БАҒдарламасы қостанай, 2018 Негізгі бөлім 1 Мемлекет және құқық теориясы Молуль 1 Мемлекет және құқық теориясы


Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы



бет7/7
Дата06.07.2018
өлшемі437,5 Kb.
#48054
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы
1 Модуль Жалпы бөлік

1.1 Қылмыстық құқық түсінігі, міндеттері, жүйесі және принциптері

Қылмыстық құқық қазақстандық құқықтың дербес саласы ретінде. Қылмыстық құқық пәні және әдісі. Қылмыстық құқықтың іргелес құқық салаларынан реттеу пәні мен әдісі бойынша айырмашылығы. Қылмыстық құқықтың қорғаушылық және алдын алушылық функциясы. Қылмыстық құқықтың азаматтардың заңды мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлі. Қылмыстық құқық жүйесі: Жалпы және Ерекше бөліктері. Қылмыстық құқықтың салалық принциптері: заңдылық, әділділік, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, жеке кінәлі жауаптылық, ізгілік және қудалауды үнемдеу, жауаптылық пен жазаның болмай қоймайтындығы, жауаптылық пен жазаны жеке саралау және даралау. Қылмыстық құқық принциптерін заңда бекіту мәселесі. Мемлекеттің қылмыстық саясатының тарихи шарттылығы. Заманауи Қазақстанның қылмыстық саясатының негізгі бағыттары. Қылмыстық құқық ғылымы.



1.2 Қылмыстық заң

Жоғары заң күшіне ие, қылмыстық жазаланушы әрекеттердің шеңберін анықтайтын кодификацияланған нормативтік құқықтық акт ретіндегі қылмыстық заң түсінігі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңы. Қылмыстық заңнаманың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкестігі туралы талап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының құрамдас бөліктері ретінде. Қылмыстық заң құрылымы. Қылмыстық құқықтық норма құрылымы. Қылмыстық құқықтық норма диспозициясы мен санкциясының түрлері. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күшінің принциптері: аумақтылық, азаматтылық, нақты, әмбебап. Қылмыстық заңның уақыттағы күші. Кері күші бар қылмыстық заңдар. Қылмыстық заңды талқылау, талқылау түрлері.



1.3 Қылмыстық құқық бұзушылықтар

Қылмыстық құқық бұзушылық түсінігі. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды қылмыстарға және қылмыстық теріс қылықтарға ажырату негізіне алынған жіктер. Қылмыс түсінігі және белгілері. Қылмыс санаттары. Әртүрлі негіздер бойынша қылмыстарды жіктеу. Қылмыстық теріс қылық түсінігі және белгілері. Қылмыстық заңда «қылмыстық теріс қылық» категориясын ажыратудың тәжірибелік маңызы. Болмашы әрекет. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың өзге құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы іс-қимылдардан айырмашылығы.



1.4 Қылмыстық жауаптылық және оның негізі

Құқықтық жауаптылықтың дербес түрі ретіндегі қылмыстық жауаптылық түсінігі. Қылмыстық жауаптылық мәні және оның түрлері (позитивті және ретроспективті). Қылмыстық жауаптылықтың заңда бекітілген негізі. Қылмыстық жауаптылық негізі (негіздері) туралы сұрақтың теориялық қырлары. Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық құқықтық қатынастар. Қылмыстық құқықтық қатынас субъекттері және мазмұны. Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, іске асырылуы және тоқтатылуы. Жаза мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары қылмыстық жауаптылықты іске асыру нысандары ретінде.



1.5 Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түсінігі. «Қылмыстық құқық бұзушылық» және «қылмыстық құқық бұзушылық құрамы» ұғымдарының арақатынасы. Қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі ретіндегі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының маңызы. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері. Қылмыстық құқық бұзушылықты саралау түсінігі. Қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілерін дәл анықтаудың маңызы.

1.6 Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің түсінігі. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық қорғау объекттері және олардың иерархиясы туралы. Қылмыстық құқық бұзушылық объекттерінің түрлері (тігінен жіктеу): жалпы, тектік, тікелей. Қылмыстық құқық бұзушылық объекттерінің жіктемесінің Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін жүйелендіру үшін маңызы. Көпобъектілі қылмыстық құқық бұзушылықтардағы тікелей объекттердің түрлері (көлденеңінен жіктеу): негізгі, қосымша, факультативті. Қылмыстық құқық бұзушылық заты және оның саралаудағы маңызы. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі мен затының арақатынасы. Жәбірленушінің жеке басы және оның саралаудағы маңызы.



1.7 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және маңызы. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағын сипаттайтын белгілер. Объективтік жақ белгілерін міндетті және факультативті белгілерге бөлу. Қоғамға қауіпті іс-әрекет. Әрекет және әрекетсіздік қоғамға қауіпті іс-әрекеттің нысандары ретінде. Қылмыстық құқық бұзушылық зардабының түсінігі және түрлері. Материалды, формалды және келте құрамдас қылмыстық құқық бұзушылықтар. Қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік байланыс. Қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәсілі, орны, уақыты, жағдайы, қаруы мен құралы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағын сипаттайтын белгілер ретінде.



1.8 Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің түсінігі және маңызы. Қылмыстық жауаптылық жасына жету қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің міндетті белгісі ретінде. Жауаптылық 14 жастан бастап белгіленетін қылмыстық құқық бұзушылықтар. Есі дұрыстық қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің міндетті белгісі ретінде. Шектеулі есі дұрыстық және жасы бойынша шектеулі есі дұрыстық, олардың қылмыстық жауаптылыққа ықпалы. Есі дұрыс еместік түсінігі. Есі дұрыс еместіктің құқықтық және медициналық жіктері. Қоғамға қауіпті әрекетті жасаған адамды есі дұрыс емес деп танудың құқықтық салдары. Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субъектісі түсінігі және түрлері. Қазақстанда заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу перспективалары.



1.9 Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және маңызы. Кінә қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде. Кінә мазмұнындағы интеллектуалды және ерікті компоненттердің арақатынасы кінә нысандарын ажырату жіктері ретінде. Қасақаналық және оның түрлері. Абайсыздық және оның түрлері. Объективті айып тағуға жол берілмеушілік. Кінәсіздікпен зиян келтірудің заңда бекітілген түрлері. Бір қылмыстық құқық бұзушылықта кінәнің екі нысанының үйлесімдігінің мүмкіндігі. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық. Ниет және мақсат қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының белгілері ретінде. Қылмыстық құқықтағы қателесу түсінігі және түрлері. Фактілі қателесудің кінә мен қылмыстық жауаптылыққа әсері.



1.10 Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігінің түсінігі. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігінің күрделі дара– жалғаспалы, созылмалы, құрамдас, баламалы әрекетті, баламалы салдарлы, кінәнің екі нысанмен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардан айырмашылығы. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігінің тек заңда бекітілген нысандарының ғана болатындығы. Қылмыстардың немесе қылмыстық теріс қылықтардың бірнеше рет жасалуы. Бірнеше реттіліктің саралауға және жазаға әсері. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығының түсінігі, белгілері және түрлері. Жиынтықтың саралауға және жазаға әсері. Қылмыстардың қайталануының түсінігі, белгілері және түрлері. Қайталанудың жазаға әсері.



1.11 Қылмыстық құқық бұзушылық жасау сатылары

Қасақана қылмыс сатыларының түсінігі және түрлері. Қасақаналықтың айқындалуының жазаланбаушылығы. Дайындалу және оқталу аяқталмаған қылмыс түрлері ретінде. Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері. Дайындалудың қасақаналықтың айқындалуынан айырмашылығы. Қылмысқа дайындалудың жазаланушылығының шектері. Қылмысқа оқталу түсінігі және белгілері. Қылмысқа оқталудың дайындалудан және аяқталған қылмыстан айырмашылығы. Қылмысқа оқталу түрлері. Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық түсінігі. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының конструкциясы және оның аяқталу мезеті. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркімен бас тарту түсінігі, белгілері және құқықтық салдары. Өз еркімен бас тартудың шынайы өкінуден айырмашылығы.



1.12 Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу түсінігі. Сыбайлас қатысудың объективті және субъективті белгілері. Ортақ қылмыстық құқық бұзушылықта атқаратын функцияларының сипатына қарай сыбайлас қатысушылардың түрлері: орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші. Сыбайлас қатысу нысандары, оларды ажырату жіктері. Адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, қылмыстық топтың құқықтық сипаттамасы. Қылмыстық топ түрлері және олардың айрықшалық белгілері. Сыбайлас қатысу нысандарының саралауға және жазаға әсері. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушының шектен шығуы. Арнайы субъектілі қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу. Сәтсіз сыбайластық үшін жауаптылық. Сыбайлас қатысушының қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркімен бас тартуының ерекшеліктері. Сыбайлас қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негіздері мен шектері. Қылмысқа жанасушылық түсінігі, оның нысандары және қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудан айырмашылығы.


2 Модуль Ерекше бөлік

2.1 Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы Ерекше бөлігінің түсінігі, жүйесі, маңызы

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлігінің түсінігі және маңызы. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөліктерінің бірлігі. Құқықтық мемлекет қалыптастыру және нарықтық экономика жағдайындағы қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің міндеттері. ҚР Конституциясы, «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі, маңызы, саралау кезеңдері



2.2 Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

ҚР Конституциясы жеке адамға қол сұғылмаушылық, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, адам өмірі мен денсаулығын қорғау туралы. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері. Өмірге қарсы қылмыстар. Адам өлтірудің түсінігі және түрлері. Адам өлтіруді басқа өлтірумен байланысты қылмыстардан ажырату. Өмірге қарсы басқа да қылмыстар. Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мен адам өлтірудің айырмашылығы. Адамның өмірі мен денсаулығын қауіпті жағдайда қалдыратын қылмыстық құқық бұзушылықтар. Олардың адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан айырмашылығы. Жыныстық бостандық пен жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Шынайы өкінудің арнаулы түрлері негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.



2.3 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы отбасы мен кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау туралы. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Отбасына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



2.4 Адам және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Адам және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы сипаттамасы. Адам және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Адам және азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Адам және азаматтың экономикалық-әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



2.5 Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері. Нюрнберг трибуналының Жарғысы бойынша бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қылмыстарды топтастыру. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар. Адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Мемлекеттің халықаралық ынтымақтастығына қарсы қылмыстар.



2.6 Мемлекеттің конституциялық құрылыс негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Конституциялық құрылыстың негіздері мен мемлекет қауіпсіздігі қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде. Конституциялық құрылыстың негіздеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қол сұғушылық; Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық. Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар; мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар).



2.7 Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Қазақстан Республикасы Конституциясы меншік нысанына қарамастан меншік құқығын қорғау туралы. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері. Бөтен мүлікті жымқырудың түсінігі, белгілері. Бөтен мүлікті жымқырудың нысандары мен түрлері (ұрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу, алаяқтық, тонау, қарақшылық). Жымқыру болып табылмайтын меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтар. Бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру.



2.8 Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы сипаттамасы. Электрондық жеткізгіштегі заңмен қорғалатын ақпараттың, ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің құпиялылығына, тұтастығына және қолжетімдігіне қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар



2.9 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Қазақстан Республикасы Конституциясы экономмикалық қызметті және шаруашылық субъектілерінің мүдделерін қорғау туралы. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері. Кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Ақша-несие саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Қаржылық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Кеден саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Салық саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Банкроттықпен байланысты экономимкалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Экономимкалық қызмет саласындағы өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар.



2.10 Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы. Өкілеттіктерді теріс пайдалану. Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы. Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы. Параға коммерциялық сатып алу. Мiндеттерiне адал қарамау.



2.11 Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Қауіпсіздіктің арнайы ережелерін бұзумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар. Жалпыға қауіпті заттардың айналымының белгіленген тәртібін бұзумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



2.12 Халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Қазақстан Республикасы Конституциясы халықтың денсаулығын қорғау және имандылық туралы. Халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестердің өткізу мақсатында және өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымы. Имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



Емтихандық сұрақтар:

1. Қылмыстық құқық қазақстандық құқықтың дербес саласы ретінде.

2. Қылмыстық құқық пәні және әдісі.

3. Қылмыстық құқықтың іргелес құқық салаларынан реттеу пәні мен әдісі бойынша айырмашылығы.

4. Қылмыстық құқықтың қорғаушылық және алдын алушылық функциясы.

5. Қылмыстық құқықтың азаматтардың заңды мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлі.

6. Жоғары заң күшіне ие, қылмыстық жазаланушы әрекеттердің шеңберін анықтайтын кодификацияланған нормативтік құқықтық акт ретіндегі қылмыстық заң түсінігі.

7. Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңы.

8. Қылмыстық заңнаманың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкестігі туралы талап.

9. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының құрамдас бөліктері ретінде.

10. Қылмыстық заң құрылымы.

11. Қылмыстық құқық бұзушылық түсінігі.

12. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды қылмыстарға және қылмыстық теріс қылықтарға ажырату негізіне алынған жіктер.

13. Қылмыс түсінігі және белгілері.

14. Қылмыс санаттары.

15. Әртүрлі негіздер бойынша қылмыстарды жіктеу.

16. Қылмыстық теріс қылық түсінігі және белгілері.

17. Қылмыстық заңда «қылмыстық теріс қылық» категориясын ажыратудың тәжірибелік маңызы.

18. Болмашы әрекет.

19. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың өзге құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы іс-қимылдардан айырмашылығы.

20. Құқықтық жауаптылықтың дербес түрі ретіндегі қылмыстық жауаптылық түсінігі.

21. Қылмыстық жауаптылық мәні және оның түрлері (позитивті және ретроспективті).

22. Қылмыстық жауаптылықтың заңда бекітілген негізі.

23. Қылмыстық жауаптылық негізі (негіздері) туралы сұрақтың теориялық қырлары.

24. Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық құқықтық қатынастар.

25. Қылмыстық құқықтық қатынас субъекттері және мазмұны.

26. Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, іске асырылуы және тоқтатылуы.

27. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түсінігі.

28. «Қылмыстық құқық бұзушылық» және «қылмыстық құқық бұзушылық құрамы» ұғымдарының арақатынасы.

29. Қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі ретіндегі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының маңызы.

30. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері.

31. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері.

32. Қылмыстық құқық бұзушылықты саралау түсінігі.

33. Қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілерін дәл анықтаудың маңызы.

34. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің түсінігі.

35.Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық қорғау объекттері және олардың иерархиясы туралы.

36.Қылмыстық құқық бұзушылық объекттерінің түрлері (тігінен жіктеу): жалпы, тектік, тікелей.

37. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және маңызы.

38.Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағын сипаттайтын белгілер.

39.Объективтік жақ белгілерін міндетті және факультативті белгілерге бөлу.

40.Қоғамға қауіпті іс-әрекет.

41.Әрекет және әрекетсіздік қоғамға қауіпті іс-әрекеттің нысандары ретінде.

42.Қылмыстық құқық бұзушылық зардабының түсінігі және түрлері.

43.Материалды, формалды және келте құрамдас қылмыстық құқық бұзушылықтар.

44. Қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік байланыс.

45.Қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәсілі, орны, уақыты, жағдайы, қаруы мен құралы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағын сипаттайтын белгілер ретінде.

46. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің түсінігі және маңызы.

47.Қылмыстық жауаптылық жасына жету қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің міндетті белгісі ретінде.

48. Жауаптылық 14 жастан бастап белгіленетін қылмыстық құқық бұзушылықтар.

49.Есі дұрыстық қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің міндетті белгісі ретінде.

50.Шектеулі есі дұрыстық және жасы бойынша шектеулі есі дұрыстық, олардың қылмыстық жауаптылыққа ықпалы.

51.Есі дұрыс еместік түсінігі.

52.Есі дұрыс еместіктің құқықтық және медициналық жіктері.

53.Қоғамға қауіпті әрекетті жасаған адамды есі дұрыс емес деп танудың құқықтық салдары.

54.Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субъектісі түсінігі және түрлері.

55.Қазақстанда заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу перспективалары.

56. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.

57. Кінә қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде.

58.Кінә мазмұнындағы интеллектуалды және ерікті компоненттердің арақатынасы кінә нысандарын ажырату жіктері ретінде.

59.Қасақаналық және оның түрлері.

60.Абайсыздық және оның түрлері.

61. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігінің түсінігі.

62.Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігінің күрделі дара– жалғаспалы, созылмалы, құрамдас, баламалы әрекетті, баламалы салдарлы, кінәнің екі нысанмен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардан айырмашылығы.

63. Қасақана қылмыс сатыларының түсінігі және түрлері.

64. Қасақаналықтың айқындалуының жазаланбаушылығы.

65. Дайындалу және оқталу аяқталмаған қылмыс түрлері ретінде.

66. Қылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері.

67. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу түсінігі.

68. Сыбайлас қатысудың объективті және субъективті белгілері.

69. Ортақ қылмыстық құқық бұзушылықта атқаратын функцияларының сипатына қарай сыбайлас қатысушылардың түрлері: орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші.

70. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлігінің түсінігі және маңызы.

71. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөліктерінің бірлігі. Құқықтық мемлекет қалыптастыру және нарықтық экономика жағдайындағы қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің міндеттері.

72. ҚР Конституциясы, «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

73. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі, маңызы, саралау кезеңдері

74. ҚР Конституциясы жеке адамға қол сұғылмаушылық, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, адам өмірі мен денсаулығын қорғау туралы.

75. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері.

76. Өмірге қарсы қылмыстар.

77. Қазақстан Республикасының Конституциясы отбасы мен кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау туралы.

78.Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы.

79.Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

80.Отбасына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

81. Адам және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы сипаттамасы.

82.Адам және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

83.Адам және азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

84. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде.

85.Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

86. Конституциялық құрылыстың негіздері мен мемлекет қауіпсіздігі қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде.

87.Конституциялық құрылыстың негіздеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

88. Қазақстан Республикасы Конституциясы меншік нысанына қарамастан меншік құқығын қорғау туралы.

89.Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері

90. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы сипаттамасы.

91. Қазақстан Республикасы Конституциясы экономмикалық қызметті және шаруашылық субъектілерінің мүдделерін қорғау туралы.

92.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері.

93. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы.

94. Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде.

95.Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері.

96 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

97. Қазақстан Республикасы Конституциясы халықтың денсаулығын қорғау және имандылық туралы.

98.Халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлері.

99.Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.

100.Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестердің өткізу мақсатында және өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымы.

101.Имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Борчашвили И.Ш.Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая часть (Том 1) ­ Алматы: Жеті жарғы, 2015. ­ 500 с.

2. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан./Под ред. С.М. Рахметова, И.И. Рогова. -Алматы: ТОО Издательство «Норма-К», 2016. -752 с.

3. Уголовное право Республики Казахстан: Общая часть: Учебник. /Отв ред. И.И. Рогов, К.Ж. Балтабаев. –Алматы: Жеті жарғы, 2016. -448 с.

4. Бекмагамбетов А.Б., Ревин В.П. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. /Под ред. В.П.Ревина. –Алматы: Жеті жарғы, 2015. -504 с.

5. Котова Н.К. Уголовное право Республики Казахстан: Общая часть: Учебное пособие. – Алматы: Академия экономики и права, 2013. – 218 с.

6. Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права Республики Казахстан (сравнительный комментарий к книге Дж.Флетчера и А.В.Наумова «Основные концепции современного уголовного права»). - Алматы: Жеті Жарғы, 2001. – 256 с.

7. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть: Курс лекций. /Под ред. И.Ш.Борчашвили. Алматы: Жеті Жарғы, 2006. - 632 с.

8. Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы және Ерекше бөліктер. – Алматы: Жеті Жарғы, 2015. – 768 б.

9.Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Особеннаячасть (Том 2) / Борчашвили И.Ш. –Алматы: Жеті жарғы, 2015. –1120 с.

10. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / под ред. Рахметова С.М., Рогова И.И. –Алматы: ТОО Издательство «Норма-К», 2016. –752 с.

11. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части / под общ. ред. И.Ш. Борчашвили. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. –992 с.

12. Уголовное право Республики Казахстан: Особенная часть в 2 т. (главы 1 - 10). Учебник для вузов / отв. ред. Рогов И.И., Балтабаев К.Ж., Коробеев А.И. – Алматы: Жеті жарғы 2016. –500 с.

13. Уголовное право Республики Казахстан: Особенная часть в 2 т. (главы 11-18). Учебник для вузов /отв. ред. Рогов И.И., Балтабаев К.Ж., Коробеев А.И. – Алматы: Жеті жарғы, 2017. –540 с.



14. Бекмагамбетов А.Б., Ревин В.П., Рыхлов О.А. Уголовное право Республики Казахстан. Общая и Оосбенная части /под ред. В.П.Ревина. –Алматы: Жеті Жарғы, 2010.– 856 с.


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет