БАҒдарламасы (силлабус) Пән : Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі


ТАҚЫРЫБЫ: Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі



бет3/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,82 Mb.
#26040
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

ТАҚЫРЫБЫ: Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі.
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны.
Дәрістің жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің міндеттері;

  2. Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.


Мектеп өмірінде мұғалім басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймай, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педогогикалық әрекет ретінде қарастырады. Дегенмен сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.

Олай болса сыныпта оқушылардың оқу тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ыкпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс.

Сынып жетекшісінін тәрбие жұмысы.

Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т.с.с.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.

  1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:

- оның дара даму ерекшелігін, кызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу;

- тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;

- жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;

- тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.

  1. Тәрбиелеу ортпасына жагдай тудыру:
    - оқушылар ұжымын қалыптастыру;
    - онда жағымды көңіл-күйді калыптастыру;
    - оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
    - оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.


  2. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әртүрлі субъектілерге көмектесу,
    бақылау жасау:


Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс ор-нату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с. шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар белгіленеді.

Жеке оцушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.

3-дәріс.



ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау.
Дәрістің жоспары:

  1. Окушылармен жеке және топтық тәрбие жұмыстарын өткізу әдістемесі.

  2. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының маңызы.


Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан-жақты қалыптасуын және күш жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстын мәні оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әр түрлі формалары немесе әдістерін тыңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстыруымен жемісті болмақ.

  1. Бала жанын жақсы түсіну. Яғни, оның сезімін көңіл-күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін. Себебі бала үшін барлық мәселе маңызды. Ол жас ерекшілігіне қарай қызба, тәжірибесі аз, ерік-жігері баяу және ақылға қарағанда сезімге берілуі, әсерленуі басым болып келеді.

  2. Баланың таңдау ерекшелігін қолдау. Сынып жетекшісі белгілі бір әрекеттің нәтижесіне қол жеткізуде "тек өзімнің айтканым ғана болады" деген көзқараста емес, керісінше баланың көзкарасымен санасып, оның таңдау еркін қолдап отыруы тиіс.

  3. Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Адам баласы ақиқат өмірдің заңдылықтары негізінде қалыптасып дамиды. Ендеше, сынып жетекшісінің бұл бағыттығы атқаратын қызметі баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу.

  4. Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағыты баланың өте күрделі, қиын-қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қажет етеді: көп балалы және табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, босқын немесе оралман отбасыларына т.с.с.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оқушыларды қатыстыруға міндетті болады.

Тәрбие жоспары жарты жылға немесе тоқсанға арналып жасалады.

Тәрбие жұмысын орындамас бұрын мақсаты, бағыты айқын болу міндеттер қойылады.

4-дәріс.



ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Дәрістің жоспары:

  1. Тәрбие жұмысының түрінің классификациясы.

  2. Әртүрлі формадағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру.


Тәрбиені ұйымдастыру формасы – тәрбие элементтерінің ішкі байланысын бейнелейтін және тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын сипаттайтын тәрбие процесін ұйымдастыру әдісі. Кейде педагогикалық әдебиетте және мектеп практикасында "тәрбиенің ұйымдастыру формалары" ұғымы қолданылады. Бұл да тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістерін меңзейді.

Педагогикалық әдебиетте оқушылардың қалайша ұйымдастырылғанына байланысты тәрбие формаларының жіктелуі беріледі.

Тәрбие қызметін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау методикасына
байланысты жіктеуге талпынушылық та бар. Мұндай жіктеуде тәрбие формалары мынадай
топтарға бөлінеді:


1) сөздік (саяси-хабарлар, жиналыстар, жиындар, ленейкалар, лекциялар, баяндамалар, оқырмандар, диспуттар, кездесулер, ауызша газеттер, радио, журналдар т.с.с);

2) практиқалық (жорықтар, экскурсиялар, спартакидалар, олимпиадалар мен конкурстар);

3) көрнекілік (мектеп музейлері, лениндік мүйістер, белмелер мен залдар, соғыс және еңбек ерлерінің галереялары, кіші третьяков галереялары, көркем творчество көрмелері, тақырыптык стенділер);

Тәрбиелік ықпал жасау сипатына қарай жіктеудің шартты сипатта болатынын да есте ұстау қажет. Тәрбие практикасында сөздік, практикалық және көрнекілік тығыз астасып жатады. Мысалыға, саяси хабарларды өткізу практикалық істермен байланысты т.с.с.

Тәрбие қызметін сөздік түрде ұйымдастыру формасына жатады:

  • Саяси-хабар, жиналыстар, баяндамалар, диспуттар, лекциялар;

Тәрбие қызметін практикалық түрде ұйымдастыру:

- Конкурстар, олмпиадалар, сеңбіліктер, спартакиадалар;

Тәрбие қызметін көрнекілік түрде ұйымдастыру:

- Музейлер, көрмелер, кітап жаймалары;

Тәрбиелеушілердің іс әрекеті сипаты негізіне қарай тәрбие әдістері: сендіру, жаттығу.

5-дәріс.



ТАҚЫРЫБЫ: Сендіру әдістемесі. Педагогикалық ынталандыру әдістемесі.
Дәрістің жоспары:

  1. Тәрбиелеу тәжірибесінде сендіру кұралдары.

  2. Өзін-өзі тәрбиелеу.


Тәрбие процесіне, бір жағынан, тәрбиешілердің тәрбиеленушілерге ұйымдастырылған және нысаналы ықпал етуі, екінші жағынан, тәрбиеленушілердің ұйымдастырылған және нысаналы іс-әрекеті енетін болғандықтан. Тәрбие процесінің бұл екі жағына әдістердің екі тобы сәйкес келеді: нандыру(сендіру) әдістері және жаттықтыру әдістері. Олар әр түрлі амалдар көмегімен жүзеге асырылады.

Тәрбиелеу тәжірибесінде сендіру кұралынын бірі-үлгі тұту.

Тәрбиелеу тәжірибесінде нандыру құралының бірі ретінде үлгі тұту кең пайдаланылады. Сондықтан оқу құралдарында ол тәрбие жұмысы жүйесіндегі нандыру туралы тарауда қарастырылады.

Тәрбие процесінде оқушылардың іс-әрекеті мен мінез-құлыктарында ынта тудыратын жарыс, көтермелеу және жазалау сияқты әдістер ретінде карастырылады.

Тәжірибелі педагогтар оқушыларға әр түрлі жанама ықпалдар жасау тәсілдерін де аз қолданбайды. Олардың тәрбиелік позициясы жасырып, байқалмайтындай болады. Олар тікелей әрекет жасамайды, оқушыларға жолдастары, оқушылар коллективі арқылы әсер етеді, қызықты іс-әрекетке тартады, тәрбиелік ықпал жасау мақсатында көркем әдебиетті, өнер шығармаларын т.с.с. пайдаланады.

Оларға тікелей педагогикалық ықпал жасау көбіне қажетті нәтиже бере алмайды. Ол кері әрекет, қарсылык тудырады. Жанама ықпал жасау балаларды толық өзімен өзі болуды, тәуелсіз болуды сезіну әсерін тудырады. Ол балаларды өз мінез құлқын өз бетімен талдауды талап ететін өмірдің өзі тәрбиелейтін жайтқа жетелеуге көмектеседі. Кейде тәрбиеші оқушының нақты бір қылығына шұқшия көңіл бөлмей-ақ, дәл сондай қылық туралы тіптен басқа бір оқушыға әңгіме айтып береді.

Тұлғаның алдына қойған мақсаттарына, сенімдеріне сәйкес өзгеруіне бағытталған адамның саналы іс-әрекеті – Өзін-өзі тәрбиелеуді білдіреді.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері алуан түрлі. Бұл ең алдымен, өзіңді-өзің сендіру, өзіңді-өзің иландыру, өзіңді-өзің бақылау, өзіңді-өзің талдау.

Өзіңді-өзің тәрбиелеу мақсатымен өзіңді-өзің сынау, өзіңді-өзің мәжбүрлеу де, өзіңді-өзің жазалау мен өзіңді-өзің қолдау да пайдаланылады. Өзін-өзі тәрбиелеуге атқарылған жұмысқа өз бетіңмен есеп жүргізу де, оның нәтижелерін сын көзімен бағалау да, өзіңді-өзің тексеру мен өзіңе- өзің тексеру мен өзіңе-өзің есеп беру де жаксы көмектеседі.

Мадақтау, эмоционалдық-адамгершілік жағдайларды қалыптастыру, иландыру, талап кою, ескрту және тағы басқа – Ынталандыру әдісі болып табылады.

6-дәріс.



ТАҚЫРЫБЫ: Тәрбиелеуші ұжымды ұйымдастыру әдістемесі.

Дәрістің жоспары:

  1. Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру .

  2. Сынып сағатының атқаратын қызметтері.


Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі окушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі, қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатысады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше.

Сынып сағатыоқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына олардағы дұрыс көз қарасты қалыптстыру, елжандылық сезімдерін шыңдауда, сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.

Сынып сағатының атқаратын қызметтері:

  • қалыптастырушылық

  • ағартушылық

  • бағыттаушылык

  • болжамдық

Сынып сағаты екі бағытта жүргізіледі:

- сынып жиналыстары;

- тәрбиелік іс-шаралар.

Тәрбие сағатының құрылымының бөлімдері – ұйымдастыру, негізгі, қорытынды бөлім.

Оқушыларда ойланып әрекет ету, өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыру, өз пікірін қорғай білуді тәрбиелеу қызметі – сынып сағатында қарастырылады.

Сынып жетекшісі оқушыларға тәрбие сағатының қорытынды бөлімінде кеңес береді, алған әсерлерімен бөліседі.

Сынып сағатын ұйымдастыру тәсілдері:

  • әңгімелесу

  • экскурсия жасау

  • өнер адамдарымен кездесу

  • ток-шоу

Сынып жетекшісі өткізетін сынып сағатының тақырыбын оқушыларды қатыстыра отырып төмендегі зерттеу жұмыстары көмегімен анықтайды:

  • сауалнама жүргізу арқылы

  • әңгіме жүргізу арқылы

  • анкета әдісі арқылы

  • тақырып мазмұнын ашатын тест жұмысы арқылы

Тәрбие сағатын ұйымдастыру тәсілідеріне: ток-шоу оқырмандар конференциясы, туристік жорықтар, мектеп театрлары, үгіт бригадалары т.с.с. іс-шаралар жатады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді – білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.

Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рөл аткарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын калыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.

Сабактан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты окушылардың психикалық процестерін, оқушылардың жеке дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін аныктау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушының бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты косымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады. Ұжымдық шығармашылық істің ұшы-кезеңдерінің реті:

  • Дайындық жұмыстары,

  • Ұжымдык жоспарлау,

  • Істі ұжымдық дайындау,

  • Істі ұжыммен жасау,

- Іске ұжымдық қорытынды жасау.

Ұжым дегеніміз:

  • Бір ортаға біріккен іс-әрекет арқылы мақсатқа жету жолындағы топтасқан адамдар.

Ұжымның дәстүрі - бұл:

- Ұжымдық өмірдің тұрақты формасы.

Оқушылар ұжымының ұйымдасуының үш даму кезеңдерін қарастырайық:

Оқушылар ұжымының әлсіз ұйымдасуы мен келіспеушілігімен сипатталатын даму кезеңі:

- Бірінші кезең.

Талаптарды педагог ғана емес, мүшелерде қоятын, яғни талаптар қатар жүретін ұжымның даму кезеңі: - Екінші кезең.

Талаптарды педагог пен активтен баска ұжымның даму кезеңі: - Үшінші кезең.

Ұжымның шығармашылық істер әдістемесінің бірінші кезеңі:

- Ұжымның шығармашылық істеріне дайындық.

Сыныптан тыс жұмыстардың ұжымдық формасына жататын іс-шаралар - Ұжымның шығармашылық істер;

  • Викториналар

  • Экскурсиялар, қойылымдар, КВН (ҚТК)

  • Әр сынып оқушылары арасында интелектуалдық конкурстар жүргізу

А.С.Макаренконың паралельдік әрекеті заңының мағынасы - Оқушыларға ұжым арқылы әсер ету

Тәрбие саласында ұжым теориясын жасаған, педагог: Макаренко А.С. А.С.Макаренко балалар ұжымының дамуын келесі перспективаға бөледі:

  • Жакын, орташа, алыс

Социометрияпык әдіс мүмкіндік береді:

- Ұжым ішілік қатынастарды талдауға

Тәрбие дегеніміз:

- Арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесінде тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі.

7-дәріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет