«Павлодар қаласы №20 лицей- мектебі» ММ
Жаз - 2013
жазғы бейінді лагерь
БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар, 2013г.
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаны жасау негіздері:
ҚР “Білім туралы” Заңы
Баланың құқығы туралы БҰҰКонвенциясы
«Қазақстан Республикасы балалар құқығы туралы» Заңы
«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы»Заңы
«Жастардың мемлекеттік саясаты туралы»Заңы
«Кәмелетке толмаған балалардың арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу және қараусыз және қаңғыбас балаларды ескерту туралы»Заңы
Түсініктеме хат
№20 лицей- мектебінің негізгі міндеттерінің бірі - балалардың және жасөспірімдердің жазғы бос уақытын қамту кезеңінде демалысын ұйымдастыру, шығармашылық деңгейін және интеллектуальдығын дамыту, денсаулығын сақтау және нығайту.Қойылған міндеттер жазғы мектеп жанындағы бейіндік лагерьдің ауысымы есебінен жүзеге асырылады. Осы бағдарламада балаларға жаңа өмірлік тәжірибе алуға және жинақтауға мүмкіншілік беретін мектеп жанындағы бейіндік лагерьдің сұрақтары қарастырылады.
Мектеп жанындағы лагерьде дем алу артықшылықтарына ие болады:
8,10 сынып оқушылары үшінмектеп жанындағы лагерьде дем алу қолжетімділігі;
Әр оқушының шығармашылық және интеллектуальдық іс- шараларға қатысуы арқылы жеке тұлғалықтың өсуі;
Жаңа білім, білік, дағды алу мүмкіншілігі;
Қаланың көшелерінде, далада болатын қайғылы оқиғалардың және құқық бұзушылықтың, қаңғыбастылықтың алдын- алу;
Ғылыми жобаларға, пән олимпиадаларына жәнеинтеллектуальдық байқауларға
дайындық.
Негізгі мақсаттары:
Оқушылардың жазғы бос уақытын қамту бойынша жағдай туғызуға кепілдік беру және стратегиялық басымдықтыанықтау.
Міндеттері:
Жазғы демалыс күндері мектеп оқушыларының бос уақытын қамту және толықжарамды демалысын ұйымдастыру;
Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту;
Салауатты өмір салтын сақтау көзқарасына жауаптылығын қалыптастыру;
Ғылыми жобаларға, пән олимпиадаларына және интеллектуальдық байқау жарыстарына дайындық жасау;
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Жазғы ауысымдықлагерь №20 лицей- мектебінде өткізіледі және 15 күннен тұрады. Мектеп оқушыларын қамту орташа 80- нен 90 адам – 8,10 сынып оқушыларынан құралады. Жұмыс оқушыларды мақсаттылыққа, өздігінен тырысуға, жауаптылыққа дағдыландырудың негізгі маңыздылығына, біліктілік тұлғасын дамытуға, әлеуметтік үрдіске белсенді қатысуға бағытталған. Жұмысты ұйымдастырупедагогикалық үрдісті ұйымдастырушылардың бірдей тұлғалық ұстанымын және тең құқықтық, шығармашылық, қызметтестікті ұйымдастыруда ата- аналар, педагогтар, оқушылардың іс- әрекетін және қарым- қатынасын қалыптастырады.
Ауысымның мазмұндық моделі іс- әрекеттің 3 бағытын қарастырады:
Рис1.иАуысымның мазмұндық моделі
Оқу – зерттеу бағыты
Міндеттері:
оқушылардың негізгііс- әрекеті интеллектуальдық байқаулар, пән олимпиадалары, ғылыми жобаларға дайындық жасау және білім, білік, дағды жүйесін жетілдіру;
балалар үшін толықжарамды демалыс ұйымдастыру;
әр оқушының деңгейін көтеру;
ұжымдық қарым- қатынасты дамыту;
салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыру;
оқушылардың өзін- өзі жүйелеуге жағдай туғызу;
оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Іс- әрекеттер бағыты интеллектуальдық байқаулар және пән олимпиадаларына дайындық , ғылыми жобалар жұмысы бейінді сабақтар есебі бойынша жүзеге асырылады.
Жұмысқа қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін лицей- мектебінің пән мұғалімдері мен ИнЕУ оқытушылары қатыстырылады.
Сауықтыру – шынықтыру бағыты
Міндеттері:
оқушылардың денсаулығын нығайту үшін қажетті жағдайлар туғызу;
оқушылардың гигиена ережесі, салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейту;
салауатты өмір салты туралы дағдыларын дамыту;
салауатты өмір салтына өздігінен дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
Осы бағдарламаның бағытын жүзеге асыру үрдісінде балалар денсаулық негіздері бірнеше аспктіден тұратынын біледі:
сезімталдық;
әлеуметтік;
танымдық;
руханилық.
Бір- біріне тәуелділік бөлімнен тұратын денсаулық бір бүтін түріндегі ұғымды білдіреді. Әуелі лагерь оқушылары өздерінің – «Өмір заңдылығы» ережесін қабылдауда мыналарды ұсынады:
- жағымсыз әдеттерден бас тарту (темекі шегу, ішімдік, нашақорлық);
- белсенді қозғалмалы күн тәртібі;
- тиімді тамақтану;
- шынығу;
- жеке басының гигиенасы;
- жағымды көңіл- күй т.б.
Аталған бағыт қызметі бойынша шынығу шаралары, спорттық мерекелер, спартакиадалар, ойындар, психолог пен медицина қызметкерлерімен сабақтар күнделікті дене шынықтыру сабақтары есебінен жүзеге асырылады.
Балалардың сауықтыру шаралары үшін мынадай жағдайлар туғызылған:
- стадион қызметі;
- спорт залы;
- жаттығу залы;
- медициналық кабинет;
- бассейн.
Келесі жағдайларбалалардың денсаулығын нығайтады:
- балалардың толыққанды тамақтануы;
- тамақ қабылдау гигиенасы;
- күн тәртібі;
- еңбек және демалысты ұйымдастырудың тиімділігі;
- таза ауада таңғы жаттығу жасау;
- таза ауада лагерьдің негізгі іс- әрекеттерін ұйымдастыру.
Бос уақытты қамту бағыты
Міндеттері :
- балалардың шығармашылық деңгейін ашу;
- танымдық қызығушылығын, ой- өрісін кеңейту;
- балалардың шығармашылық ойлау және креативтілігін дамыту;
- оқушылардың өзін- өзі анықтау мен өзін- өзі жүйелеу бағыты;
- ұжымда бір- біріне көмек көрсету;
- оқушылардың мәдени негіздерін қалыптастыру.
Жұмыс түрлері:
Бұқаралық шаралар:
- күнделікті шығармашылық шараларды дамытушылық түрде ұйымдастыру;
- думан,кештерді,сайыстарды,ток-шоуды және мерекелерді ұйымдастыру;
- тақырыптық мерекелік күндер.
Шығармашылық- танымдық іс- әрекет:
- конкурс, байқаулар, ойындар, викторина өткізу;
- тақырыптық күндерге байланысты мерекелер.
4 бейінді отрядтың ұйымдасуы негізінде, ауысымның құрылымдық моделі өзінің құрамына 4 бейінді отрядты қосады:
Рис1.иАуысымның құрылымдық моделі
Бейінді отрядтароқушылардың таңдауы бойынша қалыптасады .
Жаратылыстану -математикалық профиль математика, физика, информатика, химияжәне биология пәндерін тереңдетіп оқытуды қарастырады.
Отряд тәрбиеленушілері үшін лицей- мектебінің мұғалімдері және ИнЕУ педагогтары«Тапсырмаларды шешу бойынша тәжірибе», «IT – технология», «Логикалық математика», «Экономикалық сауаттылық негіздері», «Физика және Қазақстан энергетикасы»және тағы басқа сабақтарын өткізеді.
Отрядтың құқықтық бейінділікбағытындағы оқу сабақтары азаматтық және құқықтық сауаттылығын дамытуға бағытталады. Оқушылар мәденитану, дінтану, Қазақстан тарихы, құқық негіздерін терең түрде игереді.
Отрядтың спорттық бейінділікбағытындағы сабақтарды ұйымдастыру өзінің денсаулығына сауатты қарым- қатынасы және жауаптылығын қалыптастыруға бағытталған. Отряд жұмысыанатомия негіздері,валеология, психология, химия жәнеденсаулық, шахмат және оқушылардың спорттық секциялары: жекпе- жек , волейбол, теннискеқатысуы есебінен жүзеге асырылады.
Отрядтық көптілділік бейіндік бағыты қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай және француз тілдерін үйренуді қарастырады. Тәрбиеленушілер сабақтарда сауаттылық, сөйлеу дағдысын үйреніп қана қоймай, сөйлеу мәдениеті, көпшілік алдында сөйлеу, және этимологиялық сөздермен танысады.
Отряд жұмысына №20 лицей- мектебінің мұғалімдері ғана белсенді қатыспайды, сонымен қатар, ИнЕУ педагогтары да өз үлестерін қосады.
Өту орны мен мезгілі:
Мектеп жанындағы бейінді лагерь «Балдаурен» № 20 лицей- мектебінде2013 жылдың 1 - 14 маусым айында, сағат 9.00 -ден 14.00-ге дейін өткізіледі.
Күн тәртібі:
8.45 – 9.00 – Балаларды қарсы алу
9.30 – 9.00. – Жаттығу. Сауықтыру шаралары.
9.35– 11.05 – Оқу сабақтары.
11.15 – 11.35 – Түскі ас.
11.35 – 13.00 – Мәдени іс- шаралары.
Бейінді лагерьдегі өзін- өзі ұстау ережесі.
Тәрбиешінің рұқсатынсыз лагерьді тастап кетуге болмайды.
Тәрбиешінің талаптарын орындау.
Лагерьдегі отряд жұмыстарына белсене қатысу.
Лагерь өмірін жақсарту жөніндегі өз ұсыныстарын айту.
Лагерь заңдылығы.
Аумақ заңы.
Рұқсатсыз лагерьді тастап кетуге болмайды. Өз лагеріңнің қожайыны бол және есіңе сақта: жанымызда көршілер бар, бір- бірімізге бөгет жасамауымыз қажет.
Оң қол заңы.
Егер тәрбиеші оң қолын көтерсе, бәрі тынышталады.
00заңы
Біздің уақытымыз қымбат: әр сағатын сақта. Ешқашан кешікпеу үшін 00 заңының орындалуын қадағала.
Мотор заңы
Көңілсіздік жойылсын!
Достық заңы.
Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!
Шығармашылық заңы
Адамдардың қуанышы үшін әрқашан, барлық жерде, барлығы қолымыздан келеді!
Бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтиже:
- 80- нен кем емес балаларды сауықтыру;
- мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;
- оқушылар арасында әлеуметтік теріс көріністердің өсу деңгейін төмендету;
- оқу- танымдық қызығушылығын дамыту, ғылыми- зерттеу іс- әрекет дағдыларын қалыптастыру.
Әдебиеттер:
Афанасьев С., Комарин С. -Мы в школьном лагере: коллективно-творческие дела в школьном лагере \ метод.пособие для организаторов летнего отдыха детей в оздоровительных лагерях. - Выпуск № 4\2001г.
Барканов С.В., Бузырева Л.М., Дианова Т.Ф., Журавлёв М.И. -Организация летнего отдыха детей и подростков. - М.,1998.
Волохов А.В.–Будем работать вместе.– М.,1996.
Коллективно-творческие дела в школьном лагере \ метод.пособие для организаторов летнего отдыха детей в оздоровительных лагерях. - Выпуск № 5\2001г.
Нещерет Л.Г. -Детский праздник в школе, оздоровительном лагере, дома .- М.,2000.
Поломис К. -Дети в школьном лагере.– М.,1991.
Сысоева М.Е. -Организация летнего отдыха детей \Учеб .- метод.пособие.-М.,1999.
Достарыңызбен бөлісу: |