Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Полимерлер ерітінділерінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет157/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14
ароматты косылыстар, GoovhG1V3TGhv5GOrpQEjNUVlEt7gXGZKn8D8Onn
2.2. Полимерлер ерітінділерінің ерекшеліктері. 
Полимерлердің еріткіш
моекулаларымен әрекеттесуінің маңызы зор, себебі полимерді синтездегенде, олардан 
өңдеп алынған бұйымдарды әр түрлі сұйық ортада пайдаланғанда еріткіш пен 
макромолекулалардың арасында әрекеттесу болады. Полимер ерітінділері олардың 
молекулалық массасы мен макромолекулалардың мөлшерін анықтау үшін де қажет. 


192 
Полимерлер төмен молекулалық сұйықтармен әрекеттескенде шын және коллоидты 
жүйелердің негізгі белгілері келтірілген. 
Шын ерітінділер 
1.Компоненттер арасында бір-біріне ынтықтық бар. 
2.Өздігінен пайда болады. 
3.Молекулалық және иондық дисперстілік. 
4.Термодинамикалық тұрақтылық. 
5.Дисперстік дәрежесі уақытқа байланысты өседі. 
6.Агрегаттық тұрақтылық. 
7.Бір фазалық. 
8.Беттік бөліну жоқ. 
9.Қайтымды. 
Коллоидтық жүйелер 
1.Компоненттер арасында бір-біріне ынтықтық жоқ. 
2.Мәжбүрлік түрде пайда болады. 
3.Коллоидтық дисперстілік. 
4.Термодинамикалық тұрақсыздық. 
5.Дисперстік дәрежесі уақытқа байланысты кемиді. 
6.Агрегаттық тұрақсыздық. 
7.Екі фазалық. 
8.Беттік бөліну бар. 
9.Қайтымсыз. 
Сонымен, шын ерітінділер-полимер макромолекулалық деңгейге дейін бөлініп, 
қасиеттері уақыт ұзақтығынан өзгермейтін бір фазалы ерітінділер. 
Ал коллоидты ерітінділер уақыт өткен сайын біртіндеп екі фазаға бөлінетін, 
тұрақсыз жүйелерге жатады. Коллоидты ерітінділер түзетін компоненттер өздігінен
әрекеттеспейді. Полимерді еріту үшін механикалық немесе басқа энергия жұмсап, мәжбүр 
ету керек.
Шын ерітінділердің компоненттері өздігінен әрекеттесіп бір фазалы жүйе түзеді. 
Өздігінен еру еркін энергияның азаюымен ∆G=∆H-T∆S<0 және энтропияның өсімен 
жүреді.
Шын ерітінділерде еріген заттардың молекулалары бір-бірімен әрекеттесіп, 
ассоуһциаттар түзеді. Олар жылулық қозғалыстың әсерінен ыдырауы мүмкін. Осының 
салдарынан сыртқы шарттар өзгергенде ерітінді қасиеттері де өзгеріп отырады, яғни шын 
ерітінділерді белгілі бір температура мен қысымда қыздыруға, салқындатуға, сұйылтуға, 
қойылтуға болады. Бұл өзгерістер кезінде ерітіндінің қасиеттері мен құрылысы 
өзгермейді. Демек, полимерлердің шын ерітінділер түзуі – қайтымды процесс. 
Кез-келген полимер мен еріткіштің өзара ынтықтығына байланысты шын 
ертінділер және коллоидты жүйелер алуға болады. Мысалы, табиғи каучук алифатты 
көмірсутектерде, полистирол бензолда өздігінен еріп, шын ерітінділер түзеді. Осы 
полимерлер су мен метанолды өздігімен ерімейді, сондықтан олар коллоидты жүйелер 
түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет