Бағдарламасы (syllabus) Инклюзивті білім беру пәні бойынша дайындалған типтік оқу бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды


ТИБК-ның түзеу-дамыту процесін ұйымдастыру



бет24/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#90259
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
Иклюзивтік білім беру ФКиС

ТИБК-ның түзеу-дамыту процесін ұйымдастыру
ТИБК-да оқыту отбасындағы қарым-қатынас тіліне, ата-аналардың сұранысына байланысты жеке түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес мемлекеттік, орыс, ағылшын немесе басқа да тілдерде жүргізіледі.
ТИБК-дағы түзеу-дамыту үш түрлі ұйымдастыру нысанында жүргізіледі:1) қысқа мерзімді топтарда оқыту;2) мектепке дейінгі жастағы балаларды жеке оқыту;3) ата-аналарға (немесе басқа заңды өкілдерге) кеңес беру.
ЖТБ (жеке түзеу-дамыту бағдарламасы) балалардың психофизиологиялық дамуының, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің жеке ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді.
Жеке және топтық сабақтардың ұзақтығы 20 минуттан, ата-аналарға кеңес беру және топтық бағалау 45 минуттан кем емес уақытта жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды қысқа мерзімді топтарда оқыту ТИБК-ға балалардың аптасына үш рет (12 апталық бағдарламамен) күннің бірінші немесе екінші жартысында баруын қарастырады. Баланың күнделікті топта болу ұзақтығы – 4 сағат (60 минуттан). Топтар бір жас немесе әртүрлі жас принципі бойынша психофизиологиялық дамуының ауытқу дәрежесінің ауырлығына және типіне қарамастан жинақталады. Топтың толымдылығы 10 баладан аспайды. Психофизиологиялық дамуының ауыр және күрделі ауытқулары бар балалар (2-3 бала) болған жағдайда топтардағы балалардың саны 6 адамға дейін кемиді.
Балаларды жеке оқыту әр баламен түзеу-дамыту сабақтарын жүргізуді қарастырады. Сабақтар саны оқу жоспарымен анықталады. Ата-аналар сабақтарға қатыса алады, баламен өзара қарым-қатынас жасауға және сабақтарды үй жағдайында жүргізуге үйренеді.
Ата-аналарға кеңес беру дамуының ауытқу күрделілігі дәрежесіне және ата-аналардың педагогикалық құзыреттіліктеріне байланысты ата-аналармен және олардың балаларымен жиі кездесулер түрінде жүзеге асырылады.
Диагностикалық бақылау түзеу-дамыту курсын жүргізу алдында және аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ерте жастағы балалар үшін әр үш айда, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін әр жартыжылдықта жүргізіледі. Қорытындыны ТИБК мамандары әлеуметтік-медициналық және психологиялық-педагогикалық тексерудің соңғы нәтижелері негізінде шығарады.
Бекіту сұрақтары
1.Инклюзивтік оқыту процесі мен жоспарланған материалдар неге сәйкес келуі тиіс?
а) әр бала қабілеттеріне
б) бала қажеттеріне
в) бала қызығушылықтары мен даму этаптарына
г) баланың қызығушылықтарына
д) баланың тәрбиесіне
2. «Барлығы үшін білім» қозғалысы қашан және қайда болды?
а) Францияда 1990 ж.
б) тайландта 1990ж.
в) АҚШ-та 1992 ж.
г) Англияда 1990 ж.
д) Германида 1997 ж
3. Мүгедек балалардың жанұялары қай кезеңге дейін өз балалары үшін жауапты?
а) өмірінің ақырына дейін
б) кәмелетке толғанға дейін
в) 20 жасқа дейін
г) 25 жасқа дейін
д) 30 жасқа дейін
4. Қандай жағдайда мұғалімдер бақылау жүргізеді?
а) балалар ойнап немесе оқып жатырған кезде
б) балалар қарым-қатынас жасап жатырған кезде
в) балалар жұмыс істеп жатырған кезде
г) балалар даму үсиінде болған кезде
5 .Инклюзивтік оқыту дегеніміз не?
а) қарапайым балаларды оқыту және тәрбиелеу
б) дарынды балаларды оқыту
в) дамуында кемшілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу
г) дамуында кемшілігі бар балаларды қарапайым балалармен қатар оқыту және тәрбиелеу
д) қарапайым балалардың қарым-қатынасын нығайту барысында




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет