Дәріс. Тұлғаның даралық психологиялық қасиеттерін диагностикалау.
Дәріс жоспары:
1.Психодиагностикалық методикаларды класификациялау ұғымы.
2. Психодиагностикалық методикалар мен жағдаяттарға қойылатын талаптар.
1.Психодиагностикалық методикаларды класификациялау ұғымы.Бүгінгі уақытта-психологиялық процесстерді, қасиеттерді және тұлғаның жағдайын қамтитын психодиагностикалық методикалар практикада кеңінен қолданылуда. Писходиагностика методикаларын класификациялау ұғымы операционализм (жедел-анализ) және верификация (тексеру) ұғымдарымен байланысты.Операционализм ұғымына қойылатын талаптар: жаңа ғылыми түсінікке кіріспес бұрын, міндетті түрде нақты процедураны көрсетуі керек, практика барысында қанағаттандыратын әдістер мен методикалар болуы керек.Операционализм сыналушы практика жүзінде орындай алатын әрекет немесе операция.
Верификация ұғымына қойылатын талап: ғылымға енетін түсінік міндетті түрде толық тексеруден өту керек. Тексеру мағынасын білдіреді,практикалық қадам жасамас бұрын қайталап, шолып шығу.Яғни операционализм теорияны, верификация практика мәселесіндегі қадамдар.
Қолданылатын практикалық психодиагностикалық методикалардың көпшілігі құжаттық методикаларға жатады – олар, сыналушыға берілген сұрақтар мен пікірлерге ауызша немесе жазбаша формада жауап беру ұсынылыады.Құжаттық методикаға практикалық қызығу және оның кең түрде қолданылуы, алған нәтижелер бойынша нақты әрі шынайы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Келесі бір кең тараған методиканың бірі-сауалнама,адам психологиясын зерттеу процессі барысында сыналушыға ауызша түрде сұрақтар қатары ұсынылады және экспериментатор жауаптарды өзі тіркеп, талдайды.Бұл методиканың тиімділігі арнайы құжаттар дайындауды қажет етпейді және психодиагност пен сыналушының қатынасын оңтайландырады.Сауалнамалық методиканы стандарттілеу қиын, соның нәтижесінде жоғары әрі сенімді нәтиже алуға болады.
Келесі бір қолданыстағы методика суретті- псаиходиагностикалық методикалар. Сыналушының психологиясы мен міне-құлқын зерделеуде олардың бейнелеген суреттері арқылы талдау жасау.Арнайы тақырыпта немесе кез-келген ойға түскен нәрселерді бейнелеу ұсынылады.Кей жағдайлары интерпретациялау әдісі үшін сыналушыға арнайы,стандартты бейнелер мен схемалар ұсынылады.
Психодиагностикалық методикалар арасында жобалау методикалары маңызды орын алады.Олар қолдану ерекшелігіне қарай құжатты,сауалнамалық, суретті болуы да мүмкін.Бұл методиканың практикада қолданылуы жылдан-жылға артуда, өйткені осы методика тобының талдауы сәйкесті және кең көлемдегі ақпаратты.
Келесі бір методика тобы-обьективті-манипуляциялық (айқын-айлалы).Сыналушының міндеті белгілі бір заттардан бір нәрсе құрастыру,жасау тағы басқа...Кәсіптік шеберлікті талап етеді және орындалу уақыты ұзақ.
Психодиагностикалық методикаларда қолданылатын тестік тапсырмалар типі сауалнамалық (сыналушыға қойылатын сұрақтар пайдалынады),бекіту (сыналушы өзінің келісетінін немесе келіспейтінін білдіретін пікірлер мен бекітулер қолданылады),өнімді (сыналушының ойлаған шығармашылық өнімі пайдаланылады:сөздік,бейнелік, материалдық),әрекеттік (сыналушы практикалық әрекеттер комплексі жүйесінде тапсырма алады),физиологиялық (мұндай жағдайдағы психодиагностика адам ағзасының ырықсыз негіздегі физикалық және физиологиялық талдауына байланысты ).
Сыналушығ арналған психодиагностикалық методикалардың тестік тапсырмасы мынандай формаларда ұсынылады: құжаттық (берілетін материал жазбаша немесе басқадай формада болады:сурет,схема және т.б).,техникалық(сыналушыға арналған тестік метериал аудио-видео немесе техникалық құрал-жабдықтар және т.б ).,сенсорлы (физикалық стимулдар түріндегі материалдар ұсынылады).
Психодиагностиканың тестік материалы саналы,сыналушы саналы түрде қатысады, және санасыз, адам реакциясының санасыздыққа бағытталуы.Мысалы, бірінші типке сауалнама жатса, ал екіншісіне жобалау методикалары жатады.
Психодиагностикалық методикалардың қолдану ерекшелігіне қарай обьективті (экспериментатор немесе сыналушының санасына тәуелді болмай шынайы көрсеткіш қолданылады) және субьективті (сыналушы мен экспериментатордың санасы мен тілегіне орай мәліметтер қолданылады).
Ең соңында психодиагностикалық методиканың ішкі құрылымын мономерлі және многомерлі болып бөлінеді.Бірінші жағдайда бір қасиетін немесе жағдайын бағалау және диагностикалау болса, екінші жағдайда адамның түрлі типті немесе біртипті бірнеше қасиеттерін бағалау және диагностикалауға арналады.
Барлық психодиагностикалық методикалар ғылыми және практикалық болып бөлінеді.Көптеген психодиагностикалық методикалар практикалық психодиагностикада және ғылыми-зерттеу эксперименттерінде де қолданылады.Бірақ олардың арасында айырмашылық бар,ғылыми-зерттеу методикалары психологиялық қасиеттерді ғылыми тұрғыдан тереңірек зерделеуге бағытталған болса, ал практикалық оның даму дәрежесін практкалық мақсатта қолданады.
2. Психодиагностикалық методикалар мен жағдаяттарға қойылатын талаптар
Психолог-педагогикалық методикалар сенімді болу үшін зерттеуде қолданылатын психодиагностикалық методикалар ғылыми негізделген болуы керек. Мұндай методикалар төмендегідей талаптарға сай болуы қажет:валидті (сәйкес), сенімді, бір ізді және дәлді.
«Валидті» термині евро тілді.Оның мағынасы «толығымен», «жарамды», «сәйкес» деген мағынаны білдіреді.Психодиагностикалық методикаларға тән сәйкестілік психологиялық қасиеттің жарамдылығын білдіреді.
Психодиагностикалық методикадағы валидтілікті түсіну үшін ,олардың түрлерімен танысу керек:теориялық,практикалық,ішкі,сыртқы.
Теориялық валидтілік-зерттеу барысындағы алған мәліметтерді ғылыми жүйеге сүйене отырып,сәйкестендіре талдау.
Практикалық валидтілік-эксперименттік жағдайда алған мәліметтерді және бақыланған сыналушының реакциясы мен әрекеттерін диагностикалау шынайы көрсеткіштерге сәйкес болуы керек.
Ішкі валидтілік-субтест, пікір тағы басқа тестердің тапсырмалары методика мазмұнына сай болуы керек.
Сыртқы валидтілік-методика көрсеткіші мен сыналушының маңызды көрсеткіштерімен өзара байланыста болуы.
Валидтіліктің түрлеріне басқа оның өлшемдері де болуы керек.Мұндай өлшемдер төмендегідей:
1.Мінез-құлық көрсеткіші- сыналушының түрлі өмірлік жағдаяттардағы қимылдары мен әрекеттері.
2.Сыналушының түрлі әрекеттегі метістіктері: еңбек,оқу,шығармашылық және тағы басқа.
3.Түрлі бақылау сынақтары мен тапсырмалардың орындалуы жөніндегі мәліметтер.
4.Жүргізілген методиканың басқа методикалар мен байланысы, сәйкестілігі жөнінде мәлімет.
Методиканың сенімділігі оның көмегімен алынған тұрақты көрсеткіштерді білдіреді.(бұл жерде методиканың тұрақтылығы жайында сөз болады). Психодиагностикалық методиканың сенімділігін екі амал арқылы көз жеткізуге болады: түрлі адамдармен жүргізілген методика көмегімен алған қорытындыларды салыстыру, және бір методиканы түрлі жағдайларда қолданған нәтижелер арқылы салыстыру.
Методиканың дәлділігі –психодиагностикалық эксперимент барысында бағаланатын қасиеттегі кішкене өзгеріске көңіл бөле алуын білдіреді.Психологиялық методикадағы дәлділікті техникалық құралдарды өлшейтін дәлділікпен салыстыру керек.
Бір ізділік методикасы-зерттеу жүргізуші адамның мінез-құлық себептерін анықтағысы келсе, сыналушы адамға оның иінез-құлқына байланысты тура сұрақтар қойылады.
Практикалық психодиагностикпда методиканы қолданбас бұрын экспериментатор ол валидтілік, сенімділік, бір ізділік,дәлділік талаптарға сай ма соны анықтап алу қажет.
Психодиагностикалық методикаларды жүргізетін экспериментатаорға негізгі нұсқау: шыдамды,салмақты, мінез-құлқы мейірімді, шынайы,сыйласымды болуы керек.
Психологиядағы тест деп-зерделейтін қасиеттің даму дәрежесінің сапалы және сандық көрсеткішін алуға мүмкіндік беретін стандартті психодиагностикалық методикаларды атайды.Стандартты методикалар- үнемі және барлық жерде ситуациялары мен нұсқауларынан бастап,сыналушыдан қандай амал мен нәтиже алғанынан бастап,көрсеткіштерді интерпрететациялауы да бір образда болуы қажет.
Алынған көрсеткіштерге-тест дұрыс қолданылған жағдайда алынған бағалаулар қашан, қалай, қандай жолмен алынғаны бір-бірімен салыстырылады.Психодиагностикалық методикаларға валидтілік, сенімділік, бір ізділік және дәлдік жағдайларға байланысты қатаң талаптар қойылады.
Тестің бірнеше түрлері болады, олар негізгі топтарға бөлінеді: пән бойынша тестілеу,тестегі міндеттерді шешу ерекшелігіне байланысты;материал бойынша, бағалау обьектісі бойынша.Тапсырмалаарды қолдану ерекшелігіне қарай практикалық,бейнелік және сөздік тестер болады.Тестік материалдың ерекшелігіне қарай құжаттық,аппараттық болып бөлінеді. Бағалау обьектісіне қарай- процессуальды, жетістікке жету, қасиет және күй болып бөлінеді.
Зияттылық тестер-адам ойлауының (интеллект) даму деңгейін және олардың жеке когнитивтік процестерін,яғни,қабылдау, зейін, қиял, ес, сөйлеу сияқты процесстерін бағалауға арналады.Тұлғалық тестер-адамның психодиа-гностикалық жеке тұрақты ерекшеліктерін анықтайтын әрекет;мұнда темперамент, мінез, мотивация, эмоция, қабілет тестері жатады.Тестердің арасында жеке тұлғаның белгілі бір қасиетін неменсе күйін жан-жақты,комплексті бағалайтын тестерде кездеседі.Мысалы, комплексті тестке Кеттел,ММРІ –методикалары жатады.
Тұлғааралық тестер-түрлі әлеуметтік топтардың, адамдардың қарым-қатынасын білдіреді,мысалы,социометриялық тест,топты ұжым ретінде әлеуметтік-психологиялық өзіндік аттестациядан өткізу.
Практикалық тест тапсырмаларына-сыналушы шынай материалдармен,заттармен жаттығуды немесе тапсырманы көрнекі-әрекетті түрде орындау қажет.
Бейнелі тапсырмалар-орындалатын жаттығулар картинка, сурет, схема сиқты бейнелермен рорындалады.Олар ойша елестетудің,қиялдың белсенділігін қажет етеді.
Вербальды(сөздік) тестер-тапсырманы сөйлеу операциясы арқылы орындайды.Мысалы,түсінікті анықтау, түрлі сөздердің мазмұны мен көлемін анықтау,ой қорытындысы, түрлі логикалық операциялар түсінігін және т. б.
Құжаттық тестер-сыналушы тапсырманы орындау үшін тестік материалдар түрлі формада ұсынылады:сурет,схема, кесте, сауалнама және т.б.
Аппаратуралық- тестік қорытындыларды талдау түрлі аппараттарды:аудио-видеотехника, электронды-есептегіш материалдарды пайдалану арқылы орындалады.
Процессуальды тестер-кез-келген психологиялық немесе мінез-құлықтық процесскөмегімен анықтау,қорытындысында сапалы,сандық мінез-құлық беріледі.
Нәтижеге жету тесті- адамның белгілі бір іс-әрекетіндегі жетістігін бағалау,мысалы,тану сферасы,естің өнімділігі ойлау шеберлігі,зейін тұрақтылығы,сөздік ойлауының даму деңгейі және т. б.
Күй және қасиет тестері- адамның психологиялық қасиеттерін диагностикалауға қатысты,мысалы, мінез бітістерінің ерекшелігі, темперамент қасиеттері, қабілеттер ж.т.б.
Психодиагностикалық методикалардың ерекше бір тобы- жобалау тестері.Адамның психологиялық қасиетін тура негізде емес жанама түрде зерттеу арқылы бағалайды.Көп мағыналы обьектілерді: анық емес картинкалар, пішінсіз дақтар, аяқталмаған сөйлемдерді сыналушы адам қалай интерпретациялап, қабылдайтына байланысты бағалайды.
Мұндай обьектілерді интерпретациялап,бағалауда Адам «санасыз» түрде өзінің ішкі дүниесін немесе процессін алдыға жайып салады. Осындай топқа жататын тестер: Роршах тесті,Тақырыптық Апперцепциялық Тест және т. б..
Сыналушы психодиагностикалауда психологиялық ерекшелігін сыртқа шығарғысы келмей жасырғысы келген жағдайда жобалау тестері қолданылады.
Психодиагностикалық методикалар сияқты тестерге ерекше талаптар қойылады:
1.Тестің әлеуметтікмәдени-бейімділігі- сыналушы топтың мәдени ерекшелігіне, әлеуметтік ортасына тестік тапсырмалар мен бағалаулар сәйкес болуы керек.
2. Тестік тапсырмалардың формулировкасы қарапайым және бір ізділігі.
3. Тестік тапсырмалардың орындалу уақытында шектеу болуы қажет.Психологиялық тестік тапсырманың орындалу уақты бір жарым,екі сағаттан аспауы тиіс, өйткені ұзақ уақыттан соң адам жұмысқа деген қабілеті төмендейді.
4.Жүргізілетін тестке сай тестік норманың болуы. Сыналушы адамдардың жас ерекшелігі ,білім мен мәдени деңгейі, әлеуметтік ортасы және т.б жағдайларды ескеру керек. Осындай нормаларды сақтағанда ғана нақты нәтижеге жетуге болады.
Тестік нормаларға қойылатын талаптардан басқа,тестілеу қорытындысын өңдеу, интерпретациялау үшін қатаң ержелер болуы қажет. Осының ішіндегі ең маңызды ережелері төмендегідей:
1.Психолог тесті қолданбастан бұрын, нұсқауымен танысып, ең алдымен өзіне немесе жақын бір адамына жүргізіп көруі қажет.Бұл жағдай тестілеу барысында қателікке соқтырмауға мүмкіндік береді және тестілеудің ерекшелігін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
2.Тестік тапсырманы орындамас бұрын, сыналушы тесттің жүргізілу барысын дұрыс ұқты ма соған көз жеткізу керек.
3.Тестілеу барысында сыналушы берілген тапсырманы өз бетімен, бір-біріне тәуелсіз және кеңес бермей орындауын қадағалау керек, бұл ереже сақталмаса тестілеудің қорытындысына кедергі келтіруі мүмкін.
4.Кез-келген тестің қорытындысын интерпретациялап,өңдеу ғылыми негізделген болуы керек.
Практикалық тесті жүргізбес бұрын оған арнайы дайындық қажет.Олар төмендегідей:
Сыналушыға ең алдымен қандай мақсатта тестілеу жүргізетінін,қандай нәтиже алуға болатынын,оны қандай жағдайда өмірде қолдануға болатынын түсіндіру керек.Сыналушыға түсінікті болатындай нұсқаулар беру керек.Осы жағдайлардың барлығы түсінікті болғаньжағдайда ғана психолог тестілеуді жүргізеді,нақты, дәлме-дәл нәтиже алу үшін айтылған ережелердің барлығы қатаң сақталуы қажет.
Дәріс.Жас ерекшелігі психологиясы.
Дәріс жоспары:
1. Мектеп жасына дейінгілердің психодиагностикалық ерекшеліктері.
2. Танымдық психодиагностикалық әдістер.
3. Мектеп жасына дейінгілердің тұлғалық қасиеттері және өзара қарым–қатынас диагностикасы.
1. Мектеп жасына дейінгілердің психодиагностикалық ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және мінез- құлық ерекшеліктеріне психо-диагностикалық зерттеу жургізу үшін арнайы психологиялық білім қажет.
Бұл психологиялық ерекшеліктерге баланың санасы және өзіндік сана-сезімінің төменгі деңгейіне де байланысты. Сол сияқты мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық процестері ( қабылдау,ес,ойлау,зейін,қиял,сөйлеу т.б) даму деңгейлері төменгі дәрежеде.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық деңгейлерінің дамуы 3-4 жастан бастап ,жасөспірімдік шақтардың соңына қарай аяқталады. Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балаларға психо-диагностикалық тестілеу тапсырмалары балалардың танымдық процестеріне күш түсірмеу керек. Егер бұл жағдай еске алынбайтын болса балалардың танымдық дамуына сәйкес келмейтін нәтиже аламыз.Балалардың психикалық даму, жетістігін дұрыс бағалап , зерттелу үшін психо-диагностикалық тестік жаттығулары бала жасына сәйкес болуы керек. Мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы бала танымдық процестерін басқара алатын элементтер болады.Мектеп жасына дейінгі 4жасар бала өзінің жеке қасиеттеріне,мінез құлқына дұрыс баға бере алмайды. Яғни өзінің жақсы жетістіктері мен кемшіліктерін білу қабілеті онша дамый қоймаған.4-6 жастағы балалар психологиялық процестеріне баға бере алады. Яғни қоршаған ортасындағы үлкен адамдардың өзімен қарым-қатынасы нәтижесінде өз қасиеті мен мінезін бағалай алады. Бұл айқандардан мынандай қорытынды шығаруға болады, яғни 4жасқа дейінгі балаға қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар балалардың мінез-құлқына және т.б психологиялық процестеріне жауап беретіндей болмау керек. Бұл ережені бұзған жағдайда бала қойылған сұраққа мүлдем жауап бермейді немесе ойланбсатан, түсінбей жауап бере салуы мүмкін. Ал 4-6жастағы балаларға жеке қасиеті және мінез-құлқы туралы сұрақтар қойып, пікірлесуге болады.Бірақ бұл жағдайдағы балалардың жауабы оның алдағы өмірлік психологиялық дамуына ешқандай қатысы жоқ..Методикалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай құрылу керек.Оның уақыты 1мин-5 минут аралықтарында.Қойылған сұрақтар баланы жалықтырмайтындай түсінікті және қызықты болуы тиіс.
Методикаларды жүргізу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды 3 кезеңге бөледі.
1. Ерте сәбилік жас 1-3 .
2. Кіші және орта мектепке дейінгі жас 3-5.
3. Жоғары мектепке дейінгі жас 6-7.
Ерте сәбилік шақтағы баланы зерттеуде табиғи эксперимент кеңінен қолданылады.
Яғни баланың бір ерекшелігін немесе психикалық қасиетін білу үшін балаға таныс өмірлік ситуациялар немесе ойындар ұйымдастырылады. Осы арқылы балаға білдірмей сырттай бақылайды.
Ұжымды-сюжетті ойындар ұйымдастыру арқылы балалардың бір-бірімен қарым-қатынастарын зертттеуге болады. Диагностикалық мақсаты, түрлі ойындар мен жатттығуларды, схемаларды психолог-диагност өзі ұйымдастырған дұрыс.Сондай-ақ бұл жаста балалардың өз құрбылары жөнінде берген бағалары психологиялық зертттеуге қорытындылауға көп әсер етеді.
Бұл жастағы балалар ойынында ережелер болады.Олар өз мінез-құлқына бергенімен қоймай игереде алады.Бұл жастағы балалардың құрбыларына және өзінің психологиялық дамуына берген жауаптары зерттелу қорытындыларына кіргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің диагностикасы.
2. Танымдық психодиагностикалық әдістер. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін зертттеуде «стандартты психо-диагностикалық методикалар комплексі» деген түсінік қалыптасу керек. Стандартты психо-диагностикалық методикалар комплексі барысында «Баланың психологиялық дамуының жеке картасын» ашу керек. Бұнда барлық психо-диагностика методикасы арқылы жүргізілген зертттеулер қорытындылары тіркеледі.Балалардың психологиялық ерекшеліктерінің жылдан-жылға қалай өзгеріп отыратындықтан бақылау барысында бұл картаны ұзақ жылдар бойы жүргізуге болады. Ескерту:методикаларда қолданылатын суреттердің барлығы Р.С.Немовтың «Психология» кітабының 3 томында .
Дәріс: Психодиагностиканың психометрикалық негіздері
: Психодиагностиканың психометрикалық негіздерін жан жақты қарастыру.
Дәріс жоспары
1. Психодиагностикалық методикалардың талаптары:
а) валидтілік (сәйкестілік)
ә) сенімділік
б) бір ізділік
в) дәлелділік.
Психолог-педагогикалық методикалар сенімді болу үшін зерттеуде қолданылатын психодиагностикалық методикалар ғылыми негізделген болуы керек. Мұндай методикалар төмендегідей талаптарға сай болуы қажет:валидті (сәйкес), сенімді, бір ізді және дәлді.
«Валидті» термині евро тілді.Оның мағынасы «толығымен», «жарамды», «сәйкес» деген мағынаны білдіреді.Психодиагностикалық методикаларға тән сәйкестілік психологиялық қасиеттің жарамдылығын білдіреді.
Психодиагностикалық методикадағы валидтілікті түсіну үшін ,олардың түрлерімен танысу керек:теориялық,практикалық,ішкі,сыртқы.
Теориялық валидтілік-зерттеу барысындағы алған мәліметтерді ғылыми жүйеге сүйене отырып,сәйкестендіре талдау.
Практикалық валидтілік-эксперименттік жағдайда алған мәліметтерді және бақыланған сыналушының реакциясы мен әрекеттерін диагностикалау шынайы көрсеткіштерге сәйкес болуы керек.
Ішкі валидтілік-субтест, пікір тағы басқа тестердің тапсырмалары методика мазмұнына сай болуы керек.
Сыртқы валидтілік-методика көрсеткіші мен сыналушының маңызды көрсеткіштерімен өзара байланыста болуы.
Валидтіліктің түрлеріне басқа оның өлшемдері де болуы керек.Мұндай өлшемдер төмендегідей:
1.Мінез-құлық көрсеткіші- сыналушының түрлі өмірлік жағдаяттардағы қимылдары мен әрекеттері.
2.Сыналушының түрлі әрекеттегі метістіктері: еңбек,оқу,шығармашылық және тағы басқа.
3.Түрлі бақылау сынақтары мен тапсырмалардың орындалуы жөніндегі мәліметтер.
4.Жүргізілген методиканың басқа методикалар мен байланысы, сәйкестілігі жөнінде мәлімет.
Методиканың сенімділігі оның көмегімен алынған тұрақты көрсеткіштерді білдіреді.(бұл жерде методиканың тұрақтылығы жайында сөз болады). Психодиагностикалық методиканың сенімділігін екі амал арқылы көз жеткізуге болады: түрлі адамдармен жүргізілген методика көмегімен алған қорытындыларды салыстыру, және бір методиканы түрлі жағдайларда қолданған нәтижелер арқылы салыстыру.
Методиканың дәлділігі –психодиагностикалық эксперимент барысында бағаланатын қасиеттегі кішкене өзгеріске көңіл бөле алуын білдіреді.Психологиялық методикадағы дәлділікті техникалық құралдарды өлшейтін дәлділікпен салыстыру керек.
Бір ізділік методикасы-зерттеу жүргізуші адамның мінез-құлық себептерін анықтағысы келсе, сыналушы адамға оның иінез-құлқына байланысты тура сұрақтар қойылады.
Практикалық психодиагностикпда методиканы қолданбас бұрын экспериментатор ол валидтілік, сенімділік, бір ізділік,дәлділік талаптарға сай ма соны анықтап алу қажет.
Психодиагностикалық методикаларды жүргізетін экспериментатаорға негізгі нұсқау: шыдамды,салмақты, мінез-құлқы мейірімді, шынайы,сыйласымды болуы керек.
Дәріс: Психодиагностиканың технологиясы.
Дәріс жоспары
1.Психодиагностика техникасы жайында.
2. Психодиагностикалық методикалар.
1.Психодиагностика техникасы жайында. «Психодиагностика» сөзі психологияда маңызды екі мағынаны білдіреді:
1.Психология біліміне қажетті білім және зерттеулер.
2.Психологиялық білімді арнайы маманданған практикада қолдану.
Басқа ғылымдар сияқты психодиагностиканың да өз принциптері және түрлі психодтагностикалық методикалардың ғылымилығын тексеретін амалдарыы болады.Пракика саласы ретінде түрлі методикаларды практиада қолдануымен байланысты және кәсіптік білім мен оны шеберлікпен қолдана білуге бағытталған.Осы және басқа жағдайларда да психологиялық процесстерді, қасиеттерді және адамның кейпін дұрыс бағалаудың амалдары айтылған. Осы айтылғандарды орындауда, теориялық психодиагностика ғылыми негіздесе, ал практикалық психодиагностика дұрыс, дәлме-дәл және сенімді орындаудың жолдарын көрсетеді.
Бүгінгі психологияда көптеген түрлі психодиагностикалық методикалар қолданылады, бірақ олардың барлығын ғылыми негізделген деп айтуға болмайды.Сондай-ақ олардың арасында зерттеу және психодиагностикалық методикалар да бар.Соңғы аталған методика психологиялық қасиеттер мен мінез көрсеткіштерін сапалы зерделейтін, оларды бағалайтын методикалар қатарына жатады.Алдына мұндай мақсат қоймайтын тек психологиялық процесстерді, қасиеттерді және адамның кейпін зерделеуге арналған болса оны зерттеу методикасы деп атайды.
2. Психодиагностикалық методикалар.Психология ғылымында мыңнан астам психодиагностикалық методикалар бар, бірақ олардың кейбіреулерінің схемасын сапалы бағдарлау, талдау практикалық тұрғыдан мүмкін емес. Жалпы психодиагностикалық методикалардың класификациясық схемасын төменгі жағдайда қарастыруға болады:
1.Бақылау негізіндегі психодиагностикалық методикалар.
2.Сауалдамалы негіздегі психодиагостикалық методикалар.
3.Обьективті психодиагностикалық методикалар бұған адамның мінез-құлық реакцияларына және еңбегінің нәтижесіне есеп, талдау жатады.
4.Психодиагностиканың экспериментальды методтары.
Бірінші методикалар тобы-бақылау негізінде диагностикалау. Бақылау процедурасында стандартты схема кіргізіледі онда нені,қалай бақылау керек екндігі, бақылаудың нәтижесін қалай тіркеу,оларды қалай бағалау,осылардың негізінде қандай қорытынды жасау және интерпретациялау жөніндегі нақты жағдайлар анықталады.Айтылған психодиагностикалық талаптарға сай келетін бақылау, стандартты бақылау деп аталады.
Сауалдама процедурасы негізінде жүргізілетін психодиагностиалық методика адамның психологиялық ерекшеліктері жөнінде қажетті мәлімет алуға, стандартты, арнайы дайындалған сұрақтар қатарына жазбаша немесе ауызша берген жауаптарына талдау жасауға мүмкіндік береді.
Бұл методиканың түрлі жақтары бар:сауалнама, сауалдама, сұхбат.Сауалнама методы- өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп ғана қоймай, өзінің әлеуметтік-демографиялық жағдайында жеткіуі керек мысалы, жасы,мамандығы, білім деңгейі, жұмыс орны, қызметі, жанұялық жағдайы және тағы басқа жағдайлар.
Сауалнама методикасында сыналушыға жазбаша түрде сұрақтар тізбесі ұсынылады.Мұндай сұрақтардың екі типі болады: жабық және ашық .
Жабық сұрақ дегеніміз- стандартты жауаптар немесе сыналушының көзқарасына,пікіріне жақын келетін жауаптар сериясы.Мысалы стандартты сұрақтарға берілетін жауаптар:»иә» «жоқ», «білмеймін»,»келісемін»,»келіспеймін»,»айтуға қиын».
Ашық сұрақ дегеніміз-сыналушы еркін түрде,өз таңдауына сәйкес формада жауап беруі.
Жабық сұраққа қарағанда мұндай сұрақтың жауаптары сапалы әрі нақты анализ жасауға мүмкіндік береді.
Психодиагностикалық сауалнама сұрақтары, сондай-ақ, тура және жанама болуы да мүмкін.
Тұлғаның алаң болушылық қасиетін анықтау диагностикасы бойынша аталған сұрақ түрлеріне мысалдар:
1.Алаң болушылыққа ашық сұрақ:»Шамадан тыс мазасызданып кететін ситуация жөнінде айтыңызшы».
2.Алаң болушылыққа жабық сұрақ:»Мазасыздану жағдайы сізде жиі бола ма?Ұсынылған:»иә»,»жоқ», «кей уақыттарда»,»білмеймін» сияқты нұсқалардың біреуін таңдаңыз.
3.Алаң болушылыққа тура сұрақ:»Сіздің бойыңызда мазасыздану сияқты тұлғаға тән қасиет бар ма?»
4.Алаң болушылыққа жанама сұрақ:»Сынақ немесе тағы басқа жауапты сәттерде өзіңізді мазасыз сезінетін кездеріңіз жиі болады ма?»
Сондай-ақ жазбаша сұрақтардан басқа ауызша сұрақтар да болады.Олардың бірі сұхбат деп аталады. Психолог сыналушыға сұрақтарды өзі береді және берген жауаптарды да өзі тіркейді.Бұл сұрақтар алдын-ала дайындалады және жазбаша сауалнамадағы сияқты типтік сұрақтар да кездеседі.
Алған нәтижелер бойынша анализ жасайтын психодиагностикалық методика контент-анализ деп аталынады.Контент –анализдің міндеті адамның психологиялық мінезін айқындау және бағалау.
Эксперимент методикасында – сыналушының белгілі бір қасиетін бағалау үшін арнайы психодиагностикалық методикалар жүргізіледі.Мұндай эксперимент барысында сыналушы бойындағы белгілі бір қасиеттің дамуын немесе қалыптасуын анықтауда жасанды ситуациялық жағдаят ұйымдастырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және мінез- құлық ерекшеліктеріне психо-диагностикалық зерттеу жургізу үшін арнайы психологиялық білім қажет.
Бұл психологиялық ерекшеліктерге баланың санасы және өзіндік сана-сезімінің төменгі деңгейіне де байланысты. Сол сияқты мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық процестері ( қабылдау,ес,ойлау,зейін,қиял,сөйлеу т.б) даму деңгейлері төменгі дәрежеде.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық деңгейлерінің дамуы 3-4 жастан бастап ,жасөспірімдік шақтардың соңына қарай аяқталады. Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балаларға психо-диагностикалық тестілеу тапсырмалары балалардың танымдық процестеріне күш түсірмеу керек. Егер бұл жағдай еске алынбайтын болса балалардың танымдық дамуына сәйкес келмейтін нәтиже аламыз.Балалардың психикалық даму, жетістігін дұрыс бағалап , зерттелу үшін психо-диагностикалық тестік жаттығулары бала жасына сәйкес болуы керек. Мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы бала танымдық процестерін басқара алатын элементтер болады.Мектеп жасына дейінгі 4жасар бала өзінің жеке қасиеттеріне,мінез құлқына дұрыс баға бере алмайды. Яғни өзінің жақсы жетістіктері мен кемшіліктерін білу қабілеті онша дамый қоймаған.4-6 жастағы балалар психологиялық процестеріне баға бере алады. Яғни қоршаған ортасындағы үлкен адамдардың өзімен қарым-қатынасы нәтижесінде өз қасиеті мен мінезін бағалай алады. Бұл айқандардан мынандай қорытынды шығаруға болады, яғни 4жасқа дейінгі балаға қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар балалардың мінез-құлқына және т.б психологиялық процестеріне жауап беретіндей болмау керек. Бұл ережені бұзған жағдайда бала қойылған сұраққа мүлдем жауап бермейді немесе ойланбсатан, түсінбей жауап бере салуы мүмкін. Ал 4-6жастағы балаларға жеке қасиеті және мінез-құлқы туралы сұрақтар қойып, пікірлесуге болады.Бірақ бұл жағдайдағы балалардың жауабы оның алдағы өмірлік психологиялық дамуына ешқандай қатысы жоқ..Методикалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай құрылу керек.Оның уақыты 1мин-5 минут аралықтарында.Қойылған сұрақтар баланы жалықтырмайтындай түсінікті және қызықты болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |