1. Табиғатта су айналымы болады. Осының ең негізгісін булану алып жатыр Булануға әсер ететін факторлар жоғарғы температура, желдің жылдамдығы тағы басқалар.Булану тек суда ғана емес топырақтада болады . Мысалы қара топырақ -өзінің жылуды көптартуына байланысты көп буланады ,егер жер асты суы[грунд сулары ] көп болса соғұрлым булану көп болады ,өсімдік дүниесі көп болса соғұрлым булану аз болады. Бірақ өсімдіктер дүниесі тамырымен жер астынан немесе топырақтан суды тартып ,өздері атмосфераға буланып отырады. Ауада яғни ауа құрамында су газ тәрізді,қатты ,сұйық түрінде кездеседі.
Су атмосфераға 2-түрлі жолмен келеді : 1- ші физикалық булану ол өзендер ,көлдер,мұхиттар яғни су қоймаларының беттерінен судың буланып жетуін айтамыз ,2 ші транспирацияның булануы ол өсімдіктер арқылы булану .Атмосфераның төменгі қабаттары суға және буға толы болады және және олар жоғарыға қарай көтеріліп тұрады. Содан соң бұлттар пайда боладығ, содан соң жауын –шашын пайда болады.Атмосферадағы булы су әрбір 10 күн сайын жаңарып отырады .
Бірақ өсімдіктер дүниесі тамырымен жер астынан немесе топырақтан суды тартып ,өздері атмосфераға буланып отырады.Булану нәтижесінде топырақта ,су қоймаларында ,өсімдіктер де көптеген мөлшерде су жоғалтады Барлығы сулануда ,булануда тең болуы қажет.
2. Атмосфера Жердегі тірі организмдерді Күн радиациясының ультрофиолеттік сәулелерінен сақтайды.Атмосферада тасты-темірлі метеориттік ағындарға қалқан, Жер бетіндегі тірі организмдерге жылулық жағдай жасайды.Атмосферасыз жаңбыр,жел,дыбыс,ешқандай метеорологиялық көріністер болмас еді. Атмосфераның құрамы Жердегі тірі организмдердің дамуына оң ықпалын тигізеді.
3. Атмосферамен Жер бетінің арасында жылулық және ылғал айналымы болады.Дүние жүзілік мұхиттар Жер бетіне ылғал шығарушы орган болып табылады.Сондай-ақ жердің жасыл өсімдіктері көмірқышқыл газын жұтып,оттегі шығарады,сондықтан оларды Жердің өкпесі деп атаймыз.Сондай-ақлитосферамен байланысы—Атмосфера Жер бедерін қалыптастырушы этзогендік фактор-температура,жел,жауын-шашындар т.б. болып табылады.
Атмосфера адамның шаруашылық іс-әрекеттеріне үлкен ықпал етеді,бірақ соңғы кезде адам атмосферағаықпал ете бастады,әсіресе соңғы он жылдықта.Адам ісч-әрекетінен атмосфералық диоксид көмірқышқыл газымен улануы және басқа газдармен улануы температураның көтерілуіне әсер етеді.Ормандардың жойылуы,-оттегінің азаюына әкеп соғуда,Жер бетінің—жер жырту арқылы,мұхиттың ластануы осының бәрі атмосфераға және климатқа әсер етеді.Ең ірі ластаушы ядролық соғыс болуымүмкін.Соның салдарынан атмосфераның шаң-тозаңмен ластанып,бірнеше күн ішінде,ондағанградус планетамыздың түпкір-түпкірінде төмендеп,суынып,бірнеше айға созылған суыну болып Жер бетіндегі тірі организм жойылып кетуі мүмкін.Планетамызда ,,Ядролық қыс,,болуы мүмкін.
Жер бетіндегі құрғақ ауаның құрамында 78% азот 21% оттегі,1% инертті газдардан құралады. Әрбір географиялық қабықта өз орны зор.
1.Оттегі –Жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің тыныс алуына әсер етеді,жану процесіне әсер етеді.
2. Азот--өсімдіктердің минералдың қоректен,уіне әсер етеді.
3. Көмір қышқыл газының диоксиді-Жердің жылытушы(0,03%),яғни күн радиациясындағы сәулеленуді Жер бетінде ұстап тұрушы-парникті эдирент пайда болады. Осы газдың көбеюі Жердегі температураның жоғарлауына әсер етті. Атмосферада озонның қалыңдығы 3мм. Озон күннен түсетін ультрафиолеттік сәулесін қайта космосқа
Дәріс 4. ҚР гидросфера экологиясы.
Планетамыздағы су қабығын – гидросфераны, оның қасиеттерін, ондағы өтіп жатқан процестерді, оның атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттеу мен айналысатын ғылым саласы гидрология деп аталады.
“Гидрология” сөзі екі грек сөзінің (гидро – су, логос – ғылым, ілім) қосылуынан пайда болған, яғни су туралы ғылым дегенді білдіреді.
Гидрология жердің және оның су қабығының физикалық, географиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешеніне жатады.
Су – зат алмасу мен ағзалар дамуы өтетін негізгі орта. Адамзаттың өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Су – физика, химия, механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі.
Қазіргі гидрология ғылымы су объектілерін зерттеу барысында мынадай негізгі әдістерді пайдаланады, олар:
Тұрақты бақылау (стационар);
Экспедициялық;
Тәжірибиелік (эксперементтік);
Теориялық;
Тұрақты бақылау әдісі су объектілерінің гидрологиялық режимі элементтерінің мерзімдік қозғалысын зерттеу үшін қызмет етеді. Гидрологиялық режимді жүйелі түрде бақылау гидрологиялық бекеттер мен станцияларда жүргізіледі. Бұл бақылаулар бірыңғай бағдарлама бойынша ғылым мен техниканы мақсатына сәйкестендірілген.
Эспедициялық әдіс қысқа мерзім ішінде су объектілерінің физика географиялық сипаттамалар жөнінде маңызды деректер ауылға, далалық ізденістер негізінде олардың режимдік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Экспедициялық зерттеулердің нәтижесінде алынған деректер мамандарға гидрологиялық ұқсастық әдісін сенімде түрде пайдалануға жағдай туғызады.
Тәжірибиелік (эксперементтік) әдіс жалпы гидрологиялық құбылыстар мен қатар процестердің жекелеген жақтарын түпкілікті зерттеуге қызмет етеді. Зертханада немесе далалық жағдайда жасалатын тәжірибе көмегімен өзен арналарының қалыптасу заңдылықтары, мұз қату және еру, судың топыраққа сіңуі мен беткейлерден ағып түсуі, су бетінен және жер бетінен булану және басқа да көптеген құбылыстар зерттеледі.
Зерттеудің теориялық әдісі гидрологиялық мақсаттарды физиканың жалпы заңдылықтары және математикалық тәсілдердің көмегімен шешуге негізделген. Теориялық әдістің нәтижелері дәйекті материалдың көмегімен тексеріліп отырады.
Су объектілері және олардың режимі жөніндегі ең толық мәліметтер жоғарыда келтірілген төрт әдіс бірге пайдалынған жағдайда алынатын болады.
Химиялық таза су массасы бойынша 11,9 % сутегі және 88,81 % оттегіден тұрады. Су оттегінің бір атомы мен сутегінің екі атомы қосылуының нәтижесінде пайда болады.
Су қорларын қорғау табиғат қорғау пәнінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Табиғатты қорғау ерте заманнан бастау алады. Көне заманының өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатынын білгеннен кейі табиғаттан тек қана ала бермей, онын орнын толтырып, қайтадан қалпына келуіне көмектесу керектігіне көздері жеткен.
Қазақ халқында халықтық табиғат қорғау дәстүрі ертеден сақталған. “Елім бай болсын десен, жеріңнің бабын тап” – деген халық мақалын есте ұстаған ата-бабамыз күзеуге, көктеуге, жайлауға және қыстауға көшіп, қонысын ауыстырып отырған. Мұның түбірі табиғат қорларын қорғауда, ләжі болса оны арттыруда жатыр.
Су. Судың қасиеті мынадай мақсат көздейді: Әр түрлі тәжірибиелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылық маңызымен оқушыларды таныстыру. Су туралы ғылыми түсінік беру. Оқушылардың байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту. Суды таза сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
ағады
қатты
жабысқақ
сұйық
СУ
түссіз
бу
иіссіз
жабысқақ
Ата-әжелеріміз бірдеңені мақтаса, “Судай мөлдір, сүттей ақ” деуші. Су – еріткіш. Суда ерийтін және ерімейтін заттар – бұл тақырып мынындай мақсатты талап етеді: оқушыларға судың еріткіш екенін түсіндіру тәжіриебе арқылы суда ерийтін де, ерімейтін де заттардың бар екенін түсіндіру.
Судың маңызы – бұл тақырыптың мақсаты: жергілікті жердің су айдындары мен таныстырып, олардың сол аймаққа пайдасын ұғындыру.
“Сулы жер – нулы жер” дейді. Ну дегеніміз – қалың тоғай. Су бар жерде тіршілік бар. Бүкіл тірі табиғаттың денесінде су көп орын алады.
Судың адам өміріндегі пайдасы:
а) Су адамның еңбектегі көмекшісі (егін суару, фабрика, заводтарда);
ә) Су – қозғаушы күш (кемелер, қайық, паравоздар);
б) Су – жол қатынасы (кемелер, қайықтар жүзеді, ағаш ағызады);
в) Судың бұзушылық күші жайында (тасқын, тасқынның түрлері, теңіз дауылы).
«Бірікккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы «2003 жылды-Халықаралық ауыз су жылы»,-деп жариялаған болатын. Халықаралық ауыз су жылында Қазақстан мемлекеті біраз іс тындырды. Ең бірінші «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасы дайындалды. «2010 жылға дейінгі экономикалық су секторы саласы және су шаруашылығы жүйесін жетілдірудің концепциясы» жасалды. Еліміздің «Су кодексі» қабылданды. Жер асты су қорларын барлауға, жер үсті тұщы су қорларын ретіне келтіруге біраз қаржы бөлініп, жұмыс істеліп жатқаны аян. Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдарында осы «Ауыз су» мәселесін көтеріп жатқан мақалалардың аздығынан қалың халық әлі осы проблемаға мән бермей келеді. Қазіргі таңда Қазақстан, су ресурстарының қорынан ТМД елдерінің ішінде ең артта тұрғанымызды айта кеткен жөн болар. Еліміздің аумағының 30 пайызы сусыз шөлейтті далада халқымыздың 20 пайызы ауыз су тапшылығын көріп отыр. Сондай-ақ халықтың 40 пайызы осы күні сапасы ауыз су нормативіне сәйкес келмейтін су ішіп отыр. Біздің көтеріп отырған мәселеміз ауыз су болғандықтан, оның қадір-қасиетіне тоқтала кетейік. Адам организміне пайдалы тұзды минералдардың (кальций, магний, калий, фосфор, тағы басқаларының) 80 пайызы ауыз су арқылы ағзаға келеді. Зат алмасудың күрделі процесінде ауыз су басты роль атқарады. Ауыз судың қатысуымен организмде физикалық және химиялық реакциялар жүреді. Ауыз су адам ағзасындағы артық тұздарды еріткіш ретінде де пайдалы. Сондықтан су өте ғажап ми-нерал. Американдық мамандар судың құрамына 6000 түрлі элемент кіретінін дәлелдеген. Ауыз судың адам баласына пайдасымен бірге зияны да болуы мүмкін. Ол ауыз судың сапасына байланысты. Сапасыз судың адам ағзасына келтірегін зиянын адамдар ерте заманнан байқаған. Сапасыз судың жұқпалы ауыруларды тарату қаупі бар екені көпшілікке белгілі.
Қазіргі кезде әр елде ауыз суға арналған мемлекеттік стандарт қолданылады. Сол стандарттан өткен ауыз су эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы зиянсыз болады.
Қалаларымызбен, үлкен аудан орталыктарында су құбыр тартпалары арқылы әр пәтерге келіп отыр. Бірақ, осы су құбырлары арқылы әкелінген ауыз судың өзін оқтын-оқтын лабораторияға апарып тексеріп отыруды пайдаланушылардың есіне салған жөн. Себебі, осы күні барлық су құбыр тартпалары ескірген, тот басқан, тіпті тесілген болуы мүмкін Сол тесіктері арқылы басқа лай, бактериялық қосындылары бар коммуналдық сарқынды сулармен араласып кетуі ықтимал. Үйге құбырлар арқылы келетін суды қайнатпай ішуге болмайтынын, әсіресе жасөспірім балалардың есіне әрқашан салып жүрген абзал. Ауыз судың органилиптикалық қасиетін қадағалап отырған шарт. Ол исі, дәмі, мөлдірлігі түсі жағынан күмән туғызбауға тиіс. Судың бүл қасиетін әр адамның өзі де анықтай алады. Мысалы, жездің микробөлімдері суға тұнықтық берсе, темір қызғылт түс береді. Темірдің стандарттан артық құрамы суға жағымсыз батпақ дәмін береді. Кір жуғаннан кейін темірі көп судан жуған кірде тат қалдықтары қалады. Сондай сары тат ыдыста, ванналарда пайда болады. Темір құрамы ауыз судың бір литрінде 0,3 мг-нан аспауға тиіс. Ауыз суда басқа бетен иіс, бөтен дәм болмауымен қоса ол мөлдір болуы қажет. Ауыз суда минералдық тұздар қосындысы болады. Егер сол тұздар қосындысының мөлшері бір литр суда 0,001 г/л ден аспаса, онда ауыз су ішуге жарамды болып табылады. Тұздар қосындысы көп сулар ауыз суға жарамайды. Ал тұздар қосындысы тым аз болса, (100 мг/п шейін) ол судың дәмін бұзады, ондай су тұзы жоқ (дистиллированная) су зиянды деп есептеледі. Ауылды жерлерде бұрынғы бұрғыланған скважиналар істен шығып, ауылға тартылған су құбыр тараптары бұзылып, әр ауыд әр шаруашылық өзінің құдығын, өзінің скважинасын қазып жатқанда, олардың сол су көздерінің орнын таңдауда біраз олқылықтар бар сияқты. Мұндай олқылық ең алдымен су көзін санитарлық қорғау жағынан деп есептеймін. Скважиналарды, құдықтарды мал қорасынан ең кемінде 200-300 метрдей қашықтықта қазу керек. Сосын олардың айналасын радиусы бір-екі метрге дейін бетондап тастаған жөн болады. Себебі құдықскважина неғұрлым ластайтын көздерге жақын болса, онда солғұрлым лайлы шалшық, органикалық заттар, малдың қиы сумен араласып, судың көзіне дейін жетіп, сіңуі мүмкін. Жеке меншіктегі скважиналардың, құдықтардың суын жылына бір-екі рет бактериялық анализден өткізіп алған дұрыс болады.
Қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптарында, ауыз суға өте үлкен мән берген. «Судың да сұрауы бар"деп қадірлеген, оның бетін жауып жүрген. Сөйтіп, суды қашанда таза ұстаған жөн. Қазіргі заманда дүние жүзінің бір миллиардтай халқы су тапшылығынан неше түрлі ауруға шалдығуда. Сондықтан жоғары сапалы су-адам ден саулығының басты кепілі. Табиғи бұлақ суына ешқандай минералды-асханалық сулар жетпейді. Ауыз суы-мыздың сапасы қандай болса денсаулығымыз сондай болары хақ.
Бұл талай жыл айтылып келе жатқан әңгіме. Адам денсаулығында судың, оның сапасының маңызы зор. Сондықтан үкіметіміз бен Парламентіміз ауыз су мәселесіне соңғы екі жылда ерекше назар аударып, халықты сумен, оның ішінде сапалы ауыз сумен жабдықтау жайын жоғарғы деңгейдегі қузырлы мәжілістерде бірнеше рет көтерді.
Қазақстандағыдай біздің Ақмола облысында да сумен Жабдықтау, су шаруашылығын экологиялық таза, хауіпсіз технологиямен жүргізу, ауыз судың санитарлық жайын жақсарту жайы талапқа сай деуге келе қоймайды. Суға сұраныс та, оның қазіргі сапасына реніш те азаймай отыр. Суға ұқыпты да үнемді болу, тиімді пайдалану әлі де жеткіліксіз.
Облыс халқы негізінен Есіл, Сілеті және Шағалалы өзендерінің су көздерін пайдаланады. Әр жылдары пайдалануға берілген осы аттас су қой-мапарының сыйымдылықтары да әртүрлі. Бұлардан тартылатын су құбырлары мен тазарту жүйелерінің қондырғылары тым ескіріп кеткен. Көкшетау қаласында тасқынды канализация жүйесі жоқ. Сөйтіп ағынды су биологиялық тазарту стансасына есепсіз құйылып жатады.
Көкшетау қаласындағы ағынды су Мырзакөлсор су жинағышына жіберіледі. Оған тәулігіне орта есеппен 24 мың текше метр су барады екен. Биологиялық тазарту стансасы соның 18 мың текше метрін ғана өткізе алады. Яғни оның қуаты аз. Оның жанынан салынған бөгетке тиісті жөндеу жүргізілмейді. Сонымен ағынды су дұрыс тазартылмайды.
Облыста жерасты және жерүсті сулары негізінен тазартылмаған ағынды сулар есебінен ластануда. Барлығы 7 тазарту қондырғысы жұмыс істейді. Темір жол стансаларындағы канализациялық тазарту жүйелері де жұмыстарын тоқтатқан.
Қысқасы облыста сапалы ауыз сумен жабдықтау әлі де өткір күйінде қалуда. Су тарататын және жіберетін жүйелер қайта жөндеуді қажет етеді. Халықтың 68 пайызы ауыз суды орталықтандырылған жүйеден, 25 пайызы құдықтардан, басқа да жеке көздерден, ал қалған 7 пайызы ашық cу көздерінен, тасып әкелушілерден алады. Соңғы 7-8 жыл бойы Сергеев, Сілеті, Ярослав, Яблоневск, Қима, Державин, Зеренді топтық су құбырлары іске қосылмай қалды.
Жыл сайын су қубырларын пайдаланушы-ларазайып келеді. Атбасар, Астрахан, Жарқайың, Егіндікел, Қорғалжын және Жақсы аудандарының 22 елді мекенінің тұрғындары ауыз суды ашық су көздерінен алуда. Ал облыстың 33 ауылына су тасылып беріледі. Ал 54 елді мекен ауыз суға әбден тапшылық керуде.
Рас, "Сапалы су" бағдарламасы бойынша об-лыста 2002 жылы біршама іс атқарылғанын айта кету керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға былтыр 410,1 млн.теңге бөлінді. Бұған қосымша басқа көздерден ауыз сумен жабдықтауға 116,5 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Өткен жылы 8 ауыз су құбыры қайта қалпына келтірілді. Жыл ішінде қосымша 14 ұңғыма бұрғыланды, 12 құдық қазылды. Көкшетау, Степно-горск, Ақкөл қалаларындағы су құбырларына жөндеу жүргізілді.
Былтыр сумен жабдықтаудың санитарлық-техникалық жағдайын жақсартуға, ауыз су сапасын арттыруға республикалық бюджеттен 340 мил-лион теңге бөлініп, игерілді. Ал жалпы 2001-2002 жылдары 804,9 млн. теңге игерілді.
Облыста жерасты су көздері соншалықты көп емес. Олар солтүстік және шығыс бөлікте кездеседі. Ал 15 су көзінің пайдалану мерзімі өтіп кетті.
Қазір бүкіл елімізде "Ауыз су" салалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өйткені бұл мәселе бізде ғана емес, бүкіл планетада назарға алынуда. Соған орай БҰҰ-ы 2003 жылды Халықаралық ауыз су жылы деп жариялады. Олай болса біздің облыста да халықты ауыз сумен жабдықтауға, оның сапасын жақсартуға байланысты атқарар іс күн тәртібінен түспейді. Осыған орай басқармамыздың су ресурстарын қорғауды бақылау мамандары да биылғы "Ауыз су" жылында жұмыстарын ширата түспек. Олай болатыны қалаларымыз бен ауылдарымыздағы тұтынып жүрген ауыз суымыздың сапасы шынту-айтқа келгенде еш сын көтермейді. Сондықтан экологиялық таза сумен қамтамасыз етуде біздің үлесіміз үлкен болуы керек.
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілігі сезіліп отырған елдердің санатына жатады. Қазіргі уақытта су объктілері таукен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының, қалалардың коммуналдық қызметтерінің жедел ластануына ұщырауда, сөйтіп бул жағдай нақты экологиялық қауіп-қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі шамадан тыс ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Су объектілеріне антропогендік артық жүктемелер, оларды қалпына келтіру арасындағы теңгермесіздік барлық ірі су бассейндерінде экологиялық қолайсыздықтар тудырып отыр. Су шаруашылығы мұқтаждарын жеткіліксіз қаржыландыру су шаруашылық нысандарының техникалық жай-күйін нашарлатып жіберді.
2005-2010 жылдар аралығында өзен экожүйелеріне жүктемені азайту мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануының алдын-алу үшін су қорғау аймақтарының жобалары және барлық пайдаланылатын су нысандарының жолағы әзірленетін болады. 2005-2006 жылдары су объектілеріне ластаушы заттардың, төгінділердің жиынтығын нормалауға кезең-кезеңмен көшіруге мүмкіндік беретін зиянды заттардың шектеулі нормативтерін және судың жай-күйінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу жөнінде кешенді ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілетін болады. Мұның бәрі ағынды суларды тазарту жөніндегі нысандарды салу және қайта жөндеу кезіндегі жаңа технологияларды еңгізуді жеделдетеді.
Су жетіспеушілігін бастан кешіп жатқан өңірлердегі барлық су ресур-старының көлемін ұлғайту және сапасын жақсарту үшін өзендер ағысын реттеу жөніндегі, оның ішінде бассейнаралық қайта бөлу жөніндегі, сондай-ақ жерасты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет...
Әлбетте біз суды тіршіліктің нәрі, онсыз өмір жоқ. Соның ішінде күнделікті пайдаланатын ауызсудың қажеттілігі мен маңыздылығын айтып жеткізе алмас едік. Бірінші байлық — адам денсаулығында, оның кұрамдас бөлігі — адам экологиясында ауызсу ең негізгі фактор болғандықтан оған ерекше көңіл бөліп, қажетті су көздерінің, ауыз су ахуалының қазіргі жинақталып қалған проблемаларын әріден қозғап, тереңнен толғасак, оның басты-басты көкейтесті мәселелеріне, түйткіл жактарына жұрт назарын тағы бір аудара кетсек артық болмас. Олай болатыны бұл жөнінде, әсіресе ауызсудын жарамдылығы мен сапасы, жалпы пайдалануға кажетті cу көздерінің жетімсіздігі соңғы жылдары алабөтен алаң туғызып жүр.
Сапасыз су зардабы мен қасіретіне қатысты мысалдар жеткілікті. Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтеріне карағанда әлемде жыл сайын ауыз су сапасының тым төмендігінен 5 миллион адам өледі екен. Бұл дегеніңіз жыл сайын кішігірім бір мемлекеттің халқы жойылып кетеді деген сөз ғой. Осының өзі ауыз су мәселесінің әлемде, онын ішінде көбінесе тазартылмаған су ішіп отырған Қазақстанда ен бірінші кезектегі проблема болып отырғандығын көрсетсе керек. Тек 2000 жылдың өзінде ғана ауыз су сапасыздығынан республикамыздағы әрбір 10 мың адамның 88 пайызы ішектің қауіпті инфекциялық дерттеріне шалдыққан. Сондай-ақ ел ішінде сары ауру, бүйрекке, қуыққа тас байлануы, ішектің әр-турлі жұқпалы кеселдері кеңінен тарап барады.
Ал енді осы жайлардан ұлтқа, халыққа төнетін хауіп қандай дейсіз ғой. Жыл сайын Азияда санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін әлеуметтік жағдайда өмір сүріп, суды-тұтынудан жарты миллионға жуық адам дүниеден ететін көрінеді. Сол санитарлық-гигиеналык талаптарға сай келмейтін әлеуметтік жағдай бүгінде қазақ ауылдарынын басында да баршылық. Көптеген ауылдарда су кұбырлары мүлде жүргізілмеген.
Қазақстанның кай өңірлерінде болсын ауыз су көздері тым аз, оның үстіне пайдаланылатын су сапасы, оның санитарлық-экологиялык тазалығы сын көтермейді. Жер асты суларын пайдалану әлі де жетімсіз. Ал жер үстіндегі тұщы су көздерін ұқсату, тазарту, ауыз су жеткізетін кұбырлар мен жүйелерді, насос стансаларын, су бөгеттерімен тоғандарын санитарлық-экологиялық талаптарға сай жөндеп, техникалық, технологиялык жағынан қалыпты дәрежеде ұстау мардымсыз.
Деректер бойынша Қазақстанда пайдаланылатын ауыз судың 30-40, кейбір жерлерде 50 пайызы жарамсыз болып келеді.
Міне осыдан барып адам денсаулығына зиянды әсер ететін ауыз судың сапасын жаксарту ең бастысы оның көздерін көбейту күн тәртібіне қойылып отыр. Ол талай жылдар бойы ең зәру, өткір де түйінді, шешімін күтіп келе жатқан маңызды мәселе болып қалуда.
Облыстағы су құбырларын, жүйелер мен насос стансаларын, су ұңғымаларың сутарататын колонкаларды тиісті техникалық жөндеуден өткізу, ауыз судың санитарлық. Тазалық деңгейін бақылап отыру жіті қолға алына бастады. Жылдың лайсанды көктем, күз айларында судың дизенфекциялануына, хлор қосып микробтарды жоюға ерекше назар аударылуда. Казір ауыз судың санитарлық-химиялық құрамының жарамсыздық пайызы eптеп болса да төмендегендей. Ал микробиологиялық құрамынын жарамсыздығы 5,6-8 пайыз аралығында.
Сәуірден шілдеге дейін өткізілген көркейту мен көгалдандырудың үш айлығы кезінде де коммуналдық шаруашылық саласында біраз іс тынды-рылғандығын айта кетпекпік. Бұл іс-шаралар барысында да коммуналдық гигиена ережелерін сақтауға көп көңіл бөледі.
Сонымен осы мәселелерге орай ауыз су проблемалары қордаланып қалған Ақмола облысының аумағында да биыл біраз іс аткаруға тура келді. Алдағы жылдарға «Сапалы-Су» бағдарламасы жасалып, жүзеге асырыла бастады. Сондай-ак. Денсаулык сақтау Министрлігінің, облыстық әкімшіліктін ауыз су сапасын жаксартуға байланысты шешімдері мен бұйрықтарын іске асыруға ауқымды жұмыстар жүргізілуде және жүргізілуде.
Қазіргі заманның шаруашылық-тұрмыстық, әлеуметтік- мәдени қызметі табиғи су көздерін күнделікті пайдаланумен тығыз байланысты. Сусыз жерде өмір мен тіршілік тынысы мүлдем жоқ. Сондықтан оны неғұрлым тиімді пайдаланудың, ауыз су сапасын жақсартып отырудың маңызы ерекше. Су қорғаудың қажеттілігі осыдан туындайды.
Адамдар ауруының 80 пайызы күнделікті пайдаланатын ауыз судың сапасының нашарлығынан, су көздерінің шамадан артық ластануынан болады екен. Бұл мәселелерге халықаралық республикалық және жергілікті деңгейде көңіл бөліне де бастады. Оған бірсыпыра халықарлық ұйымдарға мүше елдердің өзара ынтымақтасуы, мемлекетаралық экономикалық кеңестердің бірлесе жұмыс істеуі, су пайдалануға, қорғауға байланысты ме-морандумдарға қол қою жағдайы бұдан да нашар. Ең лас бұл көлдің ластану индексі 6- класты. Тұзды Майбалық көлінің ластануы да нормадан көп жоғары. Бул да 6- класты ластану индексіне жатады.
Облысты өндірістік- шаруашылықтық және ауыз сумен қамтамасыз ететін бүгінгі негізгі ашық су көздері Есіл Сілеті және Шағалалы сияқты арналы өзендер болып табылады. Есіл өзенінің ағынды суын пайдалануға кепілдік беруді Астанадағы су қоймасы реттеп отырады. Сілеті өзенінің суын Сілеті су қоймасы, Шағалалы өзенінің суын Шағалалы су қоймасы реттейді. Бұл су қоймаларының жалпы сыйымдылығы 669 миллион текше метр. Қойма суларының сапасы да өзен суларына жақын. Сонымен бірге өндірістік және ауыз су үшін Шортан және Баягиз көлдерінің сулары да пайдаланылады. Ал жалпы алғанда облыстағы ашық су рын қалпына келтіріп, жаңартып, жерасты су көздерінің пайдаға асуын қадағалап, жөндеу және санитарлық- қорғау жұмыстарын ширата түсу керек болады. Сондай- ақ ескірген, тозығы жеткен су құбырларын жаңартып, су тартқыш колонкалардың жағдайын жақсарту да қолға алынуы қажет.
Жерүсті суларын ауыз су ретінде пайдаланғанда оны талапқа сай тазарту керек. Ал жерасты сулары сапалық жағынан едәуір жақсы. Қазіргі су пайдалану құрылымында оның үлес салмағы 29,7 пайызға жетеді. Яғни тәулігіне 56,4 мың текше метр жерасты суы пайдаға асады. Тұщы жерасты сулары облысы.
Ауыз су сапасының төмен болуы кебінесе су қоймаларына, су қорғау аймағына өндірістік қалдық сулардың көп жіберілуіне, рұқсатсыз көң- қоқыс төгуге, өзендер мен қойма маңына мал қораларын орынды- орынсыз салуға, канализация жүйелеріндегі апаттарға, тазарту қондырғыларының тиімсіз жұмыс істеуіне байланысты болады.
Енді су тазарту жөнінде бірер сөз.
Адамзат қоғамындағы экологиялық басты проблемалардың бірі - ауыз су сапасы. Ол адамдар денсаулығы елеулі әсер етеді. Өкінішке орай ауыз су сапасы әлі де жақсармай отыр. Мемлекеттік деңгейде оны оңтайлы шешу үшін "Ауыз су туралы" жеке заң қабылдануы керек-ақ. Ондай заң көптеген елдерде бар.
Ендігі сөз облыстағы су қорлары, олардың қорғалуы, ластану деңгейі жөнінде болмақ. Облыс аумағында Есіл, Колутон, Жабай, Сілеті, Нұра, Шағалалы және Қылшақты сияқты жеті ірі өзен ағады. Ал ірі көлдер саны 140, өзгесі шағын- шағын көлшіктер.
Ең ірі көл Теніз. Оның су айдынының көлемі 1590 шаршы километр. Одан кейінгі аумақтысы Қорғалжын көлі. Көптеген көлдеріміздің тереңдігі орта есеппен 1-1,5 метрге ғана жетеді. Біраз көл табандары қорыс- батпақты болып келеді.
Соңғы жылдары өзен суларының, оның ішінде Есіл суының ластануы азайғандай. Алайда кейбір тұстарында ластану деңгейі нормадағыдан жоғары. Екінші ірі өзен Нұра суының нитритпен, сульфатпен, темірмен, мыспен, фенолмен, мұнай өнімдерімен және сынаппен ластануы жоғарырақ. Негізгі ауыз су көзі болып табылатын Вячеслав су қоймасының соңғы жыл-дардағы тазалығы көңілге қонымды.
Бурабайдағы Үлкен шабақты, Шортан және Зе-ренді көлдерінің ластану деңгейлері бір- бірімен шамалас. Бұлардың ластану индексі 3 класты. Ал Кіші Шабақты мен Көкшетау түбіндегі Қопа көлдерінің табандарында қорыс та көп, негізінен бұлар лас көлдер қатарына жатады. Екеуінің де ластану индексі 5- класты. Қотыркөл көлінің қоймаларының жергілікті су қорлары жоғарыдағыдай мақсаттарға қажетінше пайдалануға жеткіліксіз.
Дегенмен әлі де болса Көкшетау және Щучье қалаларын сапалы ауыз сумен жабдықтау жайы шешімін таба қойған жоқ. Ауыз су сапасының проблемалары жетіп жатыр. Осы қалалардағы су қоймаларының су сапасы талапқа сай емес.
Көкшетау қаласының халқы ауыз суды негізінен Шағалалы су қоймасынан, Павлов жерасты су көздерінен алады. Жерасты су көздерін осы мақсатқа пайдалану өз қуатында деуге де болмайды. Оған экономикалық, қаржылық және өндірістік кейбір қиындықтар кедергі келтіруде. Шағалалы су қаймасы да жылдан- жылға тайыздап, табаны қорыстанып бара жатқандай. Қар еріп, көксоқта болған көктемде, жаңбырлы күзде оның суы лай тартып кетеді.
Міне мұндай олқылықтардың орын алмауы үшін су тазартатын тиімді технологияларға арқа сүйеу қажет. Көкшетау қаласын қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тазарту қондырғыламыздың солтүстік және солтүстік- шығыс бөлігінде көбірек. Облысымыздың орталық және оңтүстік аудандары су қорларына зәрулеу. Жерасты су көздері аз немесе жоқ аудандар жерүсті суларын пайдалануда. Ал оның тазартылуы, сапасы ойдағыдай бола бермейді.
Облыста 272 шаруашылық- ауыз су мақсатындағы су құбырлары жұмыс істейді. Оның біреуі топтық Нұра су құбыры. Сумен жабдықтау жүйесінің техникалық қондырғыларына көп жөндеу, қалпына келтіру қажет.
Халықты сапалы ауыз сумен жабдықтауда көп жұмыс атқаруға тура келеді. Осы жөнінде облыстық бағдарлама жасалған. Ауыз суға арналған су көздері ағынды лай сумен ластанады. Осыған баса назар аудару қажет. Су Кодексінде жерүсті су қаймаларын таза ұстауға, ауыз суды барынша тазартып отыруға талаптар қойылған. Солардың бірі- су қорғау аймақтарын, бөліктерін салу. Олар жергілікті билік органдары арқылы жүзеге асырылады, Оның жобасын арнаулы жобалау ұйымдары жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |