Бағдарламасы сыныптар Аcтана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ



бет23/27
Дата07.02.2022
өлшемі158,5 Kb.
#86034
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
1269 3-duniet-nash-k

ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


1-сынып оқушылары:

  • бөлмеде өсіп тұрған өсімдік аттарын;

  • өсімдіктердің бөліктерін;

  • өсімдік түрлерін;

  • жануарлардың түрлерін;

  • өлі және тірі табиғат нысандарын;

  • мектеп ұжымы туралы;

  • мектепте өзін-өзі ұстау ережелерін;

  • мектеп және оның айналасы туралы біледі;

  • табиғи нысандарды;

  • табиғатқа бақылау жасау арқылы жыл, тәулік мезгілдерін, ауа райын;

  • табиғатта өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін;

  • отбасы мүшелерін;

  • отбасылық мерекелер мен дәстүрлерді;

  • тұрғылықты мекен-жайын, қаласын/ауылын;

  • маусымдық жұмыс түрлерін;

  • қоғамдық орындарда өзін ұстау және жолда жүру ережелерін;

  • өз Отанын, мемлекеттік рәміздерді, астанасын, ел басшысын;

  • адамның дене бөліктерін;

  • жеке бас гигиенасын;

  • күн тәртібін;

  • өз денсаулығын сақтау үшін қарапайым күтіну ережелерін білуі тиіс.

Оқушылар:

  • жыл мезгілдерінің аттарын және табиғаттағы маусымдық өзгерістерді ажырата алуы;

  • үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың тіршілік ету жағдайын ажырата алуы;

  • жоспар бойынша табиғат құбылыстарын, өсімдіктерді, жануарларды бақылай алуы;

  • өсімдіктің өсуі кезінде байқалатын сыртқы өзгерістерді суреттей;

  • ағаштарды бұталардан ажырата алуы;

  • өз бақылаулары нәтижесінде адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін судың, ауаның және топырақтың маңызы туралы әңгіме құрастыра алуы;

  • бөлме өсімдіктерін күтіп баптау: суару, қопсыту, өсімдік жапырағын шаң-тозаңнан тазарта алуы;

  • ұжым мүшелерін ажырата алуы;

  • мектеп және оның айналасын сипаттай алуы;

  • табиғи нысандарды ажырата алуы;

  • табиғатқа бақылау жасау арқылы жыл, тәулік мезгілдерін, ауа райын ажырата алуы;

  • табиғатта, қоғамдық орындарда өзін ұстау және жолда жүрудің қарапайым ережелерін сақтай алуы;

  • отбасылық мерекелер мен дәстүрлерді сипаттай алуы;

  • тұрғылықты мекен-жайын, қаласын/ауылын, маусымдық жұмыс түрлерін ажырата алуы;

  • күн тәртібін, жеке бас тазалығын, денсаулығын күту ережелерін сақтай алуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет