99
6. Коллоидтық химияның дамуында үлкен көп
роль атқаратын физика мен
физикалық химияның көптеген фундаменталдық (іргелі) зерттеулері қай ғасырда іске
асты?
Дәріс №16. Дисперсті жүйелердің классификациясы және табиғаты
1. Дисперсті жүйелерге жалпы сипаттама.
2. Дисперсті жүйелерді классификациялау, дисперстік дәрежесі, фазалардың
агрегаттық күйі, дисперсті фаза мен дисперсионды ортаның өзара әрекеттесу
дәрежесі.
3. Коллоидты химияның процестердің технологиядағы маңызы. Коллоидты
ерітінділер – ультрамикрогетерогенді жүйелер.
1. Дисперсті жүйелерге жалпы сипаттама.
Дисперсті системалардың көптеген
қасиеттері оның дисперстілігіне тікелей байланысты.
Диффузияға және осмостық
қысымға бейімділік сияқты дисперсті системаның кейбір қасиеттері ірі дисперсті күйден
жоғары дисперсті система күйіне ауысуы жақсы байқалады. Олардың кейбір қасиеттері
керісінше, жоғары дисперстіден іріге ауысканда басымырақ болады. Мысалы,
бөлшектердің үлкейген сайын шөгіндіге отыру,
шөгу сипаты артатын қасиеті, осы
айтылғанға дәлел. Мұны
седиментация
дейді.
Дисперсті системалардың қайсыбір қасиеттері ауыспалы мәндегі дисперстілік
дәрежеге, коллоидты өлшемге сәйкес пайда болады. Бұл олардың сәулені шашыратуы,
коллоидты
система реңінің өзгеруі, т. б.
Коллоидты системаның қасиеттерін қарастырғанда тек бөлшектің өлшемін ғана
ескеріп қоймай әр түрлі адсорбциялық құбылыстарға мүмкіндік туғызатын фазааралық
беткі қабаттың болатынын және сол сияқты осы бөлшектердің бетінде (үстінде) жүретін
әркилы химиялық реакцияларды да ұмытпаған жөн. Демек, коллоидты химия дисперстік
системамен, оның өлшемі,
энергиясы, үлестік беті, дисперстік дәрежесі сияқты көптеген
сипаттамаларымен байланысты екен. Ендеше коллоидты химия дисперстік система
химиясы, физикасы дегенмен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: