166
Суреттегі сызықтың Оа бөлігі ұюдың жасырын бөлігін сипаттайды. Бұл аралықта
дзета потенциал мәні айтарлықтай төмендейді.
Графиктегі а нүктесіне аәйкес келетін электролит концентрациясының мәнінде
ашықтан-ашықұю басталады. Электролит концентрациясының аз өзгеруі ұю
жылдамдығын күрт өзгертеді (графиктің аб бөлігі). Электролиттің С2-ге тең
концентрациясынан бастап ұю жылдамдығы тұрақты мәнге ие болады. Және С2- шапшаң
коагуляцияланудың шекті мәні деп аталады.
Ұю жылдамдығы тұрақты мәнге ие болған жағдайда ДЛФО теориясында
ұшырасатын энергетикалық тосқауыл мәні
U
мәні нольден жоғарылау болса, жүйеде
жасырын және баяу ұю орын алады. Ұю процесі де бөлшектердің өзара бір-біріне
соқтығысып, іріленуі нәтижесінде орын алатын болғандықтан, ғалым Смолуховский
формальды кинетика заңдылықтарын жылдам коагуляциялану құбылысына қолданады.
М.Смолуховский көзқарасы мына тұжырымдарға негізделеді:
-
коллоидты ерітінді бойындағы жекелеген мицеллалар соқтығысуы нәтижесінде
іріленген екінші тұрғыдағы қосарланған бөлшектер туындайды;
-
екінші тұрғыдағы туындаған қосарланған бөлшектермен жеке мицеллалар
соқтығысуы барысында үшіншілік бөлшектер пайда болады;
-
екі екіншілік бөлшек немесе үшіншілік бөлшектен алғашқы жекелеген
мицеллалар соқтығысуы нәтижесінде үлкен іріленген бөлшек - түйірлер пайда болады.
Егер n1,n2,n3,…ni –деп әрбір бөлшекті белгілесек, жүйедегі бөлшек саны ∑ni
болатыны белгілі. Жылдамдық ұғымының анықтамасы бойынша, ұю жылдамдығына
уақыт бірлігінде өзгерген бөлшек санын қабылдаймыз, яғни:
1>
Достарыңызбен бөлісу: