БАҒдарламасы шымкент 2011 ж. Қабылдау емтиханның бағдарламасы 6М010100 Мектепке дейінгі оқыту мен



бет2/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,76 Mb.
#5648
түріБағдарламасы
1   2   3

1.3 Мектепке дейінгі педагогика

Кіріспе

Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқытту және оның негізгі зандылықтары туралы ғылым. Мектепке дейгнгі педагогика пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны. Негізгі педагогикалық ұғымдары "даму", "тәрбие", "оқыту", "білім беру", "қалыптастыру", "педагогикалық үрдіс". Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Педагогикалық зерттеу әдістері

Мектепке дейінгі педагогика ғылымының өзекті мәселелері. Зерттеу кезеңдері. Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері. Эмперикалық зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент, әңгімелесу, іс-құжаттарды зерттеу. Мектепке дейінгі ұйымда анықтау, қалыптастыру, бақылау эксперименттік зерттеу кезеңдері. Әдебиеттермен жұмыс. Жинақтапған материалды өңдеу. Зерттеу әрекетінің нәтижелерін безендіру.

Балалардың дамуы және тәрбиелеу

"Адам", "индивид","жеке тұлға" ұғымдары. Жеке тұлғаның даму және қалыптасуы. Балалардың жеке тұлтасының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар ( тұкым куалаушылық, орта, тәрбие).

Жеке тұлға дамуының жас кезеңдері. Сәби және мектеп жасына дейінгі балаларға сипаттама. Балалардың дамуы мен қалыптасуында әрскеттің ролі. Белсенділігі. Мектеп жасына дейінгі балалар дамуында қарым-қатынастың орны.

Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы

Мектепке дейінгі тәрбиенік маңызы. Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі тәрбиенін тарихи дамуы (Я. А.Коменскнй. Г.Пестолоций, Р.Оуэн, Ф.Фребель ) Ресейдегі алғашқы балабақшалар (Л.К.Шлегер, А.С.Симонович, E.Н. Тихеева). Қазақстандағы алғашқы балабақшалар. Қазіргі Қазақстан Республикасында қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы. Мектепке дейінгі ұйым типтері және олардың ерекшелігі.

Тәрбиешінің тұлғалық бейнесі

Тәрбиеші мектепке дейінгі ұйымнын оқу- тәрбие үрдісіндегі негізгі тұлға. Оның қызметі мен міндеттері. Тәрбиеші-педагог мамандығының тарихы. Тәрбиеші мамандығының әлеуметтік мәні. Педагогикалық әрекетіне сипаттама. Жеке тұлғалық сапалары. Тәрбиешілердің білімділігі, мәдениеттілігі, шеберлігі, кдбілеттілігі, біліктілігі, әдептілігі, балалармен қарым-қатынас стилі, педагогикалық квалиметрия. Профессиограмма. Кәсіптік мінездеме. Мектепке дейінгі ұйымға тәрбиешіні теориялық және практикалық дайындау. Тәрбиеші-педагогтардың білімін жетілдіру жүйесі, жолдары.



Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдіс

Педагогикалық үрдіс. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістегі балалар әрекеттерінің (ойын, оқу, еңбек, тұрмыстық) ұйымдастырылу үйлесімділігі. Күн тәртібі. Күн тәртібінің бірінші және екінші жартысын ұйымдастыру. Ертеңгілік қабылдау. Серуен және балалар белсенділігі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйқысы жәңе тамактандыру әдістемесі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдісті жоспарлау. Жоспардың түрлері.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы және қалыптасу тарихы. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу тужырымдамалары. «Бал бөбек»бағдарламасы. Балаларды мектепалды дайындау бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендер. Мектепке дейінгі білім беру стандарты. 1 жас және 6 жасаралығындағы балаларды оқыту және тәрбиелеудің базалық
минимумы.
Ресейдегі балама бағдарламалар. Қазақетандағы «Тәй-тәй»,
«Қарлыгаш» бағдарламалары және мазмұнынын ерекшелігі, Бейімделген (вариативті) бағдарламалар.

Сәби шақтағы балалардың дамуы және тәрбиелеу

Сәби шақтық ерекшелігі. Пренаталдық педагогика - онтогенез туралы ғылым. Пренаталдық кезеңдегі дамудың маңызы. Шет елдегі және еліміздегі сәби шақтағы балардың дамуы мен тәрбиелеу мәселесінің теориялық негіздері. Психологиялық госпитализм. Мектепке дейінгі педагогика ғылымында сәби шақтағы балалардың ерекшелігі туралы зерттеулердің бағыттары. Халық педагогиқасында сәби шақтағы балаларды тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер. Сәби шақтағы балалрдың үлкендермен қарым-қатынасының маңызы.



Нәрестелік шақтағы балалар тәрбиесі

Нәрестелік шақтағы балалар тәрбиесі. Баланың жөргектегі тәрбиесі. Туғаннан 2,5- 3 айға дейінгі кеэеңге сипаттама. Нәрестенің күн тәртібі ( тамактандыру, сергіту сәттері, балалар агзасын шынықтыру). Жандану кешені. 2,5-3 айдан 5-6 айға дейінгі кезеңдегі балалардың дамуы және тәрбиелеу ерекшелігі. 5-6 айдан 9-10 айға дейінгі кезеңдегі нәрестенің даму және тәрбиелеу. 9-10 айдан 1 жаска дейінгі кезең. Бір жастағы балалардың күн тәртібін ұйымдастыру. Туғаннан бір жасқа дейінгі балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

Екі және үш жастағы балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу

2 жастағы балаларға сипаттама. 1 жас - 1 жас 6 айдағы және 1 жас 6 айдан 2 жастағы балалардың дамуы және тәрбиелеу ерекшеліктері. Күн тәртібі. Қимылдары. Заттармен жасайтын әрекеттері. Тілінің дамуы.

3 жастағы балалардың дамуы және тәрбиелеу ерекшелігі. Дене бітімінің дамуы. Күн тәртібі. Өздігімен әрекеті. Үш жастағы балалар ойыны және балалармен қарым-қатынасы. Оқу әрекетін ұйымдастыру.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі

"Дене тәрбиесі", "дене дамуы", "дене жетілуі" ұғымдары. Мектеп жасыңа дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориялық негіздері. Дене тәрбиесінің мақсат міндеттері. Дене тәрбиесі кұралдары. Қимыл-қозғалыс белсенділігі.

Шет ел ғалымдарының /В.Трейер, В.Етерн, К.Бюлер және т.б/ зерттеулерңідегі мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру мәселелері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы педагогтар мен педиатрлардың көзқарастары /Бенджиман Спок/. ТМД елдерінде дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесінін қалыптасуы. ( Е.Г.Леви-Горниевская, П.Ф.Лесгафт, А.И.Бықова, Т.И.Осокина, ДВ.Хухлаева).

Қазақстандық ғалымдардың мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы педагогикалық ой-пікірлері. /А.Қаржаубаев, М.Турыскелдина, Т.Иманбеков және т.б/. Қазақ халқының тәжірибесіндегі дене тәрбиесіне байланысты салт- дәстүрі (кұрсақтағы тәрбие, нәрестені күту), спорт түрлері, ұлттық киымылды ойындардың орны. Мәдени-гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу.



Ақыл-ой тәрбиесі теориясы және әдістемесі

"Ақыл-ой тәрбиесі", "Ақыл-ой дамуы" ұғымдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі туралы Я.А.Коменский, И.Г.Пестолоций, Ф.Фребель, М.Монтессори және т.б еңбектері. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының оқыту процесінде дамуы /ДЖ.Брунер, Ж.Пиаже және т.б/.

Мектеп жасына дейінгі балалардың. ақыл-ой тәрбиесішн психологиялық негізі ( А.В.Запорожца, Л.А.Венгер, А.Г.Рузская) Ресейдегі мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой тәрбиесін беру теориясы (Е.И.Водовозова, П.Ф.Каптерев, Е.И.Тихеева, А.П.Усова).

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері. Ақыл-ой әрекетінің қарапайым дағдылары мен біліктілігін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі және қызығушылығын қалыптастыру. Мектепке дейінгі дидактика. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту үрдісі және ерекшеліктері. Оқыту әдіс-тәсілдері және оның жіктелуі. Оқыту формасы. Оқыту принциптері және моделі. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту технологиясы.



Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінд білім жүйесінің орны. Балабакдіада берілетін білім мазмұны. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі. Ақыл-ой тәрбесінін құралдары және шарттары. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуальдық дамуы және тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі дары иды балалармен жұмыс ерекшелігі.

Сенсорлық тәрбие

Ақыл-ой тәрбиесінін негізі - сенсорлық тәрбие. "Сенсорлық тәрбие", "сенсорлық даму", "сенсорлық эталон" ұғымдары. Сенсорлық тәрбие әдістемесі (Ф.Фребель, О.Декроли, Е.И.Тихеева, Л.А.Венгер, Н.Н.ГТодьякова, В.И.Аванесова). Мектеп жасына лейінгі балалардың сенсорлық дамуында М.Монтессоридың технологиясы. Әр түрлі топтағы сенсорлық тәрбие мазмұны, міндеттері және әдістемссі. М.Жұмабаев, Н.Қулжанованың сңбектеріндегі сенсорлық тәрбие мәселелері. Сенсорлық тәрбие құралдары.

Адамгершілік тәрбиесі теориясы мен әдістемссі

"Адамгершілік даму","адамгершілік тәрбие" ұғымдары. Шет елдердегі мектел жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің теориясы. /К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б./ Қазақтың ағартушы ғалымдары Ол-Фараби, Ы.Алтынсарин, А.Қунанбаев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов сцбектеріндегі адамгершілік тәрбиесі. Жалпы базалық кұндылықтар.

Мектеп жасыма дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу тур алы Н.Қулжанова, А.К. Менжанова, Ж.А.Исмайлова зерттеулері. Мектеп жасына дейінгі балалардық "Мен бейнесі", "Мен тұжырымдамасынын" қалыптасу ерекшеліктері. "Өзін- өзі тану" бағадарламасы - мектеп жасына дейінгі балаларды жоғары рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Еңбек тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі

Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу. ТМД елдеріңдегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке

тәрбиелеу теориясы (З.Н.Борисова, В.С.Нечаева, Р.С.Буре, Г.Н.Година, Т.А.Маркова, Д.В.Сергеева, А.Д.Шатова және т.б). Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П.Я.Миндлина. Э.М.Крарих, Г.Штейнер).

Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық кезқарастары /А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтурсынов/.

Қазақстандық педагог ғалымдардың мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу туралы зерттеулер (Н.Қүлжанова, А.К.Менжанова, Г.Меңлібекова, А.Макеева, Р.Аралбаева, С.Н.Жиенбаева).

Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу мақсаты, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің турлері. Өзін- өзі қызмет ету енбегіне баулу мазмұны, әдістемесі. Шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің мазмұны, тәрбиелеу әдістемесі. Табиғаттағы еңбекке баулу мазмұны, әдістемесі. Балалардың қол енбегін ұйымдастыру, казақтың қолданбалы кол өнері, матадан ою-өрнектер қию туралы /Н.Қулжанова У. Ересектердің еңбегімен танысгару әдістемесі/А. Me нжанова/.

Балалар еңбегін ұйымдастыру формалары: кезекшілік, тапсырма беру, ұжымдық еңбек. Тапсырма беру түрлері. Кезекшіліктің түрлері және оны ұиымдастыру әдістемесі. Ұжымдық еңбекті өткізу әдістемесі. Отбасында еңбек тәрбиесін ұйымдастыру.
16. Экономикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Экономиқалық тәрбие ұғымы. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлға рстіңде қалыптасуындағы экономикалық тәрбие. Шет елдегі және Қазақстандағы экономикалық тәрбие берудің теориялық негіздері.

А.Д.Шатованың мектеп жасына дейінгі балаларға экономикалық тәрбие беру туралы ой-пікірі. Экономикалық тәрбие мақсаты, міндеттері, мазмұны. Экономикалық білім беру негіздері(электрожарыққа, газға, ақшаға үнемдеу көзқарасын туғызу). Экономикалық тәрбие бағдарламасы.

17. Эстетикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі

"Эстетикалық тәрбие", "Эстетикалық даму", "Көркемдік тәрбие" ұғымдары. Шет елдегі мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру теориясы /К.Бюлер, С.Холл және т.б/.

ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру теориялары. (Е.А.Флерииа, А.Н.Ветлугина, Н.П.Сакулина).

Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің теориялық негізі. Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру әдістемесі (Т.АЛевченко, Ф.Н.Жұмабекова). Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеттері және әдістері. Эстетикалық тәрбие құралдары мен шарттары. Тұрмыс эстетиқасы және балабақша үлескесін безендіру, жабдықтау.
18. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Экологиялық тәрбие. Мектеп жасына дейінгі экологиялық тәрбиенің теориялық негіздері. Экологиялық тәрбие мақсаты мен міндеттері, мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білім беру, тәрбиелеу және экологиялық мінез-күлқын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі.

Экологиялық тәрбие беру бағдарламалары (Н.Рыжова, С.Н.Николаева, Н.Н.Кондратьева). Еліміздегі экологиялық тәрбие мәселелері( А.Н.Манкеш, Н.С.Сайлауова). Экологиялық тәрбие шарттары, ұйымдастыру калпы, әдістері. Отбасында экологиялық тәрбие беру жолдары және ата-аналармен жұмыстар.
19. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойыны

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті - ойын. Ойынның ерекшеліктері және тәрбиелік мәні. Ойынның тарихи-әлеуметгік сипаты. Қазақстанда ойын теориясының қалыптасуы. (Н.Құлжанова, А.Байтұрсынов, М.Турыскелдина, Т.Иманбеков, Г.Дұкенбаева, Б.Арзанбаева)

ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балалар ойыны туралы зерттеулер (Е.И.Тихеева, Е.А.Покровский, А.П.Усова, Д.В.Менджеринцская, Н.Я.Михайленко, А.К.Бондаренко және т.б).

Ойынның жіктелуі және оның тарихи жүйеленуі. Ойын түрлері: шығармашылық және ережелі ойындар. Шығармашылық ойындары: сюжетті-рольдік ойындар, театр ойыны, кұрылыс ойыны, рсжиссерлік ойындар. Ережелі ойындар: қимыл-қозғалыс ойыны, ермек, дидактикалық, ұлттық, компыотерлік ойындар.

Сюжетті-рольдік ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті. Сюжетті-рольдік ойын туралы педагогикалық зерттеулер. Ойын мазмұнынынын ерекшелігі, құрылысы, тәрбиешінің басшылығы (Р.Н.Жуковская, А.А.Абрамян, Л.В.Артемова). Сюжетті- рольді ойынды ұйымдастыру әдістемссі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың театр ойынында шығармашылық қабілетінің дамуы. Театрланған ойынның ерекшелігі және оған басшылық. Әртүрлі топтарда ұйымдастыру әдістемесі. Режиссерлік ойындар. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбелеудегі дидактикалық ойынның маңызы. Дидактикалық ойын баланың таным қабілетін, сенсорлық дамуы, белсенділігін дамыту кұралы. Әртүрлі топтардағы дидактикалық ойынга басшылық және әдістемесі. Ойын арқылы оқыту технологиясы (И.М.Канонова, Т.Г.Қазақова, Е.Е. Кравцова). Қимыл-қозғалыс ойындары. Улттық кимылды ойындар және олардың жіктелуі ( А.К.Бондаренко, М.Т.Тұрыскелдина, Н.Ж.Барымбеков).

Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары өз еркімен, тақырып бойынша және жағдайларға байланысты өзіндік ерекщеліктері (З.В.Лиштван). Құрылыс ойынынына басшылық және әдістемесі. Ермек ойындары, оның ерекшеліктері. Әртүрлі топтарда ұйымдастыру әдістемесі. Интеллектуальдық дамытушылық ойындар. Компьютерлік ойындар және қолдану әдістемесі. Ойыншықтар және балалар өміріндегі маңызы. Ойыншық түрлері және оның жіктелуі. әp түрлі жастағы балалардың ойыншықтары және оның педагогикалық үрдістегі орны.
20. Мектепке дейінгі ұйым және отбасы

Отбасы - мектеп жасына дейінгі балалардың қалыптыру ортасы. Қазақстандағы отбасы саясаты және демофафия. Отбасындағы тәрбие дәстүрлері. Әр түрлі типті отбасында балалардың жеке басын қалыптастыру. Ата-ана тәрбиесі және олардың міндеттері.

Халық тәжірибесінде отбасының балаларды тәрбиелеудегі орны (А.Сейсембаев, Қ.Жарықбаев, Д.Муталиева, М.Сәтімбекова). Балабақшаның отбасымен байланысы.

Балаларды отбасында тәрбиелеудің мақсат, міндеттері. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері және формасы. Топтық және ұжымдық жұмыстар. Ата- аналар жиналысы, тахырыптық кеңестер. Ата- аналар арасына педагогикалық білімді насихаттау.

21. Балаларды мектепке дайындау



Қазақстан Республикасында балаларды мектепалды дайындау мәселелері. Отбасы, балабақша, мектеп жағдайында балаларды мектепалды дайындау. Балалардың мектепке дене, психологиялық, әлеуметтік, интеллектуалдық тұргыда дайындығы. Мектепалды балаларын мектептегі оқуға даярлаудағы психолог-педагогтардың зерттеулері (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Е.И.Тихеева, А,АЛюбинская, Л.А.Венгер, т.б). Балалардың мектепке дайындығып диагностикалау. Тесті жүргізу әдістемесі. Балаларды мектепалды дайындау бағдарламалары (1998,1999,2000).

22. Мектепке дейінгі ұйым және мектеп

Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық. Балаларды мектепке даярлаудың ерекшеліктері. Мектепалды даярлық топтары мен мектептің бірлескен жұмыстарынын формалары. Мектепке бару. Тәрбиешілер мен мұгалімдердің педагогикалық жұмыстарының сабақтастығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет