Бағалау деңгейлері: тиімді, жоғары, орта, төмен
Студенттердің білімін бағалау критерийлері: Тиімді деңгей ( проценттік құрамы «А» 95 - 100):
-осы деңгейдегі мәтін авторының, серіктесінің қатысымдық ниетін толық түсіну;
- оқытылатын тілдің әлеуметтік-мәдени нормаларын ескере отырып, сәйкес келетін тілдік құралдарды дұрыс таңдау және оларды орынды қолдану арқылы өзінің қатысымдық емеурінін жеткізу қабілеті;
-сөйлеудің қатысымдық ниетіне сай келетін сөйлеудің/қатысымның типтері мен түрлерін сөйлеудің адекваттық түрін логикалық түрде құра отырып,таңдау;
-қатысымдық емеурінін жеткілікті әрі толық баяндау; осы деңгейге сәйкес нақты деректердің, беделді пікірлерге сілтеменің т.б. жеткілікті дәлелденуі, сөйлеуге тән мінездің қатысымдық және мағыналық жақтан саралануы;
- қатысымдық әрекетті құрудың әдісі мен амалдарын дәл, әрі дұрыс меңгеру;
- сөйлеу кезінде тілдік құралдарды сауатты пайдалану, 75% қатесіз айтылым кезінде жіберілген қателерді өздігінен және дер кезінде жөндей алуы, сөйлеудің дұрыс ырғағы, тілдік тақырып шеңберінде сөздік қордың жеткілікті болуы және грамматикалық дұрыстығы.
Жоғары деңгейі (проценттік құрамы «А-» 90 - 95) :
серіктесінің қатысымдық емеурінін нақтылау үшін қайта сұрау арқылы толық түсіне алмау;
оқытылатын тілдің әлеуметтік-мәдени нормаларына сәйкес тілдік құралдарды жеткілікті дәрежеде орынды қолданбаса да, өз қатысымдық емеурінін дәл бере алуы;
сөйлеудің қатысымдық емеурініне сай келетін сөйлеу типтері мен түрлерін сөйлеудің логикалық құрылымына үнемі барабар келе бермейтін тәсілі арқылы таңдау;
қатысымдық емеуріннің кейбір деректері мен сілтемелерін пайдалану арқылы жеткілікті жоғары дәрежедегі дәлелдермен ойды жеткіліксіз түрде білдіру;
қатысымдық әрекетті құрудың әдісі мен амалдарын дұрыс меңгеру;
сөйлеуде тілдік құралдарды дұрыс пайдалану, 50% қатесіз айтылым кезіндегі жіберілген қателерді уақытында және өздігінен түзей алуы; сөйлеуде дауыс ырғағының дұрыс болуы, деңгейдің тілдік тақырып шеңберіндегі лексиканың жеткіліктілігі және грамматикалық дұрыстық.
Орта деңгей (проценттік құрамы «В-, В, В+» 75-89):
- серіктесінің қатысымдық емеурінін нақтылау үшін үнемі қайталап сұрау арқылы тек жалпылай түсіну;
- өз қатысымдық емеурінін қарапайым құрылымдармен және шектеулі лексикалық бірліктер арқылы жеткілікті дәрежеде барабар бере алуы;
- сөйлеудің типтері мен түрлерін таңдау қатысымдық емеурінге әрқашан сәйкес келе бермейді;
- қатысымдық емеурінді кейбір деректерді пайдалану арқылы жеткілікті деңгейде жоғары емес дәлелдермен білдіру;
- қатысымдық әрекетті құрудың стратегиясы мен тәсілін жеткілікті деңгейде білмеу;
- қатысымдық әрекетті құрудың әдісі мен амалдарын жеткіліксіз меңгеру;
- 25% қатесіз айтылым кезінде тілдік құралдарды жеткілікті дәрежеде дұрыс пайдалана алмау; дауыс ырғағының дұрыс болмауы, сөйлеудің лексика-грамматикалық дұрыс безендірілмеуі;
Төменгі деңгей (проценттік құрамы «D, D+,C-,C,C+» 50-74):