Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері



бет13/53
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#20366
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53
Статистикалық әдіс
Математикалық статистиканың негізгі түсініктері. Молекулалық жүйедегі кездейсоқ оқиғалар мен кездейсоқ шамалар. Броундық қозғалыс және оны молекулалық физикада байқалатын кездейсоқ шамалар мысалы ретінде қарастыру. Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Термодинамикалық жүйелердің статистикалық ансамблі туралы түсінік. Ансамбль бойынша орташа мен уақыт бойынша орташаны анықтау. Эргодикалық гипотеза. Флуктуация. Биномдық үлестірілуі. Пуассон үлестірілуі. Гаусс үлестірілуі. Микрокүй мен макрокүй. Термодинамикалық ықтималдықты статистикалық салмақ белгілі бір макрокүйге алып келетін микрокүйлер саны ретінде қарастыру.
Молекулалардың жылдамдық бойынша МаксвеллдіҢ үлестірілуі
Газдағы молекулалардың сипаттауыш орташа жылдамдықтары. Берілген жылдамдық интервалындағы молекула саны. Әр түрлі температураларда және газ қоспасындағы әртүрлі химиялық компоненттер үшін Максвелл үлестірілуі. Максвелл функциясының өлшемсіз түрі.
Газдың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Тепе-теңдік күйдегі газ молекулаларының жылулық бей-берекет қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші - температура. Больцман үлестірілуі. Перрен тәжірибесі. Максвелл-Больцман үлестірілуі. Молекулалық шоқтармен жасалған тәжірибелер Максвелл үлестірілуінің эксперименттік дәлелі.
Термодинамиканың бірінші бастамасы
Термодинамиканың зерттеу пәні. Термодинамиканың негізгі заңдары термодинамика бастамалары-энергия түрленуімен өтетін құбылыстарды тәжірибелік қорытындылау нәтижесі. Күй функциялары. Термодинамиканың нөлдік бастамасы. Температура. Термодинамиканың бірінші бастамасы және оның физикалық мәні. Термодинамиканың бірінші бастамасының бірінші текті мәңгілік қозғалтқыш жасауға тиым салуы. Ішкі энергия-күй функциясы. Термодинамикадағы жұмыс және жылу ішкі энергияның өзгеру түрлері. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Жылусиымдылық. Жылусиымдылық арасындағы қатынастар және оларды идаел газ молекулаларының еркіндік дәрежелері саны арқылы көрсету. Жылусиымдылықтың классикалық теориясының жетімсіздігі. Жылусиымдылықтың кванттық теориясы жөнінде түсінік. Термодинамиканың бірінші заңын және идеал газ күй теңдеуін изобаралық, изохоралық, изотермдік және адиабаттық процестерді сипаттау үшін қолдану. Әртүрлі процестердегі термодинамикалық жүйенің жылусиымдылығы. Әртүрлі координаттардағы процестер графиктері: жұмыстық диаграмма, жылулық диаграмма. Политроптық процесс. Политроптық процестің жылусиымдылығының политроп көрсеткішіне тәуелділігі.
Термодинамиканың екінші бастамасы
Циклдік процестер. Цикл жұмысы. Карно циклі. Карно цикліның пайдалы әсер коэффициенті ПӘК. Карно теоремалары. Клаузиус теңсіздігі. Энтропия. Термодинамиканың екінші бастамасы. Кельвин тұжырымдамасы. Клаузиус тұжырымдамасы. Термодинамиканың екінші заңының басқа тұжырымдамалары және олардың эквиваленттілігі. Термодинамиканың екінші бастамасының екінші текті мәңгілік қозғалтқыш жасауға тиым салуы. Циклдардың техникада қолданылуы. Идеал газдың энтропиясы. Жылулық ластаудың көзі мен оны азайту тәсілдеріне қоршаған ортаны жылулық машиналарының тоңазытқыш ретінде пайдалануы. Оқшауланған жүйеделерде энтропияның өсу заңы. Қайтымсыз процестертегі энтропияның өзгерісі. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаты. Негізгі термодинамикалық теңбе-теңдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет