АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Электр машиналары және электр жетегі» кафедрасы
№6 зертханалық жұмыс
“Электр машиналары ” пәні
Мамандығы: Ауыл шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз ету .
Орындаған: Алшора Алия
Тобы: ЭСХк 20-1.
Аға оқытушы : Тойғожинова Ж.
--------------------------------«------» ----------------- 2022 ж. (бағасы) (қолы)
Алматы 2022
Зертханалық жұмыс №6. Параллель қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқыштарын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: параллель қоздырылатын қозғалтқышты жүргізу тәсілдерімен танысу, қозғалтқыштың механикалық, жұмыстық және реттемелік қасиеттерін осыларға сәйкес сипаттамаларын түсіру жолымен зерттеу.
Жұмыстың бағдарламасы.
Параллель қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқыштын (ПҚТТҚ) эксперименттік зерттеу схемасын, жұмыста пайдаланылатын модульдердің құрамы мен атқаратын жұмысын оқып үйрену.
ПҚТТҚ эксперименттік зерттеу үшін қажетті схеманы жинау.
Табиғи механикалық сипаттаманы түсіру.
Якорь тізбегіне кедергі кіргізген кездегі жасанды механикалық сипаттаманы түсіру.
Магнит өрісі нашарлаған кездегі жасанды механикалықсипаттаманы түсіру.
ПҚТТҚ жұмыстық сипаттамаларын түсіру.
Қозғалтқыштың қысқаштарына берілетін кернеу өзгерген кездегі қозғалтқыштың реттемелік сипаттамасын түсіру.
Магнит өрісін әлсірету жолымен қозғалтқыштың реттемелік сипаттамаларын түсіру.
Эксперимент мәліметтерін өңдеу, есептесуге дайындалу және жұмыс бойынша қорытынды жасау.
Жұмысқа түсінік беру
Лабораториялық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:
- стендті қоректендіру модулі (МПС);
қоректендіру модулі (МП);
автотрансформатор модулі (ЛАТР);
күштік модулі (СМ);
қосымша кедергілер модулі №1 (МДС1);
қосымша кедергілер модулі №2 (МДС2);
өлшеу модулі (МН);
қуат өлшеу модулі (МНМ).
Лабораториялық жұмысты орындамас бұрын барлық модульдерді алғашқы қалпына келтіреміз:
ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын төменгі қалпына қойыңдар, ал автотрансформатордың тұтқасын сағат тіліне қарсы бағыттағы ең шеткі қалыпқа қойыңдар;
МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқыштарын « » қойыңдар;
МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «0» қойыңдар;
МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «0» қойыңдар;