73
Молекулалар реакцияға түсу үшін олар әуелі бірімен-бірі кездесіп, қақтығысуы
керек. Қысымы аса аз емес газды ортадағы молекулалар арасындағы қақтығысуды
есептегенде, олардың өте көп екені байқалады. Барлық қақтығысудың нәтижесінде
химиялық әрекеттесу болса, онда реакция лезде бітер еді. Ендеше кез келген қақтығысу
әсерлі емес екен. Олай болса осы қақтығысқан молекулалардың арасында жоғары
энергиясы барлары ғана әрекеттеседі. Әрбір реакцияға тән активтендіру энергиясы болып
және ол энергия молекулалардағы орташа шамадан біршама жо-ғарылау мәнге иеленіп,
реакция жүруін қамтамасыз етуі керек. Мұндағы активтендіру энергиясы әрекеттесетін
заттың моліне есептеледі.
Активті молекулаларды сипаттау үшін ішкі энергияның ерекше түрлері жоқ.
Активті молекулада ілгерілемелі не айналмалы қозғалыстың жоғарылаған кинетикалық
энергиясы, атом немесе атом топтарындағы тербелмелік энергияның басымырақ,
электрондар энергиясының артықтау болуы мүмкін.
Артық энергия алудың жолдары мен көздері сан алуан: экзотермиялық реакция
кезінде бөлінетін жылу не реакция жүретін ортаға тыстан енгізілген жылу әсерінен пайда
болатын термиялық активтендіру; әр түрлі жарықтың сәуле таратуы арқылы активтендіру
(сәуле, радиация, ультрадыбыс); ядролық ыдырау не электр разряды кезінде пайда
болатын, аса жылдам бөлшектер әсерінен туындайтын активтендіру нәтижесінде энергия
алынады.
Алдымен термиялық жолмен активтендіру энергиясын карастырайық. Мұндай
жағдайда системада молекулаларды жылдамдық пен энергия бойынша әр кез таратып
отыратын максвелл-больцмандық үлес және оны сүйемелдейтін жағдай бар деп есептейді.
Бұл айтылғанға сәйкес газды системадағы молекула-лардың әйтеуір белгілі бір бөлігінде
артық энергия болады. Егер молекуланың энергиясы оның активтендіру энергиясынан
артық не тең болса, онда
Достарыңызбен бөлісу: