Бағдарламасы сыныптар Аcтана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ІV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет27/27
Дата07.02.2022
өлшемі158,5 Kb.
#86034
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
1269 3-duniet-nash-k

ІV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың айнала қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарды зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдіс-тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады.


Оқытудың мақсаты бастауыш білім беру деңгейі оқушыларына саналы, жүйелі және берік білім болып табылады. Дүниетану білімі жаратылыстану ғылымдары анықтап берген заттардың белгілері мен қасиеттері, құбылыстар мен процестер, олардың өзара байланысынан тұрады. Білімді игерудегі негізгі әдістемелік заңдылық оқыту үдерісінде оқушыларға бірқалыпты білім беру және дамытудан тұрады. Ұғым оқушылардың сыртқы дүние танымына көмектеседі.
Дүниетану пәнінің мазмұны ұғымдардың мәнін ашып көрсетудегі жүйелік, реттілік ұстанымдарына бағынышты. Бағдарламада оқу материалдары белгілі-бір анықталған жүйе бойынша берілген. Оқушылар адам, табиғат, қоғам және олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі жайлы берік білім алу мақсатында, алдымен адамның физиологиялық дамуы элементтерін, жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық белгілерін, адам мен қоғамның жалпы дамуын зерделейді. Бағдарламада ұғымның қалыптасуы мен дамуының бір-біріне сабақтастығы жақсы қарастырылған. Мысалы, «Адам» мазмұндық желісі бойынша оқушы өзін-өзі танудан бастап, адамның әлемдегі орнын санамалауға өтеді.
Дүниетанудың барлық тараулары мен тақырыптары бір-бірімен өзара тығыз байланыста, сондықтан оны оқып-үйрену оқушылардың жаратылыстану және қоғамтану білім, біліктерін реттілікпен меңгеруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар І-ІІ сыныптарда қарапайым деңгейде алған білімдері жаңа мазмұнмен толықтырылады. Мысалы, ІІІ сыныптағы «Табиғат» мазмұндық желісінің оқу материалдары адамның табиғи ортасы, табиғат пен адамның бір-бірімен қатынастары туралы білімді қамти отырып, «Табиғатты оқып-үйрену әдістері», «Дене. Зат. Құбылыс», «Ауа, су, ауа райы», «Тау жыныстары және пайдалы қазбалар», «Өсімдіктер», «Жануарлар» тақырыптары бойынша берілген. ІІІ сыныпта дүниетануды оқытудың мұндай құрылымы өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық сипатын, өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігін, олардың әртүрлі тіршілік ету ортасына бейімделуін, бір-бірімен байланысын, олардың адам өміріндегі маңызын оқып үйренуге жағдай жасайды.
ІV сыныптағы оқу материалдарының мазмұнында Табиғат» мазмұндық желісі «Жергілікті жерде бағдарлану әдістемесі», «Туған жердің табиғаты. Рельеф», «Пайдалы қазбалар», «Су», «Су және ауа райы», «Жер – ғарыштық дене» тақырыптары бойынша берілген.
«Жергілікті жерде бағдарлану әдістемесі» тақырыбы бойынша сабақ жүргізу, топсеруен, табиғатқа бақылау жасау, практикалық жұмыстар арқылы оқушылар көкжиек, компас, план, карта туралы алғашқы түсініктер алады. Практикалық жұмыстардың нәтижесінде картамен жұмыс істей алу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың осы алған білім, біліктері оларды табиғаттың алуан түрлігін қабылдауға дайындайды.
Оқу бағдарламасында оқушылардың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға орын берілген. Бұл үрдіс ұзақ әрі жүйелі мақсатты жұмысты қажет етеді. Мысалы, термометрдің құрылымын оқып-үйрену арқылы оқушылар судың температураларын анықтай алады, «Бақылау күнделігінің» жұмыс нәтижелерін қорытындылап, өңдейді. Оқушылар «Бақылау күнделігіндегі» ауа райына жасалған бақылауларды, тексеріп, дәптерлеріне жазады. Ол оқушылардың температураның «қосу», «алу» белгілерін анықтай алуларына көмектеседі, мысалы, ауа райының 10 градус жылылығы мен 10 градус суықтығын белгілеуді үйренеді.
ІV сыныпта оқушылардың тәжірибе және бақылау жүргізуіне арналған практикалық жұмыстар қарастырылған. «Топырақ, оның құрамы» тақырыбы бойынша оқушылар топырақтың құрамын анықтудың қарапайым тәжірибелерін жүргізеді. Соның нәтижесінде оқушылардың тәжірибе жүргізу біліктері мен дағдылары қалыптасады.
Оқу бағдарламасында қарастырылған топсеруен оқу пәніне бөлінген уақыт көлемінде жүргізілуі тиіс. Оның мазмұны оқу материалдарының мазмұнына сәйкес, өзара байланыста қарастырылады. Топсеруеннен алынған нәтижелер сабақ барысында қолданылады. Мысалы, табиғатқа серуен құру нәтижесінде оқушылар кеппешөп дайындау үрдісімен танысады.
Топсеруеннің оқушылардың қоршаған айнала ортаны танып білуінде танымдық және тәрбиелік мәні зор. Ол оқушылардың алған теориялық білімін тереңдетіп, кеңейтуге және практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет