Бағдарламасы ҚҰрастырушы: Асанова Карлыгаш Илиукеновна №10 орта мектебінің география пәні мұғалімі



бет1/4
Дата18.06.2020
өлшемі37,19 Kb.
#73869
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Әлем мемлекеттері»


«Әлем мемлекеттері» атты 11 сыныпқа арналған таңдаулы курс бағдарламасы 

 
ҚҰРАСТЫРУШЫ: Асанова Карлыгаш Илиукеновна № 10 орта мектебінің география пәні мұғалімі

 

Рецензент: Өтегенова Бибігүл Мазанқызы
 
Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының Педагогика кафедрасының меңгерушісі  п.ғ. кандидаты, доцент.

 

Қостанай-2009


 

 

Түсініктеме хат

 
Бүгінгі күні оқу үрдісінде қойылып отырған талаптардың бірі – оқушылардың тек білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін терең білім алуда шығармашылықпен пайдалана білулеріне үйрету. Сол мақсатпен осы таңдаулы курсты ұсынып отырмын. Бұл таңдаулы курс мұғалімдердің география пәні бойынша білім беруде, оны жетілдіруде басшылық жасайтын оқу-әдістемелік кешеннің бір бөлігі болып табылады.

 

Мақсаты —  географиялық білімді оқушыларға терең меңгертуге көмектесіп оқушылардың дайындыққа белсенділігін арттыру, шығармашылық, танымдылық, ізденіс қабілетін дамыту. Оқушыларға оқулықтарда берілген бағдарламалық-ғылыми мәселелерді толық меңгеру.



 

Міндеттері:

- елдің экономикалық-географиялық жағдайына баға беру;

- картамен және қосымша әдебиетпен жұмыс істей білу;

- қазіргі саяси жағдайға баға бере білу;

- аумақтың табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдай білу;

- әр түрлі дерек көздерімен пайдаланып, кез келген елге елтану бағытында сипаттама құрастыру.

 

Сонымен қатар оқушыларға мынадай басты дағдыларды меңгеру керек:



 

- тапсырманың мазмұнымен толық танысып, дұрыс жауап беруге тырысу;

- энциклопедиялық материалдарды пайдалана білу;

-  көптеген сұрақтарға жауап беру үшін қосымша сурет пен сызбанұсқаларды пайдалана білуге дағдылану.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет