Бағдарламасы сыныптар Аcтана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Ұлттық білім беру академиясы, 2010



бет2/27
Дата07.02.2022
өлшемі158,5 Kb.
#86034
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
1269 3-duniet-nash-k

Ұлттық білім беру академиясы, 2010




І. ТҮСІНІК ХАТ

«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.


Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:

  • білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың

біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым
түсініктер қалыптастыру;

  • білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез–

  • құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру;

  • білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың

  • келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнын іріктеуде бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлы тәсілі қарастырылды.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын іріктеу кіріктіру, сабақтастық, біртұтастық ұстанымдарын негізге ала отырып құрылды. Оқу материалдарының мазмұны:
1. Адам.
2. Табиғат.
3. Қоғам тәрізді үш мазмұндық желілер бойынша топтастырылған. Осы мазмұндық желілерге сәйкес берілген оқу материалдары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделендіріліп беріледі.
«Адам» мазмұндық желісіне сәйкес оқушылар адамның физиологиялық дамуы, денсаулық оны сақтау, адамның тіршілік іс-әрекетіне қолайлы жағдай тудыру және салауатты өмір салтын құру туралы қарапайым білімді меңгереді. Мұнда адам биологиялық түр ретінде әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады.
«Табиғат» мазмұндық желісі бойынша оқушылар қарапайым биологиялық (жануарлар мен өсімдіктердің белгілері, олардың алуан түрлілігі, тіршілік ортасына бейімделуі, бір-бірімен байланысы) және географиялық (жергілікті жерде бағдарлана алу тәсілдері, план және карта, жер қыртысының формасы, пайдалы қазбалар, табиғаттағы су айналымы, ауа райы, климат, Жер ғарыш денесі) ұғымдармен танысады.
«Қоғам» мазмұндық желісі оқушыларға адам мен қоғамның дамуы, Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұралары туралы алғашқы түсініктер береді және онда оқушылар адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы туралы қарапайым білім мен біліктерді меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет