Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. –Астана: Фолиант, 2014.-288 б.
2. Өміржанов Е. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. - Алматы: Жеті Жарғы, 2015. -176 б.
3. Ағдарбеков, Т. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері: Оқу құралы. - Алматы: Ңұр-пресс, 2008. - 256c.
4. Матузов Н.И., Малько А.В. Мемлекет және құқық теориясы / Оқулықты орыс тілінен қазақшаға аударған: Б. Алтынбасов. – Алматы: ЖШС АйСан-Пресс баспа үйі, 2013. – 583 б.
5. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. / ҚР Заң ғылымдары акад; Д.А. Қонаев атын. ун-т, Орталық Азия ун-ті. - Алматы: Жеті жарғы, 2006. - 258c. -ISBN 9965-11-234-7.
6. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. - Алматы: Нұр-Пресс, 2005. - 296c. -ISBN 9965-9576-3-0.
7. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н.. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқулық.- Алматы: ҚазМу баспа орталығы, 1999. – 320 бет
Қосымша:
8. Құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстанда құқықтық мәдениетті қалыптастыру проблемалары мен болашағы: РКМ (2010 жыл 13 желтоқсан). Астана, 2010.
9. Лейст О.Э. Сущность права. Проблемы теории и философии права: учеб.пос. М., 2011.
10. Оспанов К. Мемлекет және құқық негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Жеті Жарғы, 2009. -52 б.
11. Теория государства и права. Курс лекции под ред. Матузова Н.И. 1999
12. Сапарғалиев Ғ. ҚР-ның Конституциялық құқығы., Алматы-1998
13. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқулық.- Астана: Бастау, 2001.-348 бет
14. Крусс В.И. Актуальные проблемы злоупотребления правами и свободами человека // Государства и права № 7,2002
15. Марченко М.Н. Теория государства и права. Учебник. – М.: Юрид. лит., 1996.
16. Матюхин А,А Государство в сфере права: институциальный подход. Алматы : ВШП «Әдiлет», 2000.-596с.
17. Жигуленков М,В К вопросу о классификации функции государства. // Право и политика, 2002.
18. Абайдельдинов Е.М. Соотношение Международного и национального права РК. Алматы: Қазақ университетi, 2002
19. Алимжан К. Вопросы теории обычного права. Алматы,. 2003. Об отдельных сторонах борьбы с правовым нигилизмом./ Саясат 2001
20. Табанов С.А. Совершенствование законодательства: теория и опыт РК. Алматы. Жетi жарғы. 1999
21. Баймаханов М.Т. Взоимодействие правового сознания с моралью и нравственностью в обществе переходного периода. Алматы, Жетi Жарғы. 1995
22. Журсинбаев С. Права человека в международно-правовых актах и конституции Казахстана. Астана ,1998. с. 70
23. Ибраева А.С. Правовая культура: проблемы теории и практики. Алматы, 2002
24. Сапаргалиев Г., Мухамеджанов Э., Жанузакова Л., Сакиева Р. Проблемы унитаризма в РК. Алматы. Жетi Жарғы,2000
25. Ударцев С.Ф. Метаправо и правопонимание (о трансформации правопонимания на новом уровне правового развития)
.Табанов С. А. «Салыстырмалы құқықықтану негіздері», Алматы: Жеті жарғы, 2003.-464б
27.Қопабаев, Өмірәлі Ата Заң - мемлекет дамуының іргетасы /. - Алматы : Алатау, 2012 - 576 б.
28.Артықбаев, Жамбыл Омарұлы. Мемлекет және билік : 1-кітап. (Көне дәуір) / - Алматы : Заң әдебиеті, 2006. - 90 б. Библиогр.: 84-87 б. ISBN 9965-620-36-9
Нормативті-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған) (2017 жылғы 10 наурыздағы өзгерістер мен толықтыруларымен). https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1005029
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы № 1007-ХII Конституциялық заңы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z910004400_
3. Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы декларация (Алматы, 1990 жылғы 25 қазан). http://adilet.zan.kz/kaz/docs/B900001700_
4. Қазақ КСР-нің 1991 жылғы 10 желтоқсандағы № 1000-XII «Қазақ ССР-нің атауын өзгерту туралы» Заңы. https://online.zakon.kz/Док
5. 2016 жылғы 6 сәуiрдегi N 480-V Қазақстан Республикасының Заңы «Құқықтық актілер туралы» (2017 жылғы 11 шiлдедегiге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi). http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480
2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
1-Модуль. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері
1.1 Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі. Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық құқық құқық саласы ретінде. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәні. Қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің әдісі. Азаматтық құқықтық міндеттері мен қағидаттары. Басқа іргелес құқық салаларынан азаматтық құқықтың шегін ашу. Құқық саласы ретіндегі азаматтық құқықтың жүйесі. Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні ретінде. Азаматтық құқық ғылымындағы азаматтық-құқықтық реттеудің пәні мен әдісінің мәселелері. Азаматтық құқық ғылымының негізгі даму кезеңдері. Азаматтық құқық ғылымының міндеттері.
Азаматтық құқық ғылымының өзге құқықтық ғылымдармен өзара байланысы. Жеке құқық дуализмі мәселелері. Азаматтық құқық және кәсіпкерлік құқық. Шет мемлекеттердің азаматтық құқығының жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманның негізгі азаматтық-құқықтық жүйелері.
Континенталдық жүйе. Англо-американдық жүйе. Азаматтық заңнама, азаматтық құқық нормалары мазмұндалған өзге де нормативтік құқықтық актілердің түсінігі. Азаматтық заңнама жүйесі.
ҚР Конституциясы азаматтық құқықтың негізі ретінде. ҚР азаматтық кодексі: жалпы сипаттамасы және құрылымы. ҚР АК мен өзге де заңнамалық актілердің арақатынасы. Іскерлік айналым дағдыларының азаматтық-құқықтық маңызы. Азаматтық құқықты аналогиясы (заң аналогиясы және құқық аналогиясы) бойынша қолдану. Азаматтық құқық нормалары және мораль мен адамгершілік нормаларының арақатынасы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларының азаматтық құқықтық қатынастарды реттеудегі маңызы. Азаматтық заңнаманың уақытқа қарай, кеңістікке қарай және тұлғалар бойынша қолданылуы. Азаматтық заңнаманың қолданылуы. Диспозитивті және императивті азаматтық-құқықтық нормалар. Азаматтық заңдардың түсінілуі. Азаматтық заңнама және халықаралық жеке құқық нормалары. Азаматтық заңнамадағы жеке мен жарияның арақатынасы.
1.2 Азаматтық-құқықтық қатынас. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мен элементтері. Азаматтық- ұқықтық қатынастың мазмұны. Субъективті азаматтық құқықтардың түсінігі, мазмұны және түрлері. Азаматтық-құқықтық қатынастардағы заңи міндеттердің түсінігі, мазмұны және түрлері.
Субъективті азаматтық құқық және құқыққа өкілеттілік. Азаматтық- ұқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері. Азаматтық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің түсінігі мен арақатынасы.
Құқық қабілеттілік пен субъективті азаматтық құқықтың өзара айланысы. Азаматтық-құқықтық қатынастардың жіктелуі. Құқықтық қатынастарды тоқтатылуы немесе өзгертілуі. Азаматтық-құқықтық қатынастардың туындау, өзгерту және тоқтату негіздері. Заңды фактілер және қаңды құрамдар. Азаматтық құқық ғылымындағы заңды фактілердің жіктелуі. Азаматтық құқықтардыжүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындаудың түсінігі мен тәсілдері. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың шектері. Құқықты теріс пайдаланудың мәселесі. Бәсекелестікті шектеу мен нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдаланудың түсінігі. Құқықтарды жүзеге асырудағы азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларының парасаттылығы пен адалдығының түсінігі және презумпциясы. Азаматтық құқықтарды қорғаудан бас тарту және оның құқықтық салдары. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі мен тәсілдері. Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәсілдері. Азаматтық құқық субъектісінің азаматтық құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келетін мемлекеттік орган немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының актісін жарамсыз деп тану. Залалдарды өтету: залалдардың элементтері, залалдарды өтету қағидаты. Моральдық зиянның өтемін төлету.
Құқықты тану жолымен құқықты қорғау ерекшеліктері. Құқық бұзылғанға дейінгі қалыпқа келтіру, және құқықтарды бұзатын немесе
оның бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттердің алдын алу. Мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының заңға қайшы келетін актілерін соттың қолданбауы. Міндеттерді заттай орындату.
Бұзылған құқықты қорғаудың тәсілі ретінде айып төлеуді қолданудың
шектері. Азаматтық құқықтарды қорғаудың юрисдикциялық және юрисдикциялық емес әдістері. Жалпы юрисдикция соттары мен мамандандырылған соттардағы азаматтық-құқықтық даулардың ведомстволығын бөлу. Төрелік соттың азаматтық құқықтарды қорғауы.10
Азаматтық құқықтарды қорғаудың әкімшілік тәртібі. Азаматтық құқықтарды өзін-өзі қорғау. Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
1.3 Азаматтар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде
«Азаматтар» мен «жеке тұлғалар» түсініктерінің арақатынасы. Азаматтардың құқық қабілеттілігі. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің туындау және тоқтатылу сәті. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұны. Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері азаматтық-құқықтық қатынастардағы дараландыру құралдары ретінде.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігінің түсінігі мен әрекет қабілеттілігі бойынша азаматтардың категориялары. Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі. Эмансипация. Жас балалардың әрекет қабілеттілігі. Он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi. Азаматтардың әрекет қабілеттіліктерін шектеудің негіздері, тәртібі және шектері. Азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану. орғаншылық және қамқоршылық. Әрекетке қабілетті азаматтарға патронаж. Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі мен белгілері. Дара кәсіпкердің азаматтық-құқықтық мәртебесі. Дара кәсіпкердің дәрменсіздігі (банкроттығы). Азаматтың мүлкінен ақы өндіріп алу.
1.4 Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретінде.
Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері. Заңды тұлға институтының маңызы. Заңды тұлғаның теориялары. Заңды тұлғаның жалпы және арнайы құқық субъектілігі. Заңды тұлғаны дараландыру: атауы, тұрған жері, тауар белгісі және қызмет көрсету белгісі, тауардың шығарылған жерінің атауы. Заңды тұлғаның өкілдіктері мен филиалдары. Еншілес және тәуелді заңды тұлғалар. Заңды тұлғалардың жіктелуі.
13 Коммерциялық ұйымдар және олардың түрлері. Шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар. Өндірістік кооперативтер. Мемлекеттік кәсіпорындар. Коммерциялық емес ұйымдар: жалпы ипаттамасы және түрлері. Тұтыну кооперативтері. Қорлар. Мекемелер. Қоғамдық және діни бірлестіктер. Қазақстандағы дербес коммерциялық емес ұйымдар. Заңды тұлғалардың бірлестігі (ассоциациялар мен одақтар). Заңды тұлғаларды құру. Заңды тұлғаларды олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарай құру тәртібі мен тәсілдері. Құрылтай құжаттары. Заңды тұлғаның жарғылық капиталы және құрылтайшылардың үлесі. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу:
мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар, мемлекеттік тіркеудің тәртібі. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi . Мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері. Заңды тұлғалардың қызметтері лицензиялау. Лицензиялайтын қызмет түрлері. Заңды тұлғаларды тоқтату. Заңды тұлғалардың қызметін тоқтату тәсілдері.Заңды тұлғаларды қайта құру, қайта құру нысандары (түрлері). Өткізу актісі және бөлу балансы. Заңды тұлғаларды қайта құру кезіндегі құқықтық сирасқорлық. Заңды тұлғаны қайта құру кезiндегi несие берушiлердің құқықтарының кепiлдiгi. Заңды тұлғаны тарату. Тарату негіздері мен тәртібі. Тарату комиссиясының (ликвидатор) қызметі. Заңды тұлғаны тарату кезіндегі несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру тәртібі. Заңды тұлғаны дәрменсіз (банкрот) деп тану.Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заңнама. Банкроттықтың түсінігі мен белгілері. Дәрменсіз (банкрот) деп танылмайтын заңды тұлғалар. Банкроттық туралы істерді қарау. Банкроттық рәсімдері. Оңалту және конкурстық басқарушылар: құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі. Сырттай байқау: мақсаты, тәртібі, мерзімі және байқау салдары. Борышқордың төлем абілеттілігін қалыпқа келтіру шаралары. Конкурстық өндіріс: мақсаты, тәртібі, мерзімі және енгізу салдары. Конкурстық масса. Несие ерушілердің талаптарын қанағаттандыру кезектілігі. Банкроттықтың ңайлатылған рәсімдері. Жоқ борышкердің банкроттығы. Заңды тұлғаны банкрот деп танудың салдары. Азаматтық-құқықтық қатынастар аясындағы жария құқықтың субъектісі ретіндегі мемлекеттің құқық субъектілігінің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық-ұқықтық қатынастарға қатысуы. Мемлекеттің заттық-құқықтық қатынастарға қатысуы. Мемлекеттің міндеттемелік-құқықтық қатынастарға қатысуы. Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністің міндеттемелері бойынша ақы өндіріп алу.
1.5 Азаматтық құқықтың объектілері
Азаматтық құқықтардың объектілерінің түсінігі мен түрлері. «Мүлік» категориясы азаматтық құқықтың объектісі ретінде. Ақпарат 16 (соның ішінде коммерциялық және қызметтік құпия) азаматтық құқықтардың объектісі ретінде. Жұмыстар мен қызметтердің нәтижесі азаматтық ұқықтардың объектісі ретінде. Мүліктік емес игіліктер. Интеллектуалдық меншік. Осы объектілердің айналым қабілеттілігіне қарай азаматтық құқықтардың объектілерінің түрлері. Заттардың түсінігі мен заңи жіктелуі. Жеке-дара және тектік белгілерімен анықталған заттар. Тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар. Адамның еңбегінен туындаған заттар және табиғи туындаған заттар. Жеке, отбасы, тұрмыста пайдалануға арналған заттар және кәсіпкерлік қызметте пайдалануға арналған заттар. Бөлінетін және бөлінбейтін заттар. Күрделі және жай заттар. Басты зат және керек-жарақ. Жемістер, азық-түлік және табыстар. Жанды және жансыз заттар. Жылжымайтын және жылжитын мүлік. Жылжымайтын мүлік түрлері және жылжымайтын мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері. Жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар. Ақша (валюта). Валюталық құндылықтар. Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың объектісі ретінде. Бағалы қағаздардың жіктелуі. Бағалы қағаздар бойынша құқықтарды беру. Индоссамент, аваль. Бағалы қағаздардың түрлері. Вексель, оның түрлері, вексель бойынша төлем жүргізу тәртібі. Вексель наразылығы. Банктік депозит сертификаты облигация. Акция, акциялардың жіктелуі. Чек. Коносамент. Қос қойма куәлігі және жай қойма куәлігі. Опцион. Ипотекалық бағалы қағаздар. Мүліктік емес игіліктердің түсінігі, белгілері және түрлері. Мүліктік емес игіліктерді қорғау. Ар-намысты, абыройды, іскерлік беделді қорғау ерекшеліктері. Моральдық зиянның түсінігі. Моральдық зиянды өндірудің қағидаттары.
1.6 Мәмілелер
Мәмілелердің түсінігі. Мәміленің, шарттың, міндеттеменің арақатынасы. Мәмілелердің түрлері. Бір жақты мәмілелер. Екі жақты және көпжақты мәмілелер (шарттар). Реалды, консенсуалды, мерзімді, мерзімсіз, шартты және шартсыз, ақылы және ақысыз, сенімге негізделген мәмілелер. Биржалық мәміленің ерекшеліктері. Мәмілелердің жарамдылығының шарттары. Мәміленің қатысушыларының әрекет қабілеттілігі. Мәміленің нысанын ұстану. Мәміленің мазмұнының заңдылығы. Мәміле жасасу кезіндегі ішкі ерік пен сыртқы ерік білдірудің тұтастығы. Мәмілілердің нысандары. Ауызша жасалатын мәмілелер. Жай жазбаша нысанда жасалатын мәмілелер. Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамау салдары. Заңға сәйкес міндетті нотариалды нысанды талап ететін мәмілелер. Мәміленің міндетті нотариалды нысанын сақтамау салдары. Мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және мәмілелердің тіркелуі туралы заң талаптарын бұзу салдары. Мәміленің жарамсыздығы: түсінігі және заіи салдары. Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Мәміленің бір бөлігінің арамсыздығының салдары. Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімдері. Жалған және қулықпен жасалатын мәмілелер. Әрекетке қабілетсіз тұлғалардың, жас балалардың мәмілелері. Заңды тұлғалардың олардың құқық қабілеттілігінің шегінен, және мәміле жасауға өкілеттілік шегінен шығып жасаған мәмілелері. 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың және әрекет қабілеттілігі шектеулі тұлғалардың мәмілелері. Елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілелер. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілелер, кіріптарлық мәмілелер. Мазмұны заңнама талаптары мен өзге де құқықтық актілерге сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздері мен адамгершілікке қайшы келетін мақсатпен жасалған мәмілелер.
1.7 Өкілдік. Сенімхат. Мерзімдер. Талап қою мерзімі
Өкілдіктің түсінігі, маңызы және қолданылу аясы. Өкілдіктің түрлері. Өкіл бола алмайтын тұлғалар. Заңды өкілдіктің ерекшеліктері. Шартты (ерікті) өкілдік. Коммерциялық өкілдік. Оның өкілеттігі және белгілеу тәсілдері. Мәміле жасауға өкілеттігін асыра пайдаланып және мәміле жасауға уәкілдік берілмеген тұлғаның жасаған мәмілесі. Сенімхаттың түсінігі, түрлері және әрекет ету мерзімі. Сенімхаттың нысаны. Міндетті нотариалды нысанды талап ететін сенімхаттар және нотариалды куәландырылғандарға теңестірілген сенімхаттар. Заңды тұлғаның атынан берілген сенімхаттың нысаны. Сенімнің ауысуы. Сенімхаттың тоқтатылуы және оның тоқтатылуының салдары. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі, маңызы және заңи табиғаты. Мерзімдердің түрлері және заңи маңызы. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттердің орындау мерзімдері. Бұлтартпау мерзімдері. Кінәраттық, кепілдік мерзімдері және қызмет ету (жарамдылық) мерзімдері. Иелену мерзімі және оның талап қою мерзімімен байланысы. Мерзімдерді анықтау, оларды есептеу тәртібі. Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері. Талап қою мерзімінің түсінігі және маңызы. Талап қою мерзімдерінің ережелерін қолдану. Талап қою мерзімдерінің түрлері: жалпы және арнайы. Талап қою мерзімі қолданылмайтын талаптар. Талап қою мерзімінің өтуінің басталуы. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұратын мән-жайлар. Талап қою мерзімін қалпына келтірудегі мерзімдерді есептеу тәртібі. Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс. Талап қою мерзімін қалпына келтіру. Талап қою мерзімін қалпына келтіруде ескерілетін мән-жайлар. Талап қою мерзімінің өтіп кету салдары. Талап қою мерзімінің қосымша талаптарға қолданылуы.
2-Модуль Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар
2.1 Заттық құқықтар. Меншік құқығы. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтардың туындауы және тоқтатылуы.
Заттық құқық азаматтық құқықтың салашығы ретінде. Заттық құқықтардың түсінігі және мазмұны. Заттық және міндеттемелік құқықтардың салыстырмалы сипаттамасы. Заттық құқықтардың жіктелуі. Кепіл мен жалдауды заттық құқықтарға жатқызу мәселелері. Иелену заттық құқық ретінде. Меншік экономикалық категория ретінде. Меншік құқығының түсінігі объективті азаматтық құқық ретінде. Меншік иесінің өкілеттіктері, олардың мазмұны және жүзеге асыру мен қорғау шектері. Меншік иесінің ауыртпалықтары. Меншік құқығының мерзімсіздігі. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша меншік нысандары. Жеке меншік құқығы. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру. Мемлекеттік меншік құқығы. Республикалық және коммуналдық меншік. Меншік құқығының объектілері мен субъектілері. Азаматтық құқықтың жария субъектілерінің меншік құқығының ерекшеліктері. Меншік құқығына ие болу. Меншік құқығының пайда туындауының бастапқы тәсілдері. Жаңа
затты дайындау. Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын алу. Өңдеу. Жинауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру. Олжаға меншік құқығын алу шарттары. Көмбе. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малға немесе басқа да үй жануарларына меншік құқығын алу. Меншік иесі жоқ жылжитын заттарға меншік құқығын алу. Иелену мерзімі. Жемістер мен табыстарға меншік құқығы. Пәтер, гараж үшін үлестерді толық төлеу. Меншік құқығының туындауының туынды тәсілдері. Шарт бойынша алушының меншік құқығы пайда болатын кез. Заттардың берілуі. Мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну тәуекелі. Меншік құқығының тоқтатылу негіздері. Меншік құқығын ерікті және мәжбүрлеп тоқтату. Меншік иесінің еркімен меншік құқығын тоқтату. Меншік құқығынан бас тарту. Заттың қирауына немесе жойылуына байланысты меншік құқығының тоқтатылуы. Меншік иесінен оған тиесілі мүлікті мәжбүрлеп алу. Ірі бағалы заттарды сатып алу. Меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлкінен ақы өндіріп алу. Заң құжаттарына сәйкес бұл тұлғаға тиесілі бола алмайтын мүлікті иеліктен айыру. Жер учаскесін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру. Реквизиция және тәркілеу. Мемлекет меншігіне алып қою. Үлесті меншік қатысушысына ортақ мүліктегі оған тиесілі бөліктің орнына өтем төлеу. Жер учаскесін мемлекет мұқтаждықтары үшін сатып алу. Мәжбүрлеп тоқтатудың өзге де тәсілдері. Тұрғын үй-жайға меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Тұрғын үй-жайдың меншік иесінің отбасы мүшелерінің тұрғын үй-жайды пайдалану құқығы. Жер учаскесі меншік құқығының объектісі ретінде.
2.2 Ортақ меншік құқығы. Өзге де (шектелген) заттық құқықтар.
Ортақ меншіктің түсінігі және туындау негізі. Ортақ меншік құқығының түсінігі және түрлері. Ортақ үлестік меншік. Ортақ үлестік меншік құқығындағы үлестерді анықтау. Үлестік меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету. Сатып алудың басым құқығы. Үлесті меншіктегі мүлікті пайдаланумен байланысты кірістер мен шығындарды ортақ үлестік меншік қатысушыларының арасында бөлу. Ортақ үлесті меншіктегі үлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару. Ортақ бірлескен меншік, оның туындау негіздері. Ортақ бірлескен меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету. Ортақ бірлескен меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі. Шаруа және фермер қожалығының мүлкіне оның қатысушыларының ортақ бірлескен меншік құқығы. Кондоминиум ортақ бірлескен меншік құқығының ерекше нысаны ретінде. Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтарының түрлері. Шаруашылық жүргізу құқығы. Шаруашылық жүргізу құқығының түсінігі, субъектілері және мазмұны, шектері. Шаруашылық жүргізудегі мүлікке меншік құқығы. Оралымды басқару құқығының түсінігі, субъектілері және мазмұны. Қазыналық кәсіпорын мүлкі мен мекеменің мүлкіне билік ету. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығына ие болу және тоқтату. Кәсіпорын немесе мекеме басқа меншік иесіне өту кезінде мүлікке құқықтарды сақтау. Жер пайдалану құқығы және жер қойнауын пайдалану құқығы. Сервитуттар: түсінігі, түрлері, оларды бекіту тәртібі мен негіздері. Узуфрукт, эмфитевзис, суперфиций.
2.3 Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау.
Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық құралдарының жүйесі. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық және міндеттемелік-құқықтық тәсілдері. Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап етуi (виндикациялық талап). индикациялық талапты қанағаттандыру негіздері. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезiнде есеп айырысу. Меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау (негаторлық талап). Мүлікті тізімнен алып тастау туралы талап (тыйым салудан босату). Меншiк құқығын тану туралы талаптар. Меншік иесі болып табылмайтын иеленушінің құқықтарын қорғау. Билік пен басқару органдарының актілерімен меншік иесінің құқықтарын заңсыз айыру мен шектеу кезінде меншік құқығын қорғау. Меншік құқығын азаматтық-құқықтық қорғаудың өзге де тәсілдері.
3- Модуль Міндеттемелік құқық.
3.1 Міндеттеменің түсінігі мен мазмұны. Міндеттемедегі тараптар. Міндеттемені орындау.
Міндеттемелік құқықтың түсінігі мен жүйесі. Міндеттеменің түсініг мен мазмұны, оның басқа мүліктік құқықтық қатынастардан айырмашылығы. Міндеттеменің туындау негіздері. Міндеттеменің субъектілері. Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі. Міндеттемелердің жіктелуінің әселелері. Міндеттемелердің түрлері. Ортақтасқан, үлестік және субсидиарлық міндеттемелер. Үшінші тұлғалардың қатысуымен міндеттемелер. Регрестік міндеттемелер. Үшінші тұлғалардың пайдасына міндеттемелер. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы. Құқықты (талап етуді) беру. Қарызды алмастыру. Міндеттеменің орындалуының түсінігі мен қағидаттары. Міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және міндеттеменің шарттарын бір жақты өзгертуге жол берілмеуі. Міндеттемені тиісті борышқордың тиісті несие берушіге орындауы, міндеттемені борышқор үшін үшінші тұлғаның орындауы. Ортақтасқан және үлестік міндеттемелердің орындалу ерекшеліктері. Міндеттемені толық көлемде орындау. Міндеттемені бөлшектеп орындау ережелері. Міндеттемені орындау мерзімі. Міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе және бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса орындау тәртібі. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау. Міндеттемені мерзімінде орындамаудың салдары. Міндеттеме орындалатын жер. Ақшалай міндеттемені орындаудың ерекшеліктері. Міндеттемені орындау тәсілі. Міндеттемені заттай орындау. Міндеттемені қарсы орындау. Міндеттемені мерзімін өткізіп орындаудың салдары.
Достарыңызбен бөлісу: |