Өткізу түрі

Нәтижесі

1

Күреске кіріспе

1

лекция

конспект

2

Секция жұмысын қалай бастау керек?

1

семинар

реферат

3

Талапкерлерді күрес секциясына қабылдау

1

өзіндік жұмыс




4

Жаттығу кезеңдері

1

лекция

жаттығу

5

Спорт құрал-жабдықтары және жаттығу орны

1

семинар




6

Палуандардың салмақ дәрежесін анықтау

1




салмақ анықтау

7

Бапкер жайлы бірер сөз

1

лекция

реферат

8

Палуанның дене шынығуы

1







9

Қазақша күрестің әдістері

2

лекция

жаттығу

10

Тік тұрып күресу және қозғалыс

1

лекция

сынақ

11

Ұстасу және ара қашықтық

2

лекция

сынақ

12

Күрестің аяқтан қағу әдістері

1




жаттығу

13

Қолтықтың астынан және жеңнен ұстап, аяқтан іліп тастау

1




жатығу

14

Салмақ қуу деген не?

2

лекция

сынақ

15

Жарысқа дайындық және жарыс сәті

2

лекция

жаттығу

16

Спортшы және дене күтімі

1

лекция

конспект

17

Тазалық аса маңызды шарт

1

лекция

конспект

18

Жазғы жаттығу алаңдарын жабдықтап, дайындау

2




жаттығу

19

Үйіріп тастау әдістері

1




сынақ

20

Белдіктен және жеңнен ұстап, шалқалай іліп кеудеден асыра лақтыру әдістері

1




жаттығу

21

Аяқты іштен іліп, кеудеден асыра шалқайып лақтыру әдістері

2

жаттығу




22

Кеудеден асыра лақтыру әдістері

1

жаттығу

сынақ

23

Шалып жығу әдістері

1

жаттығу

сынақ

24

Қорғаныс әдістері

1

жаттығу

сынақ

25

Іліп тастау әдістері

1

жаттығу

сынақ

26

Өзін-өзі қауіпсіздендіру әдістері

1

лекция

сынақ

27

Психологиялық дайындық әдістері

1

лекция

семинар

28

Қорытынды

1




сынақ



Теориялық бөлім
1-сабақ (1 сағат) Күреске кіріспе. Қазақша күрестің қысқаша тарихына тоқталу. Қазақ палуандарының өмірі мен күрес жолдары жайлы мәлімет беру. Күрестің негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.

2-сабақ (1 сағат) Секция жұмысын қалай бастау керек? Басқа күрес түрлері сияқты қазақша күресті де өнер ретінде үйретуге өзіндік мектебі бар секция керек. Ол секция, әрине, бір топ үйренушілерден, жас талапкерлерден тұрады. Оны басқарушы осы өнерді бүге-шігесіне дейін білетін адам болса, нұр үстіне нұр. Секцияға жиырма шақты, тіпті одан да көп жас талапкерлерді тартуға болады. Секция ол өз алдына жеке ұжым.

3-сабақ (1 сағат) Талапкерлерді күрес секциясына қабылдау. Талапкерлер норматив тапсыруға тиіс. Біз одан оның күшін, жылдамдығын, батылдығын, әйтеуір бойындағы жылт еткен барлық қасиетін білуіміз керек.

4-сабақ (1 сағат) Жаттығу кезеңдері. Күрес – үлкен өнер. Оны жалықпай үйренген адам ғана меңгеріп, сан қилы құпияларына қаныға алады. Әрине, мұнда табиғи күштің рөлі ерекше. Дегенмен, сол бір күш қайнарын аялай біліп, әрдайым көзін ашып, ширықтырып тұрмаса, күндердің күнінде ол сарқылып қалуы да мүмкін. Сондықтан күресті жақсы меңгеру үшін жаттығу кезеңдерін жақсы білу керек.

5-сабақ (1 сағат) Спорт құрал-жабдықтары және жаттығу орны. Күрес үшін спорт жабдықтары керек. Арнайы сайыс кілемі немесе гимнастикаға арналған кілем, штангалар, гирлер, гантельдер болса палуандар үшін жақсы жағдай жасалған деген сөз.

6-сабақ (1 сағат) Палуандардың салмақ дәрежесін анықтау. Күресте салмақ зор рөл атқарады. Палуан жарыс кезінде өзіне тән салмақта ғана сайысқа түсуге үйренеді. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты түрліше топтарға бөлінеді.

7-сабақ (1 сағат) Бапкер жайлы бірер сөз. Шәкірттің нағыз шебер болуына ең бірінші септігін тигізетін, жатпай-тұрмай көмектесетін, үйрететін адам – жаттықтырушысы немесе бапкері.

8-сабақ (1 сағат) Палуанның дене шынығуы. Бұл тактикалық, психологиялық әзірлік пен жылдамдық, төзімділік тәрізді қасиеттердің жиынтығы. Дене шынығуы ұзақ еңбектенудің нәтижесінде қамтамасыз етіледі.

9-сабақ (2 сағат) Қазақша күрестің әдістері. Қазақша күрестің әдіс-айлалары күрделілігімен, сан қилы оралымдығымен ерекшеленеді. Әрине, бұл ұлттық спорт түрінің кейбір әдіс-тәсілдерінің басқа туысқан халықтардың ұлттық күрестерінің әдістеріне ішінара ұқсастықтары да жоқ емес. Алайда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері өте көп.

10-сабақ (1 сағат) Тік тұрып күресу және қозғалыс. Палуан кілем үстінде қандай да бір жағдайға да дайын болуы тиіс. Кез келген сәт... Жойқын шабуыл жасауға қас-қағым сәтте даяр тұру. Аяқтардың тұру жағдайларына қарай денені тік ұстау қалпында күресудің мынадай түрлері болады: бетпе-бет, оң және сол қырынан тұрыс.

11-сабақ (2 сағат) Ұстасу және ара қашықтық. Ұстасудың өзі мынадай түрлерге бөлінеді: 1)Ұзақ ұстасу. 2)Тез арада немесе бірден ұстасу. Ұзақ ұстасу деп палуанның кілем үстінде қарсыласымен ұзақ ұстасып жүріп, әдісті тиімді қолданып, жеңіске жетуін айтамыз. Ара қашықтық деп қос палуанның кілем үстіндегі ара қашықтығын айтамыз.

12-сабақ (1 сағат) Күрестің аяқтан қағу әдістері. Бұл әдіс негізінен қарсыласыңды кілемге сүріндіріп, тепе-теңдік қалпынан шығарып, қағып жығу үшін қажет. Белдескен кезінде қарсыласыңды тізесінен, аяқтың ішінен немесе сыртынан қағуға болады.

13-сабақ (1 сағат) Қолтықтың астынан және жеңнен ұстап, аяқтан іліп тастау.Бұл әдісті қарсыласының алға қарай еңкейген сәтінде қолдануға болады. Сол қолымен қолтықтың астынан, ал оң қолымен жеңінен ұстап, сәл бүгіліп, оң жаққа бұрыла бере, сол аяқпен бәсекелестің санынан іле, жоғары қарай шалт көтеру керек. Сол сәтте тепе-теңдік қалпын сақтай алмаған қарсыласың кілемге құлайды.

14-сабақ (2 сағат) Салмақ қуу деген не? Палуандар өз салмақ дәрежесі бойынша ғана жарысқа түсе алады. Дегенмен кейде команданың қамы үшін немесе палуанның өз күрес нәтижесіне байланысты салмақ қууына тура келеді. Мысалы, палуанның ә дегенде өз бойынан 1,5 – 3,5 кг дейін салмақты лақтырып тастап, біршама жеңілденуі керек. Бұған жарыстың басталуына 3-4 күн қалғанда да үлгіруге болады.

15-сабақ (2 сағат) Жарысқа дайындық және жарыс сәті. Жарыс... Төреші ысқырығынан кейін-ақ сенің осыған дейінгі жиған-терген тәжірибең, бар күшің, әдіс-айлаң, шеберлігің сынға түседі. Жарыс сенің өзіңе және жаттықтырушыңа да ең әділ сын.

16-сабақ (1 сағат) Спортшы және дене күтімі. Ауыр жекпе-жектерден кейін моншаға түсу қандай ғажап болса, массаж жасау палуан үшін соншалықты тиімді. Ол бойкүйез денеңді ширатып, сірескен бұлшық еттеріңді қалпына түсіреді. Бойы жадырап, денесі ширығады. Жарыс алдында болсын, жарыс кезінде болсын массаж жасап тұру пайдалы.

17-сабақ (1 сағат) Тазалық аса маңызды шарт. Спортшыға қойылар аса маңызды шарттардың бірі – тазалық. Әсіресе палуанның әрбір жекпе-жегінен кейін ерекше бір қажу, шаршау пайда болады. Адам денесі таза болып жүргенде көңілі де көтеріңкі, сергек болады.

18-сабақ (2 сағат) Жазғы жаттығу алаңдарын жабдықтап, дайындау. Жаттығудың немесе кез-келген жарыстың далада өтуі өте пайдалы. Мұндай жағдайда арнайы кілемнің қажеті жоқ. Оны қалаған жерден қазып, қолдан жасауға болады. Тереңдігін 60 см, көлемін 8*8 немесе 10*10 м етіп кәдімгі шұңқыр қазылады. Шұңқырдың ішкі қабырғаларын матамен қаптап, қалыңдығы 20-25 см етіп көк шыбық салынады, оның үстіне ағаш ұнтағын салуға болады. Мұның үстіне березентпен қапталған көрпелер немесе киіз төсеуге болады.

19-сабақ (1 сағат) Үйіріп тастау әдістері. Бұл әдіс қазақша күресте өте ертеден қолданылып келеді. Шабуыл жасаушы палуан қарсыласының белбеуінен мықтап, ұстап, қолдың және белдің күшімен оны кілемнен жоғары көтеріп алып, өзіне қарай тарта, үйіріп әкетуі керек.

20-сабақ (1 сағат) Белдіктен және жеңнен ұстап, шалқалай іліп кеудеден асыра лақтыру әдістері. Мұнда палуанның екеуі де өздеріне қолайлы тұстан мықтап ұстап, аңдысып жүреді. Осы сәтте шабуыл жасаушы палуан сол аяғын ішке енгізе алға ұмтылады да, оң аяғын да оның тұсына апарады. Өзі өте тез қимыл жасап, тізе буынын жазу арқылы бәсекелесін кілемнен көтеріп әкетеді. Екпінін бәсеңдетпей шалқая беріп, бәсекелесін иіле лақтырады.

21-сабақ (2 сағат) Аяқты іштен іліп, кеудеден асыра шалқайып лақтыру әдістері. Бұл әдіс көбіне орташа қашықтықта қолданылады. Шабуыл жасаушы палуан сол қолымен бәсекелесінің иығынан асыра белдіктен ұстайды да, оң қолымен бәсекелесінің жеңінен демей, өзіне тарта түседі. Сол аяғын қарсыласының екі аяғының ішіне енгізе тілерсектен іледі. Бұдан кейін оң аяғын жарты қадамдай басып, ішке ене оңтайлы тұрады да, ілген аяғын жоғары көтере шалқаяды. Екпінін бәсеңдетпей сол қапталға қарай тез бұрылып, қарсыласын өзімен ала кілемге құлайды.

22-сабақ (1 сағат) Кеудеден асыра лақтыру әдістері. Бұл әдіс әсіресе қазір, классикалық күрестен халықаралық аренаға шығып жүрген французша күресте өте кең қолданылады. Бұл әдіс өте күрделі, сондықтан күрес табалдырығынан енді аттаған жас талапкерге үйретуге болмайды. Мұндағы ең басты қиындық – қарсы палуанның әдіс қолдануына мүмкіндік бермей, тез ішке кіріп, тізе буынын жазу арқылы оны кілемнен көтеріп әкету.

23-сабақ (1 сағат) Шалып жығу әдістері. Бұл – ертеден қолданылып келе жатқан күрес әдістерінің бірі. Қазақша күресте аяқпен іштен немесе сырттан шалып жығу әдістері бар. Қарсыласының аяғы шалынған кезде бар денесімен оны сүріндіріп құлатады.

24-сабақ (1 сағат) Қорғаныс әдістері.

1) Қарсыласыңды аяғыңды қағар кезде сәл жоғары көтеру керек.

2) Аяқты бүгіп, сәл еңкейіп, шабуыл жасаушы палуанның қағуына кедергі жасау керек.

25-сабақ (1 сағат) Іліп тастау әдістері. Бұл әдіс аяқтан шалу әдістеріне ұқсастау. Мұның бір ерекшелігі әдіс қолданушы палуан қарсыласын аяғынан іліп жығады. Бұл әдіс еңкейген немесе алға ұмтылған кезде қолданылады.

26-сабақ (1 сағат) Өзін-өзі қауіпсіздендіру әдістері. Бұл – өзің құлап бара жатқанда үйренетін, қолданылатын сан түрлі әдістер. Мұндай кезде өзіңді-өзің кездейсоқ соққылардан және естен танып қалудан сақтануың, құтқаруың қажет. Әр жаттығуды мұқият, еңбектеніп, зейін-ықыласпен орындап, үйрену керек.

27-сабақ (1 сағат) Психологиялық дайындық әдістері. Жекпе-жек басталғанша палуан әлденеге толғанып, қиналып, жаны күйзеліске түсетін болса, ол онда сайысты көңіліндегідей өткізе алмайды. Жекпе-жекке шығар алдында палуанның ішкі толғанысын қалпына келтіру үшін массаж, сондай-ақ палуан тыныс алу гимнастикасын жасағаны жөн. Психологиялық қасиеттердің жақсы қалыптасуына дәрігердің бақылау, тікелей көмегі қажет. Ең бастысы, жарыс алдында спортшыға жігерлілік пен көтеріңкі көңіл-күй аса қажет. Сонда ғана жеңіс тұғырына көтерілуге сенім күшейеді.

28-сабақ (1 сағат) Жыл бойы өтілген жұмыс шарасына қорытынды жасау.



Қорытынды

Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері деңгейінде өткізіле бастады. ХХ ғасырдың бас кезіне дейін балуандар салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеіне қарай күрескен. Ол уақытта «итжығыс», «бас аттау» сияқты тәртіптер болған. Бүгінгі таңда қазақ күресінен үш Әлем, екі Еуропа, алты Азия біріншіліктері болып өтті.

Менің де мақсатым осы таңдау курс бағдарламасы арқылы өткізіліп жатқан күрес секциясында дайынаған шәкірттерімді республикалық, халықаралық деңгейге жеткізу.

2011-2012 оқу жылынан бастау алған еңбектің нәтижесі бүгін де ауыз толтырып айтарлықтай біршама жетістіктерге жетті. Секцияға қатысатын оқушылар саны жыл санап артуда. Оқушыларға күрестің қыр сырын ғана үйретіп қоймай, мектепте әртүрлі күрес майталмандарымен кездесу кештері де жүргізіліп тұрады. Ал өзім бапкер ретінде білімімді, айла-тәсілдерімді үнемі шыңдап отырамын. Арасында өзімді де сынап, түрлі деңгейде өтіп жатқан аламан додаларға қатысып тұрамын.

Ежелгі сақтар дәуірінде күрес өнерінің, тәрбиелік мәні болғанын, адамды шыңдау міндетін атқарғанын айтуға болар еді. Бір қызығы, боз кілемде жігіттер ғана емес, қыздар да күш сынасқан екен. Көне грек жазушысы Клавдий Элиан «Сақ жігіті өзі ұнатқан қызға үйленгісі келсе, сол қызбен күресуге міндетті болған. Егер бұл белдесуде қыз жеңіске жетсе, онда жігіт соның қол астында қалып, бағынышты болады. Мықты күшті жігіттердің ғана мерейі өсіп, билік жүргізген», деп жазады. Осы жазбадағыдай бүгінгі таңда күреске қызығушылығы басым қыз балалар саны артуда. Өз шәкірттерімнің ішінде де боз кілемді бағындыры жүрген қыздар аз емес. Атап айтсам, Чугаева Александра «Халық Қаһарманы» Қайрат Рысқұлбекоке арналған Шығыс Қазақстанның облыстық турниринде І орын, Семей өңірінің спортшылары мен жаттықтырушыларын еске алуға арналған республикалық турнирде ІІ орын, КСРО спорт шебері В.Б.Полканинді еске алуға арналған тірнирде ІІІ орын, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналғаноблыстық турнирде ІІ орын, КСРО спорт шебері М.Усеновты еске алуға арналған ашық облыстық турнирде І орындарды иеленді.

Сондай-ақ Гептинг Эьвира, Романенко Кристина, Иванова Валентина, Иванов Максим сынды шәкірттерде үлкен додаларда топ жарып жүр.



Ұлттық спорттың абыройын асқақтатқан дүбірлі додаларға жас ұрпақты дайындап баптау біздің үлесімізде. Ол үшін мектептегі дене тәрбиесі сабағын ұтымды пайдаланып, әр оқушыны қызықтыра білу керек. Оқу бағдарламасынан тыс әр түрлі таңдау курстырын ашу өте тиімді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.Орта мектеп оқушылары арасында жарысты ұйымдастыру және өткiзу

методикасы М.1983ж. Балалар және жасөспiрiмдер физиологиясы

(әдістемелік нұсқау).

2.М.А. Годик. Фис. 1988ж. Спортивная метрология.

3.М Т Танекеев Алма-Ата КазИФК 1983г «От байги до Олимпиады».

4.Г Д Иванов, А Караков Алматы КазИФК 1996г «Дене тәрбиесi».

5. Дене шынықтыру мұғалімінің кітабы. Л.Б. Кофман ред., «Физкультура и

спорт», 1998.

6. Л.А. Лещинский. Берегите здоровье. М., «Физкультура и спорт», 1995.

7. Г.И.Куценко, Ю.В.Новиков. Книга о здоровом образе жизни. Спб., 1997.

8. В.И. Воробьев. Слагаемые здоровья.

9. И.П.Березин, Ю.В. Дергачев. Школа здоровья.

10. Советская система физического воспитания. Под ред. Г. И. Кукушкина.



М., «Физкультура и спорт», 1975.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет