ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Базалық білім мазмұнын оқыту кезеңдері бойынша сағаттарға бөлу
1 сынып
(барлығы – 68 сағат, аптасына – 2сағат)
Кіріспе (1 сағат)
Қоршаған орта туралы қарапайым түсініктер. Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайына алғашқы бақылау жасау. Көргенін және оқығанын әңгімелеп беру. Дүниетану – қоршаған орта туралы пән. Оқу пәнінің маңызы мен оны оқып-үйренудің әдістері.
Адам (6 сағат)
Мен – адаммын. Адам денесінің бөліктері. Адамның физиологиялық өсуі үшін не керек (тағам, дәрумендер, ұйқы). Күн тәртібі.
Көрсетілімдер: Заттарды формасына, түсіне, көлеміне, сапасына қарай ажырату (үлкен-кіші, жұмсақ-қатты, мата, ағаш, темір және т.б. материалдардың ерекшеліктері). Әртүрлі дыбыстарды тыңдап, үндерді ажырату (адамның сөзі, сиырдың мөңіреуі, иттің үруі және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |