Негізгі әдебиеттер: 1.З.М. Алиакбарова, Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. «Республикалық баспа кабинеті, Алматы, 1993.
3.Е.Керімбеков, Адам анатомиясы, «Рауан», Алматы, 1992.
4.Ф.А Исмагулова, И.М.Төлембекова, Адам физиологиясы, «Білім», Алматы 1995.
Қосымша әдебиеттер: 1. Ш.С.Набидоллина, Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: «Фолиант», Астана-2007.
2. Б.Қалкенова, Адам анатомиясы, жас физиология және гигиена, «Фолиант»: Астана-2015.
Дәріс 14. Дәріс тақырыбы: Күн тәртібінің гигиенасы. Жеке бас гигиенасы.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1.Күн тәртібі.
2.Дене күтімі.
3.Киім мен аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.
Балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыстарының түрлі жақтарын: сабақ әзірлеуді, әдеттегі оқу күндері, демалыс күні және күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы каникулдар кезіндегі демалысты қамтиды. Балалар мен жасөспірімдердің бүкіл тұрмысы олардың денсаулығының қорғалуы және нығайтылуы, әрі қалыпты дамуы толық қамтамасыз етілетіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Оқкшылардың тұрмысы мен демалысын ұйымдастырған кезде гигиеналық талаптарды орындамау олардың денсаулығы мен сабақ үлгеріміне қолайсыз әсер етеді. Балалар мен жасөспірімдердің жанұядағы күн режимі мектеп режимімен табиғи байланыста болуы тиіс. Жанұяда тиімді гигиеналық режимінің болмауы мектпе режиміне де теріс әсерін тигізеді. Осыған байланысты мұғалімдер оқушылардың жанұядағы режимін жақсы біліп, оны дұрыс құруға көмегін тигізіп отырылулары тиіс. Ата-аналар мекте режимін білукерек. Балалар жанұядағы режимі ең алдымен мектептегі сабақтан кейін дем алуды белгілеуі тиіс, ал бұл демалыс олардың тек күш-қуатын қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ берілген сабақтарды ойдағыдай әзірлеуге мүмкіндік беру үшін де қажет. Бұл режим баланың белгілі бір сабақтан тыс іспен (көркем әдебиет, ғыылми әдебиет оқу, сурет салу) айналысу арқылы өзін-өзі дамытуына, сондай-ақ үй шаруашылығы мен өзіне-өзі қызмет көсету жөніндегі кейбір жұмыстарды орындауына көмектесу керек. Күн режимі таңертеңгі жуынып-киіну, таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, таңертең үйден тамақ ішу, мектепке дер кезінде жету үшін жеткілікті уақыт болу керек. Мектептен үйге келісімен міндетті түрде жуынуы және тамақтануы тиіс. Түскі тамақтан кейін дем алуы керек, өйткені бұл кезде асқорыту процесі жүреді.Әсіресе бастауыш сынып оқушылары түскі тамақтан кейін ұйықтап алған немесе жарты сағат не бір сағат жатып тұрғаны жөн, ал дене жағынан әлсіреген, қаны аз немесе жуық арада қатты ауырып тұрған балалар үшін ол міндетті болып саналады. Түскі тамақтан кейінгі демалыс баланың өз қалауы бойынша бір нәрсемен айналыскы болуы мүмкін. Ең жақсысы таза ауада серуендеу. Түскі тамақтан кейінгі демалыс аяқталысымен үйге берілген сабақтарды әзірлеу уақыты басталады. Сабақ әзірлеп болған соң, оқушы түстен кейінгі тамақ: күлше нан мен шай немесе басқа бір жеңіл тамақ ішеді. Сабақтарды әзірлеп болып, түстен кейінгі тамақты ішкен соң, тағы да дем алу – оқушы өз қалауынша пайдаланатын бос уақыт қажет. Тұрғын үй гигиенасына қамқорлық жасау – балалар мен жасөспірімдердің жанұядағы режимін ұйымдастырудың міндетті шарттарының бірі. Бала тұратын бөлме күніне бірнеше рет желдетілуі тиіс. Үйді шаңдатпай ұстау керек, онда шаң оңай жиналатын басы артық заттар мен басы артық әшекейлер болмауға тиіс. Бөлмені дымқыл нәрсемен тазартқан жөн. Ата-аналар мектеппен бірлесе отырып, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға қамқорлық жасауы, олардың таза ауада қимыл жасайтын ойындармен және спорт ойындарымен айналысуын қамтамасыз етуі тиіс. Тұрғын үйдің немесе топ үйлердің қасында тек балалар алаңы ғана болып қоймай, қысқы уақытта мұз айдыны, қар төбешіктері және т.б. жасалғаны жөн.