Бағдарламасы «Практикалық психологияның қазіргі кездегі мәселелері»



бет1/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#6109
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.__

/03-2010


Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Практикалық психологияның қазіргі кездегі мәселелері»


Ред.№ 1 02.09.2008 ж. орнына

ред. №__ _____


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»


050503 – «Психология» мамандықтарына арналған



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР






Семей 2010



АЛҒЫ СӨЗ
1 ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының оқытушысы Кунслямова Т.К.

____________«___»__________2010 г.

2 ҚАРАЛДЫ

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Психология»

кафедрасының отырысында

Хаттама № ____ __________ 2010 ж. № __.
Кафедра меңгерушісі _____________Сатиева Ш.С.
2.2. ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №____ __________ 2010 ж. № __.


Төрайымы ______________Колмогорова Г.Б.
3 БЕКІТІЛДІ

3.1.Университеттің оқуөәдістемелік кеңесінің отырысныда



Хаттама № ____ __________ 2010 ж.№ __.
ОӘК төрайымы,бірінші проректор_____________ Молдажанова А.А.


МАЗМҰНЫ





1

Глоссарий




2

Дәрістер




3

Практикалық және лабораториялық сабақтар




4

Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дауындау




5

Студенттердің өздік жұмысы





1 ГЛОССАРИЙ

  1. Акселерация – физиологиялық және психикалық даму процесінің тез қарқында өтуі, соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.

  2. Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені оның интеллектуалдық және жеке дамуына сәйкес меңгеру процесі немесе нәтижесі.

  3. Байқау әдісі - белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерешеліктерін қадағалауы.

  4. Білім беру - бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерілуін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін детілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді.

  5. Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.

  6. Даралық - бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығы, өзіне тән ерекшелігі бар, ешкімге ұқсамайтындығы туралы сипаттама.

  7. Жеке тұлға ө әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі

  8. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  9. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  10. Инсайт – адамның қандай да бір мәселенің шешімін күтпеген жерден табуы.

  11. Инфантилдік – ересек адамда балалық жасқа тән дене немесе психикалық келбет сақталудан көрінетін дамудың кешеуілденуі.

  12. Когнитивтік сфера – сана және танымдық процестермен байланысты адам психологиясының бір бөлігі.

  13. Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар, факторлар мен объектілердің жиынтығы.

  14. Локомация – жануарлар мн адамның кеңістікте белсенді қозғалып жүруін қамтамасыз ететін қимылдар жиынтығы.

  15. Манипуляция – көбінесе заттың атқаратын міндетін ескермей-ақ жасалынатын бір немесе екі қолдың қарапайым қимылы.

  16. Тәжірибе – зерттеуші өзіне өажыетті жан қуаттарының көлденеңнен көз болуын күтіп тұрмай,сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.

  17. Тест – адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс

2 ДӘРІСТЕР
Тақырып 1. Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсету

Тәжірибелік психологияның пәні. Тәжірибелік психология салалары. Тәжірибелік психологияның даму тарихы.

1.1. Тәжірибелік психологияның пәні

Тәжірибелік психология - психикалық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық, көрсетіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өндеу жолдарын анықтайтын психологиялық ғылымдардың бip саласы.

Психологиялық қасиеттерді зерттеу өте күрделі процесс. Оның барысында көптеген психодиагностикалық, әдіс-тәсілдер қолданылып, әр адамның психикалық қасиеттерін, күй-жағдайларын, таным процестерін зерттеп, олардың даму деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен бipre психикалық қасиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т.б. жәрдемді ұйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді. Тәжірибелік психологияның қызмет аясы өте кең және әртүрлі болуымен байланысты оның жекелеген салалары пайда болды. Оларға қысқаша тоқтап өтейік.

Инженерлік психология қазіргі кезде тәжірибелік психологияның ең үлкен салаларының бipi болып отыр. Оның зерттейтін мәселелері ғылым мен техниканын дамуына және техниканы адам өмірінін барлык салаларында кеңінен қолдануымен байланысты туып отыр. Техникалық құрал жабдықтармен жұмыс жасау адам мен машина арасындағы қатынас ерекшеліктерін анықтау және адам ағзасына техниканын тигізетін әсерін бағалауды талап етеді. Сондықтан инженерлік психологияның негізгі мақсаты — адам еңбекке және денінің саулығына техникалық жабдықтар конструкциясының тигізетін әcepiн анықтау, оның икемі болу жолдарын табуға әз үлесін қосу. Қызмет атқару орынның түр-түci, техникалық құралдардың дизайны адамның психикалық жағдайына үлкен әсерін тигзетінін дәлелденген.

Ocы ғылыми қағидаларға сүйене отырып көптеген жұмыс орнын жабдықтау стандарттары анықталған. Қaзipгi кезде кеңінен қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі оператордың сезім мүшелері қызметіне ерекше талаптар кояды. Мысалы, панелде орналаскан өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін толық қамту үшін оператор көзінің маршрутын анықтап, барлық жабдықтарды соған сай орналастыру қажет.

Сонымен қатар адамның мағлұматтарды қабылдап, оларды жүйелі түрде талдау, мән-мағынасына түciніп жауап қайтару инженерлік-техникалық кадрлердің сенсорикасының ерекшеліктерімен байланысты. Техникалық құрал-жабдықтар қимыл әрекеттің және жауап реакцияның жылдамдығын талап етеді. Ұзақ уакыт ішінде өлшеу аппараттары көрсеткіштерне қадалып отыру оператордың қызметінің сапасына тepic әсерін тигізуі мүмкін. Мамандық аурулардың алдын алу проблемасы, техника мен адам арасындағы қатынасты оңтайландыру және сол сияқты көптеген күрделі мәселелердің өзін зерттеуді және мүмкіндігінше тезірек шешуді қажет eтiп отыр. Сондықтан инженерлік психология өте тез дамып келе жатқан сала.

Әлеуметтік ортада психологиялық қызмет көрсетудің өзін бірнеше салаға бөліп көрсетуге болады. Қaзipгi кезде сұранысқа ие болып отырған отбасына психологиялық қызмет көрсетудің мән-мағынасы өте терең. Отбасындағы тәлім-тәрбиеінің ұйымдастыру жолдарын ата-анаға үйрету, "қиын" және "қиналып" жүрген ата-аналар мен балаларға тоқыраудан шығу жолдарын көрсету, нашақор, ішкіш, дромомания тағы басқа нормадан ауытқуы барларға түзету шаралары арқылы көмек көрсету мәселелері психологтың көмегін талап етіп отыр.

Келесі саласы — тәжірибелік педагогикалық психология. Тәжірибелік психологияның бұл саласы оқушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға психологиялық қызмет көрсету жолдарын жан-жақты зерттеді. Психологиялық қызмет көрсету — балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлесін қосады.

Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жаңа ұйымдастырылып келе жатыр. Оның мазмұны, ұйымдастыру формалары, қолданылатын әдіс-тәсілдері әлі жүйеге келтірілген жоқ. Сондықтан әр психолог орысшадан өзі аударған зерттеу әдістерін қолданып, оқушылардың таным процестерін коррекциялау жолдарын шамасы келгенше анықтап келеді.

Тәжірибелік психологиялық зерттеулер адамзат қанша өмр сүрсе, сонша уаыыт дамып келе жатыр деп айтуға болады. Өйткені адам адам болғалы өзінің тәнімен қатар жанының ерекшеліктерін де жете біліп, оны басқару, өндеу жолдарын анықтап алуға құмарлығы өте зор болды. Дегенмен нақты психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу әдістері анықталып, жекелік психологиялық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізілді.

Тәжірибелік психологиялық зерттеу негізін құрушылардың айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психологиялық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу женілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. Тәжірибелік психология дамуындағы бұл кезең клиниқалык деп аталады.

XIX ғасырдың екңншң жартысында жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психологиялық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты темпераментке жан-жақты сипаттама берілді. Сеченов, Павлов жүргізген зерттеулер нәтижесінде олар екінші сигналдык жүйенің, нағыз адамдығ қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезді, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.

Жекелік психологиялық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап кабілетті зерттеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялыҚ зертханалар ашылып, барлыҚ талапкерлердің ic-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бip-бipiмен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Психологиялық зерттеулерде математикалық және статистикалық тәсілдерді колдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен факторлық, талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен аныктауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көп өлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бip-бipiмен корреляциялық байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқалуын статистикалық жолменен талдауға жол ашылды.

Келесі кезеңде Г. Айзенк және Р. Кеттел факторлық талдауды жекелік психологиялық қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға, барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бip-бipiмен ұштастырып анықтауға жол ашылды. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу тecтepi кеңінен колданыла бастады. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т. Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жекелік касиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді аныктауға арналған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психологиялық касиеттерін жан-жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеуге арналған Я. Морреноның социометриялық зерттеу әдісі, К. Левиннің өлшеу әдістемелері, Я. Коломенскийдің ұжымның қалыптасу деңгейін бағалау тecтepi кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары, мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау кызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шараларын ұйымдастыратын орталықтар ашылады. Тәжірибелік психологияның дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.

Қазipгi кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуда. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық кызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгін күн талабы деп айтуға әбден болады.

1.2. Мектептегі психологиялық қызметінің мазмұны

Психологиялық кызметті ұйымдастыруға үлгі болатын модельдер. Мектеп психологиялық қызметінің мақсаты мен міндеттері. Балаға психологиялық көмек көрсету міндеттері мен салалары.

Білім беру саласында психологиялық кызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихы және мол тәжірибесі бар. Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындағы психологиялық кызметтің даму тарихын жіне қазіргі жағдайын Р.Б.Радионов, И.А.Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеген. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалаық көрсеткштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды.

Өткен ғасырдың басында Францияда А. Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бipнешe мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық кабілетін зерттеу жұмысын жолға койды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүpгiзгeн тәжірибесін қортындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білyi қажет екенін көрсетті.

Олар: 1) өз кабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырғын білу; 2) Таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол кызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру кездері туралы толық мағлұмат алу; 3) әр баланың арманы мен мүмкіншілікктерінің бip-бipiнe сай келуін бағалау.

Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бip-бipiмен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді.

Көп ұзамай Англияда Цирил Бэрт, АҚШ-да Арнольд Гессель мектеп қабырғасында балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету iciнe кipicтi. Осы бастама кейінен "Гайденс" кызметі (гайд - көмек көрсету, жетелеу деген мағынаны білдіретін сөздеп шыққап) деп аталып, қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бip саласы болып дамып келеді. Ipi мектептерде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп атауға болады.

Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз ic-шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр:



  • Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға кешуіне көмек көрсету;

  • мектепте оқу параллельдерін анықтап алуға ьқпал жасау;

  • жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдап алуға жәрдем беру;

  • оқушыларды болашақ отбасы өмірінe даярлау.

Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрім кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мақсаты мен мідеттерін анықтап алып отыр.

Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық, қызметтің мақсаты мен мазмұнын аныктауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялык жэне әдістемелік құралдарын терең және жан-жакты талдау үстіндеміз.

Психологиялык кызметтің максаты — бала дамуындағы әр кезендегі жан дүниесінің ерекшеліктерін аныктап алып, олардың өз-өзіне, коршаған ортаға деген көзкарасының, карым-катынас мәдениетінің калыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер аркылы нактыланады.

Психологиялык кызметтің міндеттері:



  • психологиялык жэне әлеуметтәк- психологиялык тұрғыдан қиындық көріп жүрген балалардың проблемаларын аныктап, оларға дер кезінде көмек көрсету;

  • окушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенінше жетелеп, сүйеніш болып жүру;

  • проблемасы бар балаларды жан-жакты зерттеп, оны туғызған себебін аныктау және тузету-дамыту жұмыстарын жургізу;

  • дамуында ауыткуы бар балалардың психологилык қасиеттерін өңдеу үшін психологиялык тренингтер ұйымдастыру;

  • оку-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр окытушынын, ата-аналардың психологиялык педагогикалык, білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.

Осы аныкталган міндеттерді орындау т.б. өміp барысында туған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт-бағдар беріп отыруы кажет. Қазакстанда мектеп психолог енді тағайындалып, өз жұмысын аткаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар кірісті. Дегенмсн олар жұмыс мазмұнын аныктап алу үшін ізденіс үстінде.

Психологиялык кызмет моделкалай құру кажет екенін аныктап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептеріндс психологиялык кызметтің мазмұнын аныктағандар Н. Р. Битянова, И. В. Дубровина, А.И. Прихожан ұсынған үлгілерді колдануға, немесе баска елдерде калыптаскан тэжірибені үлгі ретінде колдана отырып мектеп психологі кызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады:



  • психодиагностикалык жұмыс;

  • психопрофилактикалык жұмыс;

  • психологиялык кеңес беру;

  • психокоррекция жургізу;

— ата-аналардга психологиялык-педагогикалык білім беру және біліктілігін арттыру;

  • психологиялык кызмет көрсету жүйесі кызметті насихаттау;

  • әлеуметтік-диспетчерлік кызмет көрсету;

—педагогикалык ұжымға психологиялык кызмет көрсету.

Осы аталған бағыттардағы ic-шаралар бip-бipiмен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын максат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.

Мектеп окушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялык кызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толык мағлұмат алуы кажет. Бұл маглұмат психодиагностикалык зерттеу барысында жиналады. Оку-тәрбие жұмысы барысында психологиялык зерттеу әдістерін колдана отырып, окушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік касиеттершінің калыптасуы, окушылар мен окытушылар арасындағы карым - катынастың калыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі накты аныкталады. Психологиялык кызмет мазмүнын аныктау үшін бұл жұмыстың максат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлык жоғарыда келтірілген салалары бойынша ic-шаралар тізімін толык жүйегс келтіп жұмыс жоспарында көрсету кажет. Жоспарларды жасау үлгілеpi осы кітаптың жетінші тарауында берілген.

1.3. Психолог міндеттері және құкығы

Психологиялык кызмет туралы жалпы жағдайға байланысты психолог міндеттері мен құкыктары аныкталган.



Психолог міндеттepi:

  1. Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындау;

  2. Шешім кабылдап, проблемаларды карастыруда кәсіби шеңберден шыкпау;

  3. Өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру;

  4. Накты кәсіптік білімі жок адамдардың диагностикалык, коррекциялык зерттеулер жургізуіне тыйым салу;

  5. Барлык мәселелерді шешуде балалардың психологиялык дамуын ескеру;

  6. Аткарылатын жұмыстардың міндеттері мен эәдicтepi туралы нұскауларды кәсіптік жағынан баскаратын адамдар бергенде оларды накты орындау;

  7. Баланың психологиялык дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына кажет көмектерді көрсету;

  8. Кәсіптік құпияны жарияламау;

  9. Барлык психологиялык зерттеу нәтижелерін жазып, арнайы құжаттарға тіркеп отыру;

10. Психологиялык көмекті кажет ететіндерге дер кезінде
кажетті ic-шараларды ұйымдастыру.

Психолог құқығы:

  1. Окушылармен және баска талапкерлермен жүргізілетін жұмыстың накты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс-тәсшілерін дербес тандап, жұмыстардың кезегін аныктауға;

  2. Кәсіби міндеттерін сапалы орындауға кажет жағдай жасауды мектеп басшыларынан талап етуге;

  3. Жоғарғы орындардан түскен нұскаулар этикалық ұстанымдарға кайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуга;

4.Кажетті құжаттармен танысуға;

  1. Психодиагностикалык, психокоррекциялык әдіс-тәсілдерді ipiктeп алуга және оларды дайындауға;

  2. Мектеп окушыларын топтык және жеке зерттеулерден өткізуге;

  3. Медициналык және дефектологиялык мекемелерге сұраныс жасауға;

  4. Баланың болашағын аныктау үшін медициналык, педагогикалык-психологиялык т.б. комиссиялар кеңесіне қатысуға;

9.Тәжірибе алмасу максатында ғылыми-әдістемелік көпшілік
журналдарына материалдар жариялауға;

10.Психологиялык білімдерді насихаттауға;

11.240 сағат көлемінде нормативтік жене факультативтік сағат
алуға;

12.Окушыларды мамандыкка баулу және кәсіби бағдар беруге;

13.Отбасына психологиялык кызмет көрсетуге.

1.4. Окушының психологиялык-педагогикалык статусы

Психологиялык-педагогикалык статус туралы түсінік. Окушының статусын аныктау үшін психодиагностикалык минимум жургізу. Статус көрсеткіштерін аныктау.

Психолог өз жұмысын сол ортада калыптаскан әлеуметтік-психологиялық жағдайда жургізеді. Психологиялык кызметті ұйымдастыру формалары және колданылатын әдіс-тәсілдер осы ортаның ерекшеліктеріне және талаптарына сай жүргізілуі кажет. Окушылар мектепте білім алып, сонымен катар өздерінің жекелік қасиеттерін жетілдіру проблемаларын шешу барысында әлеуметтк ортада өмip сүруге икемделеді. Мектеп оку-тәрбие жұмысы аркылы окушының осы кажеттілгін канағаттандыруға барлык жағдайларды жасайды. Мектеп психологі окушылардың және оку-тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзетуге өз үлесін косып, балалардың жан-жакты дамуына психологиялык тұрғыдан жағдай жасайды.

Окушыларга психологиялык кызмет көрсетудің тиімді ұйымдастырылуына кепіл болатын бip жайт - оны жүйелі түрде жургізу. Окушылардың барлығын психологиялык зерттеуден өткізіп, олардың жекелк касиеттерін, таным процесстерін багалап шығу өте қиын. Бұл жұмыс психологиялык зерттеулерді жүйеге келтіршіп жургізгенде ғана өз фукциясын толык орындайды.

Осы жүйелікті камтамасыз етуге негіз болатын ұйымдастыру формасын психодиагностикалык минимум деп атауды Н.Р.Битянова ұсынған. Оның ұсынысы бойынша психодиагнос­тикалык зерттеуді жаппай, горизонталдык, кескін бойынша өткізу аркылы кыска мсрзім ішінде бip параллельде окыйтын балаларды толык қамтып, олардың барлык психологиялык каситеттерін бағалап шығуға мүмкіндік туады. Біздің ойымызша, осы форманы мектеп ерекшеліктеріне икемдеп колдану аркылы кыска мерзімде барлык оқушы лардыңстатусын аныктап шығу кажет.

Окушының психологиялық-педагогикалык статусы дегеніміз баланың барлык, психологиялык касиеттерін, күй-жағдайын,таным процестерін, карым-катынас мәдениетін, мінез-құлкын, окуға деген ынтасын бағалау аркылы жасалган мінездемесі. Бұл мінездемені жасау ушін барлык окушылар жан-жакты психодиагностикалык зерттеуден өткізіледі.

Окушы статусына койылатын талаптарды бес блокка беліп зерттеу аркылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалған карточкаларға түcipyre ыңғайлы етіп жинактауға мүмкіндік береді. Барлык зерттелінетін көрсеткіштерді блоктарга келесі түрде бөлуге болады:

1-блок — бала өмip суретін әлеуметтік орта ерекшелктері;

2-блок — окушы таным процестерінің және жалпы интеллектуалдык дамуыныцң ерекшеліктері

3-блок — мотивациялык-жекелк сферасын багалау;

4-блок — баланың өзге және коршаган дүниеге катынасы;

5-блок — мектепішілік карым-катынас барысындагы окушының мінез-құлкы.

Осы блоктар бойынша окушылар касиеттерін багалау көрсеткіштерін аныктап алып, сол көрсеткіштерді зерттеу және багалау әдіс-тәсілдері жинакталады. Әр блок бойынша колданылатын әдістемелер жеке-жеке папкаларга топтастырылса, оны кажетті кезінде колдану ыңгайлы болады.

Бірінші блок көрсеткіштері.


  • отбасы құрамы, ата-анасының мамандыктары, жұмыс орны, лауазымы, отбасы типі, адамдар саны, олардың бip-бipiмен карым-қатынасы;

  • отбасының материалдык жагдайы, тұрғын үйі, жұмыс орны;

  • окушының отбасындагы статусы;

  • отбасының бос уакытын өткізуі, спорт, дене шыныктыру, мәдениет көздерін колдануы;

  • окушының кун Topri6i жэне оны улкендердщ кадагалауы;

  • окушының өз құрбыларымен, өзінен үлкен және кіші балалармен карым-катынасы.

Буұл блоктагы көрсеткіштерді багалап шыгу үшін көптеген объективтк әдіс-тәсілдер колданылады: баламен және оның ата-анасы, әжесі т.б. отбасы мүшелерімен, сынып жетекшісі, окытушылармен әңгімелесу, пиктограмма, "Мен не білемін?" әдістемесі, Йирасек-Керн әдістемелерінің жеке тапсырмалары. Осы аталган жэне баска әдістемелерд колданып мағлұмат жинау нәтижесінде баланың отбасындагы өмірінің ерекшелктсрі аныкталады.

Екінші блок көрсеткіштері:

  • баланың хронологиялык жасы мен акыл-ой дамуының бip-бipiеe сәәйкестігі;

  • когнитивтк процесстерінің дамуы: ойлау түрлерінің калыптаскандыгы, ой кызметінің көрінісі, тіл байлыгы, майда кимыл ерекшеліктерінің калыптасуы;

  • Таным процестерінің жекслк ерекшеліктері. интеллек­туалдык бслсенділігінің жогары болуы, вербалдылыгы, шизойдтыгы, интеллектуалдык пассивтігі;

  • Баланың жеке тұлгасында кездесетін кабілеттілігің түpi (психомоторлык, музыкалык, лингвистикалык, физика-математикалык, бейнелеу өнepi, педагогикалык, ұйымдастыру-шылык);

  • Акыл-ой жұмысын ұзак уакыт орындауга кабілетілігі, жұмыс темпі.

Екінші блок бойынша жургізілген зерттеулер нәтижесінде балардың таным процестерінің нормага сай немесе дамуында одан ауыткуы байкалатындыгы аныкталып, олар баланың озык дамуына немесе кейін калуына негіз болып отырганы накты багаланады. Даму деңгейі төмен балалармен түзету-дамыту жұмысын жургізу аркылы оларды оку мазмұнын меңгеруге шамасы келетін жагдайга жеткізу жолдарын аныктауга мүмкіндк береді. Екінші блок материалдары оку-тәрбие жұмысын тиімді жүргізуге және ата-аналарга психологиялык кеңес беруді ұйымдастыруга негіз болады.

Үшінші блок көрсеткіштері:

окушылардың окуга деген ынтасын және жалпы танымдык әрекетінің себептерін, баланың iшкі кайшылыктарының деңгсйін аныктауга багытталган. Бұл блок көрсеткішьері:



  • оку себептерінің калыптаскандыгы және оның мазмұны (танымдык, әлеуметтк, багыттылык т.б.);

  • танымдык әрекет барсында табысты болу ceбcбi немесе сәтсіздіктсн бас тарту себептерінің кайсысы жетекші екенін аныктау;

  • себептік сферада кайшылыктың болуы, мазасызданудың көрініc бepyi;

— акцептуацияның орын алуы.

Бұл блок көрсеткіштеpi бойынша баланың психикалык дамуында мазасызданудың, өз-өзіне сенбеушілігі және баска ішкі проблемалардын нормаларын алуын аныктау аркылы, оларга уактылы психологиялык көмек көрсетуге мүмкіндік туады.



Төртінші блок көрсеткіштері:

  • баланың катынас жүйелерін эмоционалды багалау бойынша талданады:

  • баланың өз катарларымен карым-катынасыныц калыптаскандыгы;

—отбасындагы карым-катынас ерекшеліктері;

—окытушылармен карым-катынасыныц эмоционалдык оң мағынада болуы;



  • мектепішілік ic-шараларга көзкарасы;

  • окушының өз-өзңне көзкарасы.

Бұл көрсеткіштер баланың оку-тәрбие процесінде табысты болуына үлкен әсерін тигзеді.

Бесінші блок көрсеткіштері:

— окушының мектепішшілік карым-катынастагы орнын аныктауга арналган және келесі керсеткіштермен багаланады:



  • окушының жекелік психологиялык касиеттерімен байланысты мінез-құлық және карым-катынас ерекшеләктеріне сипаттама (жылдамдыгы, жай қыймылдайтындыгы, импульсивтгі);

  • жауапкершілікті сезіну, шешім кабылдауы, адамдарга ыкылас коюы, кайырымдылыгы, ашықтыгы, іскерлігі, шыншылдыгы;

  • әлеуметтік-психологиялык адаптациясының төмендігі, эгоистігі, дөрекі, өтірікшi, принцсіздігі;

  • мінез-құлык нормативтеріне багынуы, әлеуметтік орта талаптарына икемделуі, ашықтыгы, шыншылдыгы;

—тәртіп сактауы, кимыл әрекеттерінің үйлесімділігі.

Блоктар бойынша психодиагностикалык зерттеу нәтижесі окушының психологиялык-педагогикалык статусын көрсетіп, психологиялык кызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру ретін аныктауга негіз болады. Окушылар статусының көрсеткіштеріне сүйене отырып педагогтардың білімін жетілдіру және ата-аналарга психологиялык білім беру такырыптарын аныктап алуга мүмкіндік туады.

Окушылар статусының көрсеткіштері олардың психологиялык-педагогикалык карточкаларына түсіріледі. Бұл құжат әр психодиагностикалык минимум еткізілгенен соң толыктырылып, нәтижесі талданып, балалармен жеке-дара және топтык түзету-дамыту ic-шараларының мазмұнын аныктауға негіз болады.

Психодиагностикалык минимум жүргізумен катар психолог окушыларды жеке-дара үздіксіз зерттеп отырады. Біріншіден, бұл жұмыс интеллектуалдык кабілетін өте жогары дамыган балалармен олардың дарындылыгын колдауга және бұл касиетті жан-жакты дамытуга ыкпал жасау үшін жүргізілсе, екіншіден, мінез-құлкы туралы шагым түскендермен т.с.с. арнайы зерттеуді, көмек көрсетуді талап ететін, дамуында ауыткуы бар окушылармен жүргізіледі.

Психологиялык зерттеу барысында үлгерімі төмен, сабакка катыспайтын, отбасында баланын үй тапсырмасын орындауга ешкандай жагдайы жок, ата-аналары нашакор, ішкіш т.б. жагдайы нашарлар кездеседі. Бұл категориядагы балалар психологиялык сүйемелдеу көрсетуге кажеттілігі өте жогары топка жатады. Сондыктан оларга көмек көрсетуді психолог өзінің күнделікті міндеті деп түсінуі қажет.

Окушылардың психологиялык педагогикалык статусын зерттеу барысында көптеген психодиагностикалык әдістемелер колданылады. Оларды зерттелінетін балалардың жас кезеңдеріне байланысты ретке келтіріп жинактау кажет. Комплекстік зерттеу барысында кіші мектеп балаларын психолог өзіне үйретіп алу үшін әңгімелесу, суреттер, ойыншықтар колданылатын әдістемелер бірінші ретте колданылады. Ал орта және жогары сынып окушыларын зерттеуді таным процестерін багалаудан бастаган дұрыс сиякты.

Сондыктан психодиагностикалык әдістемелерді осы ретпен бepin отырмыз.
Тақырып 2. Психологтың мектепке даярлық тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысы

Мектеп психологының мектепалды жасындагы балаларды зерттеу міндеттері. Балалардың мектепте оқытуга даярлыгын аныктау. Балалардың таным процестерін зерттеу тeстepi. Жеке тұлгалык қасиеттерді багалау әдістемелері

2.1. Мектеп алды тобындағы балаларды зерттеу міндеттері

Баланың мектепке баруымен байланысты оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Мектеп балага едәуір киыидыгы бар міндеттер артады. Кішкентай мектеп окушысы барлык сабактарда берілген тапсырмаларды жүйелі орындауга, сол сәтте, каласа да, каламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады. Осы мідеттердің барлыгын толык орындау балага оңай емес.

Мектеп психологы балалармен жүргізетін психологиялык кызмет көрсету жұмысын мектеп алды тобына кабылдау кезеңнен бастайды. 5-6 жастагы бала мектепке келер алдында окуга, мектеп режимі бойынша жұмыс жасауга, багдарламаны меңгеруге, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындауга және мектепішілік карым-катынас жасауга дайын болуга тиісті. Тек сонда гана мектепке келген бала багдарлама ұсынып отырган білім мен іскерлікті меңгеруге шамасы келеді. Мектеп психологы бала-бакшадагы әріптестерімен бipre осы мәселені зерттеуі оның мектепке даярлык тобындагылармен жүргізетін жұмысының ең басты міндеті болып табылады. Сонымен катар баланың нәзік кимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, таным процестерінің даму деңгейін накты багалау максатының орны ерекше.

Баланың мектепте окуга даярлыгын аныктайтын әдістер немесе психологиялык ортак пікірлер осы уакытка дейін калыптаспаган. Дегенмен көптеген зерттеушілер баланың таным процестерін, нәзік кимыл әрекеттерін, карым-катынас мәдениеттерін зерттеу әдістемелерін жасап шыгарган. Осы енбектерге сүйене отырып әр психолог мектеп алды деп аталатын даярлык тобындагы балалардың окуга, мектеп талаптарын орындауга икемделгендігін аныктауы кажет. Баланың мектепке даярлык деңгейін сипаттайтын ерекшеліктерді аныктау әдістемелері үш топка жинакталып берілген.

Қaзipгi кезде балалардың мектепке даярлыгын аныктау үшін арнайы жасалган диагностикалык әдістер колданылады. Олар Йирасек-Керн, А.Л.Венгер, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б. галымдар жасаган тестер. Олардың бірнешеуін төменде келтіреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет