• Мектеп құрылымдарына «икемдеу». Мектептің шарты оқытушылар мен оқушылардың қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс. Жақсы мектеп мұнда серіктестікті қажет етеді.
• Оқытуға сәттілікпен қарау. Оқытушылар әрбір балаға сенімділікпен қарауы тиіс және олардың қабілет пен дарынға жеткізу бойынша бағалауы қажет. Әр баладан ұлтына, басқа мәдениетке жатуына, тіліне, жынысына, қабілетіне немесе жанұя жағдайына тәуелсіз түрде мақсатқа жетуін және сәттіліктерін күту қажет.
• Мектеп жүйелерінің эволюциясы. Мектеп ақпараттарды қолдану арқылы күш жинау қажет, сондай-ақ бұл мектептің жақсаруына мүмкіндік береді.
• Қоғамда білім беру себептеледі. Инклюзивті мектеп оқыту мақсатын сәтті түрде жетуіне септігін тигізу, инклюзивті білім беру үшін аса қажет.
Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр.
Бекіту сұрақтары
1. Педагогтар қандай жағдайларда бақылау жүргізеді?
А) балалар ойнап, жұмыс істеп, оқып жатқан кезде
В) балалар ән айтып, жұмыс істеп, қарым-қатынас жасаған кезде
С) балалар көмектесіп, бұйырып, жұмыс істеп жатқан кезде
D) Балалар дамып, жазып, жаттығу жасап жатқан кезде
Е) балалар қарым-қатынасқа түсу кезінде
2. Оқыту жоспарларын құру бойынша балалар мекемелерінің серіктестері кімдер?
А) жанұя
В) қоғам
С) ата-аналар
D) бала
Е) құрдастары
3. Балаларды маңызды дағдыларға үйрету үшін ата-аналарға не қажет?
А) әңгімелесу
В) хабарлама
С) ақпарат және практикалық әдістер
D) хаттар
Е) қамқорлық
4. Педагогтардың басты міндеттерінің бірі жанұяларға көмектесуде ...
А) өз күштері мен мүмкіндіктеріне сендіру
В) мерекелерді өткізу
С) ата-аналарды үнемі қолдауға тырысу
D) бірлестік сезімін қалыптастыру
Е) мәлімет беру
5. Белгілі бір топтағы балаларды, дәлірек айтқанда арнайы оқытуды керек ететін туғаннан бастап 8 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды анықтап белгілеуде қандай термин қолданылады?
А) арнайы қажеттері бар балалар
В) дамуында ауытқушылығы бар балалар
С) дамуында кемістігі бар балалар
D) қарапайым балалар
Е) дарынды балалар
Әдебиет
Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.
Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет
Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018
Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг.
Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг.
Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/)
Достарыңызбен бөлісу: |