Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет23/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Карно принципі
деп аталады. Ол бойынша жылу өз еркімен тек
жылы денеден суық денеге ауысады. Екінші қорытынды идеал жылу машиналарының
п.ә.к. тек жылу көзі мен суытқыштың температураларының айырымына тәуелділігі
туралы. Сол заманға сәйкес бұл даналық пікірлерді Карно қайтыс болғаннан 15 жыл
өткен соң Клаузиус математикалық түрде термодинамиканың екінші заңы ретінде
жариялады.
Екінші заңда компенсациялау дейтін ұғым қолданылады. Бұл ұғымның
мағынасы мынадай. Жүйеге берілген жылудың әсерінен пайдалы жұмыс беретін
процестермен бірге басқа да процестердің өтуі қажет. Бұл басқа процестер
жылуыдың жұмысқа айналмаған пайдасыз бөлігінің суытқышқа ауысуы, яғни
жылудың компенсациялануы болып табылады. Осыдан екінші заңның тағы бір
анықтамасы шығады : теңесу болмаса жылу машиналары жылуды жұмысқа
айналдырмайды. Анықтаманың тағы бір түрі : процестің нәтижесі тек жылудың
жұмысқа айналуы болса, ол іске аспайды.
Термодинамиканың екінші заңына Клаузиус тағы мынадай анықтама берді : 
жылу өздігінен, яғни ешқандай теңеусіз, суық денеден ыстық денеге ауыспайды. 
Сөйтіп теңесу дегеніміз жұмыскер дененің немесе жүйе бөліктерінің
термодинамикалық өзгеріске ұшырауы. Демек, жылу суық денеден ыстық денеге
ауыспайды, ал ауысатын болса, онда міндетті түрде жүйеде қосымша өзгерістер
болады. Бұл анықтама кейін Клаузиус постулаты деп аталады.
В. Томсон анықтамасы бойынша жылудан жұмысты жұмыскер денені суыту
арқылы ғана алуға болмайды. Яғни жоғарыда аталғандай суыту процесімен қатар
компенсациялау процесінің өтуі де қажет.
Термодинамиканың бірінші заңы бойынша ешқандай энергия жұмсамай жұмыс
істейтін машинаны жасау мүмкін болмайды, мұнда тек энергия бір түрден екінші
түрге айналады. Мәселен жұмыс жылуға, ал жылу жұмысқа айналады, және бұл
эквивалентті түрде болады. Бірақ практикада жылудың жұмысқа айналуымен қоса
басқа да процестер өтеді. Оларды Клаузиус компенсациялау деп атады. Егер мұндай
компенсациялау болмаса табиғатта кездесетін жылу көздерін (мұхит, жер, атмосфера) 
суытып, алынған жылудың есебінен жұмыс істейтін машиналарды жасап шығаруға
болар еді. Ал жер, мұхит, атмосфера үнемі күн көзінен жылу алып тұрады, яғни бұл
жылу таусылмайды. Мұндай машиналарды екінші текті Perpetuum Mobile деп атайды.
Осыған байланысты Планк екінші заңға мынадай анықтама берді : тек қана жылу
көзін суыту немесе жүкті жоғары көтеру нәтижесінде жұмыс істейтін машинаны
жасап шығару мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандай жылу машиналарында қыздырғыштан алынған жылу
түгелдей жұмысқа айналмайды, оның бір бөлігі пайдалы процеспен қатар пайдасыз
компенсациялау процесі түрінде суытқытқышқа жұмсалады. Реалды процестер өтетін
жүйені ешқандай шығынсыз өзінің бастапқы күйіне қайтаруға болмайды. Яғни, 
табиғаттағы реалды процестер термодинамикалық қайтымсыз процесс болып
саналады.
Осы айтылғандардан тағы бір қорытынды шығады. Жылу түгелдей жұмысқа
айналмайды, оның бір бөлігі сыртқы ортаға қайтымсыз түрде шашырап таралады, ал
керісінше жұмыс түгелдей жылуға айналуы мүмкін. Бұл құбылыс жұмыс пен
жылудың табиғатымен байланысты. Жылу микробөлшектердің тәртіпсіз қозғалысының
нәтижесі болса, жұмыс тәртіпті, бағытты қозғалыстың нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет