Бағдарламасы (syllabus) Инклюзивті білім беру пәні бойынша дайындалған типтік оқу бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды


Тақырыбы:5.Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Сағат саны



бет18/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#90259
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
Иклюзивтік білім беру ФКиС

Тақырыбы:5.Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Интеграция тарихына экскурс. ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жолы интеграциялы оқытуға бетбұрыс.

  2. Ресейдегі интеграцияның тарихы. АҚШ-тағы «Аномальды балаларға білім беру Заңының», «Интеграция туралы Заңның» қабылдануы. 1994 жылғы Саламанка қаласындағы қабылданған ЮНЕСКО Декларациясы.

Дәріс тезисі
Интеграция әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде бірнеше жүзжылдық уақытты қамтиды. Арнаулы білім беру мазмұнының тарихында даму мүмкіндігі шектеулі балалардың калыпты балалармен қатар білім алу мүмкіндігі ол тұлғалардың құқығы мен еркіндігі анықталған уақыттан басталғандығы туралы айтылады. Арнайы педагогика тарихы дамуы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты балалармен қатар дамитыны, олардың ерекше қажеттіліктерімен танылатындығы жөнінде көптеген ақпараттар бере алады. Тәжірибе көрсеткендей, жалпы білім беретін мұғалімдерінің оқытудың арнаулы әдістері мен тәсілдерін игермегендігін көрсетеді. Бұл кезең псевдоинтерграция кезеңімен сидпатталып, әлем бойынша көптеген мемлекеттердің білім беру мазмұны туралы тарихында баяндалады. Қазіргі уақытта псевдоинтеграция Азия, Африка, Латын Америкасында сақталып отыр.
Псевдоинтеграция процесімен қатар ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім берудегі сегрегация процесі кеңінен тарады. ХХ ғасырда сегрегациялы білім беру мекемелерінің қызметі тоқтатылып, 1980-ші жылдардың ортасына қарай мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнаулы мектептердің 8 типі белгіленді.
ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жолы интеграциялы оқытуға бетбұрыс жасайды. Оның пайда болуына себеп болған факторлар даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаудағы халықаралық актілердің қажеттілігімен түсіндіріледі.
Аталған елдердің әрбіреуі интеграцияға өз алдына жеке даму жолымен жетті деуге болады. Мысалы, 1975 жылғы АҚШ-тағы «Аномальды балаларға білім беру заңының», «Интеграция туралы заңның» қабылдануына қоғамдағы ұзаққа созылған нәсілдікке бөлінуге қарсы демократиялық күрестің тоқталу заңдылығы себеп болды. Субъективті факторлардың қатарына сол кездегі АҚШ Президенті Дж.Кеннедидің қарындасы интеллектінің бұзылуы белгісімен зардап шеккендігін жатқызуға болады. Осыдан-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дамуындағы проблема әлеуметтік проблема ғана емес, жеке отбасылық проблема болғандығын түсіне аламыз.
Бекіту сұрақтары
1. Интеграциялап оқыту түріне көшу Батыс европалықтардың демократизациясының әсерінен болды.
A) Әркімнің құқығын қамтамасыз етуді дамыту.
B) Институтциялизациядан – интеграцияға дейін.
C) Арнайы білі берудің мемлекеттік жүйесін дифференциациялау.
D) Сенсорлы бұзылысы бар балалардың оқуға құқығы бар екенін мойындау.
E) Ауытқуы бар балаларға агрессивті көзқарас.
2. Ойлау процестері мен баланың түрлі материалдар, идеялар мен адамдарға қатысты тәжірибесінің арасындағы әрекеттің нәтижесі не болып табылады?
А) адаптация
В) даму
С) оқыту
D) тәрбие
Е) қарым-қатынас
3. Әр баланың жетістікке жету мүмкіндігін кім қамтамасыз етеді?
А) оқытушылар
В) ата-аналар
С) қоғам
D) педагог-тәрбиешілер
Е) жанұя
4. Инклюзивті білім беру жүйесін қалыптастырудағы негізгі шарттары:
А) балаларға мәселені шешуге қажетті уақыт беру
В) сұрақ қоюға қысылмау
С) балалар сыныбында жұмыс істеп, ойнау
D) бала жанұясының мүшелерімен кәдімгі жағдайда әңгімелесу
Е) Мүмкіндігі шектеулі балалардың саны бір сыныпта үштен аспауы қажет.
5. Балалардың жеке дара айырмашылықтарының жас кезеңіне не сәйкес келуі керек?
А) жаттығулардың, оқу жоспарының мазмұны
В) оқыту әдістері
С) оқу материалдары
D) ересектермен өзара әрекеті
Е) ата-аналармен қарым-қатынасы


Әдебиет

  1. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.

  2. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет

  3. Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018

  4. Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг.

  5. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг.

  6. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет