2. Курстың сипаттамасы Курстың мақсаты: студенттерді күнделікті өмірде, тұрмыста кездесетін тілдік формалар,
ауызекі сөйлесу тілі жөне белгілі бір мамандық саласында күнделікті өмірде кәсіби карым-
қатынас жасағанда шет ел тілін белсенді қолдана білуге үйрету.Жалпы білім және ақпарат
берумен қатар кәсіби және этномәдени, жалпы адами сипат білім беру және осы арқылы
жаратылыстану және гуманитарлық саладағы болашақ маманды оқытудың гуманизация
тезисін іске асыру көзделеді.
Белгiлеген бағыттағы жоғары оқу орындарындағы әлеуметтiк-гуманитарлық саланың
жалпы бiлiм беру пәнi ретiнде шетел тiлiн оқыту мақсаты- студенттердiң коммуникавтивті
және кәсiптiк бiлiктiлігiн қалыптастыру.
Коммуникативтiк бiлiктiк құрамында интегративтiк негiзiнде лингвистикалық
(тiлдiк), дискурстивтiк (сөйлеу) және әлеуметтiк-мәдени бiлiктiлiк қалыптасады.
Лингвистикалық бiлiктiлiк мазмұнына коммуникативтiк және кәсiптiк қызметте
қолданылатын оқып отырған тiлдiң фонологиялық, лексикалық, грамматикалық
құбылыстарын бағдарламада белгiлеген көлемде пайдалану бiлiм мен білігi кiредi.
Пәннің пререквизиттері: Жалпы білім беру орта мектебінде өтілген «Шетел тілі» пәні
Пәннің постреквизиттері: 1- курста «Шетел тілі» пәні бойынша өтілген материалдар
студенттерге білімдерін өз бетінше шыңдай түсуді және шет елдің тәжірибесімен
танысуға мүмкіндік береді
3. Оқытудан күтілетін нәтижелер Берілген курсты меңгергеннен кейін, студент білуі тиіс:
- фонетика: оқудың негiзгi ережелерi және сөйлеу ағымында алфавиттегi әрiптердi және
әрiптер тiркесiн айту;
- орфография: тиiстi белгiлi дыбыстарға әрiптер мен әрiптер тiркесiп жазу, негiзгi тiлдiк
қолданыста жиі кедесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы, сәйкестiгі;
- лексикалық минимум: 800-1000 бірлік таңба; сөз жасамның негізгі жасалу жолдары; әр
түрлі салалар (тұрмыстық, терминологиялық, жалпы ғылыми, ресми және т.б.) бойынша
лексиканы жіктеу;
- грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық мамандықтары саласында жиі
кездесетін грамматикалық құбылыстар.