Бағдарламасы (силлабус) hg 1221 «сызба геометрия білім беру бағдарламасы 5ВО1О7000 «Көркем еңбек және сызу»



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі133,5 Kb.
#94814
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1.Мулдеков И.О. Сызба геометрия-каз.
1.Мулдеков И.О. Сызба геометрия-каз.
Пәннің мақсаты: Қолданбалы математиканың бір саласы, инженерлік және компьютерлік графиканың теориялық базасы болып саналатын сызба геометрия, перспектива және сызу пәндерінде әр өлшемді кеңістіктерді бір- бірімен қайтымды етіп бейнелеудің теориялық негіздерін меңгерту арқылы оқушының кеңістіктік ойлау жүйесін жетілдіріп, геометриялық модельдерді бейнелей алуды, бейнеленген формаларды талдай білуді мақсат етеді..
Пәнді оқытудың міндеті: Осы пәнді оқу нәтижесінде студеннтер:
сызбаның көмегімен жаңашылдық идеяларын бере білуге үйрету, болашақ ӛндірістік процестің ажыратылмайтын бөлігі ретінде құрылымдаушы 4 құжаттармен жұмыс істеу, оларды қабылдау, жасау.
Түсінік алуы керек:
– сызбаның көмегімен техникалық ойларды беру тәсілдері туралы;
– геометриялық конструкциялау (модельдеу) аппаратының негіздері туралы;
– нүктелердің, сызықтардың, жазықтықтардың, беттердің кескіндерін салудың теориялық негіздері туралы түсінікке ие болуға; білуі керек:
– жазықтыққа кеңістікті кескіндеудің негізгі проекциялық модельдерін, Г. Монждың екі, үш қырлы кешенді сызбасының аппаратын,
– жазық және кеңістіктік пішіндердің құрылу заңдарын, олардың кескіндерін салу тәсілдерін,
– КҚБЖ (Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі) негізгі талаптарын білуге; істей алуы керек:
– геометриялық фигуралардың өзара тиесілігіне және өзара қиылысуына арналған есептерді оқуды, шешуді;
– олардың бейнелері бойынша қарапайым тетіктердің геометриялық пішіндерін анықтауды және осы кескіндерді құрама бірліктің ӛзінен де, сызбасы бойынша да орындауды;
– құрама бірліктер сызбаларын оқуды;
– сәулеттік-құрылыс сызбаларын және құрылыс конструкциялары түйіндерін оқуды жасай істей білуге; практикалық машақтануы керек:
– сызба құралдарымен практикалық жұмыс істеу;
– күрделілігі орташа тетіктер мен құрама бірліктердің заттарын, сызбаларының кескіндерін оқу;
– тетіктердің, құрама сызбалардың және жалпы түрдегі сызбалардың нобайлары мен жұмыс сызбаларын орындау;
– тетіктер мен құрама бірліктердің сызбаларында өлшемдерді қою және тетіктерді өлшеу;
– ақпараттық-анықтамалық материалдар мен әдебиеттер көздерін пайдалану;
– конструкторлық құжаттаманы өндірістік құжат ретінде қабылдау;
– кеңістіктік бейнелермен ойлау практикалық дағдыларды меңгеруге.

2

Сағат саны

Лекция - 7 сағат
Практикалық сабақтар- 30 сағат
Білім алушының өзінді 22,5 сағат))
Барлығы - 150 сағат

3

Оқыту нәтижесі

Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы

  • кез-келген табиғи немесе ойдан туған формалардың қайтымды сызбаларын тұрғызуға қажетті проекциялау әдістерін меңгереді;

  • қайтымды сызбалар арқылы бейнеленген формалардың нақты өлшемдерін өзара орналасуларын анықтайтын позициялық және метрикалық есептердің шығару жолдарын үйренеді;

шығармашылық нәтижесінде ойдан туындаған жобаның, бейненің перспективасын тұрғыда білуді, біткен жоба мен бейнеленген картинасының талдауын жасай алуды игереді.

4

Білімін бағалау

1.Есептеу-геометриялық үй тапсырмасы (ЕГҮТ): 9*3=27 балл
2. Коллоквиум (КЛ): 2*7=14 балл
4. Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЗ): 2*5=10 балл
5. Карточка бойынша жеке жұмыс (КЖЖ): 1*3=3 балл
5. Белсенділік: 6 балл

5

Қорытынды бақылау

Жазбаша емтихан

6

Техникалықталаптар (қажет болса)

Иллюстрациялық материалдар, бейнематериалдар, слайдтар, шеберлердің репродукциялары, студенттер мен оқытушылардың жұмыс үлгілері. Интерактивті тақта, мультимедиялық бағдарламалар, смартфондар.

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет