Ақыл-ойы артта қалған балалармен медициналық-психологиялық– педагогикалық және түзету шараларын жүргізгенде мамандар мынадай маңызды ұстанымдарды сақтауы тиіс:
Жеке және топ арқылы балалармен – дамыту сабақтарын жүргізу;
Қимыл – қозғалысы мен ақыл – ойының жетілуін бағалап жетілдіру түсу;
Ақыл-ойы кем балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, сол ортаға мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну, жағдай жасау;
Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына балалардың жас және дербес психологиялық ерекшеліктеріне, олардың тәжірибелік дәрежесіне байланысты.
Бекіту сұрақтары
1. Балаларды әрі қарай зерттеу немесе тексеру үшін аппаратты сақтауға не көмектеседі?
а) хаттама
б) жазбаша рұқсатнама
в) тіркеу парағы
г) күнделік
д) тест
2. Бағалауды жүргізуден бұрын қандай рұқсат сұрау керек?
а) ата-аналардың ауызша рұқсаты
б) ата-аналардың жазбаша рұқсаты
в) жеке дара жоспар
г) ата-аналардың түсініктемесі
д) ағасының рұқсаты
3. Инклюзивтік білімді кеңейту және саясат пен заңға өзгерістер енгізуде белсенді рольді кімдер атқарады?
а) педагог-консультанттар
б) психолог-консультанттар
в) білім беру министрлігі
г) ата-аналар және қоғамдық топтар
д) қарапайым адамдар
4. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім беру туралы дүниежүзілік конференция қайда өтті?
а) Саламанкада
б) Сеулде
в) Тайландта
г) Қазақстанда
д) Германияда
5. Инклюзивтік білім беруге басты импульс қай жылы берілді?
а) 1994 ж.
б) 1995 ж.
в) 1993 ж.
г) 1996 ж.
д) 1997 ж.
Әдебиет Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.
Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет
Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018
Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг.
Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг.