БАҒдарламасы семей 2014 Дәріс Қазақстан Республикасындағы экологиялық жалпы жағдайы



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі1,26 Mb.
#28391
түріБағдарламасы
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-25.1.06/03-2014

ПОӘК

оқытушыға арналған «Қазақстан экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



№2 басылым

11.09.2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Қазақстан экологиясы» пәнінен

5В060800- «Экология» мамандығына арналған


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН

БАҒДАРЛАМАСЫ



Семей

2014

Дәріс 1. Қазақстан Республикасындағы экологиялық жалпы жағдайы.

  • 1 Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

  • 2 Семей ядролық полигоны

  • 3 Ядролық сынақтар

  • 4 Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері

  • 5 Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

  • 6 Аралдың экологиялық проблемасы

  • 7 Балқаш проблемасы

  • 8 Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.



Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

Семей ядролық полигоны

Семей полигоны Қазақстан картасында

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. Негізгі бөлім

Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.



Ядролық сынақтар

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.



Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Қорытынды бөлім

Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.[2][3][4]

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:



  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

  • осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

  • аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

1. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек. Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін. 1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды. Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды. Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-Белужий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды. Бұл каналдардың тұщы ағынды суы түгелдей каналдың төменгі желісімен бұрынғы арналар ізімен теңізге құятын болды және осы арналар ізімен суды теңізге жеткізетін Ленкоса, Мальцев, Жанбай-Дементьев каналдары да қазылды. Мысылы «Белужий» арнасы атына сай Белуга (қортпа балығы) балығының ішкі суға кіретін, уылдырық шашатын бұрынғы терең арна болатын. Бұл каналдар бойындағы жайылымдық жерлерге, малшыларға Еділдің тұшы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының көктемде уылдырық шашып, көбеюіне мыңдаған суды мекендейтін құстардың көбеюіне мыңдаған жол ашты. Мұның бәрі кешегі өткен кеңістік кезеңдегі теңіз жағасын мекендеген Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді. Теңіз жағасының қазіргі жағдайы мүлде өзгерді. Аудандағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты өндіріс орындарының көбі жабылды. Аудан экономикасы төмендеді. Табиғаты қорғалмай, экологиясы бұзылды.Өткен 30 жыл ішінде каналдар бір де бір рет аршылмағасын, арналары бітелді. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті, көпшілігін су жүрмейтін болып, құм басты. Теңізбен байланыс үзілді. Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купросының ерітіндісіне айналды, зәрленді. Ауру таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық, жайылымдық жер шөпшықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға қарайтын батыстан-шығысқа ұзындығы 200км, терістіктен-түстікке150 километрге созылатын теңіз жағалауын нар қамыс, қоға басты, су арналары жойылды. Өзен суы теңізге жетпейді. Бірнеше жылғы ну орман болып шыққан қамыс, қоға, жыңғылдар 1974 жылдан бері өртелмегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су балдырларымен қопаға айналып шіріді. Қопа үстінен қайталап шыққан биік қамыс-қоғалар жыртқыш қасқыр, қарсақ, түлкі, қамыс мысықтарының, борсықтын, күзен, жанат, қабандардың және кемірушілер-егеуқұйрық, тышқан, атжалмандардың тұрақты мекеніне айналды. Жылма-жыл олардың санының ұлғаюына сай жұқпалы да, қатерлі аурулар туу қаупі өсті. Әсіресе қасқыр, түлкілер құтырып ауырып, адамға, малға шабатын болды. Тышқандар осы оңірде 1920 жылдарда болған оба ауруының қайталануына мүмкіндік туғызып отырТеңіз суын жағалай және су астындағы жеке аралдарға мұнай компаниялары қожа болып, мұнай ұңғымаларын қаптата бастады. Жағадағы «Белужий», «Ленкоса», «Трешкин» аралдарында жиырмашақты мұнай ұңғымылары жұмыс үстінде. Мемлекеттер арасындағы Каспийді бөлісу келісіміне сай Ресей үкіметінің мұнай-шылары біздің аудан жері болып саналатын теңіз суындағы «Новинск» аралына мұнай ұңғымасын орнатып жатыр. Мұнай ұңғымалары қамыс, қоға, қопа, балдыр үйіндішірінділердің ортасына орналасуда. Бұлар теңіз жағасының бұзылған ауасын одан сайын ластаса, екінші жағынан қураған қамыс мұнай көздерінің өртену қаупін туғызады. Аудан халқы үшін кәсіптік және күнкөрістік балық көзі-Каспий теңізінің балығы мен жер астының мұнайы. Оларды бұрынғы қалпына келтіріп, халық игілігіне айналдыру үшін төмендегідей шараларды шұғыл іске асыру қажет деп санаймыз: 1. Аудан жеріндегі каналдары қалпына келтіру, бітелген жерін аршып, қазып, Қиғаштын мол тұшы суын Каспий теңізіне құюын қамтамасыз ету керек. Ол үшін Сурхан каналының Қиғаш –Кобяков каналынан бастау алатын жеріндегі 15км жерін тереңдетіп қазған жөн. Онан кейін Кобяков-Жанбай-Забурын каналының бойындағы бұрын теңізге құятын Ленкоса каналын, Жанбай арнасын, Деменьтев каналдарының бітелген жерлерін қазып, кейбіреулерін теңізге қарай ұзартып, Шаронка суының осылар арқылы теңізге құюына мүмкіндік беруміз керек. Бұларды аршып, қазғаннан қандай пайда бар? Біріншіден, теңіз балықтарының үлкен-кішісі болмасын көктемде уылдырық шашу үшін үйірімен теңізді жағалап келіп, дағды бойынша өзен суы ағысына қарсы каналдармен жоғары өрлейді, көлдерге жайылған суға шығады, тұшы суда балық жақсы өседі. Мұның өзі аудандағы балық аулайтын колхоздар мен балық зауытының, кәсіпшіліктердің өркендеуіне, аудан экономикасын котеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазіргі кезде Жайық өзенінің теңізге құяр тамағы тайыздалған. Жылдар бойы қазылмағандықтан балықтар Жайық бойына толық шыға алмайды. Біздің ауданның тұсындағы теңізге құятын негізгі арналар бітелген, балықтар кіре алмайды. Соның салдарынан балықтар көктемде үйірімен жоғырылайды. Кейде онан да асып Мақашқалаға қарай асады. Сондықтан да Каспий балығының өз жерімізде көбеюіне жағдай жасауымыз керек. Үшіншіден, Еділ-Қиғаш суы өте көп. Көктемде олардан келетін мол суды бұрынғы қазылған Каспий теңізіне жібермесек ең адымен аудан орталығы Ганюшкинді су басады. Селоны бірнеше жылдар бойы богет салып қана аман алып қалып отырмыз, ал биыл жағдай өте қауіпті. Су басса мыңдаған саман үйлер құлап, ел баспанасыз қалады. Төртіншіден, су келсе каналдар бойындағы көлдер жағасы мен жайылымдарға шөп шығады, егін егіледі, халықтың күнкөрісі, ауа райы жақсарады, табиғат түзіледі. 2. Теңіз жағасына жағалай шыққан, адам жүре алмайтын, ит тұмсығы өтпейтін, жүздеген гектар жерді алып жатқан қураған қамыс, қоғалар, қопаларды көктемде және күзде өртеу керек. Өйткені олар қопаланып шіріп, бұларды паналап жүрген сансыз көп жабайы аңдар мен тышқандардың сүйегінен улы заттар, газдар көбейіп, экология бұзылады, аурулар тарайды. Оның елге келтіріп отырған зияны көп. Сондықтан да қамыс, қоғаларды жылма-жыл өртесе жер тазарады, қажетті аралдар мен су өз арналарын табатын болады.Оны осы жерді игеріп, өнімін алып жатқан мұнай компаниялары жүзеге асыра алар еді. Ал бұған бақылауды облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, одан жоғары министрлік жургізуге тиісті.

Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы



Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы – сол апаттардцың аяғы анықталмай, себебі сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы азды-көпті айыппұл төлесе, бұл осымен іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын” игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұнығ арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы үшін үлкен қауіп. Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге тболады: 1. Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу үшін миллиондаған қаражат қажет. 2. БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық қауіпсіз жағдайға келтіру. 3. Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған. Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады. Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап етеді. Каспий теңізі жағалауының 1350 км бақылаусыз қалып отыр. Қазіргі уақытта құрғақ жүктерден басқа жылына 5 млн мұнады тасу жүзеге асырылатын теңіз портының жұмысына тұрақты бақылау жетіспейді. Зертханалар мен инспекторлық құрамның көптігінен теңіз портының акваториында, сондай-ақ Каспий теңізінің қалған аумағындағы теңіз суының сапалы құрамына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жағдай жоқ. 3. Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай өндіру мәселесі қатты қолға алынып жатыр. Мол байлық бірнеше шет ел алпауыттарын дедектетіп біздің республикамызға алып келгеніне де бірнеше жыл болды. Олар қазір ақ тер, көк тер болып теңізге мұнай соратын қондырғыларды орнатып жатыр. Пиғылы белгілі – оларға мұнай керек. Және көп мұнай керек. Ал ертең мұнай сора бастағанда теңізіміздің табиғаты не болады? Алтынға парапар бекіре балығы мен қара уылдырық өндіре аламыз ба? Басқа да теңіз жәндіктері қырғынға ұшырамай ма? Айталық, ана жылы итбалықтар қырылды, балықтар да өлді. Сонда осы мол мұнай Қазақстанның келешекте соры болмай ма? Себебі деректер бойынша Каспийдің Қазақстан жақ бетіндегі биоқорлардың жалпы құны 500млрд доллар. Ал теңіз тіршілігі жойылса, халықаралық сот жыл сайын сондай мөлшердегі айыпты біздің елге салады да отырады. Мүмкін ол бірнеше ғасырғы созылар? Осы сұрақтар еріксіз ойландырады. Ең қиыны, теңізіміздің ертеңі не болады? Теңіздің жерасты қойнауында байлықтың мол қоры жатқаңына қай жақ та күдіктенбеді. Кеңес үкіметін ойландырған бұрғылау кезіндегі теңіз экологиясын сақтау болатын. Оған Кеңес Одағының көзін жеткізу үшін халықаралық мұнай бірлестігі компаниясы мамандарды Мексика шығанағы мен Кариб теңізінің атырауында орналасқан мұнай бұрғылау алаңдарына апарып, сонда жіберілген крокодильдерді көрсеткен. Оның себебі мұнай араласқан ортаға ең төзіімсіз тіршілік – крокодильдер екен. Ал апарылған крокодильдер онда жақсы өсіп жатқан. Сол кезеңде АҚШ-тың КСРО-дан Каспий теңізінің су асты алқабын сатуды қолқалағаны белгілі. Алайда кеңес үкіметі бұған келіспеді. Бірақ сол дәуәрде де теңіз асты мұнайын өндіру жөнінде әңгімелер болды. Оған екі жақтың космостан түсірілген бейнематериалдарындағы мұнай белгілері дәнекер болса керек. Алайда негізгі келісімшарт Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін басталды. Теңіз астын геологиялық-геофизикалық зерттеу жөніндегі «Қазақстан-Каспийшельф» компаниясын құру туоалы қаулы 1993 жылдың 13 ақпанында дүниеге келді. Сол жылдың 3 желтоқсанында бұл компания халықаралық консорциум болып қайта құрылды. Қазақстан шельфінің теңіз асты қайраңының Атырау-Маңғыстау облыстарының жерінде жатқаны белгілі. Ал бұл екі облыстың шекарасы құрлық бойындағы шекалармен тұтас келеді. ШШШельф орналасқан аймаққа қарай судың тереңдігі – 1,5 метрден 9 метрге дейін барады. Оңтүстік бетін құрайтын Түрікменстан шекарасыа дейінгі тереңдік 20 метрден 400 метрге дейін барады. Мұнай өндіретін бөліктің тайыз болуы жұмыстың жеңілдеуіне, құрылыс бөлшектерінің аз жұмсалуыне әсерін тигізері хақ. Сейсмикалық барлау жұмыстарының жүргізілуіне 1994 жылдың тамыз айында Ақтауға «Вестерн Джеофизикалдың» келуі айтарлықтай роль атқарды. Осы жерде сейсмикалық жұмыстардың атқарылу нәтижелерін сараптау мақсатында есептеу орталықтары құрылды. Ол әуелі Атырауда, кейін Алматыда дүниеге келді. Сол кездегі тағы бір өзгеріс – 1995 жылы «Каспийшельф» компаниясының «Қазақстанкаспийшельф» акционерлік қоғамы болып қайта құрылуы еді. Мұның өзі біздің ел үшін билік тұтқасына ие болуға жол ашатындай көрінді. Алайда ол Қазақстанды жай алдау ғана болып шықты. Біртіндеп ол өзге компаниялардың қолына көше бастады. Оған Қазақстанның бұл консорциумға қаражат қоспауы да әсер етті. Сол жылдары Ақтау қаласында консорциумның мониторингі өтті. Онда консорциумның алматы филиалының өкілдері басым болды. Негізгі әңгіме теңіздің экологиялық жағынан бүлінбеуіне арналды. Геология-минерология ғылымдарының докторы, академик Қ.Аманиязов өз сөзінде «егер теңіз экологиялық жағынан бүлінетін болса. Ондай жағдайда оның шығыны консорциум есебінен өндірілетін болсын» деген пікір айтты. Алайда бұл мәселе хақында шешім алынған жоқ. Тек консорциумның қорына 200 млн доллардың бөлінгендігі, одан 20 млн әлеуметтік салаға, 6 млн мамандар дайындауға кететіні белгілі болды. Мұнай өндірісі еліміздің қазіргі дамуы үшін ең негізгі екендігіне дау жоқ. Былайша айтқанда ол – Қазақстан экономикасының ең басты көзі. Осыдан он жыл бұрынғы сараптама-салыстыруларға қарағанда Қазақстан мұнайының негізгі қоры теңіз астында болып отыр. Есепші экономистердің пайымдауынша қайраңның Қазақстан жақ бөлігіндегі мұнайдың қоры бүкіл Қазақстандағы мұнай қорының тең жартысындай деп жорамалдаған болса, қазір шельфтегі мұнай қорының ондай болжамнан әлдеқайда көп екендігі анықталып отыр. Олай деліну себебі Батыс Қашағанды қазғанда теңізасты мұнай қоры 7 млрд тонна делінсе, Шығыс Қашағанды қазғанда оның мөлшері 50 млрд-қа артып кетті. Ал қазір 6 алаң зерттелуде. Демек, жоғарыдағы көрсеткіштің әлі де еселей өсетіндігінде дау жоқ. Олай болса бұл Каспий астын мұнай теңізі алып жатыр деген сөз. Теңіздің тайыз бөлігі мен терең бөліктеріндегі атқарылатын жұмыстардың ауқымы әрқилы болып келеді. Әсіресе оны сейсмикалық жұмыстартар кезінде ерекше назарда ұстау қажет. Жүз мың шаршы шақырым алаң зерттеліп шықты. Сол кезеңдердегі ақпарат ағымдарының хабарлауына жүгінсек, теңіз тіршілігінің жойылуы о баста-ақ байқалған. Атырау экологтарының анықтамаларына қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз тіршіліктері үнемі зақымдалып отырған. Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелді. Итбалық эпидемиясын былай қойғанда, қазір балықтардың қырылуы жаппай етек алуда. Әрі оның көрініс бергеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. Екінші мәселе, Солтүстік теңіздердегі мұнай өндіру жолдарын Каспийге қолдана салуға болмайды. Ең алдымен екі жақтың тіршілігі екі басқа. Ауа-райы мен табиғи ортасы да екі бөлек. Сондықтан Каспий астынан мұнай өңдіруге басқаша қарау керек. Экваториялық өзгешеліктерін де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде Кариб өңіріндегі әдістерді қолдану да тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өңдірген кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа алудың пайда бермесі хақ. Алайда шетелдік компанияларға теңіз тіршілігінің жойылуы ешқандай әсер етпейді. Себебі Қазақстанның табиғаты олар үшін көк тиын. Өткен жылдың шілде айында БҰҰ-ның шешімімен бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мараторий жарияланды. Қара уылдырықты экспорттауға да рұқсат етілмеді. «Атырау балық» бірлестігінің тоңазытқыш цехында 4 тонна уылдырық қалды. Ал сол уылдырықтың Америкадағы құны 14 млн доллар. 2002 жылдың 7 наурызы күні «Хабар» арнасында теңіз жағасындағы бес мемлекеттің уылдырықты экспорттау мөлшері көрсетілді. Сонда Қазақстан 23,5 тонна уылдырық экспорттауға құқылы болды болып шықты. Бұрынғы кездерде сондай уылдырық бір самолетке тиеліп, шетелдерге жөнелтіліп отырған. Қысқасы, қазір теңіз тіршілігіне қатер төнуде. Балық қоры мүлдем азайды. Оны броконьерлерден көреді. Олар бір-бір ұшқыр моторларға мініп алып, балық сақшыларын маңайлатпай кетеді дейді. Мемлекеттік қорықшылар сондай ұшқыр кемелерге неге мінбейді? Балық инспекторларының тікұшақтар алуына да мүмкіншіліктері де бар. Осы тұрғыдан алғанда қызыл балықтарды броконьерлер тауысып жатыр деген пікір – алдамшы сөз. Биылғы бозторғайлардың қырылуына да броконьерлер кінәлі ме? Жоқ, оның бір ғана себебі бар, ол – Батыс, Шығыс Қашағанды қазу кезіндегі теңізге жіберілген лай су, ыссы фонтан, жер астынан атылған инертті газ. Нәтижесінде теңіз тіршілігі қырғыеға ұшырауда. Оны басшылар көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болады. Әрине, мұнай керек, бірақ теңіз табиғаты құрыса, ол байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай болғанда да жойылуға тиісті емес.

Аралдың экологиялық проблемасы

Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.)



Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жьылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.

Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.



Балқаш проблемасы

Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.



Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).

Дарис 2. Қоршаған ортаның ластануына түсінік. Ластану түрлері


  • Мақсаты: қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығына әсер етуінмен байланысты мәселелер және мәселелерді ашу және оның алдын алу бойынша шаралар.

  • Дәріс жоспары:

  1. Қоршаған ортаның ластануына түсінік. Ластану түрлері.

  2. Қазіргі атмосфераның жағдайы атмосфералық ауаның ластануының негізгі көздері.

  3. Тұрғындардың денсаулығына қоршаған ортаның ластануының әсері.

  4. Атмосфералық ауаның жағдайына бақылау.

  5. Қоршаған ортаны қорғаудың жүйелік шаралары. Қоршаған орта нысандарының өзіндік тазалануының механизмі.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.

Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бүл жерде адамдар кішігірім гылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.

Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз ; нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері— адам-ның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп молшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптк қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар аркылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа косындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы (80з) коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт кышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді. және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.

Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды,жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жақканда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда; адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын закымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.

Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың адамдарды организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.

Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының калдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мумкін.

Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамнның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы- жасы мен жынысына байланысты болып келеді.

Аталған улы заттарға балалар,қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал қеледі.

Улы заттар адам организміне біртіңдеп жүйелі турде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмыт-шақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.

Дәрігерлер адамдардың әртурлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен катар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары —канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесіңде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.

Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нөрестелерінің организміңде улы газ бірінші жылы олардың канында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолка, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық, желім, бензин, эфирі еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға шығарылады. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге түссе жүйкені, миды, асқазанды жөне өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мұмкін.

Ендігі жерде біз, қоршаған ортаның қазіргі заманға нақты -проблемаларына тоқталамыз.

Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздері төмендегідей топқа бөлінеді:

Физикалық ластану — радиоактивті заттар, электромагнитгі толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

Химиялык ластану – көміртегі өнімдері, күқірт, көмірсулар, шайыңды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

Биологиялық ластану — ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, карапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

Эстетикалық зиян —_табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүліңуі, ормаң-тоғайлардың жойылуы, т.б.

-Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:

1)ластаушы заттардың таралуы;

Ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.

Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.

1. Көміртегі оксиді (СО2) және монокосид (СО). Жалпы отын жаққан кезде көміртектің екі -газы түзіледі. Еқеуі де ластағыш газдар. Оның: бірі көміртегі диоксиді ~- улы емес ал монооксид улы болып келеді, Ол адамның қаныдағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады.

Сонғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ға өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал, жылу эффектісі өз кезе-гінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кауіпті циклондар мен цунамилер, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқыл газдарының қызып жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде.

Қоршаған ортаның химиялық ластануыньң кейбір түрлері казіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызьш отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған "Жылу эффектісі", "Озонның жұқаруы", "Кышқыл жауындар", "Фотохимиялық тұмшалар" және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.

Адам баласы әсіресе, атмосфера (ауа бассейіні) ауасының лас­тану көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластаңуына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ токталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера аркылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сүйық немесе қоспа түрінде топырақ, су бетінде келіп, одан адам организміне түссді.

Атмосферадағы тіршілікке кажетті барлық процестер оның тропосфера кабатында жүреді. Оның жер бетінен калыңдығы 10-18 км. қашықтыкты (қалыңдықгы) қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаган ортаға тигізетін әсеріне токталамыз.

Көміртегі оксиді (СОІ) жөне монооксид (СО). Жалпы отын жақкан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның Щк хөміртегі диоксиді - улы емес, ал монооксид улы болып келеді Ол адамньң қандағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады.

Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нөтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатыньң орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мүхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кауіпті циклондар мен цунамилар, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен катар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар кун сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеністігіне кететін ұзын толкынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір кышкылы газдарының қызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029% болса, ал 90-жылдары -0,035%-ке жетіп, 20%-ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30%-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1°С-қа, ал 2050 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компьютерлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температурасы жақын жылдары 1,5 - 4,5°С-қа жетуі әбден ықгимал.

Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежузілік мүхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда "топан су" қаупін туғызары сөзсіз.

Мүхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін кауіпті проб­лема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн.

"Озонның жұкаруы". XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жүкаруы байқалған. Мөселен, 1987 жылы Антарктида тұсында озонның мөлшері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км2 аумақгы камтыған. Осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында оның мөлшері 50%-ке жеткен.

Осы жағдайға байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес күры-льш "озонньщ жүкару" себебін зерттеу басталды. Нөтижесінде, оның негізгі көзі - хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықгалды. Осы химиялық қосьшыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезещндегі озон молекуласын ыдыратып жойьш отырады. Нәти-жесінде озонның жүкару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріп, букіл тіршілік атаулыға кауіп төндіреді.

Бүкіл дуниежүзілік денсаулық сақтау (БДС) үйымьшың мөлі-меті бойынша атмосферадағы озонньщ 1%-ке азаюы кдуіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сияқгы УК сәу-ленің көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс кдбілетін азайтып, жұқпалы аурулардың мендеп кетуіне жол ашатьшы дә-ледденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халыкдралық Конвенция кабылданды. Оньщ максаты — озон кдбатынан бүлдіргіш заттар шытаруды тежеу немесе тоқгату. Осы багатта Ресей мен ТМД елдершің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек ётуде. .

"Қышгқыл жауындар" — атмосфераға байланысты казіргі кезең-дегі үлкен проблема. Оньщ негізгі көздері күкіртт* ангидрид (SO2) пен азот тотығы (NO, азот қос тотығы NO2)

2. Фотохимиялык түмша. Атмосфера кдбатында азот оксид-тері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялык, ре-акцияға үшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түгін. Оның Лондондық түмшадан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдар күндізгі жагдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық түмша алғаш per 1930 жылдары Лос-Анджелес каласы үстінде есепке алынған. Одан соң бүл күбылыс Нью-

3.2. Қоршаган ортаның радиациялық ластануы

Радиациялық ластанудьщ басқа ластанудан коп айырмашы-лыгы бар. Қысқа толқынды элекгромагаиттік сәуле шыгару мен зарядталган боліктерді боліп шыгаратын түрақсыз химия-лык элементтердің ядросы — радиоактивті нуклидтер. Міне, осы болшектер мен шығарылган сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бүзады, соның нәтижесінде түрлі ауру­лар пайда болады.

Радиациялык ластанудың негізгі квздері - альфа, гамма және бэта сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде акуыз, фермент және баскд да заттардьщ өзгеруіне, яғни сәуле ауруыньщ дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы сырткы мүшелерінің зақымдануынан және ра-диациялык ластаушылардын ішкі органдарға түсуі нэтижесінде болады.;

Сэуле ауруының дәрежесі алынған сәуленің молшеріне бай­ланысты балалар, карт адамдар мен ауру адамдар сэуле ауруын кетере алмайды. Адамдарда 50 рентген мэлшеріндегі сэуледен сэуле ауруы байкалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сэуле ауруы дами бастайды.

Сэуле ауруы өзінен альпнган сәуленің мөлшеріне кдрай ауыр жэне созылмалы болып бэлінеді. Адамдар екі-үш рет сэуле ал-ганда ауыр сэуле аур>ъіна үшырайды, ал аз молшерден үзақ уақыт сэуле ауруына шалдыгады.

Сәуленің эсер ету мэлШеріне карай терт дәрежедегі сэуле зуруы болады: 1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген молше-рінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген молшерінде; 4-Ші дәрежесі эте ауыр — 500 рентгеннен астам мөлшерде сэуле алган кезде болады.

Сэуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең — сәуленің ор ганизмге әсері Ьньщ мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүреК айну, күсу, іш эту, терінің бозаруы, кан кысымыньщ секірмелі болуы, естен тануы болады. Екінші кезең — бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бүл қезенді латентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып коріну кезеңі деп атайды. Алган радиация мэлшері көп болса, бүл кезең.кыска: болады да екі күннен - үш жетіге дейін созылады. Әдсіздік, терлегіштік, тәбетінщ төмендеуі, ұйқы-сыньщ бүзылуы байкалады және канда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сэуле ауруыньщ асқыну кезеңі бастаЛады. Аурудьщ температурасы кэтеріліп, ішіне кан күйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары тү-седі, қан үюы бү^ьілады да жүклалы аурулар дами бастайды (өк-пенщ кабынуы, дизентерия, іш өту, канның бүзылуы, т.б.). Төртінші кезең — сэуле ауруыньщ жеңіл түрі, бүл осы кезенде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезенде өліп кетеді. Орташа жэне ауырлау түрінде адамньщ жазылуы бірнеше айға созылып кан азаяды, кан қысымы көтеріледі жэне организмнің әлсіздігі байқалады.

Егер тамақ не су арқылы радиоактивті заттар адамның ішкі органдарына туесе, онда адамга 25-30 г активтелген көмір, 50 г күкірт қышқыл барийді немесе 25-30 г балшық суьш ішкізеді. Адсорбент радиактивті затгарды қанға өткізбей сіңіріп алады. Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 лирт су беріп қүстырып, аска-занын жудырады. Осыдан соң тағы да адсорбент беріп, іш айдай-тын дәрімен ішек-карнын тазалатады. Адам баласы сэулемен ка­тар эр түрлі жаракат алса (күйік, сынық, т.б.) онда ең алдымен жараға эр тұрлі микробтар түспейтіндей етіп алғашқы көмек көр-сетіледі. Құсқысы келіп, басы аурьш, басы айналғанда этапир зин немесе аэрон таблеткаларын береді. Сәуле алғаньш біле са-лып 3-4 сағаттан соң тетрациклин, биомицин береді, сонымен катар сульфадемизин, этазол, фталозол сияқты дәрілерді де бе­реди Егер ішіне кан хүйылған жагдайда тез қймыл жасатпай 5% хлорлы кальций ертіңдісін 4 сагат сайын бір ас касықган беру керек. Сәуле аурумен ауырған адамдарға сорт, әр түрлі жеміс шырыньш немесе көп су ішкізу керек. Аздап тұз қосылған су беріп, ауруларды аз-аздан жиі тамакхандыру керек.

Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиацияльгқ ластануы өте үлкен кауіп тудырып отыр. Казіргі кезде радио-активті заттар өте кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымал-дауда болатын немкүрайдылықгың нәтижесінде өте күшті радиа-циялық ластану болады. Мысалы, атом каруын сынақган өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырма-сыншы ғасырдың екшші жартысынан бастап, түрлі атом электр станциялары, мүз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір кайықгарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дүрыс жүмыс істегенде қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын меке-мелерде авария болтан кезенде жатдай өзгеше болады. Радиация-лык ластану нәтижесінде түскен радиоактивті шөгінділердің өзі бірнеше мындатан километрге дейін таралады. Казіргі кезде әске-ри өнеркәсіптің радиоакитивгік каддьгқгарын сақтау мен жою мәселесі түр. Ол калдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса кауіпті бола түсуде.

Радиоактивтік ластану өткец ғасырдың 40-шы жыддары уран-ның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болтан. Атом энергиясын американдықтар сотые мақсатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оньі бейбіт мақсаткд пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сакман дыру шаралары коса шаралары коса жүргізіледі. Өйткені, атом қоңдыртылары жүмыс істеу кезінде, адам өміріне кдуіпті радиоактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздаңцыру оңай шаруа емес. Радиоактивтік калдық-тарды теңізге, мүхиткд, өзенге тастауга рүқсат етілмейді. Әрине, бүл жагдай кейбір капиталистік еддерде сақгалмайды. Мәселен, Ирландия жаталауы казір ядролық үйіндіге айналтан. Жыл сайын мүхит түбіне радиоактивтік калдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыган елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорыңдарда белгіленген са-нитарлық нормата дейін радиоактивті заттардьщ концентрация-сын азайтатын тазарту қондыргылары салынтан. Каддықтар бал-лондарта салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасының мәселелері миллиондаган адамдарды ой-ландыруда. Атом электростанциядаты аппараттарга немкүрайды кдрауға болмайды, олардың ойламаған жерден апатка үшырауы — объективтік шындық. Солардьщ бірі -

Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтьщ денсаулытына кдтты эсер еткен, атом энергиясындағы ешуақытта болмаган апат. Чернобыль апаты кезінде атмосферага 50 МК радиоактивті заттар шытарылган және ауданы 3000 км болатын жерге таралган.

Біздің республикамызда Семей ядролық сынақ аймағы жа-йында тоқгальш кетейік. Мүнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты жэне жер бетінде түрлі жарылыстар бо­лып, жарылған заттардьщ куаты Чернобыль апаты кезіндегі жа-рылгыш заттардьщ куатынан бірнеше мьщ есе асып кеткен. Осы жарылыстьщ 27-сі атмосферада, 113-і жер бетінде, ал калганы жер астында жүргізілген. Олардың радиоактивті калдықтары жарты миллион адамга зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан басқа Казақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық сынақгар өткізілетін әскери полигондар болтанын жасыруға бол­майды. Олар негізінен Батыс Казакртандағы Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондары.

Күнделікті түрмыста да түрлі түрмыстық техникалардан, компьютерлерден, рентген агшаратгарынан да сэуле алады. Мысалы, адам баласы телевизор караудан бір жылда 0,5 мбэр сэуле алса, компьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сэуле алады.

Атмосфераның озон кдбатының жүкаруы күн радиациясы сэу-лесінің жер бетше эту каупін туғызуда. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етуде.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоршаған орта, биосфера, ноосфера, биоценоз, фитоценоз, зооценоз, микроценоз, түсініктері. Халық денсаулығын түзетін факторлар.

2. Табиғи және антропогенді химиялық факторлар. Ластану көздері. Заттардың қауіптілік класы.

3. Табиғи және антропогенді биологиялық факторлар. Ластану көздері.

4. Қоршаған орта факторларының адам денсаулығына біріккен, кешенді әсерлері туралы түсінік

5. Қоршаған ортаға антропогенді әсер.

6. Қоршаған орта сапасы мен халық денсаулығын зерттеу.

7. Қоршаған орта жағдайын талдау.

8. Қоршаған орта факторларын тәжірибелік гигиеналық бағалау.

9. Халық денсаулығы жағдайын эпидемиологиялық бағалау

Дарис 3. Тақырыбы: Атмосфера туралы түсінік



(1сағат)

Жоспар:

1.Атмосфера жердің ауа қабығы.



2.Атмосфераның химиялық құрамы.

3.Атмосфера қасиеттері және оның адамға әсері



Лекцияның мақсаты: Атмосфера туралы қарастыру.

Лекция мәтіні:

1. Атмосфера (грек.atmos-бу және sphaira-шар ) –Жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуліктік ,жылдық айналымына қатысы бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты.

Жер бетіндегі тіршілік тек ауа бар жерде ғана болады. Ауа планетаның сыртқы қабығы , ол тіршілік атаулының бәрін космостың ультракүлгін сәулелерінің әсерінен сақтайтын өзіндік ерекшелігі бар қабат. Қазіргі деректерге қарағанда,атмосфера жер бетінен 1500-2000 километр биіктікке дейін жайылған, әйтсе де жер серіктерінің және ракеталардың көмегімен жүргізілген бақылауларға қарағанда, атмосфераның кейбір белгілері жерден 10-20 мың километр биіктікке дейін болғандығы анықталып отыр

2. Ауаның құрамы: 78 0/0 –азот, 210/0- оттегі, 10/0- басқа газдар құрайды. Атмосфера жердегі ауа райын белгілі бір қалыпта реттеп отырады. Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің темпертурасы шамамен 200 градусқа құбылып тұрған болар еді( күндіз 100 градус шамасында ыстық болса, түнде -100 градусқа дейін суықтық болар еді). Ол газдан, су тамшыларынан, шаңнан, мұз кристалдарынан тұрады. Массасы 5,15*1015т. Жер бетінен жоғарылаған сайын Атмосферарының қысымы мен тығыздығы төмендей түседі де, біртіндеп планетааралық кеңістікке ұласып кетеді.

3.Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады. Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі – ауа. Өйткені барлық тірі организмдер атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам тамақсыз бес жетіге, сусыз бес күнге , ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 литр ауа жұтады.

Ең маңызды қорғаныш қабаты – озон. Ол атмосфераның жоғарғы қабатында(20-50км) күн радиациясы әсерінен түзілетін бір түрі. Озон жерден 25 км қашықтықта ең көп мөлшерде пайда болады. Ол атмосфераны тек 2-4 мм қалыңдықпен қоршайды. Осы аз мөлшердегі қабық жер бетіндегі барлық тіршілікті космостық сәулелердің зиянды әсерінен толық сақтап отырады. Ол ультракүлгін сәулелерді өзіне сіңіріп қалып , жер бетіне тек шамалы мөлшерін ғана жібереді. Сондықтан оның жануарлар мен адамдарға пайдасы өте зор. Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысы өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу және жер маңы кеңістіктеріндегі концентрациясының артуы.

Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекуласының (о) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі.

Қазіргі кезде озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі.

Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады.

Қышқыл жауындардың пайда болуының негізгі себебі күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады. Су буының қатысуында күкіртті ангидрид күкірт қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінен көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі. Оларға органикалық қышқылдар мен басқа да қосылыстар араласып, қышқыл реакциясы бар ерітінді береді.Қышқыл жауын – шашын мен оның компоненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қазіргі кезде озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор атаңыз

  2. Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері

(1 сағат)

Тақырыбы: Атмосфераның қабаттары

Жоспар:

1.Тропосфера.

2.Стратосфера.

3.Мезосфера.

4.Термосфера. Экзосфера.



Лекцияның мақсаты: Атмосфераның қабаттарын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1.Жер шарын қоршап тұрған бүкіл ауа қабатының қозғалыс жүйесі, яғни ауа массасының көлденең және тік бағытта ауысуына себепкер болатын негізгі ауа ағындарының жиынтығы . Жердің тәуліктік айналуы, мұхиттар мен құрлықтардың өзара орналасуы, құрлық бетінің бедері, тағы басқа Атмосфералық айналымдарды тудырады. Айналым жылы және салқын ауа масаларын араластырып, ылғал тасмалдайды, нәтижесінде ауарайы өзгереді. Тропосфера қабатында оған циклон және анти циклондар тығыз байланысты пассаттар мен муссондар ,тропосфераның жоғарғы қабаты мен стратасфераның ауа ағыны өте қатты жүретін төменгі қабаттары жатады. Атмосфералық айналым бірнеше ірі көлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде ең ірісі –ауа массасының батыс тасмалы. Сонымен қатар атмосферада кіші көлемді жергілікті ауа айналымдары (бриз бора фен және тау аңғарлық желдер ) мен күшті құындар (тромб тарнадо қарадауыл) да байқалады. Атмосфералық айналым синоптикалық, статистикалық және гидродинамикалық әдістермен зерттейді.

Температураның өзгеруіне қарай Атмосфера: тропосфера, стротосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына ажырайды .

Тропосфера (грекше “tropos”-бұрылыс деген сөз) –Жерден экватормен –тропиктік ендіктерден 16-18 км .ден солтүстік полюстерге дейінгі аймақта 8-9 км.ге дейін созылған.Бұл қабат атмосфераның ең төменгі қабаты болып табылып, бұл қабатта атмосфера ауасы 80% шоғырланған және де су буының 99 % осында орналасқан. Тропосфера қабатында барлық Жер климатының факторлары кездеседі.

Тропосферада температура жер бетінен тропопаузаға дейін орта есеппен әрбір 100 м-ге 0,6 ° төмендейді.Ғалымдар Жер планетасындағы ең бір ғажайып құбылыс ол-“Атмосфера қабаттарынан жоғарылаған сайын температура төмендесе, Жер құрылыстарынан төмендеген сайын темепература жоғарылауы ең ғажайып құбылыс” деп атап көрсеткен.Тропосферада ауа үнемі араласып отырып ,онда бұлт пайда болады және де жауын-шашын жауады.

Тропопауза-тропосферадан стратосфераға қарай өтпелі қабат.Тропаузаның биіктігі және температурасы ендікке байланысты өзгереді.Экватордан полюстерге қарай тропауза араласа береді, бірақ бұл араласу бірқалыпты жүрмейді.

2.Стратосфера(латынша :“stratus”-жұқа дегенді білдіреді) -тропопаузадан 50-55 км аймақта шоғырланған. Бұл қабатта 20 % ауа шоғырланып, Жер бетіндегі тіршілікті ультракүлгін Күн сәулесінен сақтайтын “озон” қабаты (сратосфераны кейде озоносфера деп те атайды) 25 км биіктікте шоғырланған.Стратосферада су буының мөлшері тым аз.22-25 км биіктікте сыйық- тамшы перламутты бұлттар кездеседі.Алғашында атмосфера қабаттарын зерттегенде стратосфераны “тыныш қабат” деген атақ берілсе, қазір стратосферада горизонтальды циркуляция процесі болып жататындығы анықталды.

Стратосфераның төменгі шекарасындағы температура экватордың үстінде жыл бойы –74 ° С маңында ,полюстердің үстінде ,онан жоғары.Солтүстік жарты шарда қаңтарда –64 ° С ,-68 °,шілдеде 42 °С.Биіктеген сайын температура жоғарылау береді де ,стратопаузаға барғанда ° С, + 10 °С жетеді.



3.Мезосфера (латынша “mesos”- орта,аралық дегенді білдіреді.)-стратопаузадан 800 км биіктікте шоғырланған.Бұл қабатта температура -80-85 ° С жетеді.Бұл қабатта күміс түстес мұзды бұлттар көптеп шоғырланған.Трапосфердан термосфераға дейінгі аралықтағы аймақта 99,5 % ауа массасы шоғырланған.

4.Термосферада температура биіктік артқан қайтадан жоғарылайды да ,100 км биіктікте 0 ° С –тан өтеді.Ол 150 км биіктікте +220-240 ° С жетіп үлгереді.Тропосферадағы газ бөлшектерінің қозғалыс жылдамдығы орасан зор,бірақ кеңістіктің барынша селдір болуына байланысты олар өте сирек соқтығысады.Күннің күшті әрекетіне байланысты термосфераның полярлық аймақтарында тығыздығы да (жүздеген есе) ,температурасы да (жүздеген градусқа ) өзгеріп тұрады.

Термосферада ионданған өте селдір газдың қабығы болып, сондықтан да оны кейде иносфера деп атайды.

Термосферады негізінен ионданған мынадай төрт қабат ажыратылады:

1.Д (биіктігі 80 км)

2.Е (биіктігі 110 км)

3.F¹(биіктігі 120 км)

4.F²(биіктігі 250-400 км)

Иондану қабаттары кейде секундына 40-80 км жылдамдықпен вертикаль бағытта қозғалысқа түседі.Онда қуатты электр тоқтары өтіп жатады.Термосферадағы бөлшектердің қозғалысына магнит өрісі әсер тигізеді.400 км-ден биіктікте бұл процестің әсері басым екендігін білуімізге болады.Магнит күші сызықтарын бойлап созылып жатқан зарядталғанбөлшектердің бұлттары сағатына жүздеген км жылдамдықпен ауысып жатады.

Экзосфера-(грекше :exo –сыртқы деген мағына береді )-800 км –ден жоғары ,температурасы 2000° -қа жетуі мүмкін –атмосфераның ең жоғарғы қабаты ,сондай-ақ планетаралық қабат. Тек шартты түрде шектелген сыртқы сфера -шашырау қабаты ,одан газдар планетааралық кеңістікке ұшып кете алады.Бұл қабат қазіргі күнге дейін аз зерттелегн.Бұл қабатта ғалымдардың болжамы бойынша бөлшектер бір-біріне соқтығыспайды деуге болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Атмосферадағы кіші көлемді жергілікті ауа айналымдары

2. Атмосферадағы күшті құйындар түрлері.

3.Атмосфералық айналымның зерттеу әдістері




(1 сағат)

Тақырыбы: Атмосфераның ластануы

Жоспар:

1.Жер атмосферасына шығарылатын техногенді табиғаты бар қалдықтардың әлемдік мөлшері

2.Ауаның радиоактивті заттармен ластануы.

3.Қалалардағы ауаның ластануы.



Лекцияның мақсаты: Атмосфераның ластануын қарастыру

Лекция мәтіні:

1.Қоршаған ортаның ластану мәселесінің ушыққандығы соншалық,ол қолайсыз техногендік аймақтарда тұратын адамдардың денсаулығына ғана емес бүкіл адамзатқа қатер төңдіріп отыр.Өзің су ішкен құдыққа түкірме дейтін халық нақылын ұмытқан біз тазалық ұғымын ұмыта бастадық.Табиғат қазір күн сайын ауаға,топыраққа,суатқа шығарылатын миллиондаған тонна техникалық және тұрмыстық қалдықтарды өз күшімен ұқсата алмайды.

2.Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы,адамдар органының ауруына,оның ішінде жыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.

Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылар әр кездерде де болады.Ондай табиғи қосылыстарға шаңдар,өрт түтіндері,газдар жатады.

Атмосфералық ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары,автокөлік және жылу энергетикасы жатады.Атмосфера ауасының ластануының ішіндегі ең қауіптісі – радиоактивті ластану – ортада радиоактивтік заттектердің құрамының қалыпты деңгейінен артуына байланысты физикалық ластану түрі.Радиоактивті ластануға АЭС–тегі аварияны жатқызуға болады.АЭС-тегі аварияның қауіптілігі атом реакторларынан ұсақ шаңдақ,эрозия түрінде радиоактивті заттардан атмосфераға шығуына қауіпті сұйық заттың төгілуіне байланысты.Оның иісі,түсі,дәмі жоқ болғандықтан адам оны байқай алмайды.Тек арнайы приборлар арқылы ғана білуге болады.

1986 жылғы Черноболь АЭС-індегі авария-атом энергетикасы тарихындағы ең зұлмат апаттың бірі.Ол экология үшін қолайсыз жағдайды тудырды,көптеген адамдардың өмірін қиды,экономикаға орасан зор залал келтірді.Тек КСРО республикаларының ғана емес,бүкіл әлем жұртшылығының алаңдаушылығын туғызды.

Бұл авариялардың түпкілікті қайғылы қорытындысын ондаған,жүздеген жылдан кейін ғана шығаруға болады,мысалы,шағын зонадағы радиацияның адамға әсерінің салдары осы уақытқа дейін зерттелген жоқ.

3.Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауаның ластануының деңгейі өте жоғары.Орташа алғанда қалалардағы шаңның,аммиактың,фенолдық,фторлық сутегінің,формальдегидтің,қорғасының,азот диоксидінің және күкіртің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр.Мысалы,Шымкент және Ленингорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен.



Смог- үлкен қалаларда,өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы.Оның екі тұрпаты байқалады:

  • түтінен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман.

  • Фотохимиялық смог- өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы ол күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралады,әрі өте улы келеді.

  • Фотохимиялық смог 1940-шы жылдарда Лос-Анджелес қаласында байқалған,қазірде ғаламшарымыздың барлық дерлік бұрыш-бұрыщтарында көрінеді. Смог көз көрерлікті төмендетеді,металдық тотығуын күшейтеді,денсаулыққа кері әсер етеді,әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп,аурушаң етеді.

Атмосфера экологиясына :Озон қабатының бұзылуы, қышқыл жауын-шашындардың жаууы ,тағы басқалар болып табылады.Атмосфера экологиясын бұзушы факторларға : өндіріс және қайта істеу өнеркәсіптеріндегі шығынды заттардың атмосфераға түтін, күйе ретінде көтерілуі.тұздардың атмосфераға көтерілуі

Атмосфераның 100 км биіктікке дейінгі қабатында жер бетіне баяу қонып жататын 28 млн. Т. астам космостық шаң –тозаң бар. Аэрозолдардың жалпы салмағы 108 т кем соқпайды. Атмосфераның электор өткізгіштігі иондардың коцентрация қозғалғыштығына байланысты. Биіктеген сайын иондардың коцентрациясы күшейе түсетіндіктен электор өткізгіштік те арта береді де, 100-250 км биіктікке максималдық жағдайына жетеді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Радиоактивті химиялық элементтерді атаңыз?

  2. Смог және олардың бөлінуі.



(1 сағат)

Тақырыбы: Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары

Жоспар:

1.Биосфера үшін атмосфераның маңызы.

2.Атмосферадағы қазіргі өзгерістер.

3.Атмосфераны қорғау жолдары мен құқықтары



Лекцияның мақсаты: Атмосфераны ластанудан қорғау жолдарын қарастыру.

Лекция мәтіні.

1.Атмосфера –ауа, химиялық қоспалармен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты мен метрологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген компоненттердің қатынасы оның радияцияға, жылу және су режиміне,өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфералық ауа- барлық тіршіліктің негізі. Ауасыз жан-жануарлар, өсімдіктер мен адамдар тіршілік ете алмайды. Сонымен қатар атмосфералық ауа жер бетіндегі тіршілікті ашық космос әсерінен сақтап отырып, атап айтқанда, күн сәулесінің жерге түсетін мөлшерін реттейді. Ол болмаса тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200˚ С құбылып тұрған болар еді: күндіз қатты ысып (100° С үстінде), ал түнде аяз (-100°). Сондай-ақ атмосфера болмаса Жердің әр 1 км² үш-төрт күнде мотиорит түсіп отырған болар еді, осы жағдайдан сақталып отырғанымыз метеориттердің көбісі ауаның тығыыз қабаттарында жанып кетеді.

2.Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж- 3,1 млн. г 1997 ж- 2,37, 1998ж- 2,33) зиянды заттар шығады. Атмосфераға әкелетін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар-22,7 %, қара металдар -15,7 % береді.

Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60-80 пайыз құрайды. Ал алматы қаласында 90-пайыз.

Ең көп тарайтын улы заттар -углеродтық оксиді ( СО), күкіртің диоксиді (SO), азоттық оксиді (МО), көмірсутегі (Сп Нт) және қатаң заттар(шаң ).

Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қырғасын, сынап және бензопирен. Осы күрделі атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаяды.

3. Атмосфера маңызды сарқылмайтын экологиялық ресурс екені ақиқат. Қаншалықты сарқылмайтын болса да біз бұл ресурсты тиімді пайдаланып, қорғай білуіміз қажет. Ауаның тазалығы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де, бізді қоршаған басқа да объектілерге қажет.

Ауаны тазалауға арналған құралдар негізгі топқа: құрғақ және ылғалды шаң ұстағыштарға маталы сүзгіштерге және электр сүзгіштерге бөлінеді.

Құрғақ шаң ұстағыш аппараттарында қалқыма бөлшектерді тұндыру (ұстау) әр түрлі миханизмдерге: гравитациялық (салмақ күші әсерінен), инерциялық, сыртқы тепкіш және сүзгіштік негізделген. Ылғалды шаңұстағыштарда қалқыма бөлшектер сұйықтықтармен, көбінесе сумен түйістіру арқылы тұндырылады. Электрлік тазалау әдісі жоғарғы қуатты электрсүзгіштердің электродтарында тұтынуға негізделген. Газды оның құрамындағы газ және бу тәрізді қоспалардан айыру үшін абсорбция, адсорбция, катализдік және термиялық әдістер кеңінен қолданылады.

Ауа ортасының құрамы мен ерекшелігінің жаман жаққа қарай өзгеруі -ауа қорғау заңын бұзудың нәтижесі. Атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту мақсатында ауа қорғау заңының талаптарын сақтау қажет технология процесін жақсарту, шаң мен күл ұстағыш жүйені жетілдіру, қондырғыларды жаңғырту және т.б

Бүгінде атмосфераны қорғау халықаралық мәселеге айналды. Ақиқатында атмосфера мемлекеттік шекараны білдірмейді және тіршілік ортасына басқа мекендеушілермен салыстырғанда үлкен кеңістікте жылдам таралатындықтан тез ластанады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ең көп тарайтын улы заттарды атаңыз

  2. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын зиянды заттар шығады


Тақырыбы: Атмосфераның басқа географиялық қабықтармен байланысы және озон қабаты

(1 сағат)

Жоспар:

1.Атмосфераның гидросферамен байланысы.

2.Атмосфераның литосферамен байланысы.

3.Атмосфераның биосферамен байланысы. Атмосфераның –Жер бетіндегі тіршілік үшін маңыздығы.



Лекцияның мақсаты: Атмосфераның басқа географиялық қабықтармен байланысын және озон қабатын қарастыру.

Лекция мәтіні:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет