БАҒдарламасы өскемен қ., 2014 жыл 1 Паспорт


Халықты әлеуметтік қорғау



бет6/9
Дата01.02.2018
өлшемі5,3 Mb.
#37335
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.2.2.3 Халықты әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жағдайды талдау облыстағы соңғы 3 жыл бойында әлеуметтік қамту саласын дамытудың оң серпінін көрсетті: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың тұрақты өсіп отыруы, аз қамтылғандар санының 29,0 % төмендеуі, жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының жыл сайын өсуі, жұмыссыздық деңгейінің 0,1 пайыздық пунктке төмендуі.

2013 жылы экономикалық белсенді тұрғындар саны 745,9 мың теңге құрады. 2011 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған тұрғындар санының 11,8 мың адамға өсуі және жалпы жұмыссыздар санының 9,7 мың адамға қысқаруы есебінен 1,9 мың адамға өсті. Жұмыссыздар деңгейі 0,1 пайыздық пунктке азайып, 5,1 % құрады. Өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны 11,3 мың адамға қысқарды.

Еңбек нарығындағы жағдай бойынша жұмыс күшіне ұсыныс соңғы жылдары жұмыс берушілердің белгілі кәсіптер мен мамандар жұмысшыларына қажеттілікті 2 есеге асқан. Селодағы жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс дисбалансының негізгі себебі болып жұмыссыздар кәсібінің бар жұмыс орындардың құрылымына сәйкес келмеуі, сондай-ақ бос орындардың орналасқан жері жұмыссыздың тұратын жеріне сәйкес болмауы табылады, яғни тұрғын үй нарығы жұмыс күшінің өңірлік жеделділігін әлсіз қолдайды.

2013 жылы тартылатын шетелдік еңбек күшінің құрамындағы білікті мамандар үлесі 65,8 % құрады. Тартылатын шетелдік еңбек күшінің саны және оның ішіндегі білікті мамандардың үлесі жұмысберушілердің өтінімдеріне байланысты.

Нысаналы топқа жатқызылған жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған азаматттарды, оның ішінде репатрианттарды жұмыспен қамтуға жәрдем беру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары болып мыналар табылады: еңбек нарығындағы жағдай және ұсынылатын қызметтер кешені туралы ақпараттық қамту; жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; жұмыссыздарды кәсіптік оқыту; қайта оқыту және біліктілігін арттыру; уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

Одан басқа, халықты жұмыспен қамту мәселелері Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру арқылы шешілетін болады. Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте оқытуға, тұрғылықты жерi бойынша жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.

2013 жылы жұмысқа орналасқан этникалық репатрианттар үлесі 73,4 % құрады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметшілерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұжымдық келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылы ұжымдық келісім-шарттармен қамту 99,8% құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 22% артады. Бұл ұжымдық келісім-шарттарды жаңа мерзімдерге қайта жасасу, және де келісім-шартқа отырмаған кәсіпорындармен жұмыстар жүргізу арқылы қол жеткізілді.

2013 жылы барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындауға республикалық бюджеттен трансферттерді ескере 6,1 млрд. теңге бөлінді.

Экономиканың барлық салаларының және әлеуметтік саланың дамуымен байланысты шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде шығысқазақстандықтардың өмір сүру деңгейі едәуір жоғарылады. 2011 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 29,0 % қысқарды және 2013 жыл соңында 25,2 мың адамды құрады (34 сурет).
2011-2013 жылдары аз қамтылған азаматтар санының

өзгеру серпіні



30 сурет


Ең төменгі күн көріс мөлшері 2011 жылдан 2013 жылғы мерзімде 15710 теңгеден 17845 теңгеге дейін ұлғайды. Өсім қарқыны 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 104,2% құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2011 жылмен салыстырғанда 55,5 % азайып, 2013 жылы 9095 адамды құрады.

2013 жылы жәрдемақының осы түрін 12160 отбасы алды, онда 31632 бала бар, бұл 2011 жылдан 28,0 % төмен (аз қамтылған отбасыларынан балаларға мемлекеттік жәрдемақылардың төлемі мен тағайындалуы 2006 жылы басталды).

Тұрғын үй көмегін 2013 жылы 10666 отбасы алды, бұл 2011 жылға қарағанда 25,5 % кем. Көмек мөлшері 2013 жылы орташа алғанда 1507 теңге (2011 жылы - 1169 құрады).

Атаулы әлеуметтік көмек алушылары ішіндегі еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 5,8 % азайып, 30,6 % құрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің орта мөлшері 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 1928 теңгеден 2602 теңгеге ұлғайды.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестірілген адамдарға

9 мамырдағы мерекелі күнге материалдық көмек беріліп отырады.

Облыста 15 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, оның 8 медициналық- әлеуметтік мекеме жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған, 4 психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекеме, 2 тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған медициналық- әлеуметтік мекеме (2013 жылдан бері 80 төсек орынға арналған Бозанбай ПМӘМ жұмыс істеп келеді, Зимовьев ПМӘМ-де 150 төсек орынға жатын корпус пайдалануға енгізілді), 1 балаларға арналған психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекеме жұмыс істейді.

Онда 2518 қарттар мен мүгедектер, 1350 мүгедектер мен психоневрологиялық аурулар, 193 тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар, 105 психоневрологиялық балалар тұрады.

Осы ұйымдарда бүгінгі күнге кезектілік 155 адам құрайды.

2013 жылы 43 жалғызілікті қарт азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері, онда 7353 адамға қызмет көрсетілді, бұл 2011 жылға қарағанда 18,08 % көп (6023). Мүмкіндігі шектеулі 2336 балаға 20 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі қызмет көрсетті, бұл 2011 жылға қарағанда 34% көп (1743).

2013 жылы үкіметтік емес ұйымдар 191,1 млн.теңге сомаға психоневрологиялық патологиясы бар 1106 балаға қызмет көрсетті.

Егер, Өскемен және Семей қалаларының екі қоғамдық бірлестіктерінің базасында күндізгі болу бөліміндегі жағдайда қызметті мүгедек балалар алғашқы рет 2011 жылы алса, 2013 жылы (Өскемен, Семей, Риддер, Зайсан қалалары, Ұлан ауданы) бес қоғамдық бірлестіктерінің базасында күндізгі болу бөліміндегі жағдайда қызметті алды.



2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны 3,3 мың адам құрады, бұл 2011 жыл басынан 1,4 есеге аз. Экономикалық белсенді тұрғындар санының үлесі 2011 жылмен салыстырғанда 0,2 пайыздық пунктке азайып, 2013 жылы 0,4 % құрады (35 сүрет).
2011-2013 жылдары тіркелген жұмыссыздар санының өзгеру серпіні

31 сурет


Сонымен қатар, еңбек нарығының салмақты серпінділігіне қарамастан, 2013 жылдың қорытынды көрсеткіші «Жалпы жұмысбасты тұрғындар санына өзін-өзі қамтыған тұрғындардың үлесі» жоспардан 0,3%-ға артып, 31,9%-ды құрады. Бұл өзін-өзі қамтығандар құрамына кіретін шағын несие алушылардың санының өсуіне байланысты. Аталған тұлғалар несие алғаннан кейін жеке кәсіпкер ретінде қайта тіркеледі, сол арқылы өзін-өзі қамтығандар қатарын толықтырады.

2014 жылы шағын несие алушылар саны 1782 адамды құрады. Өзін-өзі қамтыған халық санының азайуы өнімсіз жұмыспен қамтылған халықты жұмысқа орналастыру арқылы ғана іске асты.

Қазіргі уақытта, осы бағытта жұмыс облыс бойынша 2014 жылға, яғни 3739 құрылатын жұмыс орындарына және бар вакансияларға осы санаттағы адамдарды жұмысқа орналастыру жүргізіледі. Бұл өз кезегінде жылдың соңына дейін осы көрсеткішті орындауға көмектеседі.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергендер санының 55,5 % төмендеуі және төлемдердің орта мөлшерінің 25,9 % өсуі жеке атаулы көмекті нығайту туралы куәландырады;

2) табысы кедейлік белгісінен төмен тұрғындар үлесін 1,7 %-дан 1,0%-ға дейін төмендету.

3) жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 2011 жылдан 2013 жылға дейін 1,9 мың адамға азайды, 39,6 мың адамнан 37,7 мың адамға дейін;

4) жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық тармаққа төмендеп, 5,1 % құрады.

5) әлеуметтік серіктестік дамуы, әкімдік, облыстық кәсіподақ бірлестігі және облыстық жұмысберушілері бірлестігі арасындағы Шығыс Қазақстан облысының 2011-2013 жылдарға арналған үшжақты Келісімі қолданылуда, ірі – 100 %, орта - 99,8%, шағын – 76,0% - мемлекеттік кәсіпорындарды тарта отырып ұжымдық келісім-шарттарға кол қойған кәсіпорындар саны ұлғая түсуде;

6) аз қамтылған жұмыссыздарды кедейлік шеңберден шығару бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда;

7) жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру басталды;

8) моноқалалар мен тірек ауылдарды дамытудың кешенді жоспарларын іске асыру басталды.

Әлсіз жақтары:

1) облыстың 13 қалалары мен аудандарында табысы кедейлік белгісінен төмен тұрғындар үлесі орта облыстық деңгейден 648,0 теңгеге аз;

2) Облыстың 8 қалалары мен аудандарында тұрғын үй көмегінің орта мөлшері орта облыстық мөлшерден орта алғанда 267,3 теңгеге артта қалуда.

3) еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы, онда дәрігерлер, жүргізушілер, электргаз дәнекерлеушілер, сатушылар, күзетшілер жоғары сұранысқа ие;

4) экономиканың кадрларға қажеттілік белгілеу механизмінің жоқ болуы кәсіпорындарда кадрларға қажеттілік туралы ақпаратты қалалар мен аудандардың әкімдіктері арқылы жинақтау және жалпылау сияқты болжауға әкеп соғады.

Мүмкіндіктері:


    1. тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналстыру, кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа жіберу, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану, сондай-ақ тұрғындардың аталған санатын кедейлік шеңберден шығару бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;

    2. тұрғындардың іс жүзіндегі кірісінің өсуі;

3) үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер секторындағы жұмысты бесендіре түсіру.

4) жұмыс берушілер қоятын талаптарға сәйкесжұмыссыз тұрғындардың кәсіби даярлығы мен қайта даярлығы бағдарламаларын жетілдіру,

5) өңірде дайындығы жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту;

6) тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік белсенді бағдарламалары спектрын кеңейту;

7) жұмыссыз азаматтардың ауылды жерлердің тұрғындары үшін басмыдылықпен кәсіпшілік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.

Қауіптер:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің жеткіліксіз әдісі, есепке табыстары алынып, шығыстары алынбайды.

2) кәсіпорындарда және мемлекеттік секторда бос жұмыс орындар санын қысқарту салдарынан жүмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктерді шектеу.



2.2.2.4 Мәдениет

Аймақтың мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдары тұрақты түрде дамып келеді. 2010-1013 жылдары мәдениет саласының қызметі үшін бөлінген қаржы көлемі 23,6 млрд. теңгені құрады. 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылы бюджеттік қаржының 1,4 млрд. теңгеге өскендігі байқалады..

Мәдениет мекемелерінің жүйесі 2013 жылы 660 бірлікті құрады, оның ішінде 299 клуб, 323 кітапхана, 5 филиалдарымен қоса 10 мұражай, 2 театр, 4 концерттік ұйымдар, 1 тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мекеме, 1 «Өрлеу» КМҚК, 1 зоопарк, 6 кинотеатр, 9 Достық үйлері, 3 мәдениет және демалыс парктері, 1 республикалық дәрежедегі «Жидебай-Бөрілі» қорық -мұражайы.

2013 жылы театрлар күшімен 711 спектакль қойылды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 332 (46,7 %), оның 21-і жаңа қойылымдар. Театр өнері саласындағы жаңа қойылымдардың үлесі 3 %-ды құрады.

1000-нан аса мәдени бұқаралық шаралар (концерттер, фестивальдар, байқаулар, форумдар, акциялар, айтыстар, шығармашылық есептер, облыс әкімінің қабылдаулары және т.б.) өткізілді, олардың ішінде Шығыс Қазақстан шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары 2009 жылға қарағанда 2,4 есе артып, 563 концертті құрады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық шығармашылық байқауларға қатысқан жас қатысушылар саны 45 ұжым және орындаушыларды құрады.

2013 жылы «Халықтық» атағы бар әуесқой шығармашылық ұжымдар саны 117-ге, «Үлгілі» ұжымдар саны 33-ке (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылы өткізген аттестациялауға байланысты) жетті.

Мұражайлар күшімен 26 мыңнан аса шаралар, оның ішінде 1652 семинарлар, дәрістер, вернисаждар өткізілді, 38 жаңа мұражайлық экспозициялар жасалды, мұражайлық қор 415 мың жәдігерге жетті, цифрлық форматқа ауыстырылған жәдігерлер саны - 3,8% (15,9/415) жетті, қорларды жаңа жәдігерлермен жаңалау үлесі - 1,8% (7,5/415) жетті. Есепті мерзімде мұражайларға 648,5 мың адам келіп, тамашалады.

Облыс кітапханаларының кітап қоры 5220 мың дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1266 мың дана, кітап қорының жаңалану үлесі- 52,8%-ды құрады. Облыс бойынша кітапхана оқырмандарының жалпы саны -490 мың адам (сайттарға виртуальды келушілерді қоса), келушілер саны - 3850 мыңнан аса адам.

2013 жылы облыс тұрғындарының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі 68 %-ды құрады.

2013 жылы Ұлан ауданының Тарғын және Сағыр ауылдарында 200- орындық ауылдық клубтар құрылысының жұмыстары аяқталды. 2014 жылы қазақ драма театрының, Үлкен-Нарын ауылы шығармашылық үйінің, Күршім ауылында мәдениет үйінің құрылыстары жүргізілуде, Абай ауданы Саржал ауылдық клубы қайта жарақтандырылуда.

Облыс аумағында 627 тарихи және мәдени ескерткіштер, оның ішінде 15 республикалық, 612 жергілікті дәрежедегі ескерткіштер тіркелген. 3 жылдың ішінде 31 ескерткіштер мен монументтер қойылды, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 5,2 % (627 бір./596 бір.) көп .

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:

1) 2013 жылы, орындар өзгеріссіз қалғанда, мәдениет нысандарына келу деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 4,4 есе артты;

2) 2013 жылы мәдени сала қызметінің сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 0,9 есе артты;

3) облыс аудандары мен қалаларының мәдениет үйлері және ауылдық клубтарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы көлемі, жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасын қоса, артты;

Нашар жақтары:

1) мәдениет саласында ғимараттар мен қоңдырғыларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізудің әлі де қажеттігі сақталуда (облыс бойынша мәдениет саласының 15-ке жуық нысаны апаттық жағдайда).

2) облыс мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға қаржыландару деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктер:

1) әлеуметтік жағынан төмен топтар өкілдері үшін тегін қызмет көрсету мәдени қызметті неғұрлым қолжетімді етеді, сондай-ақ мүгедектерге мәдени-ойын-сауық шараларына қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз етеді (пандустар, жүру жолы, санитарлық-гигиеналық бөлмелердің тиісінше жабдықталуы және т.б).

Қауіптер:

1) жергілікті деңгейдегі тарихи және мәдени ескерткіштердің жергілікті жерлерде баланс ұстаушыларының болмауы ескерткіштерді есепке алу, күзету және қадағалау шараларының жүргізілмеуіне әкеліп соғады;

2) мәдени-демалыс қызметтерінің сапалық деңгейінің және жанрлық, стильдік әртүрлілігінің төмендеуі;

3) мәдениет және өнер қызметкерлері үшін біліктілік арттыру институттарының (орталықтарының) болмауы;

4) мәдениет саласы инфраструктурасын дамыту деңгейінің жеткіліксіздігі, маман кадрлар мен ұйымдардың тапшылығы.

Жүргізілген SWOT– талдаудың нәтижесінде аймақтың мәдениет саласын дамытуын тежеп отырған негізгі проблемалар анықталды:

1) мекемелер жүйесі облыстың сұранысын қанағаттандырмайды. Облыстың 192 елді мекенінде (немесе 23,7 %) клубтар мен кітапханалар ғимараттары жоқ. Жылжымалы мәдени мекемелердің өте тапшылығы ( небәрі 7 бейне мобильдер, 1 автоклуб) аймақтың шалғайдағы шағын аудандары мен ауылдарын мәдени қызметпен қамтуға мүмкіндік бермейді.

2) материалдық-техникалық жабдықтау нашар (музыкалық аспаптар, заманауи қоңдырғылар, сахналық костюмдер жетіспейді). Цифрлау қоңдырғыларының жоқтығынан облыс мұражайларының қорларына аймақ тұрғындарының көпшілігінің қолдары жете бермейді;

3) аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапхана қорларын бір орталықтан толықтыру үшін қаржы аз бөлінеді. Әр мың тұрғынға 2 ғана жаңа кітаптан келеді, халықаралық стандарттар бойынша 250 жаңа кітаптан айналуы тиіс. Компьютерлендіру болмағандықтан ауылдық кітапханалар (облыстағы 10 аудандық орталық кітапханалардан басқа) Интернетке кіре алмайды, облыстық, ұлттық кітапханалардың ресрустарына кірулері де шектеулі;

4) қаржының тапшылығы ескерткіштердің сақталуы мен өңделуің қамтамасыз етуді, мұражайлар мен кітапханалар қорларын цифрлауды, біліктілігі жоғары маман реставаторларды, компьютерлік бағдарлама жөніндегі мамандарды, «Тарихи-мәдени мұралар нысандарын қорғау және пайдалану туралы» Заңды сақтау жөніндегі заңгерлерді жұмысқа шақыруды қиындатады.

5) мәдениет қызметкерлері, әсіресе кітапхана және мұражай қызметі кадрларының егделеңуі байқалады. Облыста мәдениет қызметкелері кадрларын даярлау және қайта даярлау орталығы жоқ, мәдениет мекемелерінде салалық мамандар (реставраторлар, каталогизаторлар, бағдарламашылар, продюсерлер, аранжировшылар) жоқ (немесе өте тапшы), маркетинг және арт-менеджментті игерген шығармашылық көшбасшылар мен жаңа типті басқару кадрларының жетіспеушілігі байқалады.

2.2.2.5 Тілдерді дамыту

Тіл саясаты саласында өңірді дамыту ұлттық сәйкестікті қалыптастыруға, мемлекеттік тіл саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа да санаттарына мемлекеттік тілді оқыту мақсатында облыстың Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары мен Зырян, Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай, Шемонаиха аудандарында тіл оқыту орталықтары жұмыс істейді. Оған 2466 тыңдаушы оқуға тартылған. Ұйымдастырылған 641 үйірмеде 14516 тыңдаушы оқыды. Азаматтардың басқа да санаттарына арналған 60 сағаттық «Тілашар» курсын 2538 тыңдаушы тәмамдады. Бұдан басқа мектептер мен мекемелер жанынан ұйымдастырылған үйірмелерде 30 мыңнан астам қазақ тілін оқуға тартылған. 2013 жылы тіл оқыту орталықтары Семей қаласы мен Ұлан, Көкпекті аудандарында ашылды.

Сондай-ақ, облыста 6000 астам тыңдаушыны қамтыған 22 мемлекеттік емес орталық мемлекеттік тілді оқытады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясы шешіміне сәйкес облыстың елді мекендеріндегі жалпы білім беретін 329 мектептің базасында 651 үйірме ұйымдастырылып, оған 7980 ересек тыңдаушы тартылған.

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың 57,9% қазақша оқиды. Ал 39 мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілердің 48,2% қазақ тілінде тәрбиеленеді.

Жалпы облыс бойынша, ЖОО, мектептердегі қазақ тілін оқыту үйірмелерін қоса есептегенде мемлекеттік тілді оқу үрдісіне 320 мыңнан астам тыңдаушы тартылған. 2010 жылмен салыстырғанда 80 мың тыңдаушыға артық.

Оқыту сапасын арттыру үшін ересектерге арналған оқу – құралдары, I-деңгейге арналған электронды оқулық, сала бойынша сөздіктер (қаржы, мәдениет, спорт, кеден, кәсіпкерлік және өндіріс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және т.б.), үйірме жетекшілеріне арналған мәтіндер жинағы, курс тыңдаушыларына арналған жұмыс дәптері әзірленіп бекітілді.

Тіл саясаты бойынша ақпараттық орталық ретінде облыстағы мемлекеттік органдардың сайты жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу мақсатында құрылған KAZCENTER.KZ сайты жұмыс істейді және үнемі жаңартылып тұрады. 700 мыңнан астам адам KAZCENTER.KZ сайтының қызметін пайдаланып отыр. (2013 жылы ол 115 мың адам болатын).

Мемлекеттік тіл саясатының мәселелеріне қатысты БАҚ-та жарияланған материалдардың саны: 2011 жылы - 560, 2012 жылы – 473, 2013 жылы – 588, салыстырмалы түрде алсақ өсім 5,0 % құрап отыр.

2013 жылы қазақ тіліндегі БАҚ саны - 22 (18,5%), қазақ және орыс тілдерінде – 51 (42,8 %), орыс тілінде - 46 (38,6 %) құрады.

19 қала және ауданда, 19 облыстық басқармада іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілген. Мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 95,7 % құрады. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда на 6,1% артық.

Барлық оқыту орталықтарының мәліметі бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазақ тілін меңгерудің орташа деңгейі 74,1 %. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармаларда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 70 %, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын департаменттерде - 60,2% құрады. .

Дегенмен, жеткен жетістіктерге қарамастан, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданылмай отырғанын айта кету керек. Қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің арасында өзінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген мамандар аз. Қазақ тілінде білім беріп, тәрбиелейтін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге сұраныс бар. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары мен үйірмелер желісін кеңейту қажеттігі бар.

Облыста қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тілдік құрылысты ары қарай кеңейтудің алғышарттары жасалған. Бұл мемлекеттік органдар, ұйымдар және тұтас қоғамның үйлестірілген мақсатты жұмысының нәтижесі болып табылады. Тілдік құрылыстың оңтайлы үдерісі облыс өмірінің барынша әлеуметтік маңызды аспектілердің бірі болып табылады, өйткені ол қоғамдағы азаматтық келісімді орнықтыруға және одан әрі топтастыруға ықпал етеді. Осылайша этнолингвистикалық және мәдени қажеттіліктерді толыққанды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта тілдік құрылыс логикасына бірқатар проблемалық аспектілер себепші болып отыр.

1) қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі

Қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің арасында өзінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген мамандар аз. Бұл проблемалық аспект оқыту инфрақұрылым қызметіндегі бірыңғай стандарттың жоқтығы, мемлекеттік тілді меңгеру үдерісінің мониторингі мен ынталандыру жүйесінің жоқтығы, қазақ тілі мамандар мен оқытушыларын дайындау деңгейінің төмендігімен тікелей байланысты.

2) әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікте мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі.

Бұл бағыттағы проблемалық мәселе ғылым мен жаңа технологиялар тілі ретінде мемлекеттік тілдің коммуникациялар, демалу және ойын-сауық саласында белсенді қолдану аясын кеңейтумен байланысты. Мұнымен қатар мемлекеттік тілді қолданудың абырой-беделін көтеру, оны отбасы құндылығы ретінде көпшілікке таныту да проблемалық мәселелердің бірі болып табылады.

3) тіл мәдениетінің төмендеуі. Бұл аспектіде сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ толеранттық тілдік орта қалыптастыру қажет.

4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттігі. Бұл аспектіде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтау, этнос тілдерін дамыту және халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде ағылшын және басқа да шет ел тілдерін оқу үшін жағдай жасаумен байланысты бірқатар проблемалар бар.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілмен қатар ресми түрде орыс тілі қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметін дамыту мен сақтау бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ағылшын тілін оқуға жағдай жасалған. 22 жекеменшік орталықта 2141 тыңдаушы ағылшын тілін оқыды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 641 тыңдаушыға артық.

2013 жылы 124 оралман қазақ әліпбиі мен орыс тілін оқыды. 334 оралман аудандардағы тұрғылықты жері бойынша оқуға тартылған.

Этнос өкілдеріне өз ана тілдерін оқуға жағдай жасау мақсатында 80 этномәдени бірлестік жанынан жексенбілік мектептер мен үйірмелер ұйымдастырылған. 2011-2012 жылдары 75 үйірмеде 1183 тыңдаушы, 2013 жылы 39 үйірмеде 449 өзге ұлт өкілі өз ана тілдерін оқуға тартылды.

Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер: Достық үйі жанындағы 9 жексенбілік мектеп пен 1 ШҚ халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде облыста тұратын өзге ұлттың 15 тілі оқытылады.

Қаржыландыру көлемі: 2011 жылы облыстық бюджеттен 70 млн. 18 мың. теңге, 2012 жылы - 77 млн. 240 мың. теңге, в 2013 жылы – 84 млн. 809 мың теңге бөлінді.

Саланы дамыту жағдайына SWOT- анализ:

Күшті жақтары:



  1. мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының тілдерін оқытудың инфрақұрылымы кеңейді;

  2. мемлекеттік тілді оқытуды қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесі құрылды;

  3. мемлекеттік тілді оқыту үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу қамтамасыз етілді;

  4. мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді жүзеге асуда;

  5. көп тілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңеюде;

  6. Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін оқытуды мемлекеттік тілді қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.

Әлсіз жақтары:

  1. Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандартының болмауы;

  2. Тіл туралы заңдылықтардың бұзылғаны үшін әкімшілік ықпал шараның болмауынан білінетін нақты құқықтық механизмнің жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

  1. Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру;

  2. Көп тілділікті сақтау жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

  3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.

Қатерлер:

  1. Мемлекеттік тілді қолдану аясында құқықтық олқылықтардың болу;

  2. Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.


2.2.2.6 Дене шынықтыру және спорт

Областа 77 спорт түрі насихатталады: жазғы олимпиядалық- 24, қысқы олимпиядалық– 8, олимпиядалық емес – 45.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2013 жылы спорт нысандарының саны 3070 бірлікті құрады (сонымен қатар, жалпы орта білім беру мектептеріндегі спортзалдар), олардың 1951 ауылдық жерлерде, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 225 бірлікке артық.

2013 жылы спорт нысандарының саны 2012 жылмен салыстырғанда 182 артты, жекпе-жек сарайы, Көкпекты ауданындағы спорт модулі және т.б. қолданысқа енгізілді.

2014 жылғы 1 жартыжылдықта 8 нысан салынып, қолданысқа берілді, соның ішінде О.Рыпакова атындағы жеңілатлетикалық манеж, орталық жабық бассейн, Абай ауданында спорттық кешен «Шыңғыстау», Жарма ауданында «Б. Тұрлыханов» атындағы спорттық кешен.

2014 жылдың аяғына дейін құрылыс есебінен 20 спорт нысанын ашу жоспарланған.

Облыста жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар саны 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында 37,7% артты және 350204 адамды құрады, немесе 25,2 %, ағымдағы жылы 395 124 адам немесе халықтың 28,4%.

Облыста шаңғы спортын насихаттайтын 252 секция жұмыс істейді, шұғылданушылар саны 18,7 мың адам, 25 шаңғы базасы жұмыс істейді, олардың ішінде 17 –қалаларда, 8 - аудандарда. Жыл сайын облыста шаңғы спортынан 79 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.

12 кесте

2011-2013 жылдардағы Спорттың дамуының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы




№ п/п

Көрсеткіш атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013ж.

1

ШҚО халқының саны, адам

1398083

1395059

1394234

2

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар саны, адам

254549

295362

350204

3

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылардың қамтылуы, %

18,2

21,2

25,2

4

Дене шынықтыру мен спортпен 6-18 жас аралығындағы шұғылданушылардың саны

149064

181862

187971

5

Спорт нысандарының саны, бірлік

2845

2888

3070

Облыс аумағында 7 кәсіби спорттық клубтар келесі спорт түрлерінен қызмет көрсетеді: футбол, волейбол, көкпар, гандбол.

2013 жылы ШҚО құрама командасы Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы Спартакиадасында және оқушылар мен колледж студенттері арасындағы VI Қысқы Спартакиадада 1 жалпы командалық орынғды иеленді.

Сонымен қатар, ағымдағы маусымда облыс спортшылары әлемдік спорттық аренада үлкен нәтижелерге қол жеткізді:

- Алексей Полторанин – Әлем Кубогі кезеңдерінде 4 алтын, 3 күміс және 1 қола, Австриядағы Альпі елдері Кубогінің жеңімпазы және Әлемдік старттар жеңімпазы, 2013 жылы екінші мәрте Әлем Чемпионатының қола жүлдегері атанды;

- Анастасия Слонова – 2013 жылғы шаңғы жарысынан юниорлар арасында Әлем Чемпионатының күміс медаль иегері;

- Галина Вишневская – 2013 жылғы биатлоннан юниорлар арасында Әлем Чемпионатының 2 орын иегері;

- Юлия Галышева –Әлем Кубогі кезеңінде 3 орын;

- Денис Уланов – ауыр атлетикадан Азия Чемпионатында 1 орын;

- Казюлина Ирина – әйелдер күресінде жастар арасында Азия Чемпионатында 1 орын;

- Казань қаласында жазғы Бүкіләлемдік Универсиадада облыс спортшылары 3 қола медальді иеленді: Ерболова Гульнур – белдік күрес, Грязнов Дмитрий және Курбанов Руслан – семсерлесу;

- Даулетбеков Азамат – еркін күрестен Азия Чемпионатында еркін күрестен күміс медаль;

- «Қазақстан Барысы - 2013» республикалық турнирінде Айбек Нұғымаров Чемпион атанды;

- Ел құрамасында біздің спортшы-хоккейшілер жастар арасында Әлдем Чемпионатында 1 орынды иеленді;

- 2013 жылғы Әлем Чемпионатында еркін күрестен Калиев Расул 5 орынды иеленді.

- 2013 жылғы Әлем Чемпионатында дзюдодан спортшымыз Ыкыбаев Дастан бесінші орын иеленді.

Спорт мектептерінде 2013 жылы 24093 адам шұғылданды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2794 адамға артық. Аталған мектептерде БД топтарында – 935 (2010-761, 2011-832), УТГ – 664 (2010-688, 2011-669), СС – 114 (2010-98, 2011-110), ЖСШ – 9 (2010-26, 2011-18).

Облыста 34 балалар-жасөспірімдер мектептері бар, олар облыстағы мектеп жасындағы балалардың тек 1,4% ғана қамтиды. Спорт алаңдары және спорт нысандары жеткіліксіз. Инфрақұрылымның жеткіліксіздігі салдарынан ауылдағы балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылданушылар саны аз. Бүнігні таңда облыстың 775 ауылдарында барлығы 15 жабық спорт кешендері және 535 спортзалдары бар, оларда 93 әдіскер жұмыс істейді. Ашық спорт алаңдарының саны Количество спортивных открытых площадок составляет 1371 бірлік.

Материалдық-техникалық база әлсіздігі, сапалы спорттық инвентарьдің болмауы халықаралық дәрежедегі спортшыларды және спорт резервін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Балалар-жасөспірімдер спорт клубтары желісі жеткіліксіз дамыған, спорт алаңдары және нысандары жеткіліксіз.

Сала дамуы жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:


  1. Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар санының артуы;

  2. Спорт нысандары санының артуы;

Спорт объектілерінің 2013 жылы (3070 бірлік) 2011 жылмен салыстырғанда 225 бірлікке артуы по (2845 б.);

  1. Шаңғы спортын дамутыға қолайлы климаттық жағдай;

Әлсіз жақтары:

Спорт нысандарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.

Мүмкіндіктер:

Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға жағдай жасау (шағын футболға, волейболға, баскетболға, үлкен тенниске, шайбалы хоккейге арналған алаңдар құру).

Қауіптер:


  1. Балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы;

2) спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, материалдық-техникалық базасының төмендігі;

3) облыстағы жоғарғы спорттың дамуына арналған жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің болмауы;

4) ауылдағы спорт нысандарының, спорт инвентарьларының жеткіліксіздігі.



2.2.2.7. Ішкі саясат
Мемлекеттілікті нығайту, демократияны дамыту, азаматтық қоғам институттарын қолдау, қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ішкі саясаттың негізгі басымдықтары болып табылады.

Облыста 8 саяси партия филиалы және республикалық қоғамдық ұйымдардың 3 өкілдігі, 615 үкіметтік емес ұйым, оның ішінде 200 белсенді жұмыс істейді, 99 этномәдени бірлестіктері, 120 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара сындарлы іс-қимылдары арқылы тұрғындарды қоғамдық үрдістерге кеңінен тартуды дамыту қамтамасыз етілуде.

Мемлекетік органдар мен азаматтық қоғам институты арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін келесі өзара іс-әрекет құрылысы қолданылуда:

- консультативті-кеңесші органдар (ҮЕҰ өзара іс-әрекет Кеңесі, Ақпараттық саясат бойынша кеңес);

- сұхбат алаңдары (Қоғамдық Кеңес, Саяси клуб, Бас редакторлар клубы);

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

- мемлекеттік ақпаратттық тапсырысты орналастыру.

Азаматтық Альянс негізінде Ресурстық орталық құрылып және үкіметтік емес ұйымдардарға, оның ішінде 5 ауылдық ҮЕҰ арналған шағын-жобалық қаржыландыру қарастырылған.

Ішкі саясат басқармасының жобалары аясында республикада әлеуметтік-маңызды жобаларды бағалаудың әдістемесі әзірленді, тұрғындарды діни ағымдардың мәселелері жөніндегі ақпараттандыру орталығында діни мәселелер жайлы «тікелей желі» ашылды.

Өкілетті құрылымдармен бірлесіп әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және алдын алу бойынша қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу жүйесі құрастырылған, Әлеуметтік шиеленіс Картасы құрастырылып үнемі жаңартылуда, БАҚ-тағы сыни мақалаларға әрекет ету сызбасы қызмет атқаруда.

Облыс әкімі жанындағы қоғамдық Кеңес пен азаматтық қоғам институтының сындарлы өзара іс-әрекет мақсаты аясында денсаулық сақтау, тұрақты даму, экология, ТҮКШ, жастар мәселелері бойынша 15 қалалар мен аудандарда 4 эксперт-жұмыс тобы жұмыс істеуде. Сонымен қатар Курчатов қаласы, Абай, Бесқарағай аудандарында Қоғамдық кеңестер құрылады.

Бүгінгі күні қалалар мен аудандар әкімдіктері тарапынан Кеңестер әлеуетін қолданудағы ролі жөнінде толық түсінушілік жеткіліксіз.

Қоғамдық-саяси, ұлтаралық жағдайға, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тұрғындардың қарым-қатынасын, мемлекеттік саясатқа бағытталған азаматтық қоғам институтының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс деңгейін анықтау үшін жыл сайын 24 мың адамды қамтитын 26 әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі

Жыл сайын ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың көлемі ұлғайып келеді, 2010 жылы – 17,0 млн.теңге, ал 2011 жылы – 19,7 млн.теңге, 2012 жылы – 32,0 млн. теңге, 2013 жылы – 34,4 млн. теңге.

Қоғамның әлеуметтік міндеттерін шешу барысына үшінші әлеуметтік сектордың қатысу қажеттілігі ұлғаюда. Сонымен қатар бірнеше проблемалар орын алады:

- мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен қалыптастыру саласындағы заңдылықтың аяқталмауы, әлеуметтік-экономикалық және әдістемелік-ұйымдастырушылықты қамсыздандыру;

- облыстың қалалар мен аудандар әкімдіктері, басқармалар әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруда салалық принциптердің жетіспеушілігі;

- әлеуметтік-маңызды жобалардың үшжылдық қаржыландыруын іске асыруда механизмнің жетіспеушілігі;

- әлеуметтік жобаларды іске асыруда біртұтас мониторинг жүйесінің жетспушілігі;

- қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде ауылдық ҮЕҰ төмен ролі мен нашар дамуы.

Облыста азаматтық қоғамды дамыту саласында заңдылықты жетілдіру бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Республикалық азаматтық форумдарда жергілікті мемлекеттік басқаруда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы, ҮЕҰ қолдау туралы ұсыныстар мен заң жобаларына ұсыныстар қарастырылды.

Сондай-ақ, облыста «Жергілікті өзін-өзі басқару орталығы» ҚҚ бірлесіп
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің үйлестіруімен ҚР жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуының заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыстар атқарылды.

Облыстың ақпараттық кеңістігін 120 тіркелген бұқаралық ақпарат құралы құрайды, оның ішінде 100-і басылымдық (18 журнал, 82 газет), 20-сы электрондық ақпарат құралы.

БАҚ мен тиімді іс-әрекет түрі - ол мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру.оның көлемі жыл сайын өсуде: 2010 жылы 236,5 млн. теңге, 2011 жылы – 332,4 млн. теңге, 2012 жылы – 399,5 млн. теңге, 2013 жылы – 434,6 млн. теңге бөлінді.

Тұрғындар арасында отандық сандық хабар таратудың артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары жалғастырылды, БАҚ материалдар жарияланды. Сонымен бірге, ОТАУ ТВ ақпараттық нарығында нашар алға басушылық байқалуда, ол отандық телехабарлардың төменгі бәсекелестігі мен ОТАУ ТВ жабдықтарының қымбат тұруына байланысты болып отыр.

Облыстың 56 шалғай елді мекендерінде, «OTAU TV» экрандық тарату жетіспейді. 8 пайызы ғана құрылған (38966 тарелка орналастырылған).

Бүгінгі таңда келесі шараларды қабылдау қажеттілігі туындауда:

- қоғам мен арнайы топтардың мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы туралы ақпараттану деңгейін «сұхбат алаңдары» мен ақпараттық-насихаттық іс-шараларын дамыту арқылы жоғарылату;

- өңірлік БАҚ ақпараттық қолдау сапасын жоғарлату және ұлғайту;

- БАҚ құқықтық мәдениетін жоғарлатуы мен ақпараттық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау, журналисттік қоғамдастықтың этикалық ережелерді сақтауы (БАҚ мониторингілеу жүргізу);

- мемлекеттік БАҚ ұйымдастырушылық және кадрлық нығайту шараларын қабылдау (кадрлардың біліктілігін жоғарлату, БАҚ бірлесіп мақсатты іс-шараларды дайындап өткізу, оның ішінде журналисттер кәсібилігін арттыру мектептерін ұйымдастыру, атақты журналисттер қатысуымен семинар-тренингтер мен мастер-класстар өткізу);

- мемлекеттік БАҚ жан-жақты жаңғыртылуы (БАҚ сапалы деңгейі, Интернет ресурстарының және масс-медиа web-сайттарының бар болуы);

- бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы үйлесімді дамуына жәрдемдесу (мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға тарту).

Ішкі саясат саладағы жағдайын бағалау үшін SWOT-талдау өткізілді:

Күшті жақтары:



  1. қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттардың қызметтеріне мониоринг жүргізіледі;

  2. азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін сұхбат алаңдарының белсенді жұмыстары қамтамсыз етілді;

  3. ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсендірек тартылуда;

  4. Ұлттық сандық телехабар тарату қызметтерін тарату бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Әлсіз жақтары:

  1. 56 елді мекен қазақстандық телехабарлармен қамтылмаған;

  2. «OTAU TV» таралу пайызының төмендігі;

  3. ауылдық өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс деңгейінің төмендігі;

  4. кейбір қалалар мен аудандарда үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдау мақсаттарына қаражат бөлінбейді;

  5. үкіметтік емес ұйымдарға гендерлік-бағытталған көмектің төмен деңгейі.

Мүмкіндіктер:

  1. қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалдың күрделенуіне жол бермеуге қатысты алдын ала шаралар қабылдау;

  2. халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

  3. сандық теледидарды енгізудің мемлекеттік бағдарламасын жеделдете іске асыру;

  4. ауылдық өңірлерде жұмыс істейтін ҮЕҰ әдістемелік көмектер көрсету;

  5. ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруына қаражат бөлуін арртыруы;

  6. облыс қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, салалық басқармаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыруы.

Қауіптер:

  1. облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың күрделенуі;

  2. деструктивті діни ағымдардың таралуы;

  3. қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған жергілікті ҮЕҰ халықаралық грантарды іске асыру;

  4. сыртқы ақпараттық ықпал.

Дін істері саласындағы саясаттың негізгі басымдылықтары діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, толерантты қоғам қалыптастыру болып табылады.

Облыста діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, діни экстремизм және терроризм көріністеріне қарсы әрекет, тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.

Діни бірлестіктер санының көбеюіне және тұрғындардың діни белсенділігінің артуына байланысты діни бірлестіктер қызметіне үлкен назар аударылады.

Облыста бүгінгі 304 діни бірестіктер мен филиалдар: 194 мешіт, 40 православты, 6 католиктік приход, 62 протестанттық, 2 дәстүрлі емес бірлестіктер бар.

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі облыстық кеңес жұмыс істейді. Бірнеше диалогтық алаң (Діни бірлестіктер басшыларының клубы, Дін тану зерттеулері орталығы және басқа) жұмыс істейді.

Нысаналы топтарға арналған дін мәселелерін түсіндіру бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, ғылыми-практикалық конференциялар тұрақты өткізіледі.

«Единство» қоғамдық бірлестігі және «Даналык» қоғамдық қоры азаматтық қоғамның белсенді институты болып табылады, олар деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге ақпараттық және психологиялық көмек көрсетеді.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті өзара іс әрекеті арқылы тұрғындардың қоғамдық процесстерге тартылуы және диалогты дамытуы қамтамасыз етіледі.

Тұрғындар арасында соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және белсендіру қажет. Облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде ай сайын «Дін» және «Духовность» арнайы айдарлары шығып тұрады, «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында ай сайын «Дін мен діл» - «Близкие духом» хабарлары шығады. Жаңалық сюжеттері, «тікелей эфирлер» және пресс-конференциялар шығарылады.

Діни ағымдардың мағынасын түсіндіру, діни экстремизм мен терорризм идеяларының алдын алу жұмысы жалғастырылуда. Мемлекеттік қызметшілер, ішкі істер органдары, дінтану мамандары, дәстүрлі діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардан құралған арнайы ақпараттық-насихат топтарының сапарлары өткізіледі. Облыстың қалалары мен аудандарында осыған ұқсас топтар жұмыс істейді.

Құқыққорғау қызметі органдарының дін саласындағы жұмысын үйлестіру мақсатында жұмыс тобы құрылған, оның отырыстарында өзекті мәселелер талқыланады.

Жартыжылда бір рет ШҚО Талдау және болжау институты «ШҚО қалалары мен аудандарында дәстүрлі емес діни бірлестіктердің әлеуметтік шиеленіс деңгейіне ықпалын анықтау» әлеуметтік зерттеуін жүргізеді.

Заңсыз діни бірлестіктерге басшылық ету және қатысқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында азаматтармен түсіндіру алдын алу жұмыстары өткізіледі.

Діни ахуал, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа институттары қызметінің жүйелі мониторингі, олармен конструктивті диалог және өзара іс-қимыл жасау өңірде діни тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Жастар саясаты саласында жетекші басымдылық елдің болшақ дамуын қамтамасыз етугемүмкіндігі бар интеллектуалды және рухани тұлға қалыптастыру болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысында 359 мыңға жуық жастар тұрады. Оның (26%) облыстағы барлық тұрғындардың төрттен бірін құрайды. Олардың ішіндегі - 182 367 адамы (51%) ерлер, 176 645 (49%) әйелдер, ауыл жастарының санатына жататындары - 138 931 адам (39%).

Облыста 80 астам жастар ұйымдары тіркелген. Ұйымдардың көбі Семей, Өскемен, Риддер қалаларында, Шемонаиха және Зырян аудандарында тіркелген.

Облыстың ЖОО және ООО-да 77 343 студенттер білім алуда (ЖОО - 34 030, ООО - 43 319).

2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылуда. 2013 жылы ауылдық елді мекендерге 393 маман келіп, жұмысқа орналастырылған, оларға бір рет төленетін көтерме жәрдемақы, 184 маманға тұрғын үй сатып алуға несие төленді.

Ведомствоаралық іс-қимылдың басты тетігі мен алаңы Жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметі болып табылады. Олардың жұмыстарын белсендендіру мақсатымен қалалар мен аудандардың әкімдері аталған Кеңестердің төрағалары болып тағайындалған. Қалалық және аудандық Кеңестер мүшелерінің жалпы саны 284 адамды құрайды. облыс қалалары мен аудандарында жастар істері бойынша 32 және облыс әкімінің жанында 2 отырыс өтті.

Сонымен бірге Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңінде жастар саясатын жетілдіру тетіктерінің бірі жұмыспен қамтуды, жұмысқа орналастыруды, қолжетімді тұрғын үйді және келешегі бар бизнес-идеяларды іс жүзінде қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған жобалар болып табылады.

Осылайша, облыста жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатымен республика көлемінде тұңғыш рет «Жастардың электрондық еңбек биржасы» ашылды, оның жұмысының нәтижесінде бүгінгі таңда 1900-ден астам адам жұмысқа орналастырылды.

Жастарды ынталандыру және жемісті қоғамдық қызметтерін қадірлеу мақсатында «Жастар көшбасшысы»; «Студент көшбасшысы»; «Жылдың жастар акциясы»; «Жастар ұйымы»; «Жас журналист», «Жас кәсіпқойлар», «Жас отбасы» 7 номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан қомақты үлесі үшін» атты сыйлығы тағайындалған.

Жастар саясатының өзекті мәселелерін ақпараттық насихаттау бағытында облыста «Молодежный клуб», «Жаңа әлем жастары», Шемонаиха ауданында-«Молодежный формат» жастар газеттері шығады. Мемлекеттік жастар саясаты мәселесі облыстық және аймақтық электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында кен көлемінде жария етіледі. Мемлекеттік жастар саясатын жемісті жүзеге асырудың ажырамас бөлігі ол оның ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етілуі болып табылады.

Жастар арасында негізгі көкейтесті проблемалардың бірі болып табылатын ол, сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілу.

Жастар саясатын жүзеге асырылуына, кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етілуінің жетіспеушілігі. Халқаралық деңгейде жастармен алмасу дамымаған. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша, аумақтар үшін квотаны көбейту қажеттілігі.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттардың қызметтеріне түрлі әлеуметтік әдістер қолдану мен сарапшыларды тарту арқылы мониоринг жүргізіледі;

2) 7 ауданда мемлекеттік тілдеі жаңа қоғамдық-саяси БАҚ шығару (бұрын шығарылмаған);

3) азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін сұхбат алаңдарының белсенді жұмыстары қамтамсыз етілді;

4) діни жағдайды талдау, діни бірлестіктер қызметін, басылым және электронды ақпарат құралдарында жарияланған діни тақырыптағы материалдарды талдау;

5) жастарға арналған ресурсты орталықтар құру және жұмыс істеуі;

6) ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсендірек тартылуда;

7) «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ашу.

Әлсіз жақтары:

1) 56 елді мекен қазақстандық телехабарлармен қамтылмаған;

2) ауылдық өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс деңгейінің төмендігі;

3) тұрғындардың діни қызмет мәселелері бойынша ақпарат насихат жұмысының жеткіліксіз деңгейі, қалалар мен аудандардағы ақпарат –насихат топтары мүшелерінің төмен діни сауаттылығы;

4) үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдау үшін қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі.

Мүмкіндіктер:

1) қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалдың күрделенуіне жол бермеуге қатысты алдын ала шаралар қабылдау;

2) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

3) діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету бойынша сандық телевиденияны енгізу бойынша іс-шараларды жедел іске асыру;

4) ауылдық өңірлерде жұмыс істейтін ҮЕҰ әдістемелік көмектер көрсету;

5) ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруына қаражат бөлуін артыруы;

6) облыс қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, салалық басқармаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыруы.

Қауіптер:

1) облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың күрделенуі;

2) деструктивті діни ағымдардың таралуы;

3) жастардың деструктивті ағымдарға тартылуы;

4) Қытай тарапынан ақпараттық кеңістіктің бұзылуы;

5) Ресейдің ақпараттық ықпалы.


2.2.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Жалпы облыс бойынша криминогенді жағдай тұрақты. Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды есепке алу және тіркеу толықтығын қамтамасыз ету, қылмыс жағдайы туралы статистикалық мәліметтердің объективтілігіне қол жеткізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстардың статистикалық өсуі байқалады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 32002 қылмыс тіркелді, ол 2011 жылға қарағанда 25%-ға көп. Тіркелген қылмыстардың өсуіне қарамастан 2011 жылы үлес салмағы 13,6-дан 12,3-ке, 2013 жылы – ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша 2,4-тен 1,7-ге төмендеді. Сонымен аталған санаттарға қатысты келесі қылмыс түрлері қасақана өлтіру 33%-ға (176-дан 118-ге), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 9%-ға, тонау 17%-ға және қарақшылық шабуыл 20%-ға төмендеді.



Облыстағы тіркелген қылмыс санының өсуі барлық тіркелген қылмыстың үлесіне 94%-ы кіретін ауырлығы аз қылмыс 1242-ден 4733-ке 4 есе және ауырлығы орташа 43%-ға көбеюімен байланысты. Негізінде бұл ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және басқа ұсақ қылмыстар.

32-сурет
Сонымен бірге жедел жағдайдың жай-күйі күрделі екенін атап өту керек. Қылмыс деңгейі бойынша 10 мың халыққа (229) облыс республика бойынша 6 орында.

Ең жоғары деңгей Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалаларында, Шемонаиха, Глубокое және Жарма аудандарында байқалады.

Есірткі бизнесі саласындағы ұйымдастырылған қылмыстық топтардың іс-әрекетінің жолын кесу, халықаралық есірткі тасымалы және есірткіні өткізу арналарын бөгеу бойынша құқық қорғау органдарының күш салуы жеткіліксіз болып қалуда. Есірткі бизнесінің қылмыстық құрылымдары Ресей мен еуропалық мемлекеттерге есірткі құралдарын тасымалдау үшін мемлекет аумағын пайдаланады. Есірткі құралдарының заңсыз айналымынан алынған есірткі көлемі жыл сайын ұлғаюда. Халықты есірткі қолдануға тарту деңгейі жоғары.

Елеулі жетілдіруді, соның ішінде заңнамалық деңгейде нашақорлықтың ерте алдын алу жүйесі, мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту, сондай-ақ жалпы мемлекеттік есірткіге қарсы насихат жүйесін қалыптастыру амалдарын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін қолданумен пәрменді ақпараттық үгіт-насихат шаралар кешенін қабылдау қажет.

Пайдакүнем-зорлық бағытындағы қылмыс саны ұлғаюда, ең алдымен бөтеннің мүлкін ұрлау, 2013 жылы қылмыс құрылымындағы олардың үлесі 60%-дан астам. 2013 жылдың қорытындысы бойынша аталған қылмыс түрінің ашылуы 36,4 %-ды құрады. Осыған байланысты ұрлыққа қарсы әрекет ету ішкі істер органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, ал бөтеннің мүлкін ұрлаудың профилакикасы және алдын алу мәселелерінің өзектілігі артылуда.

Полицияның белсенділігі арнайы мекемелердің бар мүмкіндіктерімен шектеледі. Облыста 3 медициналық айықтырғыш, 3 АЕАМ, 4 арнайы қабылдау мекемесі қызмет етеді.

Қылмыстық қудалау шараларын қабылдаумен қатар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, құқық бұзушылық профилактика жүйесін құру қажеттілігі туды. Көңіл көтеру орындарын, сауда орталықтарын және дүкендерді міндетті түрде бейнекамералармен жабдықтау туралы мәселе бірнеше рет көтерілді. Алайда, әлі күнге дейін тіпті жаңа объектілерді қолданысқа енгізу кезінде олардың иелерінің алдына бұндай мәселелер қойылмайды.

Қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік жағдайының индекаторы болып табылатын қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстың өсу беталысы сақталуда. 2013 жылы көшелерде 4949 қылмыс жасалды, олардың үлес салмағы 2010 жылғы 14%-дан 2013 жылы 16%-ға ұйлғайды. Көшедегі және басқа қоғамдық орындардағы жоғары криминогендік жағдай Жедел басқару орталықтарының ары қарай дамуын және Семей, Зырян, Риддер, Шемонаиха, Аягөз қалаларында ашылуын талап етеді. «Қауіпсіз аула» бейне бақылау жүйесінің дамуы. Патрульдік-бекет қызметін алдағы уақытта материалдық-техникалық және кадрлық нығайту, автопатрульдердің, жылжымалы және стационарлық полиция пункттерінің санын арттыру, оларды бірыңғай деректер банкіне кіруге мүмкіндігі бар компьютерлік техникамен жабдықтау қажет.

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс санының 3%-ға (2011 жылғы 576-дан 2013 жылы 560-қа дейін) төмендеуіне қарамастан, кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс профилактикасы мәселелерінде проблемалар бар. Облыста дене тәрбиесі және спорт мүмкіндіктері жеткіліксіз қолданылады. Балаларға арналған спорттық клубтардың жұмысы ұйымдастырылмаған. Облыс орталығында салынған хоккей қораптары көбінде бос. Полицияның «мектеп» инспекторлары институтының ары қарай дамуы қажет, бұл оқушылар арасында құқық бұзушылықтың ерте алдын алумен нақты айналысуға мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша жұмысты жандандыруды талап етеді. Қоғамдық тәртіпті сақтауда азаматтар мен қоғамдық құрылымдардың қатысуы жыл сайын төмендеуде. 2010 жылы облыс бойынша құқық қорғау бағытындағы 4365 адам санымен 717 қоғамдық құрылым қызмет еткен, 2013 жылы құрылымдар саны 584 болды, ал мүшелерінің саны 3516 адам.

Бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру мәселелері өзекті болып қалды. Аталған тұлғалар санаты үшін жұмыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандум жасау қажет.

Облыс жолдарында апаттылық жағдайы қиын болып қалуда. Автокөлік құралдары паркінің өсуі, жолдардың қозғалыс қарқындылығына сәйкес келмеуі, жүргізушілердің даярлық сапасы мен тәртіп деңгейінің төмендігі жол-көлік оқиғалар саны өсуінің себебі болып табылады.

2013 жылы «Автокөліктің 10 мың бірлігіне жол-көлік оқиғалары санының төмендеу» көрсеткіші орындалған жоқ, жылға арналған жоспар бойынша 39 факті 47 құрады.

Көрсеткіштің орындалмауы көше-жол желісі және жол инфрақұрылымның қанағаттанарлықсыз жағдайымен түсіндіріледі.

Жол-көлік оқиғаларының санын және салдарының ауырлығын төмендету үшін облыс аумағында апаттылық деңгейін тұрақтандыру және төмендету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. 15 жедел-профилактикалық іс-шаралар («Мас жүргізуші», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Транзит», «Жылдамдық») өткізілді. Мемлекеттік маңызы бар автожолдарда қызмет ететін нарядтардың тығыздылығы ұлғайтылды және қосымша автопатрульдер құрылды, жолдың апаттық қауіпті жерлерінде қосымша экипаждар қойылды. Одан басқа, жергілікті маңызы бар жолдарда қызмет етуге бес экипаж қойылды (Өскемен – Самар, Өскемен – Бобровка, Семей – Курчатов, Бородулиха, Бесқарағай, Глубокое аудандарында).


33 сурет


Ағымдағы жылы Өскеменде ЖБО бейнебақылау жүйелерімен ықпалдасқан және ЖЖЕ тіркеу бойынша функцияларды қатар қолданатын жол қозғалысын бақылайтын зияткерлік жүйелер іске енгізілді.

Жылдамдық режимін бақылау үшін 92 ұтқыр жылдамдық өлшеуіші; мемлекеттік нөмірлерді автоматты тану жүйесі бар 2 жылжымалы аппараттық-бағдарламалық «Поток-М» кешені қолданылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің профилактикасы бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдаудың нәтижесінде ағымдағы жылы жол-көлік оқиғаларының саны 7.7%-ға (1126-дан 1039-ға), қаза тапқандар 9%-ға (134-тен 122-ге) және жарақаттанғандар 11%-ға (1429-дан 1275-ке) төмендеді. Жол-көлік оқиғаларының деңгейі 10 мың көлік құралына – 31 (2013 жылы – 35) құрады.

Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру үшін бақылау мен жол қозғалысын реттейтін заманауи техникалық құралдарды қолдану қажет. Аталған мәселелерді шешу жыл сайын ЖКО санының 2-3%-ға төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Саланың даму жағдайына SWОT-талдау:

Мықты жақтары:



  1. азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандығын қорғау бойынша жағдайлар жасалған;

  2. құқық бұзушылықтар профилактикасы мен олардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін нақты субъектілер анықталды;

  3. қоғамдық тәртіпті қорғауға және құқық бұзушылықтар профилактикасына қатысатын азаматтар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәсілдері келісілді.

Әлсіз жақтары:

  1. ІІБ есебінде тұрған тұлғалардың арасында отбасы-тұрмыс аясындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша шаралардың жетіспеушілігі;

  2. тұрмыстағы маскүнемдік, алкоголизм мен нашақорлықтың профилактикасы мәселелерінің шешілмеуі;

  3. қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу деңгейі жеткіліксіз;

  4. облыс ішкі істер органдарының жабдықталмағандығы, олардың типтік әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз етілмеуі және қолданыстағылардың қайта жөндеу қажеттілігі.

Мүмкіндіктері:

  1. құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру;

  2. құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны өсуінің алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдау;

  3. профилактика субъектілері жұмысын үйлестіруді жетілдіру.

Қауіптер:

  1. облыстың георграфиялық орналасуы есірткі құралдарын Ресей мен еуропа мемлекеттеріне тасымалдау үшін жағдай жасайды;

  2. Кедендік одақ және болашақтағы бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызмет ету жағдайында трансұлттық байланыстары бар қылмыстық топтардың қимылы белгілі қауіп-қатер болып табылады.

  3. облыста түзету мекемелерінің көп шоғырлануы.


2.2.2.9. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту

Шығыс Қазақстан облысы аумағы табиғаттың, таулы-геологиялық және геодинамикалық алуан түрлілігі оның табиғи аппатарға – зілзала, су тасқыны, сел, сырғыма, қар көшкіні, дауыл, орман және дала өрттері, ауа температурасының күрт төмендеуі және қарлы боран, эпидемия және эпизоотияға ұшырайды .

Аппараттардың және негізгі фонның, жылжымалы құрамның және көліктегі инфрақұрылымның ескіруі және тозуы, табиғи ресурстарды өңдеу интенсификациясы, оларды тасымалдау және өңдеу көлемінің ұлғаюы техногенді қауіптің көбеюіне нақты алғышарт тудырады.

Уақытылы алдын алу шараларын қабылдауға қарамастан жол-көлік оқиғасы қоса, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және оқиғалар динамикасы, қаза тапқандар және зардап шеккендер саны, материалдық залал, бұл ретте келесі түрде көрсетілген:

13 кесте





2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Төтенше оқиғалар саны

2585

2286

1800

соның ішінде төтенше жағдайлар

222

182

159

Зардап шегушілер саны, барлығы

478

427

411

соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде

248

248

239

Қаза тапқандар саны, барлығы

165

152

138

соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде

150

130

116

Материалдық залал, млн. тенге

601,6

579,7

639,1

соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде

0

0

0

Аяққы жылдар ішінде төтенше жағдайлар оқиғаларымен төтенше жағдайлар санының қатынасты тұрақты фонында төтенше жағдайлар оқиғалары және төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер санының төмендеуі байқалды. Бұдан ары адам санын және материалдық шығынды төмендету облыстың өрттерге, зілзалаға, сырғымаға, селдерге, су басу, тасқын суға қарсы әрекет етуге инфрақұрылымын қамтамасыз етілу деңгейі жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.

Облыстағы 203 гидротехникалық құрылыстардың (олардың ішінде 4 ірі), соның ішінде 107 нысан коммуналдық меншікте, 70 республикалық және 26 жеке меншікте, барлығы баланс ұстаушыларға бекітілген, олардың жағдайларына тұрақты бақылау жасалынып отырылады. Көптеген гидротехникалық имараттарға инструменталды толық тексеру және конструкцияны күшейту жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Өзендер мен мұз айдындары көктем-жаз мерзімінде жалпы саны 44 ошақ сел қауіпін тудырады, 336 қар көшкіні телімі 107 астам нысандарға қауіп төндіреді.

Облысқа су апатына байланысты (су тасқыны, су басу) төтенше жағдайлар залал келтіреді. Облыста су тасқыны туындауы бойынша 157 потенциалды қауіпті телімдер бар, бұл жерлерде жалпы тұрғындар саны шамамен 82 мың адам 157 елді мекен орналасқан. 2011-2012 жылдары жергілікті атқару органдары қоры есебінен су тасқынына қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізуге 227,2 млн.тенге, 2013 жылы 9,8 млн. тенге бөлінген. Қабылданған алдын алу жұмыстарын нәтижесінде су тасқыны мерзіміне қатысты төтенше жағдайлар тіркелмеген.

Шығыс Қазақстан облысы ауа-райының күрт-континенталды жағдайына және елді мекендердің бір-бірінен едәуір алыс орналасқанына байланысты қыс мерзіміне сипатты төтенше жағдайлар адамдар өміріне және денсаулығына белгілі бір қауіп төндіреді. 2011-2012 және 2012-2013 жылдар қысы қатты аязбен және қардың көп түсуімен өзгешеленді, бірақта адам өлімі орын алмады.

Ірі елді мекендердің, қалалар, мемлекеттік маңызды өндірістік нысандардың айтарлықтай бөліктері 7-ден 9-ға дейін балды қиратушы жерсілкінісіне ұшырайтын облыс аумағында орналасқан. ҚР 2.03-30-2006 ҚНжҚ сәйкес Шығыс Қазақстан облысында сейсмикалығы 7 және одан көп балды 89 елді мекен орналасқан. Облыстың сесмикалық қауіпті аймағына аумақтың 165,4 мың квадрат шақырымы енген, бұл облыстың барлық аумағының 60% құрайды, аталған жерлерде 981 мың адам тұрғындайды немесе облыс халқы жалпы санының 62,5%. Жоғары сейсмикалық қауіпті аймақтар Өскемен, Риддер, Зырян қалаларын, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарын қамтиды.

Объектілерді тексеру нәтижесі бойынша, сейсмикалық күшейтуді қажет ететін объектілер, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы аумағында сейсмикалық күшейтілген объектілер анықталды:

- сейсмикалық күшейту жүргізілген объеітлер саны 98 өндірістік (1113,013 мың текше метр);

- сейсмикалық күшейтуді қажет ететін объектілер саны – 1922 (1775,3 мың текше метр), соның ішінде: 344 білім беру объектілері, 148 денсаулық сақтау объектілері, 919 қоғамдық объектілер, 511 өндірістік ғимараттар;

- сейсмикалық күшейтуді қажет ететін тұрғын үйлердің жалпы ауданы– 119209,5 мың текше метр), оның ішінде 118266,6 мың текше метр– жеке иелікте, 942,9 мың текше метр – коммуналдық иелікте.

Көзбен шолу текесрісінің нәтижесінде, сейсмология саласында мамандандырылған мекеме «КазНИИССА» АҚ қатыстырумен ғимараттардың техникалық тексеруін жұргізу қажет.

Облыстың елді мекендерінде сейсмикалық шағын аудандастыру картасының жоқтығы сейсмикалық қауіпсіздікті бағалауды және инженерлік қауіпсіздік бойынша шаралар қабылдауды және қиратушы жер сілікінісі салдары қауіпін азайтуға жол бермейді.

Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі кешенді болып табылады, ол бар мәселелерді жүйелі түрде шешуді, жер сілкінісі туындауынан мүмкін болатын материалдық залалға болжа жасауды, сондай-ақ контсрукцияларды күшейту арқылы шығындарды айтарлықтай азайтуды қарастыруды талап етеді. Инженерлік қорғау, сейсмикалық күшейту бойынша тексеру және іс- шаралар өткізуге едәуір қаражат бөлуді талап етеді.

Облыстың орман массивтерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы қиын болып қалуда, бұл жерлерде жыл сайын 20 ірі өрт орын алады, орман массиві 12 мың гектарға дейін жойылады. Тұрғын секторындағы өрттің деңгейі жоғары болып қалуда, бұнда жыл сайын өрттің жалпы санының 75 пайызы болады және өрт кезінде қаза тапқандардың жалпы санының 90 пайызын құрайды. Өрттің барлық санының 60 пайызы ауылдық жерлерде болады. Облыста ҚР ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде 70 өрт сөндіру тірек пунктері қызмет етеді. Елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету және орман-дала өрттерін сөндіру бойынша жұмыстар жүргізу үшін 62 ауылдарда қосымша базалар құру және оларды өртке қарсы техникалармен жабдықтау қажет, бұл ретте олардың шығуы тұрғындардың саны 44 мың адам 105 елді мекенді қорғауды қамту қажет. .

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға күні бұрын дайындық, профилактика және олардың алдын алу халықты, облыс экономикасын, материалдық және мәдени бағалықтарды дүлей зілзалалар, авариялар мен аппаттар кезіндегі қауіптен қорғаудың бірден-бір жолы.

SWOT- саланы дамыту жағдайының талдауы:



Мықты жақтары:

  1. табиғи өрттердің туындау ошақтарын және көктем мерзімінде қар қорының еруін ерте айқындау бойынша ғарыштық мониторингтің барлығы;

  2. жыл сайын жоспарлы түрде басқару органдарымен, облыстық қызметтермен, нысандар және АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдарымен командалы-штабтық жаттығулар мен оқу-жаттығулар өткізу;

  3. төтенше жағдайлар туындауы және қауіпі кезінде әрекет ету және ден қою бойынша жасалынған жоспарлдың барлығы;

  4. облыстық және республикалық оқыту курстарында АҚ және ТЖ мәселесі бойынша облыцстың басқару құрамынның уақытылы дайындықтан өтуі;

  5. орман-дала өрттерін сөндіру және шалғай жатқан елді мекендерді қорғау үшін 70 өрт сөндіру тірек пунктерінің қызмет етуі.

Әлсіз жақтары:

  1. халықты құлағдар ету жүйесінің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпі төнген жағдай кезінде халыққа шұғыл ақпаратты толық көлемде жеткізе алмайтындығы;

  2. АҚ және ТЖ аумақтық құрылымының апат аймағында шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құрылғылармен, аспаптармен және құтқару құралдарымен аз жабдықталынуы;

  3. жағалауларды бекіту жұмыстарын жүргізуді және қорғауды талап ететін, елді мекендерге және инженерлік имараттарға қауіп төндіретін су тасқыны және су басуы мүмкін потенциалды қауіпті телімдердің бар болуы. Әр-түрлі бюджет есебінен су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуге жіне жобалық-сметалық құжаттарды жасауға техникалық-экономикалық негіздемелерді жасау іс-шараларының жеткіліксіз қаражыландырылуы;

  4. сейсмкалық күшейту жұмыстарына қаражат бөлінбеуіне байланысты қатты жерсілкінісі кезінде адам шығынын болдырмау мүмкіндіктерінің жоқтығы;

  5. капитал сыймдылығына байланысты апаттарға және дүлей зілзалаларға қарсы тұру және оларды жою бойынша кешенді іс-шаралардың толық көлемде жүзеге асырылмауы.

Мүмкіндіктер:

  1. бұқаралық ақпарат көздері арқылы халық арасында АҚ және ТЖ саласында білімді насихаттау бойынша кең масштабты жұмыстар жүргізу, әр-түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері бойынша көрнекті жадынамалар тарату, бұл ТЖ залалдарын азайтуға мүмкіндік береді;

  2. орман өрттері залалдарын айиарлықтай азайту, сондай-ақ аудандық орталықтардан шалғай орналасқан елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру тірек пунктерін дамыту және сандарын көбейту;

  3. төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықтардың тіршілігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің және қалалар мен аудандар әкімдерінің материалдық-техникалық қорын нығайту;

Қауіптер:

  1. облыс аумағында күші 7 - 9 балға дейін күшті жерсілкінісі балу қауіпінің болуы. Бұл аймақтарда өндірістік дамыған Өскемен, Зырян және Риддер қалалар және халық саны тығыз ауылдар орналасқан;

  2. нысандарды тексеру және сейсмикалық күшейту бойынша жобаларды қаржыландырудың жүргізілмеуі;

  3. адамдардың өмірі мен денсаулығына, техногенді апаттың туындауына қауіп төндіретін бөгеттердің жағдайын тексеру және оларды күшейту бойынша іс-шаралардың жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты гидротехникалық құрылыстардың кепілді нықтылығын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралардың жоқтығы;

  4. аумақтың химиялық зақымдалуы кезінде адамдырдың өмірін және денсаулығын қамтамасыз ету үшін заманауи жеке қорғану құралдарын сатып алуға қаражаттың жоқтығы;

  5. заманауи қосалқы қорғалған басқару пунктін салуға қаражаттың жоқтығы.

2.2.2.10 Мұрағат ісі
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісінің дамуына жасалған талдау соңғы жылдар ішінде мұрағат өрісінің қызмет ету саласында ілгерілеудің позитивті үрдісінің байқалатындығын көрсетті.

Облыста 1 облыстық және 11 аудандық мемлекеттік мұрағаттар, Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы және 6 мемлекеттік мұрағат филиалы бар.

Облыста 1300-ден астам мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар – мемлекеттік мұрағат құжаттарын жинақтау көздері болып есепке алынған. Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық мұрағат қорының көлемі 2012 жылғы 48364 сақтау бірлігіне қарағанда ұлғаюмен 2 423586 сақтау бірлігін құрайды.

Облыстың мұрағаттық мекмелерінде материалдық-техникалық базаларын модернизациялау, компьютерлендіру, автоматтандырылған мұрағат технологияларын құру және енгізу және Шетел мұрағаттарында және Қазақстан Республикасының мұрағаттарында сақтаудағы Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттарды (көшірмелерін) іздеу және сатып алу жүргізілуде.

Ведомстволық сақтау кезеңіндегі сақталуын қамтамасыз етудің болмауы қызметкерлердің еңбек қызметін және олардың зейнетақымен қамтамасыз етуге ақша аударуы жөніндегі мәліметтерді растайтын құжаттардың мұрағат мекемелеріне келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың 20 % астамы оң растау алмауына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар құрылымдарының 40 %-да ведомстволық мұрағаттар жоқ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін 1 млн. сақтау бірлігіне арнап Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына арналған арнайы ғимарат құрылысы қажет. Сонымен қатар, аудандарда да арнайы үй-жайлар жоқ.

Аталған мәселелерді шешу мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерінің және облыстың мұрағат саласының тиімді қызмет етуінің идеалды моделіне жақындауға мүмкіндік берер еді.

Саланың даму жағдайына SWОT талдау:

Күшті жақтары:

1) басқарма және облыстың мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік органдарының бірыңғай транспорттық желісіне қосылған. (интернет порталына шығу, облыс әкімінің ресми сайты, билік өкілінің порталы, электрондық қызмет орталығына шығу).

2) облыстың барлық 18 мұрағат мекемелерінде модем орнатылған, «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайты белсенді жұмыс істейді.

Әлсіз жақтары:



    1. нормативтік –құқықтық базасының жетілмегендігінде, облыста мұрағат ісі құжаттарды сақтау саласында және мұрағат мекемелері жұмысында білікті мамандардың жетіспеушілігінде көрінетін мұрағат саласының инфрақұрылымы дамуының төмен дәрежесі;

    2. мемлекеттік мұрағаттарда сақталатын құжаттама көлемінің өсуі мен мұрағат қоймалар көлемімен сәйкес келмеуі;

    3. Қазақстан халқының құжаттық мұрасын зерттеу, дамыту мен насихаттауының жеткіліксіз деңгейі.

Мүмкіндіктер:

облыстың мұрағат мекемелеріне электрондық қызмет көрсетуі, заңды форматтағы ұлттық мұрағат қоры көлемінің өсуі, азаматтардың мұрағат ақпаратына қол жетуінің кеңеюі.

Қауіптер:

мұрағат саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тиімсіз жұмысы, жергілікті атқарушы органдарынан кадрлардың кетуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет