Бағдарламасы (силлабус) Пән бойынша ақпарат пәннің атауы «Шетел тілі»



бет3/6
Дата19.10.2022
өлшемі161,13 Kb.
#153760
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шетел тілі Силлабус КТ22 2022ж

Бағалау критерийлері:

  • 1.Конспектінің жазылуы– 10%

  • 2.Үй тапсырмасының орындалуы – 20%, оның ішінде глоссарий дайындалуы – 5%

  • 3.Сабақ кезінде жауап беру белсенділігі– 35%

  • 4.СОӨЖ тапсырмасының орындалуы - 20%

  • 5.СӨЖ тапсырмасының орындалуы – 15%, оның ішінде 5% - жинақ бумасының дайындалуы.



    6. Оқытушының саясаты және күту мерзімі

    • Жұмыстар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс. Барлық тапсырмаларды

    емтихан сессиясына 3 күн қалғанға дейін тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

    • Әр оқу бағдарламасы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды өңдеу міндетті болып табылады. Оқу материалын игеру дәрежесін тексеру тестілеу бойынша жүргізіледі.

    • Үй тапсырмалары және СӨЖ белгіленген мерзімде орындалуы тиіс, уақытында орындалмаса, қорытынды баға төмендетіледі.

    • Аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті болып табылады, сабаққа қатыспаған жағдайда, оқытушының белгілеген мерзімі бойынша қайта тапсырылады, әр қатыспаған сабақ үшін дәріс тақырыбы бойынша 2 қосымша тапсырма беріледі.

    • Қорытынды рейтингтік бақылаудан 60% төмен балл жинақтаған студенттер, баллдарын өтілген барлық материалдарды қамтитын қосымша сынақ

    тапсырмалары арқылы дұрыстай алады. Бұл жағдайда жинақталған балл минималды деңгейде қойылады.

    Академиялық ұстанымдарға сәйкес, студенттерден тек қана оқытушыға және бір бірін құрметтеу ғана емес, сонымен қатар курсқа да құрмет көрсету күтіледі. Сабақ барысында ұялы телефондары «мәжіліс» немесе «үнсіз» режиміне қойылуы тиіс. Кез- келген көшірме немесе басқаның жұмысын қайта жасау қабылданбайды, егер ол жумыстың топтық форматы болмаса. Зертханалық сабақ немесе өздік жұмыс барысында бақылау жұмыстары болған жағдайда көшіріп алу қабылданбайды. Қорытынды нәтижесінде тапсырма орындалмаса немесе ереже бұзылса, «F» бағасымен бағаланып, тапсырылып отырған пән қайта оқытылады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет