Бағдарламасы сыныптар Аcтана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет25/27
Дата07.02.2022
өлшемі158,5 Kb.
#86034
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
1269 3-duniet-nash-k

3-сынып оқушылары:

  • салауатты өмір салтының құрылымын (дұрыс тамақтану, дене белсенділігінің, дұрыс ұйқы мен тынығудың, күн тәртібін сақтауды, шынығуды, жаман әдеттің алдын-алу);

  • дәрумендердің адам өмірі үшін тигізетін маңызын;

  • дұрыс тамақтанудың маңызын;

  • су жануарлары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын;

  • орман жануарлары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын;

  • шалғындық жануарлары мен өсімдіктерінің ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын;

  • тұщы суды және топырақты қорғаудың маңызын;

  • жануарлардан жұғатын аурулардың алдын-алу шараларын және улы жануарлармен кездескенде өмір қауіпсіздік ережелерін;

  • сынып бөлмесінің, жергілікті жердің суретте, сұлбада кескінін;

  • қарым-қатынас жасауда топтың басқа мүшелерінің көзқарастарымен санасудың қажеттілігін;

  • туыстық қатынастар мен ата-баба шежіресін;

  • Қазақстанның қалаларын, туған өлкесінің ауыл/қаласының тарихи жерлерін бейнеленуін білуі тиіс.

Оқушылар:

  • дене және ақыл-ой еңбегінің ерекшеліктерін сипаттай алуы;

  • дене белсенділігінің аздығы, дұрыс тамақтанбау, ұйқы мен күн тәртібін сақтамау салдарынан адам денсаулығының нашарлау себебін түсіндіре алуы;

  • суда және күннің көзінде болған кезде өзін-өзі ұстаудың қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы;

  • табиғат қауымдастығындағы жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін түсіндіре алуы;

  • улы жануарлардың 3-4 өкілін ажырата алуы;

  • біржылдық, көпжылдық, жабайы, мәдени, дәнді-дақылды, дәрілік және улы өсімдіктердің 3-4 түрін ажырата алуы;

  • табиғат белгілері бойынша жергілікті жерде бағдарлау үшін тірі және өлі табиғат құбылыстарын бақылай алуы;

  • табиғаттағы су айналымының жүру барысын сипаттай алуы;

  • топырақ пен су көздерін шаруашылық іс-әрекетке пайдалану жолдары бойынша мысалдар келтіре алуы;

  • өлшегіш құралдарды (компас, флюгерді) пайдалана алуы;

  • флюгердің көмегімен желдің бағытын анықтай алуы;

  • компастың көмегімен көкжиектің негізгі тұстарын айқындай алуы;

  • жергілікті жердегі бір нысанның келесі нысанға қатысты орналасқан жерін анықтай алуы;

  • сынып бөлмесінің сұлбасын суреттен ажырата алуы;

  • сынып бөлмесінің сұлбасын құрастыра алуы;

  • сыныптағы өзін-өзі басқару шеңберінде өз ұсынысын және іс-әрекетін дәлелдей алуы;

  • табиғат белгілері бойынша жергілікті жерде бағдарлау үшін тірі және өлі табиғат құбылыстарын бақылай алуы.

  • адамдар арасындағы өзара байланыс түрлерін: отбасылық, туыстық қатынастарды ажырата алуы;

  • Қазақстанның қалаларын, туған өлкесінің ауыл/қаласының тарихи жерлерін сипаттай алуы тиіс;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет