1.
2.
Ән шашу:___________________________________________________
2-Жүргізуші:
Отанның бір ұл қызы.
Халықтың бір жұлдызы.
Оқимыз ақын жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын деп кезекті мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге береміз!
(музыка ойнайды 1 сынып оқушыларының ән шашуы)
1-Жүргізуші:
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға- деген ұлы Абай атамыз.
Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізген тәлім тәрбие, үлгі өнеге өлшеусіз.
Ұстаздар бүгінгі еккен дәндеріңіз ертеңгі күннің кепілі.
Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Қоғам мен болашақ алдындағы еңбектеріңіз өлшеусіз ескеріле берсін.
Бүлдіршіндерге арналған келесі құттықтау сөз бірінші сыныптың жетекшілері Байсеитова Гульнара Ерғалиқызы
Ата аналары атынан Сейтжанова Гульнар Жанқожақызына беріледі.
Ән шашу:_________________________________________________
2- Жүргізуші:
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін 1 сынып табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз Нұрлан Айсезім ,
және 11 сынып оқушысы Болат Дархан тапсырылады.
(Қоңырау соғу рәсімі ортаға үш оқушы шығады )
1-Жүргізуші:
Ұмытпаймын алғаш қоңырау үнін
Ұмытылмас елім үшін күн бүгін
Мектептегі алғаш берер білімге
Соғайықшы алғашқы қоңырау сыңғырын
( Қоңырау соғу рәсімі)
2-Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер ұл мен қыз болсын.
Осымен 1 қыркүйек білім күні «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты салтанатты жиынымыз аяқталды.
Шәкірттеріміз бен ата- аналар, қонақтар баршаңызды сынып сағаттарына шағырамыз!
Бекітемін
Мектеп директоры
М.А.Арынов----------------------------
«Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1 қыркүйек білім күні «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты салтанатты жиынның бағдарламасы
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |