БАҒдарламасы (силлабус) Пән : Әлеуметтік-педагогикалық менеджмент 5В012300



бет6/7
Дата30.01.2018
өлшемі1,46 Mb.
#36262
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Өздік жұмыс тапсырмалары

Педагогикалык менеджменттің теориялык негіздерінің кыскашы конспектісін жазу.

Оқу орнындағы басқару жүйесінің кұрылымын анықтау.

Тақырып


Әлеуметтік-педагогикалық менеджмент іс әрекетінің жүйелілік қызмет атқарушылық модел.

Негізгі сұрақтар

Жүйелік теорияның қалыптасу тарихы.

Жүйелік - әрекеттік қатынас түсінігі ретіндегі мәні

Оқу процесінің жүйелік калыптасуынын факторлары.

3.1. Жүйелік теорияның қалыптасу тарихы.

Жүйе теориясының калыптасуы XX ғасырдың 1-ші жартысында басталды. Жүйе түжырымдамасын ең алғашкы болып Л.Берталанфи кұрған, ол жүйені - бір-бірімен катынаска түсетін элементтер кешені ретінде түсінді.

Келесі тұжырымдаманы А.Холл жэне Р.Фейджин қалыптастырған. Олар жүйені объектілер жэне олардың ерекшеліктері арсындағы катынаска түсетін элементтер негізінде карастырды.

Қазіргі кездегі теориялар кез келген жүйенің басты белгілері бар деп есептейді. Ондай белгілерге жататындар:

интегративті сапалардың болуы, яғни жүйе кұрайтын элементтерді бөлек-белек карастырған кездегі болмайтын сапалары;

жүйенің кұрамдас элементтерінің, белшектерінің бар болуы;

кұрылымның бар болуы, яғни бөлшектер мен элементтер арасында белгілі катынастың және байланыстың болуы;

толык жүйенің және оның жеке компоненттерінің функционалды сипатының болуы;

екі формада көрініс табатын жүйелердің коммуникативті ерекшеліктерінің болуы: ортамен катынас формасында және жүйенің суб- жэне өте ерекше жүйелерінің қатынас формасы, яғни өте томен немесе өте жоғары тэртіп жүйесімен;

тарихилык, немесе жүйелердегі жэне оның компоненттеріндегі өткеннің, осы кезеңнің жэне болашактың байланысы.

Оку процесінің құрылымын келесі жүйе ретінде карастыруға болады:

Мақсат

Субъект Субъект,



объект
мазмұны Әрекет

әдістері
Нәтиже

3.2. Жүйелік - әрекеттік қатынас түсінік ретіндегі мәні

Окытушының, жетекшінің, әдіскердің жэне оқу мекемесінің баска да кызметкерлерінің функциялары ғылыми жэне эдістемелік талдау жасау баысында әртүрлі подход колданған, оларға жататындар: элементтілік, функционалдық, жүйелік.

Оқу процесінің жүйе ретінде кызмет етуінің және дамуының заңдылықтарын ашу сонымен қатар педагогикалык менеджменттің маңызы мен заңдылықтары жүйелік-әрекеттік талап етеді.

Оқу процесі сонымен қатар өзіне екі жүйені кіргізеді: сандык жэне эрекеттік, олардың мэнін дүрыс түсіну оқу орындарында педагогикалык менеджменттің басты максаты мен міндеттерін тиімді жүзеге асыруга мүмкіндік береді. Оқу процесі - бұл тек емес немесе бірізді элементтердің жиынтығы емес, бүл окытушылардың максатқа бағытталған окыту-тэрбиелік әрекетінің окушылардың окыту-танымдык жэне өзін-өзі окыту әрекетіне максатты түрде бағытталған әрекетінің бірлігі болып табылады.


3.3. Оқу процесінің жүйелік қалыптасуынын факторлары.

Педагогикалык менеджмент әрекеттік педагогикалык жүйе ретінде бірнеше жүйе калыптастырушы факторлар негізінде көрініс табады:

Бірінші жүйе калыптастырушы фактор - педагогикалык менеджменттің максаты мен міндеттері функционалды максатты кұрам деп аталады.

Екінші жүйе калыптастырушы фактор -субъект жэне объект, педагогтар мен окушылар арасында (баскарудың бірінші деңгейі), оқу орнының директорының жэне окытушылардың арасындагы (басқарудың екінші денгейі) арасындағы қатынас. Бұл фактор педагогқа менеджмент субъектісі ретінде мінездеме берген кезде карастырылады.

Үшінші жүйе калыптастырушы фактор - мазмұнды-үйымдастырушылык ретінде карастырылады (яғни педагогикалык менеджменттің мазмүндылык жағы), белгілі принциптер жэне эдістер негізінде жүзеге асырылады. Төртінші жүйе калыптастырушы фактор - талдау-нэтижелік.

Жүйелік-әрекет негізіндегі окыту процесін функционалдық жэне кұрылымдык компоненттердің келесі сипатының бірлігі ретінде карастыруға болады:

Функционалды компоненттер Құрылымдық компоненттер

Мақсаттылық Мақсат

Коммуникативті Субъект және объект

Мазмұнды-ұйымдастырушылык Мазмұн және тәсіл

Талдау-нәтижелік Нәтиже

Оқыту процесінің педагогикалык жүйе ретіндегі келесі ерекшеліктері мен белгілері бар: иерархия деңгейі жэне деңгейлер иерархиясы.

Иерархияның жоғарғы деңгейінің мақсаты педагогикалык менеджменттің иерархиясының жогарғы деңгейімен байланысты (шешімдерді қабылдау және жоспарлау).

Оку процесі педагогикалык жүйе ретіндегі иерархияның орта деңгейі «педагог-окушы» катынасының түпкі жүйесін жэне олардың эрекетінің эдістері мен мазмүнын аныктайды.

Иерархияның төменгі деңгейі кез келген педагогикалык жүйеде жалпы оқу процесінің функцияларының (дамудыц, өздігінен дамудың) нэтижесін сипаттайды. Педагогикалык менеджменттің үшінші функциясы - бакылау дэл осы деңгейде жүктеледі (ішкі жэне сырткы бакылау, өзара бақылау, өзін-өзі бакылау).

Педагогикалык жүйе ретіндегі оку процесінің келесі бір ерекшелігі - біртұтастылығы. Біртұтастылық педагогикалық жүйе ретіндегі оқу процесінің өмір сүру жағдайы. Біртұтастылык қасиеті педагогиканың барлық компоненттерінің және жүйе кұраушы факторларының өзара байланысын, өзара әсерін, өзара дамуын сипаттайды.

Оку процесінің тағы бір ерекшелігі - бейімделу, бұл оған өмір сүруге мүмкіндік береді.

Қорытынды: оқу процесі әрекет етуші жүйе ретінде әр уакыт үздіксіз дамуда болады, оны (педагогикалык менеджментті) нақты және ғылыми баскаруды жетілдірудің керемет кабілеті болып табылады және керісінше, осы процесті (педагогикалык менеджментті) баскарудың болмауы немесе дұрыс ұйымдаспауы негізінде кұлдырауга (кері даму және жетілуге) бейім болады.


Пайдаланылған әдебиеттер

В.П.Симонов. Педагогикалык менеджмент. Оқу кұралы. М., 1997ж.- 2646.

Жалпы педагогика.Оқу қүралы./Под ред. В.А. Сластенина:2б. М., 2003ж.-2-ші бөлім.-256б.

Практикалык тапсырмалар.

1. Білім берудің басты сипатын аныктау

Оку процесінің басты сипаты: табиғаты, маңызы, және жүйенің басты сипатын талдаңыз.


4 кесте Жүйенің табиғаты, тағайындалуы, құрылымы және сипаты


I. Жүйенің табиғаты, маңызы

табиғи;

жабық;

абстрактылы (мысалы, түсінік);

статистикалык (қасиеттерінің уакыт бойынша

басты ортаның болмауы;

сандық (реттеулі, бірізді);


жасанды

ашық;

нақты;

динамикалық (қасиеттердің уакыт бойынша өзгермеуі);

орталықтандырылған;

әрекеттік (екі компоненттің езара катынасы);


II. Жүйені тағайындау:

мақсат және мақсатка сәйкес мінездеме (неге ұмтылу керек);

шешілуші тапсырмалар (нені жеңу керек, жою керек);
функциялары (не үшін кажет);


қызмет етуі, дамуы және ездігінен дамуы (қалай әрекет етуі қажет және өзгеруі қажет);


III. Жүйе (ұйым) кұрылымы:

объектісі (субъектісі);

бөлшектері және компоненттері;

(оның объектісін кұрастырушы касиеттері);

қатынас немесе өзара катынас (жүйені біріктіреді);

байланысатын екі немесе одан да көп түрінің болуы (тура немесе кері байланыс);

иерархия деңгейі мен деңгейлер иерархиясының болуы;

IV. Жүйе қасиеттері (сапасы, басты сипаты):

біртұтастылық (сандык + өзара шарттасу);

басқа жүйелермен бірігуі немесе бірікпеуі;

тұрактылык (кері байланыстың тұрактылығы);

бейімделу (қоршаған ортаға үйренуі, қоршаған ортаға жауап жэне оның қатынасы);

оқуға, жетілуге қабілеті;

эволюция (уақыт бойынша өзгеруі).

2. Оқу процесінін жүйе ретіндегі басты белгілерінің маңызын аныктау

Төмендегі кестені толтырыңыз.


Басты белгілерінің атауы

Аныктамасы

Максаттылық




Өзара катынас




Иерархия деңгейі




Біртұтастылық




Бейімделу




З.Педагогикалық менеджмент иерархиясы мен оку процесі иерархиясы деңгейлерінің байланысу маңызын аныктау

Төмендегі кестені толтырыңыз: Оку процесі иерархия дегейінің педагогикалык менеджменттің иерархия деңгейімен байланысы




Оқу процесі иерархиясының деңгейі

Педагогикалык менеджменттің иерархия

деңгейі














Өздік жұмыс тапсырмалары.

Fылыми басқару принципінің мәнін ашу.

Педагогикалык менеджментте әдістерді колдану жолдары мен негіздеу.
Тақырып №

Педагогтың кәсібилігі педагогикалык менеджменттің басты проблемалары ретінде

Басты сұрақтар

Кәсіби хабардарлык жэне педагогикалык шеберлік кәсібилік факторы ретінде.

Оқытушылардың кәсібилігін арттыруға озық педагогикалык тәжірибенін әсері.

Озық педагогикалык тәжірибені тарату ерекшеліктері.

1. Кәсіби хабардарлык жэне педагогикалык шеберлік кәсібилік факторы ретінде.

Педагогикалык менеджмент проблемаларын жоғары кәсіби біліктілік деңгейінде шешу әр ұстаздың жоғары хабардарлығын және сәйкес кәсіби шеберлігін талап етеді.

Менеджмент субъектісі ретінде ұстаздың жете білушілігі (компетенттілік) оның кәсибі функцияларын орындауға даяр болуымен, әлеуметтік ұстанымдардың үйлесімді бірлігімен және оның педагогикалык даярлығымен сипатталады.

Оның басты тұлғалык мінездемесі - пәнді білуі, эрудициясы жэне педагогикалык (әдістемелік) шеберлігі.

«Педагогикалык шеберлік» ұғымының келесі түрдегі мазмұндамалары бар:

ұстаздың оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін олардың диалектикалык байланысы және бірлігі негізінде шеше білуі;

оқушылардың зейінін өтіп жатқан материалға аударта білуі және қызыктыруы;

оқушылардың жасы мен психологиялық ерекшеліктерін, даму деңгейін ескере білу және соның негізінде жеке және дифференциалдык жүмыс жолын таба білуі;

өзінің оқушылармен қарым-қатынасын адамгершілік және демократиялық қатынас негізінде құра білуі;

оқушылардың ең қиын және ойламаған жерде туындаған сұрақтарынан саспауы;

оқу пәнін берген кезде теория мен практиканы үйлестіре білуі;

өз жүмысында педагогикалык ғылым мен практикалық озық жаңалықтарды сауатты колдана білуі;

өзінің еңбек «құралы» - тіл мен сөзді жетік қолдана алуы;

нақты жетік азаматтық ұстанымының болуы, қиындықтар алдында мойымау және окушыларға сөз, ұстаным және әрекеттің өзара бірлікті көрсете білуі;

өз сабақтарын әр түрлі қыла білуі және оларды үйымдастыруда шаблондылықтан аулақ бола алуы.

Ал басқару ісіндегі ұстаздың кәсіби біліктілігі қалыптасып келе жатқан түлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудагы кәсіби білімі мен біліктерінің деңгейімен сипатталады.

Педагогтың кәсибилігі өз әрекетін теориялық саралауға тікелей байланысты. Педагогикалык кәсібиліктің деңгейі өз әрекетін теориялық саралау дәрежесімен анықталады. Егер педагог өз түлғасының ең мықты деген жактарына, сонымен катар ойлауға сүйенсе кәсіби міндеттерді оңай шешетін болады.

Ұстаздың педагогикалык ойлауы, ең алдымен міндеттерді шешуге байланысты акпаратты саралауда көрініс табады (оның шешу жағдайына, әдістеріне және тәсілдеріне).

Педагогикалық міндеттерді интуицияға сеніп қате шешудің басты себептері, ол үстаздың теориялық білікті шешім қабылдай алмауына байланысты.

Педагогикалық міндеттерді жогары кәсіби деңгейде шеше алуы, біріншіден, педагог өз міндеттерін каншалықты максималды шешуге даяр екендігінен көрінеді, екіншіден, өз практикалык әрекетінде педагогикалык міндеттерді шешуде ең жақсы үлгілерді қолдана алуына негізделеді.

2. Оқытушылардын кәсібилігін арттыруга озық педагогикалык тәжірибенің әсері.

Қазіргі мектептер нақты педагогикалык әрекетте жүзеге асырылуы тиіс педагогикалык тәжірибеге өте бай, бірақ та көптеген мұғалімдер мен баскарушыларда оларды зерттеу және қолдану қажеттілігі, оларды талдау жэне саралау дағдыларының қалыптаспағандығынан қажетсіз болып қала береді. Нақты тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген ұстаздар жиі озінің және басқа да мүғалімдердің педагогикалык тәжірибесін саралауды қажет етпейді де.

Педагогикалык тәжірибе жаппай және алдыңғы катарлы болуы мүмкін. Алдыңғы қатарлы педагогикалык тәжірибе тарихи шектеулі болуы мүмкін, өйткені, мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлык және басқа мүмкіншіліктерінің үлғаюының әр кезеңінде педагогикалык әрекетке деген жаңа талаптар пайда болады.

Алдыңғы қатарлы педагогикалык тәжірибе жаппай педагогикалык тәжірибе негізінде калыптасады және объективті педагогикалык зандылыктарды игеру деңгейін корсетеді. Алдыңғы қатарлы педагогикалык тәжірибенің түрлеріне, эмпирикалықтан теориялық талдау мен біріктіруге апаратын өзіндік саты ретіндегі жаңашыл және зерттеулік педагогикалык тәжірибе жатады. Жаңашыл педагогтар мен ғалымдарға: И.П.Волков, Т.И.Гончарова,


И.П.Иванов, Е.Н.Ильин, В.А.Караковский, С.Н.Лысенкова, Р.Г.Хазанкин, М.П.Щетинин, П.М.Эрдниев, Е.А.Ямбург
және басқалары.

3. Озат педагогикалык тәжірибені тарату ерекшеліктері.

Озат тәжірибелерді калыптастыруда және таратуда мұғалімнің ұстанымы үлкен роль атқарады, сондықтан педагогикалык ұжымның нақты тәжірибедегі негізгі қағиданы анализдеу мен таратуда субъективті факторлардың әсерін, оны бағалаудың және таратудың нұсқаларын болжау қажет.

Жеке ұстаз бен мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеудің нәтижесін мектеп басшысының басқаруымен арнайы дайындалған мұгалімдер топтары зерттеулері мен таратуы қажет.

Ондай топтарды күру бірнеше жағдайға байланысты болады. Біріншіден, педагогикалық жаңалықтың, немесе қандайда бір құрылымдық ойлардың, немесе технологиялардың авторы кей кездері олардың маңыздылығы мен перспективасы жайында өзше есеп бермейді. Екіншіден, ол көбіне өз ойларын қосымша уақытты және т.б. талап еткендіктен жүзеге асыру қажетті емес деп есептейді. Үшіншіден, автор үсынған жаңалықтар эр уакыт ғылыми және әдістемелік негіз таба алмайды. Төртіншіден, автордың және оның қызметтестерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты, автордың үсынған жаңалыгы мен оны жүзеге асыру жолдары қызметтес-үстаздары жағынан «карсылык» тудыруы мүмкін.

Бесіншіден, көрсетілген топ сіңіру функциясын ғана атқармайды, сонымен қатар жеке үстазға, педагогикалык үжымға қатысты кейінгі талдау мен түзету функцияларын да орындай алады. Алтыншыдан, мүндай топ педагогикалык мониторинга- жүйелік іріктеу, отандық және шетелдік баспалар мен оқу орындарының тәжірибелерінің мәліметтеріне сәйкес түжырымдамаларды, жаңа идеяларды, технологияларды алып тастауды жүзеге асыра алады.

Озық тәжірибе - қосымша уақытты талап етпей жоғары нәтижені қамтамассыз ететін жеке мүғалімнің іс жүзінде жүзеге асырылған оқыту мен тәрбие беруінің үдайы өзгеріс әдістері, тәсілдері және амалдары.

Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттегенде, ең алдымен келесі сұрақтардан тұратын жоспар құру қажет:

а) мұғалімнің жалпы дайындығымен танысу: ғылыми, әдістемелік, мамандығы бойынша;

б) ұстаздың сабаққа және сабақтан тыс шараларға дайындық жүмыстарын зерттеу (жоспарлау, кабинеттердің


жағдайын, дидактикалық материалдарды жэне т.б.);

в) бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабақтарға қатысу;

г) мүғалімнің жұмыс нәтижесін талдау (окушылардың білімі және даму деңгейі).
Озық педагогикалык тәжірибелерді зерттеудің маңызы мен мақсаты ете зор.

Озық педагогикалык тәжірибелерді тарату әдістері

Көрсету,демонстрация. сабақтарға, сабақтан тыс шараларға бару, жоспар, конспектілерді, дидактикалык материалдарды, оқушылардың дәптерлерді және мүгалімнің жүмыстарымен танысу. Практикумдер менжаттығула: мүғалімдер мен оқушыларда дағды калыптастыру. Насихаттау және басқару. педагогикалык еңбек зертханасымен практикалық түрде таныстыру. Алдыңғы катарлы тәжірибені мектепке ендіру бірнеше кезеңнен түрады. Бірінші кезең

Сұрақтар теориясын зерттеу, мүғалімдерге арналган лекцияларды үйымдастыру, әдістер тізімін күрастыру, пікірталас пен талқылау өткізу. Екінші кезең

Әр пән бойынша нақты ендірудің практикалық жүмыстарын жүргізетін алдыңғы қатарлы шебер мүғалімдер бөліне бастады. Дидактикалық материалдар, ТСО, кабинеттер, әкімшілік материалдык базаны, бакылау қүрылғылары даярланды. Үшінші кезең

Озық нәтижелерді жалпылама зерттеу жэне тәжірибенің жеке элементтерін біртіндеп ендіру. Барлық тәжірибені жаппай ендіруге дайындық жүреді. 4 кезең

- Тәжірибені барлық мұғалімдердің жүмысына жаппай ендіру. Алынған нәтижені бақылау және түзету.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Педагогика. Оқу құралы. Под ред.П.И.Пидкасистого.-М.,1996

2. Педагогика. Оку құралы./В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов.-М.:Школа-


Пресс,1997

3. В.П.Симонов. Педагогикалык менеджмент. Оку кұралы. М.,1997ж.-264б

Практикалык тапсырмалар

1 тапсырма. Кәсібилікпен байланысты түсініктердің мазмұнын анықтау.

Төмендегі түсініктемелерге сәйкес түсініктер аттарын енгізу.




13 кесте кәсібилікпен байланысты түсініктер жиынтығы

Түсініктер

Түсініктер анықтамасы




Кәсіби функцияларды орындауға даярлық, әлеуметтік ұстанымдардың және оның психолого-педагогикалық дайындығының үйлесімді бірлігі




Педагогикалык тәжірибе негізінде қалыптасқан бірліктер жиынтығы




Қалыптасып келе жатқан түлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту ісін басқарудағы кәсіби дағдылар мен біліктер деңгейі

2 тапсырма. Озат педагогикалык тәжірибелердің мәнін анықтау.

В.П.Шаталовтың озық педагогикалык тәжірибесі:

Бірінші ерекшелік

Материалды нақты және жүйелі түсіндіру, сүйеу болатын сигналдарды белгілеу әрекеті, оқушылардың санасына қиын материалдарды жеткізе білу. Екінші ерекшелік

Жақсы үйымдастырылған кері байланыс.

Үшінші ерекшелік

Жеке қатынасты жүзеге асыру.

Өздік жүмыс тапсырмалары

Педагогтың кәсібилігіне эсер ететін факторлардың мәнін ашу.

Озык педагогикалык тәжірибелерді зерттеу әдістемесін нақтылау.


8 такырып

Педагогикалык менеджменттегі бакылау

Басты сұрақтар

Бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері.

Менеджмент субъектілерінің аналитикалық әрекетінің принциптері.

Сабақтагы жэне сабактан тыс жүйелік талдаудың әдістемесі мен технологиясы.

8.1. Бакылаудың теориялык және әдістемелік негіздері.

Оқу процесінің барысы мен нәтижесін бақылау педагогикалык менеджменттің үшінші басты қүрылымының бірі болып табылады.

Менеджмент субъектілерінің бақылау функцияларын жүзеге асырған кездегі маңызды міндеті -өндеу, келіп түсетін ақпараттарды ретке келтіру, оны талдау жэне бағалау.

Педагогикалык менеджменттің, сонымен катар бақылаудың эр түрлі сұрақтарын үтымды шешу қажеттілігі басқарушыларды ғылымға, басқару өнеріне жүгінуді жэне оны жан-жақты меңгеруін талап етеді. Бүл жерде оның бірқатар маңызды шарттары бар. Ондай шартгарға жататындар:

топтап қорыту шарты (генерализация);

интеграция шарты;

адамгершіліктік шарты;

даралық шарты;

дифференцация шарты.

Топтап қорыту шарты келесі қайшылықтар негізінде ашылады: басқарудың мазмүны кеңейген сайын - оның барысында алынатын ақпараттың сапасы төмендей түседі.

Интеграция шарты педагогикалык, ата-аналар үжымының, оқушылардыц, қоғамдык үйымдардың бірігуін және осы бақылауды координациялауға оқыту процесінің менеджерінің приоритетті құқығы жағдайында ішкі бақылаулы жүзеге асыруды қалыптастыру.

Адамгершілік шарты - бақылау үрдісі барысында субъект пен объект арасында өзара түсінушілік, өзара сыйластық, өзара көмек жэне кызметтес болуын талап етеді.

Даралық шарты - эрекет барысында түлғаның өзін-өзі корсете білуіне жағдай жасау максатымен жеке түлғаның шығармашылық даралық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру.

Дифференцациялық шарты кәсіби мамандық деңгейі бойынша ажыратылатын педагогикалык үжым мен оның жеке топтарының жүмыс нәтижесін бақылау деңгейімен өзара байланысын аныктау.

Оку процесін бақылауды жүзеге асырудың басты әдістері

1. Пән мүғалімдері мен сынып жетекшілерінің әрекетін бақылау:

а) сабақтарға қатысу жэне талдау;

б) сабақтан тыс шараларга қатысу жэне талдау;

в) үйірмелер, факультативтер, спорт секцияларының әрекетін бақылау жэне талдау

2. Іс-қағаздарды, журналдарды, оқушылардың дәптерлерін, жеке жүмыстарын т.б. зерттеу жэне талдау.

3. Әр жарты жылдықтан кейін пән мүғалімдерімен және сынып жетекшілерімен әңгімелесу және әңгімелесу барысында алынған мәліметтерді талдау.

4. Оқушылармен әңгімелесу және алынған ақпараттарды талдау.

5. Ата-аналармен әңгімелесу жэне алынған мәліметтерді талдау.

6. Оқушылар, ата-аналар, мүғалімдер арасында сауалнама жүргізу жэне оны талдау.


Талдау - бақылаудың басты әдісі болып табылады.

Тәжірибелі еңбектер негізінде бақылаудың мерзімі жэне мазмүны бойынша түрлері анықталады. Мерзім бойынша мынадай болады: ағымдығы, қорытынды, ескерту, кейінге қалтырылған. Мазмүны бойыншы: фронтальды, тақырыптық.

8.2. Менеджмент субъектілерінің аналитикалық әрекетінің принциптері.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген оку сабақтарын тексеруші келесі басты принциптерді ұстануы керек: тексерушінің әрекетке араласпау принципі;

тексерушінің мұғалімдер мен оқушыларға әдепті қатынас принципі; оқу сабақтарын бақылаған кезде барлық факторларды ескеру принципі;

оқу барысын бақылаған кезде оқу пәнінің спецификалық ерекшеліктерін және оқытушының жеке ерекшеліктерін ескеру принципі.




14 кесте. Оқу сабақтарын бақылау нәтижесін жазу үлгісі




Сабақты өткізу күні

Оқу орны

Сабақтың тақырыбы

Сынып, топ

Басты дидактикалық мақсаты




Тексерушінің сабаққа бару мақсаты







Сабақ мерзімі

Оқытушы мен оқушының басты әрекеті

Тексерушінің қорытындысы, ескерту және ұсыныстары

1

2

3










Сабаққа қатысқаннан кейін тексеруші мұғаліммен әңгіме жүргізеді, ең алдымен мүғалімге алга қойған мақсаттары мен міндеттерін қаншалықты орындағаны жайын сипаттап беруге мүміндік беру қажет. Әңгіме тексерушінің сабақ барысында жасалған жазбалары негізінде жүргізіледі.

Оқу сабақтарын талдаған кезде бірқатар талдау принциптерін ұстану қажет.

Талдаудың бірінші принципі - ғылымилық принципі - сабақтарды талдауда ғылыми негізделген психолого-педагогикалық талаптарга сүйену.

Екінші принцип - оқытушының алдын ала сабақты жоспарлауынан оны өткізуіге дейінгі оқу-тәрбие әрекетіне деген талаптың танымалдылық әрекеті. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, әртүрлі тексерушілер оқу барысын талдаған кезде әртүрлі кепілдемелерді негізге алады, ал оқытушы олар жайында көбіне өткізілген сабақты талқылау және талдау кезінде ғана біледі.

Оқытушының тексеруші топтың оның әрекетіне қандай талап қоятыны жайында білуге күқыгы бар және міндетті болып табылады.

Үшінші принцип - барлық тексерушілердің талаптарының бірлігі.

Төртінші принцип - эр нақты сабаққа қойылатын талаптардың мақсаттылығы. Сабақ барысына қатысатын ғылыми негізделген, нақты мақсаттар келесі түрде қалыптасқан болуы мүмкін:

оқытушы сабақ барысында қолданатын оқушыларды оқытудәрбиелеу және дамыту принциптерінід бірлігін сақтай отырып жүзеге асырулы талдай алуы;

оқытудың қол жетімділігі және дәрменділік принциптерін жүзеге асыру жағдайын анықтау;

оқытушылардың ғылымилық принциптерін жүзеге асыру деңгейін талдау;

білімдердің бекемділік, тереңділік және салалық принциптерін жүзеге асыру жағдайымен танысу;

Тексерушілердің тексеру барысының келесі мақсаттары да болуы мүмкін:

сабақты ұйымдастыру қазіргі заманғы ғылыми сұраныстарға қаншалықты жауап беретінін аныктау; оқытушылардың жеке қасиеттерінің оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруына қаншалықты эсер ететінін анықтау;

сабақ барысында ұстаздардың дидактикалық әрекетінің қаншалықты тиімді екендігін анықтау; тәрбие әрекетінің қаншалықты тиімді екендігін анықтау;

сабақ барысында оқушылардың әрекетінің белсенді және тиімді деңгейін аныктау.

8.3. Сабақтағы және сабактан тыс жүйелік талдаудың әдістемесі мен технологиясы.

Жүйелі қатынас сабақты талдау әдістсмесі мен технологияларының басты принципі болып табылады.

Бұл талдау оқушылардың оқыту-танымдық әрекетін, оқытушылардың оқыту-тәрбиелік әрекетінің формасының (сырткы көрсеткіштерді терец бағаламай) мазмүны мен мәнін ашады.

Оқытушы мен окушылардың әрекетін жүйелі талдау - толық сабақтың мәнін талдау жэне жүйелі подход негізі болып табылады.

Сабақты талдауды келесі көрсеткіштер негізінде сипаттауға болады:

Оқу сабақтарының жүйе ретінде бірінші құрамдас бөлігі- оқытушы (әрекет субъектісі). Педагогтың түлғасы келесі үлгіде талданады және бағаланады:

біріншіден, ұстаздың оқу пәнін білуі және жалпы білімдарлығы;

оқытушылардың педагогикалык жэне әдістемелік шеберлік деңгейі;

оның сөйлеу сапасы: ырғақ. дикция, интенсивтілігі. бейнелілігі, эмоционалдылығы, жалпы және спецификалық сауаттылығы;

ұстаздың оқушыға деген катынасы (қызығушылық немесе немқүрайлык) және баскару стилінің үйлесімділігі ( оңтайлығы), яғни оның окушылармен қатынасындағы тактілігі мен демократиялылығы;

ұстаздың сыртқы келбеті, мимикасы, ым-ишарасы және тәртіп мәдениеті.

Оқу сабақтарының жүйе ретіндегі екінші құрамдас бөлігі - оқыту-танымдық әрекетінің белсенді субъектісі болып табылатын - оқушылар. Олардың әрекеті келесі үлгі бойынша талданады:

оқушылардың сабақ барысындағы танымдық-белсенділік дәрежесі, олардың шығармашылық және өздік жүмыс дәрежесі;

арнайы жэне жалпы білім біліктері мен дағдыларының деңгейі (сабақта қаншалықты дамыған және

жетілген);

ұжымдық жұмыстың дамуы мен біліктері (жұптық, топтық жэне т.б.);

Оқушылардың ұйымдастырушылық, тәртіптілік және қызығушылық деңгейі.

Үшінші құрамдас бөлігі - оқытушы мен оқушылардың әрекетінің мазмүны. Бұл олардың арасындағы ақпарат алмасуы, оның үлгісі:

оқытушылардын оқытудың басты принциптерін жүзеге асыру дәрежесінің тиімділігін талдау жәке бағалау: ұсынылып отырған ақпараттардың ғылымилығы, қол жетерлігі және дәрменділігі;

оқыту мен тәрбиенің өмірмен байланыстылығы (теориялық және практакалық);

оқушыларға арналған материалдардың жаңашылдық, проблемалық және үйымдастырушылық

дәрежесі;

бір сабақ барысында ұсынылып отырған ақпарттар көлемінің оптималдылығы (жаңа материалдын көлемі).

Төртінші жүйе қалыптастырушы құрамдас бөлігі - өзіне оқу әрекетін ұйымдастырудың принципі мен әдістерін кіріктіретін оқытушы мен окушылардың әрекет әдісі, олар келесі корсеткіштер бойынша талданып бағаланады:

сабақ уақытын тиімді және үтымды колдану, сонымен бірге оқу барысында мүғалім мен оқушылардың басты әрекет түрлерінің ыргақ оптималдылығы мен ауысуы;

көрнекіліктер мен ТСО-ны қолданудың мақсаттылығы мен тиімділігі;

окушылардың білімділік деңгейінің дәрежесі мен талаптар деңгейін бақылау тиімділігі;

сабақтың оқушыға эстетикалық әсерінің дәрежесі;

сабақ барысында оқушылар мен оқытушылардың еңбек ету ережелері мен техникалық қауіпсіздік нормаларын үстану дәрежесі.

Бесінші компонент - басты дидактикалық мақсаты, ол келесі корсеткіштер бойынша талданып бағаланады:

сабақ максатын қалыптастырудың нақтылығы, дәлдігінің дәрежесі;

дидактикалық мақсатқа бір уақытта жету, мақсаттылығы, нақтылығы, қиындығы;

үйретуші сабақтың оқушыға әсер ету дәрежесі;

тәрбиелік әсердің дәрежесі;

өткізілген сабақтың оқушыға әсер ету дәрежесі.

Мектеп басшыларының басқару әрекетіндегі сабақты талдаудың келесі үш түрі бар: кеңейтілген, кысқа және аспектілі.

Сабақты кеңейтілген педагогикалык талдау сабақты тұтастай болшектеп белгілеу жэне барлық түстарын талқылауды болжайды: сабақтың тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлык-гигиеналық талаптарын белгілеу.

Аспектілі талдау сабақтың қандай да бір аспектісін зерттеуге бағытталған, мысалы, оқушылардың дамуы үшін көрнекіліктерді қолдану, немесе оқушылардың үй жүмысын тексергендегі оқытушылардың жүмыс жүйесін зерттеу, немесе сабак барысында оқушылардың үжымдық еңбек ете білу ерекшеліктерін зерттеу.

Мектептердің және олардың басшыларының тәжірибелерін зерттеу негізінде тәрбиелік істі педагогикалык талдаудың бір үлгісін келтіруге болады:

тәрбиелік істің мақсатын талдау;

тәрбие жүмысы жүйесіндегі сыныптың, мектептің тәрбиелік ісінің тақырыбын, оны еткізу формаларын, осы іс-шараның өткізілу орнын белгілеуді талдау;

тәрбие жұмысының өткізілу орнын, бөлменің безендірілуін, қолданылатын құрылгылардың жағдайы мен сапасын багалау;

тәрбие ісінің өткізілуінің әр кезеңін талдау (кезеңнің тәрбиелік мақсатына жетуін, кезеңнің алға қойылган міндетінің мазмүнына сәйкес келуі, қолданылатын әдістердің оптимаолдылығы, кезеңнің нәтижелерін талдау);

тәрбие ісінің оқушының жеке тұлғалық дамуына, балалар ұжымының дамуына, олардың өздік басқаруына әсерін

талдау;


оқытушының, сынып жетекшісінің орекетін, оның педагогикалык шеберлік деңгейін багалау: тәрбиешінің оқу процесін баскаруындагы хабардарлығы мсн кәсібилігі, бедслі, педагогикалык такты, кызметтес болу формалары;

тәрбие жұмысын өткізудегі қиындықтар және олардың себептері;

оқу процесін жетілдіруге байланысты сынып жетекшілеріне, оқытушыларга, тәрбиешілерге кепілдемелер мен кеңес беру.
Пайдаланган әдебиеттер

1. Педагогика. Оку қүралы./В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов.-М.:Школа-


Пресс,1997

2. В.П.Симонов. Педагогикалык менеджмент. Оку құралы. М.,1997ж.-264б

Практикалык тапсырмалар

1. Бақылауды үтымды ұйымдастыру жағдайының мазмұнын анықтау.

Шарттардың мазмұнын талдаңыз да, тиісті анықтаманы белгілеп кестеге енгізіңіз.

Кесте Бақылауды ұтымды үйымдастыру шарттары



Шарттар

Шарттардың мазмұны




субъект пен объект арасында өзара түсінушілік, өзара сыйластық, өзара көмек және өзара қатынас жасауды орнатуды көздейді




әрекет барысында түлғаның өзін-өзі көрсете білуіне жағдай жасау мақсатымен, әрекет жағдайында әр шығармашылық тұлғаның ерекшеліктерін ескеру қажет




кәсіби мамандығы бойынша ажыратылатын жеке топтар мен педагогикалық ұжымның жұмыс нәтижелерінің бақылау деңгейіне байланысты екендігін көрсетеді




ең бірінші бақыланытын түпкі жүйе басқаратын әрекеттің басты бағыттарын аныктау




Педагогикалык, ата-аналар ұжымының, оқушылардың, қоғамдық ұйымдардың әрекетінің бірігуін және ішкі бақылауды жүзеге асыруда оқу процесінің менеджерінің осы бақылауды координациялау жағдайында қалыптастыруды көздейді

2. Оку жүйесіндегі менеджердін аналитикалық орекет процесінде қолданатын принциптердін ерекшеліктерін аныктау.
Әр принциптердің атауларының бірлігін анықтаңыз:

........................................................................................................

тексерушінің араласпаушылық (немесе бейтарап) принципі;

тексерушінің оқытушыға да, оқушыға да сыпайы болу принципі;

бақылау барысында сабақтардың барлык факторларын есепке алу принципі;

оқытушының жеке ерекшеліктерін, оқу пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескеру принципі.

....................................................................................................

тәрбиелеуші оқыту принципі;

дамытушы оқыту принципі;

оқытуды қол жетерлік және дәрменділік принципі;

оқытудың ғылымилық принципі;

білімдердің саналық және теренділік,

беріктілік принципі.

....................................................................................................

ғылымилық принципі;

танымалдылық принципі;

талаптардың бірлік принципі;

талаптардың мақсаттылық принципі.

3. Тәрбие шаралары мен сабақтарды талдаудым әдістемелік және технологиялық аспектілерін анықтау.

Оқу материалын мәтін бойынша анықтаңыз:

сабақты педагогикалык талдаудың технологиялық ерекгеліктері;

тәрбие жұмысын талдауды өткізудің әдістемелік ерекшеліктері;

Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.

Өздік жұмыс тапсырмалары

Педагогикалык талдаудың әдіснамасын анықтау.

Педагогикалык талдаудың принциптерін құру.


такырып

Оқытушының кәсіби әрекетінің сапасын және нәтижесін диагностикалау

Негізгі сұрақтар

Окушылардың білім дәрежесі мен оқушылардың талап деңгейінің өзара байланысы

Оқушылардың білімінің деректілік денгейін диагностикалау

Диагностиканың негізінде окушыларды аттестациялауды өткізу маңызы мен ерекшеліктері


Оқушылардың білім дәрежесі мен оқушылардың талап деңгейінің өзара байланысы

Педагогикалык процестер мен құбылыстарды бағалау және өлшеудің басты және үлкен проблемасымен тығыз байланысты оқытудың нақты нәтижелерін анықтау педагогикалык менеджментте басты роль атқарады.

Дәстүрлі бес баллдык шкала бойынша білім мен тәртіпті багалау жүйесі нақты емес және тәжірибелік түрғыдан түсініксіз болып келеді. Бес баллдык шкала окушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларыньщ өсуін емес, ол оқушылардың осы аталған қасиеттерінің төмендеуін бағалайды.

Қазіргі кезде оқу процесінің тиімділігін бакылау негізіне, оның нәтижелерін анықтау үшін бес көрсеткіш енгізуге болады.

Бірінші көрсеткіш - «айырмашылық» (тану) немесе танысу деңгейі, білімділіктің ең төменгі сатысын сипаттамды. Бүл жерде оқушы берілген объектімен тек формальды түрде таныс болады.

Мысалы, осы деңгейде оқушы әр түрлі формулалар негізінде берілген есепті айыра алады, бірақ оны жаза да,


түсіндіре де, тіпті де шеше алмайды. . ■

Екінші көрсеткіш - «еске сақтау». Білімділіктің бүл деңгейінде оқушы берілген мәтіннің, ереженің мазмүнын айтып бере алады, белгілі бір заңның формуласын айтып бере алады, бірақ ол әлі түсіну деңгейіне жеткізілмеген.

Үшінші көрсеткіш - « түсіну». «Түсіну - бүл зерттеліп отырған заттар мен қүбылыстардың маңызды белгілерін жэне байланысын, оларды дүниеде жоқ, кездейсоқ заттарды талдау жэне сараптау, логикалық ойлау ережелерін қолдану негізінде, осы объектілердің пайда болуы мен дамуының себептерін және олардың үқсастыктары мен айырмашылықтарын анықтау, алынған ақпараттарды бар білімдермен салыстыру процесі» (Н.И.Кондакованың анықтамасы.)

Оқушы білімділіктің бұл деңгейінде формулаларды ғана еске түсірмей, математикальщ анықтамасын айта алады, сонымен бірге оны түсіндіре де алады және өзінің мысалын да келтіре алады.

Білімділіктің төртінші көрсеткіші - ең қарапайым біліктер мен дагдылар (репродуктивті деңгей). Алынған білімдерді эрекет барысында жүзеге асыра білу.

Бесінші көрсеткіш - орын алмастыру В.А.Кутецкийдің айтуы бойынша бүрынырак алынған дагдылардың жаңа дағдылардың меңгерілуіне оң әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

Педагогика. Оку қүралы./В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов.-М.:Школа-Пресс,1997

В.П.Симонов. Педагогикалык менеджмент. Оку құралы. М.,1997ж.-264б

Практикалық тапсырмалар

Білімділік деңгейін сипаттайтын түсініктерді аныктау

Білімділік деңгейінің көрсеткішін аныктау әдістемесі

Бір окушылар тобымен жүмыс істеген екі окытушының оқу әректінің нәтижесін салыстыру.
Н.4.02-06
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)


5B012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы

(мамандық шифры, атауы)

___3_____ курс, _____5_____ семестр

Оқу нысаны:____күндізгі__________________



_Әлеуметтік-педагогикалық менеджмент

пәні бойынша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет