Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет134/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14
ароматты косылыстар, GoovhG1V3TGhv5GOrpQEjNUVlEt7gXGZKn8D8Onn
Пептизация
Пептизация деп ұйыған коллоидты ерітіндінің қайтадан зольге 
айналуын айтады. Пептизация ұю процесіне кері құбылыс екен. Ендеше оны 
тұрақтандырушы ретінде де қарастыруға болады. 
Пепткзация тек коллоидты ерітінді ұйыған кезде, ондағы бөлшектер құрылымын 
өзгертпейтін және олар бірігіп көбеймейтін жағдайда ғана жүруі мүмкін. Ұйыған 
коллоидты ерітіндіні пептизацнялау үшін, әуелі оны ұйыткан электролитті жуу арқылы 
жойып, сосын оған тұрақтандырғыш қосады. Бөлшектердің беткі қабатында потенциал 
анықтаушы қызметін орындай алатындай иондары бар электролиттер жиірек 
тұрақтандырғыш ретінде қолданылады. Оларды пептизациялаушы электролиттер деп 
атайды. Жаңадан тұнбаға түскен темір гидроксидін хлорлы темір көмегімен 
пептизациялау нақтылы зерттелген. 
Пептизация құбылысын түсіндіру мақсатымен, потенциал қисықтарын өрнектейін 
әдісті паидалануға болады. П. Ребиндер зерттеулері көрсетіп отырғандай, дамыған 
сольватты немесе адсорбциялы қабаттағы бөлшекер әрекеттескендегі потенциалдың 
С
2

2
2
1
3

1
С
1


170 
қисықтарында минимум болады (64-сурет). Мұнда дамыған сольватты қабаттағы 
бөлшектер әрекеттескен кездегі потенциалдық қисықтар келтірілген, яғни осы әрекеттесу 
энергиясының концентрациясының әр түрлі мәнде болғандағы өзгерісі көрсетілген. 
Ондағы минимумдардың пайда болуы, бөлшектер аралығы өте қысқарғанда туындайтын 
тебіліс күшіне байланысты. Сол секілді сольватты немесе адсорбциялық қабаттар 
сығылғанда да тебіліс күші пайда болады екен. Сонымен коллоидты ерітінді ұйыған 
кездегі бөлшектердің күйі суретте көрсетілген потенциал шұңқыры (Л) арқылы 
сипатталады. 
Коллоидты ерітіндіні ұйытатын электролит концентрациясы оны жуу салдарынан 
өте төмендеп кетеді де диффузиялык қабат кеңейеді, ал бұл қосымша тебіліске әкеледі. 
Егер жылулық қозғалыстың энергиясы бөлшектердің ара қашықтығына қарай өзгеретін 
потенциал тосқауылынан артық болса, онда осы аралық алыстаған сайын бөлшектер 
тарала келіп, пептизация жүреді. Көбінесе, пептизацияны жақсы жүргізу үшін 
механикалық жолмен араластыру әдісін де жиі қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет