Бағдарламасы (Силлабус) электр энергетика және электр техника институтының оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында қаралған және бекітілген



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата19.03.2022
өлшемі334,31 Kb.
#136390
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану - Силлабус, 2021-2022 уч.год (1)
111
 
3.2 Пәннің міндеттері 
– жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың, энергияны 
үнемдеудің қазіргі кездегі және болашақтағы мәселелерімен және осы сала бойынша 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатымен танысу, сонымен қатар,
жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалануға бағытталған тәсілдер мен техникалық 
құралдарды, оларды пайдалану мен энергия үнемдеуге қатысты техникалық шешімдер 
мен ұсыныстардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемелерін оқып үйрену. 
3.3 Пәннің сипаттамасы 
«Электр энергетикасы» мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін 
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану» пәнінің курсы енгізілген.
Пән жаңғыртылатын энергия көздерін сипаттауға және талдауға, оларды 
мемлекеттің және региондардың жалпы энергетикалық балансында пайдаланылу 
мәселелеріне арналған. Сонымен қатар, пән өндірісте, ауыл шаруашылығында және 
тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық объектілерінде энергияны үнемдеу мәселелерін 
қарастырады. Екіншілік энергетикалық ресурстарды пайдалану, экологиялық жағдайлар 
мен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың техникалық-экономикалық 
көрсеткіштерін жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін қолдану арқылы ресурстарды 
үнемдеуші технологияларын пайдалану мәселелері қаралады. 
Студенттің өзіндік дайындығына ұсынылған әдебиеттерді қолдану арқылы дәрістік 
материалды меңгеру, жеке сұрақтарды өз бетінше оқу (жабдықтардың жеке түрлерінің 
конструкциясы және электр сұлбалары, техниканы әртүрлі облыстарда пайдалануға 
қатысты сұрақтар және т.б.), зертханалық және есептеу-сызба жұмыстар бойынша 
тапсырмаларды орындау кіреді. 
Студенттер өзіндік жұмыс жасау үшін пән бойынша жұмыс бағдарламасымен, пән 
тақырыптары бойынша таратылатын материалдармен қамтамасыз етіледі, олар үшін 
тақырыптық кеңестер өткізіледі. 
Студенттердің «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану» курсы бойынша:
 білуі қажет: 
- жаңартылатын энергия көздерін түрлендіруге арналған әдістер, механизмдер, 
жабдықтар және жүйелер туралы; 
- алынған энергияны өндірісте және ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану 
туралы; 
- жаңартылатын энергия көздері негізіндегі энергетикалық құрылғылардың 
құрылысы, әрекет ету принципі, негізгі техникалық мүмкіндіктері, қолдану облыстары, 
тиімді пайдалану мүмкіндіктері туралы. 



- жаңартылатын және екіншілік энергия көздерінің энергиясын жинақтау 
үрдістерін және жабдықтарын автоматтандыру принциптері туралы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет